Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки жевательные
Саудалық атауы
Ренни® апельсин дәмімен
Әсер етуші зат
жок
Мақсаты
Қышқыл рефлюксінде асқазанның ауырсынуын жеңілдету үшін, қыжылда және асқазан сөлінің жоғары қышқылдығында
Өндіруші
Делфарм Гайярд
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар - 680 мг кальций карбонаты, 80 мг негізгі магний карбонаты;
қосымша заттар - сахароза, желатинделген жүгері крахмалы, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, жеңіл сұйық парафин, апельсинді қоспа, натрий сахарині.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Апельсин иісті, екі жағында «RENNIE» таңбалары бар, беткейлері ойық квадрат пішінді крем реңдес ақ таблеткалар.
• Қышқыл рефлюксінде асқазанның ауырсынуын жеңілдету үшін, қыжылда және асқазан сөлінің жоғары қышқылдығында.
Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Басқа препараттармен біріктірілген антацидтер.
АТХ коды А02AX
Фармакодинамикалық әсерлері және әсер ету механизмі:
• Антацидтік заттар – кальций карбонаты және магний карбонаты асқазан сөлінің артық тұз қышқылын жылдам бейтараптандырады. Жергілікті әсер ету қағидасы бойынша, әсер етуші заттардың қан ағымына түсуіне байланысты емес. Кальций карбонатының бейтараптандырушы әсері магний карбонаты қосылуымен күшейеді.
• Оң нәтижеге тез қол жеткізу таблеткалардың жақсы ерігіштігіне және кальций карбонатының көп болуына байланысты.
• In vitro қышқылын бейтараптандыруды зерттеу (жасанды асқазан моделі) Ренни препараты асқазанның рН-ын 40 секундта 1,5-2-ден 3-ке дейін жоғарылататынын және 1 минут 13 секундта рН 4-ке жетуі мүмкін екенін көрсетті. Модельдік сынақта қол жеткізілген рН деңгейі 5,24 құрады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан үлкен балаларға
24 сағат ішіндегі әдеттегі дозасы: 1-2 таблеткадан шайнау керек немесе толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек (күніне 4-тен 8 таблеткаға дейін).
Қатты ауырғанда дозаны қысқа мерзімге күніне 11 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 11 таблетка.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік затты қабылдау ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.
• препараттың белсенді заттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– бүйрек функциясының айқын бұзылулары
– гиперкальциемия
– нефрокальциноз (бүйрек тініндегі кальций шөгінділері)
- гипофосфатемия
– 15 жасқа дейінгі балаларға
Аталған жағымсыз дәрілік реакциялар стихиялық хабарламаларға негізделген, сондықтан оларды СММНО III жиілік санаттарына сәйкес жіктеу қолданылмайды.
Иммун жүйесі тарапынан: өте сирек аллергиялық реакциялар – бөртпе, есекжем, қышу, Квинке ісінуі, ентігу және анафилаксия.
Зат алмасу және тамақтану жағынан: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозаларын ұзақ уақыт қабылдау артық дозаланумен байланысты реакциялардың – гипермагниемияның, гиперкальциемияның және алкалоздың білінуіне әкелуі мүмкін.
АІЖ тарапынан: жүрек айнуы, құсу, іш ауру, диарея, ішьің қатуы.
Қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін жағынан: бұлшықет әлсіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Көбіне бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозасын қабылдау бүйрек жеткіліксіздігі, гипермагниемия, гиперкальциемия және алкалозға әкелуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдардың (жүрек айнуы, құсу, диарея, ішьің қатуы) және бұлшықеттің әлсізденуі туындауына түрткі болуы мүмкін.
Емі: препарат қабылдауды тоқтатып, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу. Емі симптоматикалық.
Күніне 4-тен 8 таблеткаға дейін қабылдаған жағдайда емдеу ұзақтығын барынша шектеу қажет, симптомдар жоғалғаннан кейін дәрілік затты қабылдауды тоқтату керек.
Егер симптомдар 10 күндік емдеуден кейін сақталса немесе жағдайы нашарласа, дәрігермен кеңесу керек.
Арнайы сақтандырулар
Пациенттер мынадай симптомдар болғанда дәрігерге қаралғандары дұрыс: салмақ жоғалту; жұтудың қиындауы немесе асқазан аймағындағы тұрақты жайсыздық; ас қорытудың бұзылуы, алғаш рет пайда болған немесе өзгерген; бүйрек ауруының болуы (бұл ақпарат қан плазмасындағы кальций, фосфат, магний деңгейін бақылау үшін қажет), гиперкальциурия.
Сахарозаның болуына байланысты препарат фруктозаға төзбеушілік, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы.
Жанама әсерлер тиазидті диуретиктермен бірге қабылдағанда немесе сүт немесе сүт өнімдерінің көп мөлшерін қабылдайтын пациенттерде, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда жиі байқалды.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға нұсқау: 1 таблеткада 475 мг сахароза бар.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік функцияға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді. Ұсынылған дозаларда даму кемістіктерінің немесе эмбриоуытты әсерлердің пайда болуы туралы деректер табылған жоқ. Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдану жөніндегі ұсыныстарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады. Препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
• Антацидтер басқа препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Бір мезгілде қабылдағанда ішке қабылданатын басқа дәрілік заттардың АІЖ сіңуі төмендейді. Сақтану шарасы ретінде антацидтерді басқа дәрілік заттардан бөлек қабылдаған дұрыс.
• Ренни дәрілік затын мына дәрілік заттарды қабылдауға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін қабылдау ұсынылады: ацетилсалицил қышқылы, гистаминге қарсы препараттар, атенолол, метопролол, пропранолол, бисфосфонаттар, хлорохин, циклиндер, дифлунизал, жүрек гликозидтері, долутегравир, эстрамустин, этамбутол, темір (тұздар), фексофенадин, фтор, фторхинолондар, глюкокортикоидтар (орын басу терапиясы ретінде гидрокортизоннан басқа)- преднизолон мен дексаметазон үшін сипатталған, индометацин, изониазид, кетоконазол, лансопрозол, линкозамидтер, левотироксин, фенотиазин қатары нейролептиктері, пеницилламин, фосфаттар, тироксин.
• Несеп сілтіленуі есебінен салицилаттардың бүйрек экскрециясы ұзарады.
• Тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолданған кезде кальцийдің мөлшерін үнемі бақылап отыру керек (кальций экскрециясын төмендетеді). Басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.