Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
800 мг
Саудалық атауы
Ренвела®
Әсер етуші зат
Севеламер
Мақсаты
Гемодиализдегі немесе перитонеальді диализдегі ересек пациенттерде гиперфосфатемияны бақылау
Өндіруші
Джензайм Ирландия Лтд
Ел
Ирландия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - севеламер сусыз карбонаты, 800 мг,
қосымша заттар - микрокристалды целлюлоза, натрий хлориді, мырыш стеараты, тазартылған су.
Өндіруші Джензайм Ирландия Лтд:
Қабығы: мөлдір Опадрай
Мөлдір Опадрай құрамы: гипромеллоза (Е464), диацетилденген моноглицерид.
Опакод қара сиясының (жазу) құрамы: гипромеллоза (Е464), темірдің қара тотығы, 2-пропанол, пропиленгликоль, тазартылған су.
Өндіруші Санофи Винтроп Индустрия:
Қабығы:
Гипромеллоза (Е464), диацетилденген моноглицерид.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өндіруші Джензайм Ирландия Лтд:
Сопақша пішінді, бір жақ бетінде қара сиямен жазылған “RENVELA 800” жазуы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Өндіруші Санофи Винтроп Индустрия:
Сопақша пішінді, бір жақ бетінде қара сиямен жазылған «RV800» өрнегі бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- гемодиализдегі немесе перитонеальді диализдегі ересек пациенттерде гиперфосфатемияны бақылау;
- диализде жүрмеген пациенттерде фосфор концентрациясы ≥ 1,78 ммоль/л болған кезде бүйректің созылмалы ауруларында гиперфосфатемияны бақылауға;
- көптеген емдік әрекет жасау негізінде, бүйрек остеодистрофиясының дамуын бақылау үшін кальций қоспалары, 1,25-дигидрокси D3 дәрумені немесе олардың аналогтарының біреуі қамтылуы мүмкін.
Әсер ету механизмі
Ренвел препаратының белсенді субстанциясы севеламер болып табылады - бұл сіңірілмейтін фосформен байланысатын өзара байланысқан полимер, оның құрамында металдар мен кальций жоқ. Севеламер асқазанда протонға айналған полимер шеңберінен бір көміртек атомымен бөлінген көптеген аминқышқылдардан тұрады. Бұл протондық амин топтары ішекке тамақпен бірге енетін фосфаттар сияқты теріс зарядталған иондарды байланыстырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Асқазан-ішек жолындағы фосфаттарды байланыстырып, олардың сіңуін төмендете отырып, Севеламер қан сарысуындағы фосфор концентрациясын төмендетеді. Фосфатты байланыстыратын дәрілерді қолданған кезде қан сарысуындағы фосфор деңгейін үнемі бақылау қажет.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Екі рандомизацияланған айқаспалы клиникалық зерттеулерде севеламер карбонаты таблетка түрінде де, ұнтақ түрінде де қолданылды, күніне үш рет қолданғанда, оның севоламер гидрохлоридімен емдік тұрғыдан барабар екендігі, сондықтан гемодиализ кезінде БСА науқастарында сарысудағы фосфорды бақылауда тиімді екендігі көрсетілген.
Алғашқы зерттеу рандомизацияланған түрде екіден 8 аптаға дейін гемодиализбен емделіп жатқан 79 пациентте күніне үш рет қабылдаған кездегі севеламер карбонаты таблеткалары күніне үш рет қабылдаған кездегі севеламер гидрохлориді таблеткаларына баламалы болатынды көрсетті, (севеламер карбонаты үшін де, севеламер гидрохлориді үшін де сарысулық фосфорды өлшеу уақыты бойынша орташа мәндер 1,5 ± 0,3 ммоль/л құрады). Екінші зерттеу көрсеткендей, күніне үш рет қабылдаған кезде севеламер карбонаты ұнтағы севеламер гидрохлоридіне баламалы болды, гиперфосфатемиялық күйдегі 31 пациентте күніне үш рет қабылдаған кездегі таблеткалар (фосфордың сарысулық деңгейі ≥ 1,78 ммоль/л ретінде анықталады) екі рандомизацияланған 4 апталық емдеу кезеңінде гемодиализде болатын (өлшеу уақыты бойынша фосфор сарысуының орташа мәні севеламер карбонаты ұнтағы үшін 1,6 ± 0,5 ммоль/л және 1,7 ± 1,7 0,4 ммоль/л севеламер гидрохлориді таблеткалары үшін).
