Ұсынылған тізімде қысқа мерзімді қолдану шартымен рецептісіз босату үшін рұқсат етілген дозаларда ибупрофенді қабылдауға негізделген жағымсыз реакциялар көрсетілген. Созылмалы жағдайларды ұзақ қолдану жағдайында емдеу кезінде қосымша жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау мынадай критерийлер негізінде жүргізілді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), сирек (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥ 1/10 000 және <1/1000), өте сирек (> 1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі емес
- есекжеммен және қышынумен көрініс табатын аса жоғары сезімталдық реакциялары1
- бас ауыруы
- іш ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия
- тері бөртпесінің алуан түрлері
Сирек
- диарея, метеоризм, іш қату және құсу
Өте сирек
- қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз), оның алғашқы белгілері қызба, тамақ ауыруы, ауыз қуысы шырышты қабығының жаралануы, суық тию симптомдарының пайда болуы, айқын әлсіздік, қан кету және этиологиясы белгісіз қан тебу сияқты симптомдардың пайда болуы болып табылады
- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, гипотензия, анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр анафилаксиялық шок)
- асептикалық менингит 2
- пептидтік ойық жара, перфорация немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан құсу, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын, көбінесе егде жастағы пациенттерде; ойық жаралы стоматит, гастрит
- бауыр функциясының бұзылуы
- ауыр тері жағымсыз реакциялары (SCARs) (оның ішінде эритема эксфолиативті мультиформалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз)
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, папиллонекроз, әсіресе ұзақ қолданған кезде, қан сарысуындағы мочевина деңгейінің жоғарылауымен және ісінумен бірге
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі
- кейбір жағдайларда инфекциялардан туындаған қабынудың күшеюі мүмкін. Атап айтқанда, желшешек кезінде ҚҚСП қолдану терінің және жұмсақ тіндердің ауыр инфекцияларына әкелуі мүмкін
Жиілігі белгісіз
- демікпені, демікпенің өршуін, бронх түйілуін және ентігуді қамтитын тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі
- жүрек жеткіліксіздігі және ісінулер, артериялық гипертензия
- спецификалық емес ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS синдромы) дәрілік реакция, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), фотосезімталдық реакциясы
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.
1 Ибупрофенмен емдеу кезінде жоғары сезімталдық реакциясы тіркелді. Оларға (a) спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, (b) тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі, соның ішінде демікпе, асқынған демікпе, бронх түйілуі, ентігу немесе (c) түрлі тері реакциялары, соның ішінде бөртпе, қышу, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну және сирек эксфолиативті және буллезді дерматоз (эпидермальді некролиз және полиморфты эритема) кіруі мүмкін.
2 Ибупрофенді қабылдаудан туындаған асептикалық менингит дамуының патогенетикалық механизмі әлі толық зерттелген жоқ. Алайда ҚҚСП қабылдау аясында асептикалық менингит жағдайлары туралы қолда бар деректер аса жоғары сезімталдық реакциясын көрсетеді (препаратты қабылдау уақыты мен препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуы арасындағы байланыс байқалады). Айта кету керек, асептикалық менингит симптомдарының жекелеген жағдайлары (мысалы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдардың бұзылуы) аутоиммунды аурулары бар пациенттерді емдеу кезінде байқалды (мысалы, жүйелі қызыл жегі, дәнекер тінінің аралас ауруы).
Егер сіз келесі симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, препаратты қабылдауды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге хабарласыңыз:
• денеде қызарған, құрғақ, нысана тәрізді немесе дөңгелек дақтар, көбінесе ортасында күлдіреуіктерімен, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, гениталий және көздің жараларымен бірге. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін [эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз].
• Кең таралған бөртпе, жоғары дене температурасы және лимфа түйіндерінің ісінуі (DRESS синдромы).
• Қызбамен қатар жүретін тері асты бұдырларымен және күлдіреуіктермен қызыл, қабыршақты, кең таралған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында пайда болады (жайылған жедел экзантематозды пустулез).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz