Әсер ету механизмі
Ривароксабан – пероральді қабылдау кезінде жоғары биожетімділікке ие жоғары селективті тікелей Ха фактор тежегіші.
Ха факторының тежелуі қанның ұю каскадының ішкі және сыртқы жолдарын үзеді, бұл тромбиннің түзілуінің де, тромбтар қалыптасуының да бәсеңдеуіне әкеледі. Ривароксабан тромбинді (белсендірілген II фактор) тежемейді және тромбоциттерге әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Адамда Ха фактор белсенділігінің дозаға тәуелді тежелуі байқалады. Ривароксабан ПУ дозаға тәуелді әсер етеді, ол егер талдау үшін Неопластин реагенті пайдаланылса, плазмадағы концентрациялармен тығыз өзара байланыста болады. Басқа реагенттерді қолданған кезде нәтижелер әр түрлі болуы мүмкін.
ПУ секундпен анықтау керек, өйткені ХҚҚ тек кумариндер үшін калибрленген және валидацияланған және басқа антикоагулянттар үшін қолданыла алмайды.
Кең көлемді ортопедиялық операция жасалған пациенттерде таблетканы қабылдағаннан кейін 2-4 сағат өткен соң (яғни максималды тиімділікте) ПУ (Неопластин) үшін 5/95 - процентильдер 13-тен 25 с дейін (операцияға дейінгі базалық мәндер - 12-15 с) өзгерді.
Дені сау ересек субъектілер арасында ривароксабан фармакодинамикасының қайтымдылығын клиникалық фармакологиялық зерттеуде (n=22) протромбин кешені концентратының екі түрін (ҚКП), 3-факторлық ҚКП (II, IX және X факторлар) және 4-факторлық ҚКП (II, VII, IX және X факторлар) бір реттік енгізу әсері (50 ХБ/кг) бағаланды.
Дені сау ересек субъектілерде ривароксабанды енгізгеннен кейін Неопластин жинағын пайдалана отырып айқындалған ПУ орташа мәндері (n=22) 3-факторлы (II, IX және X факторлар) протромбин кешенінің концентратын (ПКК) енгізу кезінде шамамен 30 минут ішінде 1,0 секундқа және 4-факторлы (II, VII, IX және X факторлар) ПКК аясында шамамен 3,5 секундқа төмендейді. Және, керісінше, 3 факторлы ПКК 4 факторлы ПКК-ге қарағанда тромбиннің эндогендік генерациясының өзгеруіне айтарлықтай және тезірек әсер етеді (4.9 бөл. қараңыз).
Сондай-ақ ривароксабан ІБТУ және HepTest нәтижесін дозаға тәуелді түрде арттырады; алайда бұл параметрлерді ривароксабанның фармакодинамикалық әсерлерін бағалау үшін пайдалану ұсынылмайды. РИВАТОП-пен емдеу кезеңінде қанның ұю параметрлеріне рутиндік мониторинг жүргізу талап етілмейді. Алайда, клиникалық көрсетілімде ривароксабан деңгейін Ха факторға қарсы белсенділігі үшін калибрленген сандық тест көмегімен анықтауға болады (5.2 бөл. қараңыз).
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Жамбас немесе тізе буынын жоспарлы протездеуден кейін ересек пациенттерде ВТЭ профилактикасы
РИВАТОП препаратының клиникалық бағдарламасы ВТЭ алдын алу үшін РИВАТОП тиімділігін көрсету үшін әзірленді, яғни аяғына ауқымды ортопедиялық операция жасауды жоспарлаған пациенттерде проксимальді және дистальді ТВT және ӨАТЭ. 9 500-ден астам пациент (жамбас буынын жаппай эндопротездеумен 7 050, тізе буынын жаппай эндопротездеумен 2531) RECORD бағдарламасы шеңберінде III фазадағы бақыланатын рандомизацияланған салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеулер сериясына қатысты.
