Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында:
белсенді заттар – 35 000-нан 45 000-ға дейін молекулярлық салмағымен декстран 40 100.0 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш ерітінді
• шокта (жарақаттық, күйіктік, сепсистік, кардиогендік, анафилаксиялық)
• жасанды қан айналымы аппаратын қолданумен жүрекке операция жасағанда (перфузиялық сұйықтыққа қосу үшін)
• тромбоэмболиялық асқынуларда және қан тамырларының облитерациялайтын ауруларында
Препаратты енгізгеннен кейін алғашқы 90 минутта плазма көлемінің артуы айқынырақ болады.
Реополиглюкин төмен молекулярлы декстран препараты болып табылады. Ол сұйықтықтардың тіндерден қан жүретін арнаға өтуіне ықпал етеді, осыған орай, қанның суспензиялық қасиеттерін арттырады, оның тұтқырлығын төмендетеді, ұсақ капиллярларда қан ағымының қалпына келуіне, қанның пішінді элементтерінің агрегациясының азаюына ықпал етеді. Препараттың дезинтоксикациялау әсері бар.
Капиллярлар ағымында жағымды өзгерістер өте тез басталады, алайда, декстранды бір рет енгізгеннен кейінгі, байқалған оң әсерлер 8 сағаттан көп емес уақыт сақталады.
Дозалау режимі
Жарақатпен, күйікпен және операциялық шокпен байланысты капиллярлық қан айналымы бұзылуының алдын алу және емдеу мақсатымен 200, 400, 1000 немесе 1500 мл-лік реополиглюкинді 30-60 минут ішінде венаға тамшылатып енгізеді. Жүрек-қан тамырлары хирургиясында операцияға дейін венаға науқастың дене салмағының 1 кг-ге 10 мл-ден тамшылатып, операция кезінде 400-500 мл және операциядан кейін 5-6 күн бойы дене салмағына қарай 10 мл/кг-ден енгізу керек. Вена ішіне енгізу жылдамдығы науқастың жай күйінің ауырлығына және көрсетілімге байланысты анықталады.
Жасанды қан айналымы аппаратымен жасалған операция кезінде қанға препаратты дене салмағына қарай 10-20 мл/кг есебімен қосады.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне тамшылатып енгізеді. Емшараның ұзақтығы 15-20 мин. Курс 5-10 емшарадан тұрады.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• декомпенсацияланған жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі
• фруктоза-1,6-дифосфатаза тапшылығы
• бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен бассүйек-ми жарақаттары
• өкпе ісінуі
• геморрагиялық инсульт
• ішке қан кетудің созылуы
• гипокоагуляция
• тромбоцитопения
• артериялық гипертензия
• 0,3 төмен гематокрит көрсеткіші аясындағы гиперкалиемия
• бүйректің органикалық ауруларымен шартталған олигурия және анурия
• этиологиясы белгісіз ауыр аллергиялық жай-күй
• гиперволемия, гипергидратация және көп мөлшерде сұйықтық енгізу қарсы көрсетілімдегі басқа да жағдайлар
• балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік кезең (клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан)
• жүктілік және лактация кезеңі (клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан).
Жиі емес:
– аллергиялық және анафилактоидты реакциялар (тері бөртпесі, бөртулер, Квинке ісінуі, артериялық қысымның түсуі, коллапс, олигоурия).
Сирек:
• қан айналымы мен тыныс алудың бұзылуы;
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
• диурездің ұлғаюы немесе азаюы;
• жүрек айнуы, қалтырау, қызба;
• бас ауруы, бас айналуы, тремор;
• енгізген орынның ауыруы;
• флебит, венозды тромбоз;
• қанағыштық;
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Декстранды көп мөлшерде жылдам енгізу «декстран синдромының» - өкпенің, бүйректің және гипокоагуляцияның туындауына түрткі болуы мүмкін. Кеуде қысылуы, тыныс алудың қиындауы, бел ауыруы сияқты шағымдар пайда бола бастаса, сондай-ақ қалтырау, цианоз басталса, қан айналымы және тыныс алу бұзылса трансфузияны тоқтату және тиісті симптоматикалық ем жүргізу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің айқын симптомдары. Гиперкалиемия, олигурия, анурия және артериялық гипертензияның дамуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, жүрек препараттарын және кристаллоидтық ерітінділерді вена ішіне тамшылатып енгізу керек, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін дәрігерге жүгіну керек. В/і енгізуге арналған. Препаратты тек маман енгізу керек. Препаратты артерия ішіне енгізуден немесе қоршаған тіндерге түсіруден аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Реополиглюкин тек стационар жағдайында пайдалануға арналған.
