Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного введения
Дозасы
20 мг/мл
Саудалық атауы
Рибоксин
Әсер етуші зат
Инозин
Мақсаты
Өткерілген миокард инфарктісін, ишемиялық жүрек ауруын, өткерген инфекциялық аурулардан кейінгі миокардиодистрофия аясында жүрек гликозидтерін қолдану себебінен болатын жүрек…
Өндіруші
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір (5 мл) ампуланың ішінде
белсенді зат – 100 мг инозин (100% затқа шаққанда);
қосымша заттар: гексаметилентетрамин, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
– өткерілген миокард инфарктісін, ишемиялық жүрек ауруын, өткерген инфекциялық аурулардан кейінгі миокардиодистрофия аясында жүрек гликозидтерін қолдану себебінен болатын жүрек ырғағының бұзылуларын кешенді емдеу;
– бауыр ауруларының (гепатит, цирроз, бауырдың майлы дистрофиясы) және урокопропорфирияның кешенді емінде;
– оқшауланған бүйрекке жасалатын операциялар (қан айналымы тоқтап қалғанда фармакологиялық қорғаныс дәрісі ретінде).
Рибоксин – пурин туындысы (нуклеозид) – аденозин-трифосфат (АТФ) ізашары. Метаболизм үдерістерін көтермелейтін дәрілік препараттар тобына жатады. Гипоксияға қарсы және аритмияға қарсы әсерін көрсетеді. Миокардтың энергетикалық теңгерімін арттырады, операция кезіндегі бүйрек ишемиясының зардабын болдырмай, коронарлық қан айналымын жақсартады. Глюкоза алмасуға тікеей қатысады және гипоксия жағдайларында әрі АТФ болмағанда алмасуды белсендіруге ықпал етеді.
Тіндердің қалыпты тыныстау үдерісін қамтамасыз ету үшін қажетті пирожүзім қышқылының метаболизмін белсендіреді, сондай-ақ ксантин-дегидрогеназаның белсенуіне ықпал етеді. Нуклеотидтер синтезін көтермелейді, Кребс циклының кейбір ферменттерінің белсенділігін күшейтеді. Жасушаларға өтіп, миокардтағы метаболизм үдерістеріне оң әсерін көрсетеді – жүректің жиырылу күшін арттырады және диастолада миокардтың толығырақ босаңсуына ықпал етеді, соның нәтижесінде екпінді көлемі ұлғаяды. Аритмияға қарсы әсер ету механизмі соңына дейін түсініксіз.
Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді, тіндер (әсіресе, миокард және АІЖ шырышты қабығы) регенерациясын белсендіреді.
Дозалау режимі
Емдеу күніне 1 рет 200 мг (10 мл ерітінді 20 мг/мл) енгізуден басталады, одан кейін жағымдылығы жақсы болса, дозаны күніне 1-2 рет 400 мг (20 мл ерітінді 20 мг/мл) дейін арттырады. Емдеу ұзақтығы – 10-15 күн.
Жүрек ырғағының жедел бұзылуларында препаратты бір реттік 200-400 мг дозада (10-20 мл ерітінді 20 мг/мл) сорғалатып енгізуге болады.
Ишемияға ұшыраған бүйректің фармакологиялық қорғанысы үшін бүйрек артерияларының қысылуына дейін 5-15 минут бұрын Рибоксин 1,2 г (60 мл ерітінді 20 мг/мл), ал одан кейін қан айналымының қалыпқа келуінен кейін іле-шала тағы 0,8 г (40 мл ерітінді 20 мг/мл) бір реттік дозада вена ішіне сорғалатып енгізіледі.
Венаға тамшылатып енгізу кезінде 20 мг/мл ерітіндіні 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде (250 мл дейін) сұйылтады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат вена ішіне баяу сорғалатып немесе тамшылатып (1 минутта 40-60 тамшы) қолданылады.
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
– подагра;
– гиперурикемия;
– бүйрек жеткіліксіздігі;
– жүктілік, лактация кезеңі;
– 18 жасқа дейінгі балалар.
– аллергиялық/анафилаксиялық реакциялар, бөртпені, қышынуды, тері гиперемиясын, есекжем, анафилаксиялық шокты қоса;
– липодистрофия;
– тахикардия, бас ауырумен, бас айналумен, жүрек айнумен, құсумен, тершеңдікпен қатар жүруі мүмкін артериялық гипотензия;
Емдеу кезінде сирек жағдайларда қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, ұзақ уақыт емдеуде подагра өршуі болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі уақытта препараттың артық дозалану жағдайлары аталмады. Симптомдары: бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жоғары дозаларын енгізгенде жүрек айну, асқазанның ауыруы, жүрек ырғағының бұзылулары (блокада типі бойынша) пайда болуы мүмкін.
Емдеу: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, қажет болса, тері астына 200-400 мг натрий кофеин-бензоатын енгізу. Спецификалық антидот жоқ. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру мақсатында кеңес алу үшін медициналық қызметкерге хабарласу ұсынылады
Арнайы сақтандырулар
Рибоксинді ұзақ уақыт қолданғанда подагра өршуі болуы мүмкін. Рибоксинді ұзақ уақыт қолданғанда қанда несеп қышқылы деңгейін бақылап отыру керек.
Рибоксин жүрек қызметінің бұзылуларын шұғыл түзету үшін қолданылмайды.
Қышыну және тері гиперемиясы пайда болғанда препаратты тоқтату керек. Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректер болмауына байланысты, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Лейкопенияда пайдалану
Шеткері қан нейтрофилдерінің литрдегі 1,5×109 төмен деңгейінде қолдану ұсынылмайды.
Ерекше сақтық шарасы Рибоксин бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде тағайындалғанда қадағалануы тиіс. Осы орайда, қанда несеп қышқылы мен мочевина деңгейін бақылап отыру ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.
Қауіпсіздігі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне орай, препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Бір мезгілде қолданғанда анаболикалық стероидтар мен стероидты емес анаболикалық дәрілердің әсерлерін күшейтеді.
Теофиллиннің бронхолитикалық әсерін және кофеиннің психостимуляциялық әсерін әлсіретеді.
Кешенді ем құрамында қолданғанда Рибоксин аритмияға қарсы, жүрек қыспасына қарсы және инотропты дәрілік препараттар тиімділігінің артуына ықпал етеді.
Рибоксинді бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолданғанда Рибоксин әсері кемімейді. Жүрек гликозидтерімен біріктіргенде препарат аритмияның туындауына жол бермеуі және инотропты әсерін күшейтуі мүмкін.
Иммунодепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда тиімділігі төмендейді.
Рибоксиннің басқа топтардың дәрілік препараттарымен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Рибоксинді, препараттардың химиялық үйлесімсіздігіне жол бермеу үшін, басқа дәрілік препараттармен бір шприцте араластыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С -ден 25 °С дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.