Симптомдары
Парацетамолмен артық дозаланғанда алғашқы 24 сағат ішінде келесі симптомдар дамиды: бозару, жүрек айнуы, құсу, анорексия және іштің ауыруы. Бауыр трансаминазаларының белсенділігі артады, билирубин концентрациясы жоғарылайды және протромбин деңгейі төмендейді. Артық дозаланған жағдайда терлеудің жоғарылауы, психомоторлы қозу немесе орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, жүрек ырғағының бұзылуы, тахикардия, экстрасистолия, тремор, гиперрефлексия, құрысу, панкреатит байқалуы мүмкін. Сирек жағдайларда өзекшелердің өткір некрозымен жүретін жедел бүйрек жеткіліксіздігі туралы хабарланды, бел аймағының ауыруы, гематурия, протеинурия, нефроуыттылықпен көрініс табады (бүйрек коликасы, интерстициальді нефрит, папиллярлық некроз).
Ересектерге 10 г немесе одан да көп парацетамол және балаға 150 мг/кг артық парацетамол қолдану сананың бұзылуымен энцефалопатия, бауыр комасы және өлім дамитын гепатоцеллюлярлық некрозға әкелуі мүмкін.
Бауырдың зақымдануының алғашқы клиникалық және биохимиялық белгілері артық дозаланғаннан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін. Глюкоза алмасуының бұзылуы және метаболизмдік ацидоз пайда болуы мүмкін. Жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда аплазиялық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения болуы ықтимал.
Қауіп факторлары (карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, гиперикуммен немесе бауыр ферменттерін қоздыратын басқа дәрілік заттармен ұзақ емдеу) бар пациенттерде алкоголизм, глутатионды кахексия (ас қорыту бұзылыстары, муковисцидоз, АИТВ-инфекция, ашығу, кахексия)) 5 г немесе одан да көп парацетамолды қолдану бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Фенилэфрин мен хлорфенирамин малеатының әсерінен артық дозалану симптомдары: бас ауыруы, гипергидроз, ұйқышылдық, сананың бұзылуы, ұйқысыздық, мінез-құлықтың өзгеруі, психомоторлық қозу немесе орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бәсеңдеуі, мазасыздық, ашушаңдық, тремор, құрысу, гиперрефлексия, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, артериялық гипертензия, тахикардия, аритмия, экстрасистолия.
Хлорфенирамин малеаты артық дозалануында жағдай бәсең күйден қозу күйіне дейін ауытқуы мүмкін (мазасыздық және құрысу). Мидриаз, фотофобия, терінің және шырышты қабықтардың құрғауы, дене температурасының жоғарылауы, ішек атониясы, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі тыныс алудың бұзылуымен және жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуымен қатар жүреді (ырғақ жиілігінің төмендеуі, артериялық қысымның қан тамырлары жеткіліксіздігіне дейін төмендеуі).
Кофеиннің артық дозалануымен келесі симптомдар байқалады: дегидратация, гипертермия, құлақ шулауы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, диурез жиілігінің жоғарылауы, экстрасистолия, тахикардия, тыныс алудың жиілеуі, аритмия, орталық жүйке жүйесіне әсер ету (бас айналуы, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық, психомоторлық қозу, аффект жағдайы, үрей, тремор, құсу, конвульсия, ажитация, мазасыздық, делирий, жоғары тактильді немесе ауыру сезімталдығы).
Біріктірілген препараттармен (парацетамол, хлорфенирамин, фенилэфрин, кофеин) ауыр улану кезінде бауыр функциясының бұзылуы сананың бұзылуымен энцефалопатияға, қан құйылуға, гипогликемияға, ми ісінуіне дейін қршуі, жекелеген жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Өзекшелердің жедел некрозы бар бүйрек функциясының жедел бұзылуы белдің қатты ауыруымен, гематуриямен, протеинуриямен көрінеді және бауырдың ауыр зақымдануы болмаса да дамиды. Жүрек аритмиясы және панкреатит анықталды.
Емі
Егер артық дозалануға күдік болса, пациентті ауруханаға жеткізу керек. Симптомдар жүрек айнуымен және құсумен шектелуі мүмкін немесе артық дозаланудың ауырлығын немесе ағзаның зақымдану қаупін көрсетпеуі мүмкін. Егер парацетамолдың шамадан тыс дозасы 1 сағат шегінде қабылданса, белсендірілген көмірмен емдеуді қарастырған жөн. Күдікті артық дозаланғаннан кейінгі алғашқы 6 сағат ішінде шаю қажет. Ауыр гипертензия кезінде α-, β-адреноблокаторларды қолданған жөн. Қан плазмасындағы парацетамолдың концентрациясы қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң немесе кейінірек өлшенуі керек (анағұрлым ерте концентрациялар сенімсіз). Қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ацетилцистеин (парацетамолмен уланған кезде антидот) енгізуді қолданады, қолданудан болатын ең жоғары әсерді қабылдағаннан кейін алғашқы 8 сағат ішінде алады. Артық дозаланғаннан кейінгі алғашқы 8 сағат ішінде құсу болмаған кезде метионин ауруханадан тыс шалғай аудандарда тиісті альтернатива ретінде пероральді қолданылуы мүмкін. Осы уақыттан кейін антидоттардың тиімділігі күрт төмендейді. Қажет болса, пациентке ацетилцистеинді қолданыстағы нұсқауларға сәйкес вена ішіне енгізуге болады.