РИВАТОП тәулігіне бір рет 10 мг дозада, оны қабылдау операциядан кейін 6 сағат өткен соң басталса, күніне бір рет тері астына 40 мг эноксапаринмен салыстырылды, оны қолдану операциядан 12 сағат бұрын басталды.
III фазадағы барлық үш зерттеуінде (4-кестені қараңыз) ривароксабан терапиясында алдын ала анықталған бастапқы соңғы нүктелер мен тиімділіктің негізгі қайталама соңғы нүктелері болған ВТЭ (кез келген венографиялық немесе симптомдық ТВТ, патологиялық емес ӨАТЭ немесе өлім анықталған) және ауыр ВТЭ (проксимальді ТВТ, патологиялық емес ӨАТЭ және ВТЭ-мен байланысты өлім) жағдайларының туындау жиілігі статистикалық маңызды түрде төмендеді. Одан өзге, барлық үш зерттеуде эноксапарин қабылдаған пациенттерге қарағанда РИВАТОП қабылдайтын пациенттер арасында ВТЭ симптоматикалық жағдайларының туындау жиілігі (симптомдық ТВТ, патологиялық емес ӨАТЭ, ВТЭ-мен байланысты өлім) төмен болды.
Қауіпсіздіктің негізгі соңғы нүктесі – үлкен қан кету оқиғаларының жиілігі 40 мг эноксапарин алған пациенттермен салыстырғанда 10 мг РИВАТОП алған пациенттерде салыстырарлықтай болды.
4-кесте: III фазадағы клиникалық зерттеулеріндегі тиімділік және қауіпсіздік
RECORD 1 — RECORD 2 — RECORD 3
Зерттелетін популяция — Жамбас буынын жаппай эндопротездеуден өткен 4541 пациент (ЖБЖЭ) — Жамбас буынының жаппай эндопротездеуден (ЖБЖЭ) өткен 2509 пациент — Тізе буынының жаппай эндопротездеуден (ТБЖЭ) өткен 2531 пациент
Дозасы және емдеу ұзақтығы — Ривароксабан тәулігіне 10 мг 1 рет 35 ± 4 күн — Эноксапарин 40 мг тәулігіне 1 рет 35 ± 4 күн — P — Ривароксабан 10 мг тәулігіне 1 рет 35 ± 4 күн — Эноксапарин 40 мг тәулігіне 1 рет 12 ± 2 күн — P — Ривароксабан 10 мг тәулігіне 1 рет 12 ± 2 күн — Эноксапарин 40 мг тәулігіне 1 рет 12 ± 2 күн — P
ВТЭ жағдайларының барлығы — 18 (1,1%) — 58 (3,7%) — <0,001 — 17 (2,0%) — 81 (9,3%) — <0,001 — 79 (9,6%) — 166 (18,9%) — <0,001
Ауыр ВТЭ жағдайларының жиілігі — 4 (0,2%) — 33 (2,0%) — <0,001 — 6 (0,6%) — 49 (5,1%) — <0,001 — 9 (1,0%) — 24 (2,6%) — 0,01
Симптомдық ВТЭ — 6 (0,4%) — 11 (0,7%) — 3 (0,4%) — 15 (1,7%) — 8 (1,0%) — 24 (2,7%)
Үлкен қан кету — 6 (0,3%) — 2 (0,1%) — 1 (0,1%) — 1 (0,1%) — 7 (0,6%) — 6 (0,5%)
III фазадағы зерттеу нәтижелерінің жиынтық талдауы эноксапаринмен салыстырғанда тәулігіне бір рет 10 мг РИВАТОП-ты қабылдау кезінде ВТЭ жағдайларының, ауыр ВТЭ және симптомдық ВТЭ жағдайларының жалпы санының тәулігіне бір рет төмендеуіне қатысты жекелеген зерттеулерде алынған нәтижелерді растайды.
RECORD III фаза бағдарламасына қосымша, тіркеуден кейінгі интервенциялық емес ашық когорттық зерттеу (XAMOS) 17 413 пациенттің қатысуымен жүргізілді, олар жамбас немесе тізе буынына ауқымды ортопедиялық хирургиялық операция жасады, онда ривароксабанды нақты клиникалық практика жағдайында тромбоздың басқа стандартты фармакологиялық профилактикасымен салыстырды. Симптомдық ВТЭ ривароксабан тобындағы (n=8778) 57 (0,6%) пациенттерде және стандартты емдеу тобындағы (n=8635; ҚҚ 0,63; 95% СА 0,43-0,91) 88 (1,0%) пациенттерде байқалды; қауіпсіздік популяциясы). Үлкен қан кетулер ривароксабан және стандартты емдеу топтарындағы тиісінше 35 (0,4%) және 29 (0,3%) пациенттерде байқалды (ҚҚ 1,10; 95% СА 0,67-1,80). Осылайша, алынған мәліметтер негізгі рандомизацияланған зерттеулердің нәтижелерін растады.
ТВТ және ӨАТЭ емдеу және ТВТ және ӨАТЭ қайталану профилактикасы
РИВАТОП препаратына арналған клиникалық бағдарлама РИВАТОП-тың ТВТ және ӨАТЭ бастапқы және ұзартылған терапиясының тиімділігін көрсету және қайталану профилактикасы үшін жасалды.
III фазадағы төрт рандомизацияланған клиникалық зерттеулеріне 12 800-ден астам пациент қатысты (Einstein DVT, Einstein PE, Einstein Extension және Einstein Choice); одан өзге, Einstein DVT және Einstein PE зерттеулеріне жиынтық талдау жасалды. Барлық үш зерттеуде емдеудің жалпы жиынтық ұзақтығы 21 айдан аспады.
Einstein DVT зерттеуіне ТВТ емдеу және ТВТ және ӨАТЭ қайталану профилактикасы мақсатында жедел ТВТ бар 3 449 пациент қосылды (ӨАТЭ симптомдары байқалған пациенттер осы зерттеуден шығарылды). Емдеу ұзақтығы зерттеушінің клиникалық бағалауына байланысты 3, 6 немесе 12 айды құрады.
Жедел ТВТ емдеудің алғашқы үш аптасында пациенттер күніне екі рет 15 мг ривароксабан қабылдады, содан кейін дозасы күніне бір рет 20 мг-ға өзгертілді.
Einstein РЕ зерттеуіне ӨАТЭ емдеу және ТВТ және ӨАТЭ қайталану профилактикасы мақсатында жедел ӨАТЭ бар 4 832 пациент қосылды. Емдеу ұзақтығы зерттеушінің клиникалық бағалауына байланысты 3, 6 немесе 12 айды құрады.
Жедел ӨАТЭ емдеуді бастау кезінде пациенттер үш апта бойы күніне екі рет 15 мг ривароксабанды қабылдады, содан кейін дозасы күніне бір рет 20 мг-ға өзгертілді.
Einstein DVT және Einstein PE зерттеулерінің екеуінде де ривароксабанның әр түрлі режимдері эноксапаринмен салыстырылды, ол ПУ/ХҚҚ көрсеткіштері емдік диапазонға жеткенге дейін (≥ 2,0) КДА қабылдаумен бірге кемінде 5 күн қабылдады. Содан кейін емдеу КДА арқылы жалғасты, оның дозасы ПУ/ХҚҚ мәндері емдік шектерде (2,0-ден 3,0-ге дейін) сақталатындай етіп түзетілді.
Einstein Extension зерттеуіне қайталанған ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы үшін 1 197 пациент енгізілді. Бұрын зерттеушінің клиникалық бағалауына байланысты 6-12 айдан бастап ВТЭ емдеу курсынан өткен пациенттерде емдеу ұзақтығы қосымша 6-12 айды құрады. РИВАТОП препараты 20 мг плацебомен салыстырылды.
Einstein DVT, PE және Extension зерттеулерінде бірдей алдын-ала анықталған бастапқы және екіншілік соңғы тиімділік нүктелері қолданылды. Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі ТВТ қайталануының жиынтық жиілігі немесе фатальді немесе фатальді емес ӨАТЭ ретінде анықталған ТВТ симптомдық қайталануы болды. Тиімділіктің қайталама соңғы нүктесі ТВТ қайталануының, фатальді емес ӨАТЭ және кез-келген себептер бойынша өлімнің жиынтық жиілігі ретінде анықталды.
