Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки жевательные мятные
Саудалық атауы
Ренни® қантсыз
Әсер етуші зат
жок
Мақсаты
Жоғары қышқылдықтан туындайтын симптомдарды: қыжылды, қышқыл кекірікті, асқазанның артық қышқылдылығын басу үшін
Өндіруші
Делфарм Гайярд
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 680 мг кальций карбонаты, 80 мг негізгі магний карбонаты;
қосымша заттар: сорбитол, желатинделген жүгері крахмалы, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, сұйық жеңіл парафин, ментолды қоспа, натрий сахарині.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Беткейлері ойыс квадрат пішінді, екі жақ бетінде «RENNIE» таңбасы бар, жалбыз иісті, крем реңдес ақ таблеткалар.
Жоғары қышқылдықтан туындайтын симптомдарды:
• қыжылды
• қышқыл кекірікті
• асқазанның артық қышқылдылығын басу үшін.
Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Кальций препараттары. Біріктірілімдер.
АТХ коды А02АС10
Фармакодинамикалық әсерлері және әсер ету механизмі:
Антацидті заттар - кальций карбонаты және магний карбонаты асқазан сөлінің артық тұз қышқылын тез бейтараптандыруды қамтамасыз етеді. Әсер ету қағидаты жергілікті, әсер етуші заттардың жүйелік қан ағымына түсуіне байланысты емес. Кальций карбонатының бейтараптандыратын әсері магний карбонатын қосу арқылы күшейтіледі.
Оң нәтижеге тез қол жеткізу таблеткалардың жақсы ерігіштігіне және кальций карбонатының көп болуына байланысты.
In vitro қышқылын бейтараптандыруды зерттеу (жасанды асқазан моделі) Ренни препараты асқазанның рН 40 секундта 1,5-2-ден 3-ке дейін жоғарылататынын және 1 минут 13 секундта рН 4-ке жетуі мүмкін екенін көрсетті. Модельдік сынақта қол жеткізілген рН деңгейі 5,24 құрады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: бір реттік доза 1-2 таблетка. Таблетканы шайнауға болады немесе толық ерігенше ауызда ұстауға болады. Ас ішкеннен кейін бір сағаттан соң және ұйықтар алдында қабылдаған жөн, алайда қыжыл болғанда кез келген кезде қолдануға болады.
Ең жоғары тәуліктік доза - 11 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ұзақтығы: егер препаратты қабылдау кезінде симптомдар ұзақ мерзім сақталатын болса (2 аптадан аса), онда тексеру жүргізу және күрделі ауруды жоққа шығару үшін дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.
• белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
– бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
– гиперкальциемия және/немесе гиперкальциемияға әкеп соғатын жағдайлар
– нефрокальциноз (бүйрек тініндегі кальцийдің шөгуі)
– гипофосфатемия
– 12 жасқа дейінгі балалар
Аталған жағымсыз дәрілік реакциялар өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделген, сондықтан оларды СММНО III жиілік санаттарына сәйкес жіктеу қатысы жоқ.
Келесі жүйелер тарапынан бұзылулар, бірақ олар жүйелік емес:
иммундық жүйе тарапынан: өте сирек аллергиялық реакциялар - бөртпелер, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі және анафилаксия;
зат алмасу және тамақтану тарапынан: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдау артық дозаланумен байланысты реакциялардың – гипермагниемияның, гиперкальциемияның және алкалоздың көріністелуіне әкелуі мүмкін, бұл АІЖ тарапынан симптомдардың туындауына (жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату) және бұлшықет әлсіздігін туындатуы мүмкін.
Сүтті-сілтілі синдромға байланысты пайда болатын жағымсыз әсерлер: дәм сезудің жоғалуы, бас ауыруы, азотемия, кальциноз және астения (әлсіздік).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Көбінесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозаларын ұзақ қабылдау бүйрек жеткіліксіздігіне, гипермагниемияға, гиперкальциемияға және алкалозға алып келуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдардың туындауына (жүрек айнуы, құсу, нәжістің бұзылуы) және бұлшықет әлсіздігіне әкеп соғуы мүмкін.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау. Емдеу симптоматикалық.
Егер симптомдар 2 аптадан кейін емделсе немесе жағдайы нашарласа, дәрігермен кеңесу керек.
Арнайы сақтандырулар
Ұзақ қолдануға және дозаны арттыруға жол бермеген жөн. Емдеу үшін Ренниді 2 аптадан аса артық пайдалануға болмайды. Егер симптомдар сақталса, асқазан-ішек жолдарының ауыр ауруларын, мысалы, ойық жаралы зақымдануды жоққа шығару керек, ол үшін дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Жоғары дозаларда ұзақ қолдану, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гиперкальцемия, гипермагниемия және сүтті-сілтілі синдромы сияқты жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Препаратты бүйрек функциясы бұзылған науқастарға тағайындаған кезде қан сарысуындағы магний, кальций және фосфат концентрациясын ұдайы бақылап отыру керек, ұзақ тағайындаудан аулақ болған жөн және ұсынылған дозадан асырмау керек.
Ренни таблеткаларын көп мөлшерде сүтпен (бір литр сүттің құрамында 1200 мг кальций болуы мүмкін) және сүт өнімдерімен бірге және ұзақ уақыт бойы қолдану бүйректе тастардың түзілу қаупін арттырады.
Сорбитолды көтере алмайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік функцияға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді. Ұсынылған дозаларда даму ақауларының немесе эмбриоуытты әсерлердің пайда болуы туралы деректер табылған жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану жөніндегі ұсынымдарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады (ең жоғары тәуліктік дозадан аспауы және қабылдау ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс).
Бала емізу.
Препаратты лактация кезеңінде қолдану жөніндегі ұсынымдарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады.
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Антацидтер басқа препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін.
Бір мезгілде қабылдаған кезде ішке қабылданатын басқа дәрілік заттардың АІЖ-ға сіңуі төмендейді. Сақтық шарасы ретінде антацидтерді басқа дәрілік заттардан бөлек қабылдаған жөн.
Ренниді келесі дәрілік заттарды қабылдағанға дейін немесе одан кейін 2 сағат бұрын қабылдау ұсынылады: ацетилсалицил қышқылы, антигистаминдер, атенолол, метопролол, пропанолол, бисфосфонаттар, хлорохин, циклиндер, дифлунизал, жүрек гликозидтері, долутегравир, эстрамустин. этамбутол, темір (тұздар), фексофенадин, фтор, фторхинолондар, глюкокортикоидтар (орын басу емі ретінде гидрокортизоннан басқа)- преднизолон және дексаметазон үшін сипатталған, индометацин, изониазид, кетоконазол, лансопрозол, линкозамидтер, левотироксин, фенотиазин қатарының нейролептиктер, пеницилламин, фосфаттар, тироксин.
Несептің сілтіленуіне байланысты салицилаттардың бүйрек экскрециясы артады.
Тиазидті диуретиктермен (кальций экскрециясын төмендетеді) бір мезгілде қолданған кезде кальцийдің мөлшерін үнемі бақылап отыру керек.
Басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Ылғалдан қорғаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.