Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
0.2 г
Саудалық атауы
Рибоксин
Әсер етуші зат
Инозин
Мақсаты
Жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісінен кейін
Өндіруші
Биосинтез
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100% затқа шаққанда инозин (рибоксин), 0,2 г; қосымша заттар: ақ қант, кальций стеараты, желатин, картоп крахмалы; қабығының қосымша заттары: гипромеллоза (оксипропилметилцеллюлоза), полисорбат-80 (твин-80), титанның қостотығы Е 171, сұйық парафин (вазелин майы), хинолинді сары бояғыш Е 104.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ашық сарыдан қызыл-сары реңді сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Кесілген көлденең жерінде екі қабат көрінеді: сыртқы – сары түсті, ішкі – ақ түсті.
Препарат ересектерге кешенді ем құрамында қолдануға арналған:
- жүректің ишемиялық ауруы
- миокард инфарктісінен кейін
- жүрек гликозидтерін қолдануға байланысты жүрек ырғағының бұзылуы
- бауыр ауруларында (гепатиттер, цирроз, алкогольден немесе дәрілік заттардан май дистрофиясы)
- терінің кеш порфириясы
Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар.
ATХ коды: С01ЕВ
Әсер ету механизмі
Глюкозаның зат алмасуына тікелей қатысады және гипоксия жағдайында және АТФ болмағанда зат алмасуды белсендіруге ықпал етеді.
Тіндік тыныс алудың қалыпты үдерісін қамтамасыз ету үшін қажетті пирожүзім қышқылының метаболизмін белсенділендіреді, сонымен қатар ксантиндегидрогеназаның белсенділенуіне түрткі болады. Нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының кейбір ферменттері белсенділігін күшейтеді. Жасушаларға өте отырып, миокардтағы метаболизм үдерісіне оң әсер етеді, жүректің жиырылу күшін ұлғайтады және диастолада миокардтың барынша толық босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қанның екпінді көлемі артады. Аритмияға қарсы әсер ету механизмі толық түсініксіз.
Тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді, тіндердің регенерациясын белсендіреді (әсіресе миокард және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаты).
Фармакодинамикалық әсерлері
Инозин – пуриннің туындысы (нуклеозид) - аденозинтрифосфаттың (АТФ) ізашары. Метаболизмдік процестерді стимуляциялайтын дәрілік заттар тобына жатады.
Антигипоксикалық және антиаритмиялық әсерге ие. Миокардтағы энергетикалық теңгерімді арттырады, коронарлық қан айналымын жақсартады, бүйректің интраоперациялық ишемиясы салдарының алдын алады.
Дозалау режимі
Ішке қабылдаған кезде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 0,6 – 2,4 г құрайды. Емдеудің алғашқы күндерінде тәуліктік доза 0,6 – 0,8 г құрайды (күніне 3-4 рет 0,2 г-ден). Жақсы көтерімді кезде препараттың дозасын 2-3 күн ішінде 1,2 г дейін (күніне 3 рет 0,4 г) жоғарлатады, қажет болған жағдайда – күніне 2,4 г дейін.
Терінің кеш порфириясында тәуліктік доза 0,8 г құрайды (күніне 4 рет 0,2 г-ден).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке тамақтануға дейін.
Емдеу ұзақтығы
Препарат күн сайын 1 – 3 ай бойы қолданылады.
Курстың ұзақтығы – 4 аптадан 1,5 – 3 айға дейін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препарат дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады.
- инозинге немесе пуриннің басқа туындыларына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- подагра
- гиперурикемия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
- сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы
- иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық/анафилаксиялық реакциялар, соның ішінде есекжем, бөртпе, терінің қышуы, терінің гиперемиясы, анафилаксиялық шок
- зат алмасу және тамақтану тарапынан: гиперурикемия, ұзақ уақыт қолданғанда үлкен дозаларда подаграның өршуі мүмкін
- зертханалық және аспаптық мәліметтер: қандағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы
Осы жағымсыз реакциялар пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің жоғарылауы (есекжем, терінің қышуы, қандағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы, подаграның өршуі).
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидоты жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі және қант диабеті бар пациенттерге сақтықты сақтау керек.
Арнайы ескертулер
Рибоксин жүрек қызметінің бұзылуын шұғыл түзету үшін қолданылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде препаратты қолдану дәрігердің пікірінше, күтілетін оң әсер қолданудың ықтимал қаупінен басым болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Ұзақ емдеу кезінде қандағы және несептегі несеп қышқылының концентрациясын бақылау керек.
Терінің қышуы және теріған кезде, препаратты қолдануды тоқтату керек.
Рибоксин препаратының құрамында сахароза бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға болмайды. Инозиннің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда аритмияның пайда болуына жол бермейді, оң инотропты әсерді күшейтеді.
Иммуносупрессанттар инозиннің әсерін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.