Einstein Choice зерттеуіне бұрын 6-12 ай бойы антикоагулянттық ем қабылдаған симптомдық ТВТ және/немесе ӨАТЭ эпизоды расталған пациенттерде фатальді ӨАТЭ немесе фатальді емес симптомдық ТВТ немесе ӨАТЭ профилактикасы үшін 3 396 пациент қатысты. Антикоагулянттық емдеуді жалғастыруға көрсеткіштері бар пациенттер зерттеуден шығарылды. Терапияның ұзақтығы жеке рандомизация күніне байланысты 12 айға дейін болды (терапияның орташа ұзақтығы - 351 күн). Күніне бір рет 20 мг РИВАТОП-ты және күніне бір рет 10 мг РИВАТОП-ты қабылдау күніне бір рет 100 мг АСҚ қабылдаумен салыстырылды.
Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі ТВТ қайталануының жиынтық жиілігі немесе фатальді немесе фатальді емес ӨАТЭ ретінде анықталған ТВТ симптомдық қайталануы болды.
Einstein DVT зерттеуінде (5-кестені қараңыз) ривароксабан тиімділіктің бастапқы көрсеткіші бойынша эноксапарин/КДА біріктірілімінен кем түспеді (p <0,0001 (тиімділіктен кем емес зерттеу); қауіптер қатынасы: 0,680 (0,443-1,042), p=0,076 (басымдылықты зерттеу). Алдын ала берілген таза клиникалық пайданы талдау нәтижелері (тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі және үлкен қан кету жағдайлары) қауіптер қатынасы 0,67 (95% сенімді аралық: 0,47–0,95), номиналды мәні p=0,027) ривароксабанның пайдасына болды. Емнің орташа ұзақтығы тиісінше 189 күн және 55,4%, 60,1% және 3, 6 және 12 ай ұзақтығында 62,8% болған кезде ХҚҚ мәндерінің терапиялық диапазонда болу уақыты орташа 60,3% уақытты құрады. Эноксапаринмен/КДА емдеу тобында бірдей мөлшердегі терциледе ТДК орташа орталығының деңгейі (ХҚҚ терапиялық диапазонда 2,0-ден 3,0-ге дейінгі уақыт кезеңі) мен ТВТ қайталану жиілігі (өзара әрекеттесу үшін P=0,932) арасында нақты байланыс болған жоқ. Орталықтан ең жоғарғы терциле шегінде варфаринмен салыстырғанда ривароксабанды қолдану кезіндегі қауіптер қатынасы 0,69 құрады (95% сенімді аралық: 0,35–1,35).
Қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесі оқиғаларының туындау жиілігі (үлкен немесе шағын клиникалық маңызды қан кетулер), сондай-ақ қауіпсіздіктің екінші соңғы нүктесінің жиілігі (үлкен қан кетулер) емдеудің екі тобында да салыстырмалы болды.
5-кесте III фазадағы Einstein DVT клиникалық зерттеудегі тиімділік және қауіпсіздік
Зерттелетін популяция — Терең веналардың симптомдық жедел тромбозы бар 3 449 пациент
Емдеу, дозалау және ұзақтығы — РИВАТОПa) 3, 6 немесе 12 ай N=1731 — Эноксапарин/КДАb) 3, 6 немесе 12 ай N=1718
Симптомдық қайталанатын ВТЭ* — 36 (2,1%) — 51 (3,0%)
Симптомдық қайталанатын ӨАТЭ — 20 (1,2%) — 18 (1,0%)
Симптомдық қайталанатын ТВТ — 14 (0,8%) — 28 (1,6%)
Симптомдық ӨАТЭ және ТВТ — 1 (0,1 %) — 0
Фатальді ӨАТЭ/ықтимал себебі ӨАТЭ болатын өлім — 4 (0,2 %) — 6 (0,3 %)
Ауқымды немесе шағын клиникалық маңызды қан кетулер — 139 (8,1%) — 138 (8,1%)
Ауқымды қан кету жағдайлары — 14 (0,8%) — 20 (1,2%)
• Ривароксабан үш апта бойы тәулігіне екі рет 15 мг, содан кейін тәулігіне бір рет 20 мг
• Эноксапарин КДА ішінара бір мезгілде қабылдаумен кемінде 5 күн
*p <0,0001 (берілген 2,0 қауіптер қатынасымен салыстырғанда тиімділігі төмен емес); қауіптер қатынасы: 0,680 (0,443–1,042), p=0,076 (басымдық)
Einstein PE зерттеуінде (6-кестені қараңыз) ривароксабан эноксапарин/КДА біріктірілімінің тиімділігінің бастапқы көрсеткіші бойынша кем түспеді (p<0,0026 (тиімділіктен кем емес зерттеу); қауіптер қатынасы: 1,123 (0,749-1,684)). Алдын ала берілген таза клиникалық пайданы талдау нәтижелері (тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі және үлкен қан кету жағдайлары) қауіптер қатынасы =0,849 ((95% сенімді аралық: 0,633–1,139), номиналды мәні p=0,275) хабарланды. Емнің орташа ұзақтығы 215 күн және 57%, 62% және 65% болған кезде емнің ұзақтығы тиісінше 3, 6 және 12 ай болған кезде ХҚҚ мәндерінің терапиялық диапазонда болу уақыты орташа 63% уақытты құрады. Эноксапаринмен/КДА емдеу тобында бірдей мөлшердегі терциледе ТДК орташа орталығының деңгейі (ХҚҚ терапиялық диапазонда 2,0-ден 3,0-ге дейінгі уақыт кезеңі) мен ТВТ қайталану жиілігі (өзара әрекеттесу үшін р=0,082) арасында нақты байланыс болған жоқ. Орталықтан ең жоғарғы терциледе варфаринмен салыстырғанда ривароксабанды қолдану қауіптер қатынасы 0,642 құрады (95% сенімді аралық: 0,277–1,484).
Эноксапаринмен/КДА-мен (11,4% (274/2405) емделіп жатқан топқа қарағанда, қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесі оқиғаларының (ауқымды немесе шағын клиникалық маңызды қан кетулер) туындау жиілігі ривароксабанмен емдеу тобында (10,3 % (249/2412)) статистикалық маңызды емес болды. Қауіптер қатынасы 0,493 құрады (95 % сенімді аралық: 0,308–0,789).
6-кесте Einstein PE III фазадағы клиникалық зерттеуіндегі тиімділік және қауіпсіздік
Зерттелетін популяция — Жедел симптомдық ӨАТЭ бар 4 832 пациент
Емдеу, дозалау және ұзақтығы — РИВАТОПa) 3, 6 немесе 12 ай N=2419 — Эноксапарин/КДАb) 3, 6 немесе 12 ай N=2413
Симптомдық қайталанатын ВТЭ* — 50 (2,1%) — 44 (1,8%)
Симптомдық қайталанатын ӨАТЭ — 23 (1,0%) — 20 (0,8%)
Симптомдық қайталанатын ТВТ — 18 (0,7%) — 17 (0,7%)
Симптомдық ӨАТЭ және ТВТ — 0 — 2 (<0,1%)
Фатальді ӨАТЭ/ықтимал себебі ӨАТЭ болатын өлім — 11 (0,5%) — 7 (0,3%)
Ауқымды немесе шағын клиникалық маңызды қан кетулер — 249 (10,3%) — 274 (11,4%)
Ауқымды қан кету жағдайлары — 26 (1,1%) — 52 (2,2%)
• Ривароксабан үш апта бойы тәулігіне екі рет 15 мг, содан кейін тәулігіне бір рет 20 мг
• Эноксапарин КДА ішінара бір мезгілде қабылдаумен кемінде 5 күн
*p <0,0026 (берілген 2,0 қауіптер қатынасымен салыстырғанда тиімділігі төмен емес); қауіптер қатынасы: 1,123 (0,749-1,684)
7-кестеде Einstein DVT және PE зерттеу нәтижелерін алдын ала берілген жиынтық талдау нәтижелері ұсынылған (7-кестені қараңыз).
7-кесте. Einstein DVT және Einstein PE III фазадағы клиникалық зерттеулерін жиынтық талдаудағы тиімділік пен қауіпсіздік
Зерттелетін популяция — Жедел симптомдық ТВТ және ӨАТЭ бар 8 281 пациент
Емдеу, дозалау және ұзақтығы — РИВАТОПa) 3, 6 немесе 12 ай N=4150 — Эноксапарин/КДАb) 3, 6 немесе 12 ай N=4131
Симптомдық қайталанатын ВТЭ* — 86 (2,1%) — 95 (2,3%)
Симптомдық қайталанатын ӨАТЭ — 43 (1,0%) — 38 (0,9%)
Симптомдық қайталанатын ТВТ — 32 (0,8%) — 45 (1,1%)
Симптомдық ӨАТЭ және ТВТ — 1 (<0,1 %) — 2 (<0,1 %)
Фатальді ӨАТЭ/ықтимал себебі ӨАТЭ болатын өлім — 15 (0,4%) — 13 (0,3%)
Ауқымды немесе шағын клиникалық маңызды қан кетулер — 388 (9,4%) — 412 (10,0%)
Ауқымды қан кету жағдайлары — 40 (1,0%) — 1,7%)
• Ривароксабан үш апта бойы тәулігіне екі рет 15 мг, содан кейін тәулігіне бір рет 20 мг
• Эноксапарин КДА ішінара бір мезгілде қабылдаумен кемінде 5 күн
*p <0,0001 (берілген 1,75 қауіптер қатынасымен салыстырғанда тиімділігі төмен емес); қауіптер қатынасы: 0,886 (0,661-1,186)
Жиынтық талдау нәтижесінде алдын ала берілген таза клиникалық пайда (тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі және үлкен қан кету жағдайлары) қауіптер қатынасы 0,771 ((95% сенімді аралық: 0,614–0,967), номиналды мәні p=0,0244) ривароксабанның пайдасына болды.
Einstein Extension зерттеуінде (8-кестені қараңыз) ривароксабан бастапқы және екіншілік соңғы тиімділік нүктелерінде плацебодан асып түсті. Қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесі бойынша (үлкен қан кету жағдайлары) плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда күніне бір рет 20 мг ривароксабан қабылдаған пациенттерде статистикалық болмашы көп жағдайлар тіркелді. Қауіпсіздіктің екінші соңғы нүктесі бойынша (үлкен немесе шағын клиникалық маңызды қан кету жағдайлары) плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда күніне бір рет 20 мг ривароксабан қабылдаған пациенттерде көбірек жағдайлар тіркелді.
8-кесте. Einstein Extension III фазадағы клиникалық зерттеуіндегі тиімділік және қауіпсіздік
Зерттелетін популяция — 1 197-сі веналық тромбоэмболияның қайталануының профилактикасы үшін емдеуді жалғастырды
Емдеу, дозалау және ұзақтығы — РИВАТОПa) 6 немесе 12 ай N=602 — Плацебо 6 немесе 12 ай N=594
Симптомдық қайталанатын ВТЭ* — 8 (1,3 %) — 42 (7,1 %)
Симптомдық қайталанатын ӨАТЭ — 2 (0,3 %) — 13 (2,2%)
Симптомдық қайталанатын ТВТ — 5 (0,8 %) — 31 (5,2 %)
Фатальді ӨАТЭ/өлім — 1 — 1
ықтимал себебі ӨАТЭ болатын — (0,2 %) — (0,2 %)
Ауқымды қан кету жағдайлары — 4 (0,7 %) — 0 (0,0%)
Шағын клиникалық маңызды қан кетулер — 32 (5,4 %) — 7 (1,2 %)
a)Ривароксабан күніне бір рет 20 мг
*p <0,0001 (басымдық), қауіптер қатынасы: 0,185 (0,087-0,393)
Einstein Choice зерттеуінде (9-кесте) РИВАТОП 20 мг және 10 мг тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі бойынша 100 мг дозада АСҚ асып түсті. Қауіпсіздіктің негізгі соңғы нүктесі (ауқымды қан кету жағдайлары) 100 мг ацетилсалицил қышқылын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда тәулігіне бір рет 20 мг және 10 мг РИВАТОП қабылдаған пациенттерде салыстырмалы болды.
