Келтірілген жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулерден, сондай-ақ тіркеуден кейінгі есептерден анықталды. (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-ден <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000-ға дейін), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес)
Өте жиі
- нейтропения, лимфопения, лейкопения, тромбоцитопения, анемия
- трансаминазалардың симптомсыз жоғарылауы
- бас ауыруы
- инъекция орнындағы қабыну, реакция, тұмау тәрізді симптомдар
Жиі
- трансаминазалардың жедел жоғарылауы
- депрессия, ұйқысыздық
- диарея, құсу, жүрек айнуы
- қышыну, бөртпе, эритематозды бөртпе, макулопапулезді бөртпе, алопеция
- миалгия, артралгия
- инъекция орнындағы ауырсыну, шаршау, қалтырау, қызба
Жиі емес
- қалқанша безінің дисфункциясы, көбінесе гипотиреоз немесе гипертиреоз ретінде білінеді
- сарғаюмен немесе онсыз гепатит
- құрысулар
- торқабықтың тамырлық аурулары (ретинопатия, дақтар, торқабық артериясының немесе венасының обструкциясы)
- тромбоэмболиялық реакциялар
- диспноэ
- есекжем
- инъекция орнындағы некроз, инъекция орнындағы домбығу, инъекция орнындағы абсцесс, инъекция орнындағы инфекциялар, қатты терлеу
Сирек
- тромбоздық микроангиопатия, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураны/гемолиздік-уремиялық синдромды қоса, панцитопения
- анафилаксиялық реакциялар
- бауыр жеткіліксіздігі, аутоиммундық гепатит
- суицид әрекеттері
- Квинке ісіну (ангионевроздық ісіну), мультиформалы эритема, эритемаға ұқсас мультиформалы тері реакциялары, Стивенс-Джонсон синдромы
- дәрілік қызыл жегі
- нефроздық синдром, гломерулосклероз
- инъекция орнындағы дәнекер тінінің қабынуы
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес)
- уақытша неврологиялық симптомдар (гипестезия, бұлшықет түйілуі, парестезия, жүру кезіндегі қиындықтар, бұлшықет-қаңқа сіреспелілігі) бұл жайылған склероздың өршуін имитациялауы мүмкін
- өкпенің артериялық гипертензиясы*
-панникулит (инъекция орнында)
Кластық әсері
Интерферондарды қолдану анорексиямен, бас айналуымен, мазасыздықпен, аритмиямен, вазодилатациямен, жүрек қағысының жиілеуімен, меноррагиямен және метроррагиямен байланысты болды.
Аутоантиденелер түзілуінің жоғарылауы бета-интерферонмен емдеу кезінде пайда болуы мүмкін.
Өкпенің артериялық гипертензиясы
Интерферон бета препараттарын қолданғанда өкпенің артериялық гипертониясы жағдайлары туралы хабарланған. Мұндай жағдайлар бета интерферонмен емдеу басталғаннан кейін бірнеше жылға дейін әртүрлі уақыт сәттерінде хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz