Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инфузий
Саудалық атауы
Реосорбилакт
Әсер етуші зат
Электролиты в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Жарақаттық, геморрагиялық, уыттылық және күйік шоктарын, жедел қан жоғалтуды, күйік ауруын профилактикалау және емдеу мақсатында капиллярлық қан ағымын жақсартуда
Өндіруші
Юрия-Фарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
• жарақаттық, геморрагиялық, уыттылық және күйік шоктарын, жедел қан жоғалтуды, күйік ауруын профилактикалау және емдеу мақсатында капиллярлық қан ағымын жақсартуда
• уыттанумен қатар жүретін инфекциялық аурулар кезінде, оның ішінде ауруханалық емес пневмониясы, іріңді перитониті, сепсисі бар пациенттерді кешенді емдеу құрамында, созылмалы гепатиттің өршуі кезінде
• операциядан кейінгі кезеңде
• тромбоздың, тромбофлебиттің, эндартерииттің, Рейно ауруының профилактикасы мақсатында артериялық және веналық қанайналымды жақсартуда
Фармакодинамикалық әсерлері
Реосорбилакт реологиялық, шокқа қарсы, уытсыздандыратын, сілтілендіргіш және ішектің перистальтикасын стимуляциялайтын әсерге ие. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенді заттарына сорбитол және натрий лактаты болып табылады. Бауырда сорбитол алдымен фруктозаға айналады, ол содан кейін глюкозаға, әрі қарай гликогенге айналады. Сорбитолдың бір бөлігі шұғыл энергетикалық қажеттіліктер үшін пайдаланылады, екінші бөлігі гликоген ретінде қорға сақталады. Изотониялық сорбитол ерітіндісінің дезагрегантты әсері бар және, осылайша, тіндердің микроциркуляциясы мен перфузиясын жақсартады.
Бикарбонат ерітіндісінен айырмашылығы, рН-ның күрт ауытқуын тудырмай, зат алмасуға қосылу шамасына байланысты натрий лактаты көмегімен метаболизмдік ацидозды түзетуі баяуырақ жүреді. Натрий лактатының әсері енгізуден кейін 20–30 минут өткен соң көрінеді.
Натрий хлориді регидратациялық әсер көрсетеді, әртүрлі патологиялық жай-күйлерде натрий мен хлор иондары тапшылығының орнын толтырады.
Кальций хлориді кальций иондары тапшылығының орнын басады. Кальций иондары жүйке импульстарының берілуінің, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің қысқаруының, миокардтың қызметінің, сүйек тінінің түзілуінің, қанның ұюының процестерін жүзеге асыру үшін қажет. Жасушалардың және тамыр жақтауларының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакцияларының дамуына жол бермейді, организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады.
Калий хлориді су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіреді. Теріс хроно- және батмотропты әсер етеді, жоғары дозаларда - теріс ино-, дромотропты және орташа диурездік әсер етеді. Жүйке импульстарын жүргізу процесіне қатысады. Ацетилхолиннің құрамын жоғарылатады және вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуын тудырады. Бұлшықет дистрофиясы, миастенияда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуын жақсартады.
Магний хлориді катионмен зат алмасу үшін қажетті болып табылады, энергияны көп қажет ететін энзимдік процестерге, ақуыз молекулаларының құрылуына, тотығу фосфорлануына қатысады, жүйке-бұлшықет қозғыштығын төмендетеді, спазмға қарсы әсер етеді, холестериннің организмнен шығарылуына ықпал етеді.
Дозалау режимі
Реосорбилакт ересектерге вена ішіне (в/і) минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізіледі.
Қажет болған жағдайда, сынама жүргізілгеннен кейін минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізу жолымен препаратты сорғалатып енгізуге рұқсат етіледі. 15 тамшы енгізгеннен кейін препараттың инфузиясы тоқтатылады, ал реакция болмаған кезде 3 минуттан кейін Реосорбилакт вена ішіне сорғалатып енгізіледі.