9-кесте. Einstein Choice III фазадағы клиникалық зерттеуіндегі тиімділік және қауіпсіздік
Зерттелетін популяция — 3396-сы веналық тромбоэмболия қайталануының профилактикасын жалғастырды
Дозалануы — РИВАТОП 20 мг 1 р./тәулік N=1107 — РИВАТОП 10 мг 1 р./тәулік N=1127 — АСҚ 100 мг 1 р./тәулік N=1131
Емдеудің орташа ұзақтығы (квартиль-аралық интервал) — 349 [189-362] күн — 353 [190-362] күн — 350 [186-362] күн
Симптомдық қайталанатын ВТЭ — 17 (1,5%) * — 13 (1,2%)** — 50 (4,4%)
Симптомдық қайталанатын ӨАТЭ — 6 (0,5%) — 6 (0,5%) — 19 (1,7%)
Симптомдық қайталанатын ТВТ — 9 (0,8%) — 8 (0,7%) — 30 (2,7%)
Фатальді ӨАТЭ/ықтимал себебі ӨАТЭ болатын өлім — 2 (0,2%) — 0 — 2 (0,2%)
Симптомдық қайталанатын ВТЭ, миокард инфарктісі, инсульт, ОЖЖ тыс жүйелі эмболия — 19 (1,7%) — 18 (1,6%) — 56 (5,0%)
Ауқымды қан кету жағдайлары — 6 (0,5%) — 5 (0,4%) — 3 (0,3%)
Шағын клиникалық маңызды қан кету — 30 (2,7) — 22 (2,0) — 20 (1,8)
Симптомдық қайталанатын ВТЭ немесе үлкен қан кету (таза клиникалық пайдасы) — 23 (2,1%) + — 17 (1,5%) ++ — 53 (4,7%)
* p<0,001 (басымдық) РИВАТОП тәулігіне бір рет АСҚ 100 мг-мен салыстырғанда тәулігіне бір рет 20 мг; ҚҚ=0,34 (0,20-0,59)
** p<0,001 (басымдық) РИВАТОП тәулігіне бір рет АСҚ 100 мг-мен салыстырғанда тәулігіне бір рет 10 мг; ҚҚ=0,26 (0,14-0,47)
+ РИВАТОП 20 мг 1 р/тәул АСҚ-мен салыстырғанда тәулігіне бір рет 100 мг; ҚҚ=0,44 (0,27-0,71), p=0,0009 (номиналды)
++РИВАТОП 10 мг 1 р/тәул АСҚ-мен салыстырғанда тәулігіне бір рет 100 мг; ҚҚ=0,32 (0,18-0,55), p=0,0001 (номиналды)
EINSTEIN бағдарламасының III фазасының клиникалық зерттеуінен басқа, қайталануын, ауқымды қан кетуді және өлімді қоса алғанда, негізгі соңғы нүктелерді бағалай отырып, перспективалық интервенциялық емес ашық когорттық зерттеу (XALIA) жүргізілді.