Гемодиализден өткен пациенттердегі клиникалық зерттеулерде тек севеламерді қабылдау интактілі PTH-ге бірізді және клиникалық маңызды әсер етпеді. Перитонеальді диализге шалдыққан пациенттердің қатысуымен 12 апталық зерттеуде, кальций ацетатын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, интактілі PTH деңгейінің төмендеуі байқалды. Екінші қайтара гиперпаратиреозы бар пациенттерде севеламер карбонаты бірнеше терапевтік емдеу аясында қолданылуы керек, оған кальций қоспа ретінде, D3 витаминінің 1,25-дигидрокси немесе оның аналогтарының интактілі PTH деңгейін төмендетеді.
Севеламер өт қышқылдарын in vitro және in vivo-да жануарлардың эксперименттік модельдерінде байланыстыратындығы атап өтілді. Өт қышқылын ион алмасу шайырларымен байланыстыру қан холестеринін төмендетудің жақсы жолға қойылған әдісі болып табылады. Севеламермен жүргізілген клиникалық зерттеулерде жалпы холестерин мен ТТЛП холестеринінің орташа деңгейі 15-39% төмендеді. Холестериннің төмендеуі 2 аптадан кейін байқалады және ұзақ емделумен жалғасады.
Севеламермен емдеуден кейін триглицеридтер, ТТЛП холестерин және альбумин деңгейі өзгерген жоқ
Севеламер өт қышқылдарын байланыстыратындықтан, ол майда еритін дәрумендердің, мысалы, A, D, E және K сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Севеламер құрамында кальций жоқ және гиперкальциемия ауруын тек кальций негізіндегі фосфат байланыстырғыш заттарды қабылдаған пациенттермен салыстырғанда төмендетеді. Севеламердің фосфор мен кальцийге әсері - олардың зерттеу барысында бір жыл бойы бақыланатыны дәлелденді. Бұл ақпарат севеламер гидрохлориді қолданылған зерттеулерден алынды.
Балалар
Гиперфосфатематикалық педиатриялық БСА бар пациенттерде севеламер карбонатының қауіпсіздігі мен тиімділігі төмендегідей бағаланды: бағалау 2 апталық, рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын тұрақты дозалы кезеңмен (ТДК), содан кейін 6 айлық, салыстырмалы емес, ашық дозаны титрлеу кезеңімен (ДТК) жүргізілді. Барлығы 101 пациент (6 жастан 18 жасқа дейінгі БСА диапазоны 0,8 м2-ден 2,4 м2-ге дейін) кездейсоқ таңдалды. Қырық тоғыз (49) пациент севеламер карбонатын алды, және 51-і 2-апталық ТДК кезінде плацебо алды. Осыдан кейін барлық пациенттер 26-апталық ДТК үшін севеламер карбонатын алды. Зерттеу өзінің бастапқы нүктесіне жетті, яғни Севеламер карбонаты сарысу фосфорын плацебоға қарағанда орта есеппен 0,90 мг/дл-ға азайтты, екінші қайтара тиімділіктің соңғы нүктелерінде де осындай жағдай байқалды. БСА-дан кейінгі гиперфосфатемиясы бар педиатриялық пациенттерде севеламер карбонаты екі апталық ТДК кезінде плацебоға қарағанда сарысулық фосфор деңгейін едәуір төмендеткен. Емдеуге жауап севеламер карбонатын 6 айлық ашық КДС алған педиатриялық пациенттерде сақталды. Педиатриялық пациенттердің 27%-ы емдеу соңында сарысу фосфорының жасына сәйкес деңгейіне жетті. Бұл көрсеткіштер сәйкесінше гемодиализ және перитонеальді диализ бойынша пациенттердің кіші тобында 23% және 15% құрады. 2 апталы ТДК кезінде емге жауап ВСА әсер етпеді, алайда, контраст ретінде, фосфордың белгіленген мөлшері <7.0 мг/дл болған педиатриялық пациенттерде емге ешқандай жауап байқалмады. Севеламер карбонатына байланысты немесе мүмкін деген жағымсыз оқиғалардың көпшілігі табиғатта асқазан-ішек аурулары болды. Севеламер карбонатын пайдалану кезінде зерттеу барысында жаңа қауіптер немесе қауіпсіздік сигналдары анықталмады.