Аллергиялық реакциялар мүмкін болуына байланысты инфузияға арналған алғашқы 10-20 мл ерітіндіні пациенттің жағдайын бақылай отырып баяу енгізу керек.
Аллергиялық реакциялар дамығанда кальций хлориді ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі, гистаминге қарсы препараттар, жүрек дәрілері енгізіледі. Бүйректік сүзілу қабілеті төмендегенде, сондай-ақ препарат енгізуді тоқтату қажет болғанда, реополиглюкинді глюкозамен бірге тағайындайды.
Организм сусызданған кезде реополиглюкинге натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін немесе 5% глюкоза ерітіндісін қосу керек. Айқын сусыздануы бар пациенттерде декстран енгізгенге дейін сұйықтық тапшылығын қалпына келтіру алдын ала талап етіледі, оларды енгізу жылдамдығы 500 мл/сағ аспауы тиіс.
Ұсынылатын дозаны енгізу іс жүзінде гемостаз жүйесіне әсер етпейді. Дозаны ұсынылғаннан асыру қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Декстраннан туындаған гемодилюция аясында плазмадағы гемоглобин концентрациясы азаюы мүмкін.
Гемоглобинді неғұрлым ұзағырақ уақыт 90 г/л (гематокрит 27%) төмен азайтпау үшін декстранның енгізілген мөлшері есептелуі тиіс.
Декстрандарды үлкен көлемде жылдам енгізгенде сол жақ қарынша жедел жеткіліксіздігінің және өкпе ісінуі дамуына түрткі болуы мүмкін. Кеуденің қысылу сезіміне, тыныс алу қиындауына, белдің ауыруына, сондай-ақ қалтырау, цианоз басталғанда, қан айналымы және тыныс алу бұзылуына шағым болған жағдайда трансфузияны тоқтату керек және тиісінше симптоматикалық ем жүргізу керек.
Қан айналымында артық жүктеме үшін қауіп болғанда, әсіресе латентті немесе клиникалық анық жүрек жеткіліксіздігі жағдайында ерекше сақтық керек.
Декстран қан ұюының VIII факторының және фон Виллебранд тромбоцитарлық факторының плазмалық деңгейін негізінен дилюция себепті төмендетеді, бұдан әсіресе тәуліктік дозада дене салмағына 1,5 г/кг астам декстранды (шамамен дене салмағы 15 мл/кг) қолданғанда бұл факторлар тапшылығы бар пациенттерде қан кету туындауы мүмкін. Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда олардың дозасын азайту керек.
Артериялық гипертензияның даму мүмкіндігін ескере отырып, қарқынды ем үшін тиісті дәрілер қажет болуы мүмкін.
10 % дозадағы реополиглюкин құрамында тиісінше мл-де 9.0 мг натрий бар. Бұл натрий қабылдауды шектейтін диетасы бар пациенттер қолданған кезде ескерілуі тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жағымсыз әсерлердің ықтимал пайда болуына байланысты дәрілік затты қабылдау кезеңінде көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту ұсынылады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Декстранның инфузиялық енгізу үшін тағайындалған дәрілермен үйлесімділігін алдын ала тексеру қажет.
Реополиглюкинді және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді, тікелей және тікелей емес антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда қан тұтқырлығын бақылау керек.
Реополиглюкинді артериялық қысым деңгейін көтермелейтін препараттарды, несеп айдағыш препараттарды қабылдап жүрген науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Декстран ерітіндісіне маннитолды қосқанда осмодиурездік әсер етеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.