Нақты клиникалық практика жағдайында стандартты антикоагуляциялық терапиямен салыстырғанда ривароксабанның ұзақ мерзімді қауіпсіздігін зерттеу үшін зерттеуге 5 142 пациент қатысты. Ривароксабанды қабылдау тобында үлкен қан кетулердің, ВТЭ рецидивтерінің және барлық себептерден өлімнің жиілігі тиісінше 0,7 %, 1,4% және 0,5% құрады. Жас айырмасын, онкологиялық аурулардың болуын/болмауын және бүйрек функциясының бұзылуын қоса, пациенттердің бастапқы сипаттамаларында елеулі айырмашылықтар болды. Салыстырылатын топтар арасындағы жүйелі айырмашылықтарды жою үшін псевдорандомизация әдісі қолданылды (propensity score matching), бірақ соған қарамастан аралас айнымалылардың (конфаундерлер) қалдық әсері нәтижелерге әсер етуі мүмкін. Үлкен қан кетулер, ВТЭ қайталануы және барлық себептерден болатын өлім бойынша стандартты терапиямен салыстырғанда ривароксабанмен емдеу қауіптерінің түзетілген қатынасы тиісінше 0,77 (95% сенімді аралық 0,40–1,50), 0,91 (95% сенімді аралық 0,54–1,54) және 0,51 (95% сенімді аралық 0,24–1,07) құрады.
Нақты клиникалық практикада алынған нәтижелер осы көрсеткіштер кезінде белгіленген қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді.
Тіркеуден кейінгі интервенциялық емес зерттеуде онкологиялық аурулары жоқ төрт елден келген 40 000-нан астам пациент ТВТ және ӨАТЭ емдеу немесе профилактикасы үшін ривароксабан қабылдаған. Ауруханаға жатқызуға әкелетін симптоматикалық/клиникалық айқын ВТЭ/тромбоэмболиялық асқынулар үшін 100 пациент-жылдағы оқиғалардың жиілігі Ұлыбританияда 0,64–тен (95% СА 0,40–0,97) Германияда 2,30-ға (95% СА 2,11-2,51) дейін ауытқып отырды. Ауруханаға жатқызуға әкелетін қан кетулер 100 пациент-жылға келесі жиілікте пайда болды: 0,31 (95% СА 0,23–0,42) бассүйекішілік қан кетулер үшін, 0,89 (95% СА 0,67–1,17) асқазан-ішектен қан кетулер үшін, 0,44 (95% СА 0,26–0,74) урогенитальді қан кетулер үшін және 0,41 (95% СА 0,26-0,74)% CА 0,31-0,54) басқа қан кетулер үшін.
Антифосфолипидті синдром тестілерінің үш оң нәтижесінің болу қаупі жоғары пациенттер
Рандомизацияланған, ашық, көп орталықты клиникалық зерттеуде, анамнезінде тромбозы бар, антифосфолипид синдромы диагнозы қойылған және тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары қаупі бар пациенттерде (антифосфолипид синдромы тестінің үш оң нәтижесі: жегі антикоагулянты, кардиолипинге антиденелер және бета-2-гликопротеин-1 антиденелері) варфаринмен салыстырғанда ривароксабанның соңғы нүктелері бағаланды. Ривароксабан тобындағы 120 пациентте тромбоэмболиялық асқынулардың артуын тіркегеннен кейін зерттеу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бақылаудың орташа кезеңі 569 күнді құрады. 59 пациент ривароксабанды 20 мг дозада (креатинин клиренсі бар пациенттерде 15 мг (CrCl) <50 мл/мин) қабылдайтын топқа рандомизацияланды, 61 пациент варфаринді қабылдайтын топқа қосылды (ХҚҚ 2,0-3,0). Тромбоэмболиялық асқынулар ривароксабан тобына рандомизацияланған пациенттердің 12%-да (төрт ишемиялық инсульт және үш миокард инфарктісі) дамыды. Варфарин тобына рандомизацияланған пациенттерде ешқандай құбылыс тіркелген жоқ. Үлкен қан кету ривароксабан тобындағы төрт пациентте (7%) және варфарин тобындағы екі пациентте (3%) болды.
Балалар
Еуропадағы дәрілік заттарды бақылау агенттігі балалардың барлық топтарында РИВАТОП тромбоэмболиялық оқиғаларының профилактикасын зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесін алып тастады (балаларда қолдану жөніндегі ақпарат үшін 4.2 бөл. қараңыз).