Дозалау режимі
Бастапқы доза
Севеламер карбонатының ұсынылатын бастапқы дозасы, клиникалық қажеттілігіне және қан сарысуындағы фосфор деңгейіне байланысты, тәулігіне 2.4 г немесе 4.8 г құрайды. Ренвела® препаратын күніне 3 рет тамақтану кезінде қабылдаған жөн.
Бастапқы дозасын есептеу үшін келесі дозалау режимі және біріктірілімдер ұсынылады:
Пациенттердің қан сарысуындағы фосфор деңгейі — Күніне 3 рет, тамақтану кезінде қабылданатын севеламер карбонатының жалпы тәуліктік дозасы
1.78-2.42 ммоль/л (5.5-7.5 мг/дл) — 2.4 г* (күніне 3 рет 800 мг 1 таблеткадан)
> 2.42 ммоль / л (>7.5 мг / дл) — 4.8 г* (күніне 3 рет 800 мг 2 таблеткадан)
* плюс нұсқаулықтарға сәйкес кейінгі титрлеу
Бұрын фосфатпен байланысатын препараттар (севеламер гидрохлориді немесе кальций негізіндегі препараттар) қабылдаған пациенттер үшін, Ренвела® дәрілік затын оңтайлы тәуліктік дозаны қамтамасыз ету үшін қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылай отырып, грамға грамм есебімен тағайындаған жөн.
Титрлеу және демеу
Қан сарысуындағы фосфор деңгейі бақылануы тиіс. Күніне үш рет 0.8 г-ге дейін (күніне 2.4 г) титрленген севеламер карбонатының дозасы, қан сарысуындағы фосфордың қолданылатын деңгейіне жеткенше, әрбір 2-4 апта сайын арттырылады, ары қарай үнемі мониторинг жасалады.
Ренвела® препаратын қабылдап жүрген пациенттер олар үшін белгіленген диетаны ұстануы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6 жастан асқан балаларда немесе дене беткейінің ауданы > 0.75 м2 болатын балаларда Ренвелдің ® қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталды.
Пероральді қабылдауға арналған суспензияны балаларға тағайындайды, өйткені пациенттердің бұл тобына таблеткалар жарамайды.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттердің осы тобы үшін дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Пациенттердің осы тобы үшін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді түрде қолдануға арналған.
Таблеткаларды қабылдар алдында ұсақтамай, шайнамай немесе бөлшектеп сындырмай, тұтастай жұтқан жөн. Ренвела® препаратын тамақпен бірге қабылдау керек, бос асқазанға қабылдауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылау қажеттілігіне қарай емдеу үздіксіз болуы тиіс. Тәуліктік доза, күтілгендей, күніне орта есеппен 6 г жуық болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Севеламер карбонаты сияқты сондай белсенді компоненті бар севеламер гидрохлоридін дені сау еріктілердің 8 күн бойы күніне 14 г дозада жағымсыз әсерсіз қабылдауы туралы белгілі болған. Бүйректің созылмалы аурулары бар емделушілерде бір реттік тәуліктік дозада 14,4 г севеламер карбонатының орташа тәуліктік дозасы зерттелді.
Артық дозаланғанда байқалатын симптомдар «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімінде санамаланған жағымсыз реакцияларға ұқсас, оның ішінде негізінен іш қату және басқа да белгілі асқазан-ішек бұзылулары.