Ересектерге
Жарақаттық, геморрагиялық, уыттылық және күйік шоктарында
• 600-1000 мл (науқастың дене салмағына қарай 10-15 мл/кг) бір рет және қайталап енгізіледі, 600-1000 мл (науқастың дене салмағына қарай 10-15 мл/кг) басында, вена ішіне сорғалатып, содан кейін вена ішіне тамшылатып енгізіледі.
Іріңді перитонит кезінде
• 400–1200 мл вена ішіне тамшылатып енгізіледі.
Уыттанумен қатар жүретін инфекциялық аурулар үшін (ауруханалық емес пневмония, созылмалы гепатиттің өршуі)
• 400 мл (дене салмағына қарай 6-7 мл/кг) вена ішіне тамшылатып енгізіледі.
Жедел қан жоғалту кезінде
• 1500-1800 мл-ден (дене салмағына қарай 25 мл/кг дейін) енгізіледі. Бұл жағдайда Реосорбилакт инфузиясын ауруханаға дейінгі сатыда, мамандандырылған жедел жәрдем машинасында жүргізу ұсынылады.
Операциядан кейінгі кезең
• 400 мл дозада (дене салмағына қарай 6-7 мл/кг) 3-5 күн бойына вена ішіне тамшылатып.
Қан тамырларының тромбоблитерациялайтын ауруларында
• дене салмағына қарай 8-10 мл/кг есебімен, вена ішіне тамшылатып, қайталап, күнара, әр емдеу курсында 10 инфузияға дейін.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне (в/і).
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• алкалоз
• миға қан құйылу
• тромбоэмболия
• жүрек-қантамыр декомпенсациясы
• III дәрежелі артериялық гипертензия
• терминалды сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі
• декомпенсацияланған жүрек ақауы
• олигурия
• сусыздану
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Иммун жүйесі тарапынан
Жиілігі белгісіз:
• анафилактоидты реакциялар, ангионевроздық ісіну, гипертермия.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан
Жиілігі белгісіз:
• артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, тахикардия, ентігу, акроцианоз.
Неврологиялық бұзылулар
Жиілігі белгісіз:
• тремор, бас ауыруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік.
Тері және тері асты шелі тарапынан өзгерістер
Жиілігі белгісіз:
• тері бөртпелері, есекжем, қышыну.
Асқазан-ішек бұзылыстары
Жиілігі белгісіз:
• іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу.
Зат алмасудың, метоболизмнің бұзылуы
Жиілігі белгісіз:
• алкалоз немесе дегидратация құбылыстары (ерітінді гиперосмолярлығы салдарынан), коллапс, сусыздану (диурездің күшеюі есебінен) туындауы мүмкін.
Жалпы бұзылыстар
Жиілігі белгісіз:
• ауырсыну және күйдіруді қоса, енгізу орнындағы өзгерістер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкерлеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты енгізудің дереу тоқтатылуы, кейде коллапс, сусыздану (диурездің күшеюі есебінен) жағдайында өздігінен өтетін алкалоз құбылыстары болады. Енгізу жылдамдығы асып кетсе, тахикардия дамуы, артериялық қысымның жоғарылауы, ентігу, бас ауыруы, төс артындағы ауыру және іштің ауыруы мүмкін.
Емі: препараттың инфузиясын тоқтату керек. Физиологиялық реакциялардың мониторингін жүргізу және организмнің өмірлік маңызды функцияларын сақтап қалу қажет. Симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуге арналған ұсыныстар
Мәлімет жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Препарат қандағы қышқыл-сілтілік жай-күйдің және электролиттердің, бауырдың функционалды күйінің және артериялық қысымның көрсеткіштерін бақылаумен қолданылады.
Калькулезді холециститі бар науқастарға сақтықпен енгізіледі.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану мүмкіндігін зерттеу жүргізілмеген, мәліметтер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат тек стационар жағдайында ғана қолданылады.
Реосорбилактің жүкті әйелдерде және емшек сүтімен емізу кезіндегі әйелдерде қолдану мүмкіндігі зерттелмеген, мәліметтер жоқ.
Басқа дәрілік заттар үшін тасымалдаушы ерітінді ретінде қолдануға болмайды.
Үйлесімсіздік
Реосорбилактты фосфатпен және карбонаты бар ерітінділермен араластыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.