Тиісті симптоматикалық ем тағайындау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- гипофосфатемия
- ішек бітелісі.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- жүрек айну, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іш қату
Жиі
- диарея, диспепсия, іш кебу, іш тұсының ауыруы
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- қышыну
- бөртпе
- ішек бітелісі, ішектің толық / ішінара бітелісі, ішектің перфорациясы, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолындағы ойық жаралар, асқазан-ішек некрозы, колит, ішек массалары
- кристалданған ішек.
Балалар
Әдетте балалар мен жасөспірімдерге арналған қауіпсіздік бейіні (6-18 жас) ересектерге арналған қауіпсіздік бейінімен бірдей.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Ренвела® препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі қан сарысуындағы фосфордың концентрациясы <1.78 ммоль/л болатын, диализде жүрген, бүйректің созылмалы ауруы бар ересек пациенттер үшін анықталған жоқ. Сондықтан Ренвела® мұндай пациенттерде пайдалану үшін ұсынылмайды.
Ренвела® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеулер келесі аурулары бар пациенттерде жүргізілген жоқ:
- дисфагия;
- жұтынудың бұзылулары;
- асқазан-ішек жолы перистальтикасының ауыр бұзылулары, емделмеген немесе ауыр гастропарезді, асқазан ішіндегіcінің іркілуін және ішектің патологиялық немесе жүйесіз жиырылуын қоса;
- ішектің өршу сатысындағы қабыну аурулары;
- асқазан-ішек жолына ауқымды операциялар жасалған.
Мұндай пациенттерді емдеу абайлап және пайда/қауіпті қайта бағалаудан кейін ғана жүргізілуі тиіс. Егер терапия басталса, осы бұзылулармен ауыратын пациенттер бақылауда болуы керек. Ренвела® препаратымен емдеуді ауыр іш қату немесе басқа да ауыр асқазан-ішек симптомдары дамитын пациенттерде қайта қарау керек.
Ішек бітелісі (толық және ішінара)
Өте сирек жағдайларда севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиенті бар севеламер гидрохлоридімен (капсулалар/таблеткалар) емдеу кезінде пациенттерде ішек бітелуі (толық немесе ішінара) байқалды. Іш қату алдыңғы симптом болуы мүмкін, сондықтан Ренвела® препаратын қолдану кезінде іш қату пайда болған жағдайда пациентті мұқият бақылаған жөн. Ауыр іш қату дамыған немесе асқазан-ішек жолының басқа да ауыр бұзылыстары бар пациенттерде Ренвела® препаратымен емдеуді қайта қарастырған жөн.
Майда еритін дәрумендер
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде тамақтану сипатына және аурудың ауырлығына байланысты майда еритін А, D, E және К дәрумендерінің деңгейлері төмендеуі мүмкін. Ренвела® препаратының қабылданатын тамақтың құрамындағы майда еритін дәрумендермен байланысуға қабілетті екендігі жоққа шығарылмайды. Севеламер қабылдап жүрген, бірақ дәрумен қоспаларын қабылдап жүрмеген пациенттерде А, Д, E және К дәрумендерінің деңгейін үнемі бағалап отыру қажет. Дәрумендік қоспалар қажет болған жағдайда ұсынылады. Бүйректің созылмалы ауруы бар, диализбен ем қабылдап жүрмеген және мультидәрумендік препараттардың құрамына кіруі мүмкін Д дәрумені бар қоспаларды (күн сайын 400 ХБ-ге жуық Д дәрумені) қабылдап жүрген пациенттерге Ренвела® препаратын және Д дәруменін бөліп қабылдау ұсынылады. Перитонеальді диализ қабылдап жүрген пациенттерде майда еритін дәрумендердің және фолий қышқылының деңгейіне қосымша мониторинг жүргізу ұсынылады, өйткені клиникалық зерттеулерде мұндай пациенттердегі A, Д, E және К дәрумендерінің деңгейлері өлшенген жоқ.
Қазіргі таңда Ренвела® препаратын қолданып ұзақ емдеу кезінде фолат (фолий қышқылының тұздары) тапшылығының дамуы мүмкін екендігін жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз. Қосымша фолий қышқылын қабылдамайтын пациенттерде севеламерді қабылдаған кезде фолат деңгейін үнемі бағалау керек.
Гипокальциемия / гиперкальциемия
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде гипокальциемия немесе гиперкальциемия дамуы мүмкін. Ренвела® құрамында кальций болмайды. Сондықтан қан сарысуындағы кальций деңгейіне үнемі мониторинг жүргізу және қажет болған кезде қоспа түрінде негізгі кальций тағайындау керек.
Метаболизмдік ацидоз
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттер метаболизмдік ацидоздың дамуына бейім болады. Сондықтан, тиісті клиникалық іс-тәжірибеге сәйкес, қан сарысуындағы бикарбонаттар деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Перитонит
Диализбен ем қабылдап жүрген пациенттер диализдік емшараға тән болатын инфекцияның пайда болу қаупіне ұшырайды. Перитонит – перитонеальді диализде жүрген пациенттердегі белгілі асқыну, және клиникалық зерттеулерде севеламер гидрохлоридімен ем қабылдаған пациенттер тобында перитонит жағдайларының саны бақылау тобындағыға қарағанда көбірек болды. Перитонеальді диализ қабылдап жүрген пациенттерді, тиісті асептикалық әдістемені дұрыс қолдануын және перитониттің кез келген көріністерін немесе симптомдарын анықтау мақсатында, мұқият бақылауға алған жөн.
Жұтынудың және тыныс алудың қиындауы
Ренвела® таблеткасын қабылдаған кезде жұтынудың қиындағаны жөнінде сирек мәліметтер тіркелді. Осылардың көбісі жұтыну бұзылыстарын немесе өңештегі қиындық мәселелерін қоса, қатар жүретін патологиялық жағдайы бар пациенттерге қатысты. Қатар жүретін аурулары бар пациенттерде дұрыс жұтыну қабілетін мұқият мониторингтеу керек. Ауру тарихында жұтыну қиындығы бар пациенттер үшін Ренвела® препаратының пероральді суспензиясына арналған ұнтақ түрінде қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.
Гипотиреоз
Ренвела® препаратын және левотироксинді бірге қолданғанда гипотиреозы бар пациенттерге қатаң мониторинг жүргізу ұсынылған.
Гиперпаратиреоз
Ренвела® препараты гиперпаратиреозды бақылау үшін қолданылмайды. Салдарлы гиперпаратиреозы бар пациенттерде Ренвела® препаратын кальций қоспалары, 1,25-дигидроксихолекальциферол (1,25-дигидроксидәрумен Д3) немесе интактілі паратиреоидты гормон (иПТГ) деңгейін төмендету мақсатында оның аналогтарының бірі қамтылуы мүмкін біріктірілген ем құрамында қолданған жөн.
Асқазан-ішек жолының қабыну аурулары
Севеламердің кристалдары болуымен байланысты асқазан-ішек жолдарының түрлі (қан кетулер, тесілу, ойық жаралар түзілуі, некроз, колит және нәжіс массалары сияқты күрделі асқынуларды қоса), аумақтарының ауыр қабыну аурулары жағдайлары байқалды. Қабыну аурулары препаратты тоқтатқаннан кейін тоқтатылды. Асқазан-ішектің күрделі ауруларының симптомдары пайда болған пациенттерде севеламер карбонатымен емдеуді қайта қарастыру керек.
Натрий құрамына байланысты ақпарат
Бұл дәрілік препараттың құрамында таблеткада 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни препарат натрийден бос деп саналады.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі және дене беткейі ауданы 0.75 м2 кем балаларға Ренвела® препаратын қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Қол жетімді деректер жоқ.
6 жастан асқан балаларда немесе дене беткейінің ауданы > 0.75 м2 болатын балаларда Ренвеланың қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталды. Қолжетімді деректер үшін 5.1 бөлімін қараңыз.
Бала жастағы пациенттер үшін прероральді қолдануға арналған суспензия тағайындалады, өйткені пациенттердің осы тобына арналған таблеткалар қолайлы емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Севеламер көлік құралдарын және машиналарды басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе әсері елеусіз.
Жүкті әйелдерде севеламерді қолдану туралы деректер жоқ немесе жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулер егеуқұйрықтарға севеламерді жоғары дозада енгізген кезде кейбір репродуктивті уыттылықты көрсетті. Сондай-ақ, севеламер кейбір дәрумендердің, соның ішінде фолий қышқылының сіңуін төмендететіні көрсетілген. Адам үшін ықтимал қауіп белгісіз.
Ренвела® препаратын жүкті әйелдерге тек аса қажет болған жағдайда және анасы үшін де, шарана үшін де қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек.
Емшек сүтімен бірге севеламер/метаболиттердің бөлініп шығуы жөнінде деректер жоқ. Севеламердің сіңетін зат болып табылмайтыны белгілі, бұл оның емшек сүтімен бірге бөлініп шығуы мүмкіндігінің аз болатындығын көрсетеді. Емшек емізуді тоқтату/жалғастыру немесе Ренвела® препаратымен емдеуді тоқтату/жалғастыру жөніндегі шешім нәресте үшін емшек емізудің пайдасы мен Ренвела® препаратының анасы үшін пайдасын ескере отырып, қабылдануы тиіс.
Диализ
Диализ жүргізілетін пациенттерде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулерге зерттеу жүргізілмеген.
Ципрофлоксацин
Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін еріктілерде зерттегенде молекуласында севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиенті бар севеламер гидрохлориді ципрофлоксациннің, оны бір мезгілде бір реттік қабылдағанда, биожетімділігін шамамен 50%-ға азайтты. Сондықтан Ренвела® препаратын ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдамаған жөн.
Трансплантациядан кейінгі пациенттерде циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус
Трансплантациядан кейін пациенттерде севеламер гидрохлоридімен бірге қабылдағанда циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус деңгейлерінің қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (мысалы, трансплантаттың қабылданбай ажырауы) төмендегені байқалды. Өзара әрекеттесудің мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды, осыған байланысты аталған біріктірілімді қолдану кезінде, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін де қанда циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус концентрацияларына мұқият мониторинг жасау қажет.
Левотироксин
Севеламер гидрохлоридін (құрамында севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиенті бар) және левотироксинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде гипотиреоз жағдайлары жөнінде өте сирек мәлімделді. Сондықтан левотироксинмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде ТТГ деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Аритмияға қарсы және құрысуға қарсы дәрілер
Аритмияны бақылауға арналған аритмияға қарсы дәрілерді және құрысу ұстамаларын бақылауға арналған құрысуға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды. Осы себепті абсорбция кезінде ықтимал төмендеу жоққа шығарылмайды. Аритмияға қарсы дәрілерді қабылдау Ренвела®препаратын қабылдаудан кемінде 1 сағат бұрын немесе 3 сағаттан кейін болуы тиіс. Қандағы деңгейін бақылау қажет.
Протонды помпа тежегіштері
Тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде протонды помпа тежегіштерін севеламер карбонатымен бірге қабылдаған пациенттерде фосфаттардың жоғары деңгейі өте сирек жағдайларда байқалған. Ренвела® препаратымен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерге ППТ тағайындау кезінде сақ болған жөн. Сарысудағы фосфат деңгейін бақылау және тиісінше Ренвела® дозасын түзету керек.
Биожетімділігі
Ренвела® препараты АІЖ сіңбейді және басқа дәрілік заттардың биожетімділігіне әсер етуі мүмкін. Ренвела® препаратты басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде олардың биожетімділігінің төмендеуі тиімділігіне және қауіпсіздігіне қатысты клиникалық маңызға ие болуы мүмкін, оларды Ренвела® препаратын қабылдаудан бір сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін үш сағаттан соң қабылдаған немесе дәрігер олардың қандағы деңгейіне мониториг жасаудың қажеттілігін қарастырған жөн.
Дигоксин, варфарин, эналаприл немесе метопролол
Дені сау еріктілерде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуді зерттеу кезінде севеламер гидрохлориді (құрамында севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиент бар) дигоксин, варфарин, эналаприл немесе метопрололдың биожетімділігіне әсер еткен жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.