Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Дозасы
1 %
Саудалық атауы
РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ
Әсер етуші зат
Диклофенак
Мақсаты
Ересектердегі, жасөспірімдердегі және 14 және одан жоғары жастағы балалардағы ауыру, қабыну және ісінуді жергілікті емдегенде: тері жабындарының тұтастығын бұзбай сіңірлердің…
Өндіруші
Браун Лабораториес Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм препараттың құрамында:
белсенді зат – 11.6 мг диклофенак диэтиламині (10 мг диклофенак натрийіне баламалы);
қосымша заттар: карбомер (карбопол-934), пропиленгликоль,
этаноламин (моноэтаноламин), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз гель.
Ересектердегі, жасөспірімдердегі және 14 және одан жоғары жастағы балалардағы ауыру, қабыну және ісінуді жергілікті емдегенде:
- тері жабындарының тұтастығын бұзбай сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқаның ауыруы
- ревматизмнің жергілікті түрлерінде: тендинитте («теннис шынтағы» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситте, периартриттерде
- шеткері буындардың остеоартроздарында (мысалы, тізе немесе қол саусақтары)
Диклофенак айқын ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және қызуды түсіретін әсері бар стероид емес қабынуға қарсы препарат (ҚҚСП) болып табылады. РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы және анальгетикалық препарат болып табылады. Мөлдір, түссіз гель теріге оңай жағылады және су-спирт негізінің арқасында тыныштандыратын және салқындататын әсерге ие. Простагландин биосинтезінің диклофенакпен расталған тежелуі оның әсер ету механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Жарақат алған жағдайда РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ ауырсынуды жеңілдетеді және ісінуді азайтады.
Балалар
Балаларда қолдану бойынша осы қосымшаның 4.2-бөлімін қараңыз.
Дозалау режимі
Сыртқа.
Ересектерге, жасөспірімдерге және 14 жастан асқан балаларға күніне 3-4 рет, дененің ауыратын учаскелерінің терісіне сәл ысқылап жағады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
14 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Өңделетін учаскенің көлеміне байланысты препараттың 2-4 граммын жағу керек (терінің аймағына 400-800 см2 тері аймағына қолдану үшін шие немесе грек жаңғағы көлеміндегі гель мөлшері жеткілікті).
Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу ұсынылады (қол саусақтарының емдеуін қоспағанда).
Егер препаратты қолдану басталғаннан кейін 7 күн ішінде жағдайдың жақсаруы байқалмаса немесе жағдайы нашарласа, дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге қаралыңыз.
- диклофенакқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолданған кезде бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе жедел ринит ұстамаларының туындауына бейімділік («аспирин» демікпесі)
- жүктіліктің үшінші триместрі
- 14 жасқа дейінгі балалар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
-бөртпе, экзема, эритема, дерматит (жанаспалы дерматитті қоса алғанда), қышыну
Сирек
- буллезді дерматит
Өте сирек
- іріңді бөртпе
- Квинке ісінуі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді қоса алғанда)
- демікпе
- фотосенсибилизация реакциялары
Белгісіз
- қабыршақтану, тері түсінің өзгеруі
- Коунис синдромы
Ішуге арналған диклофенак препараттарымен салыстырғанда жүйелі жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығы өте төмен.
Егер РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ дененің үлкен учаскелеріне және ұзақ уақыт бойы қолданылса, онда жүйелі жағымсыз әсерлердің көрінісін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда диклофенактың пероральді түрі туралы ақпаратты ескеру керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: сыртқа қолдану кезінде препараттың белсенді компонентінің өте төмен жүйелі сіңірілуі артық дозалануды іс жүзінде мүмкін емес етеді. Гельдің көп мөлшерін кездейсоқ жұтқан кезде (бір 100 грамды сықпада 1,000 мг натрий диклофенагының баламасы бар) ҚҚСП-ға тән жүйелік жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаюды, белсендірілген көмірді қабылдауды, құсуды индукциялауды, демеуші және симптоматикалық емді мүмкіндігінше тезірек жүргізу қажет.
Диклофенакты жергілікті қолданған кезде жүйелік жағымсыз реакциялардың даму жиілігі диклофенакты пероральді қабылдаған кезде осы реакциялардың даму жиілігімен салыстырғанда төмен.
Егер бұл препарат терінің үлкен учаскелерінде және ұзақ уақыт бойы қолданылса, РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ қолданудан жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайды.
Қолданудан кейін теріде бөртпе пайда болған жағдайда РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ қолдануды дереу тоқтату керек.
РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ зақымдалған жерлерге және ашық жараларға түсуіне жол бермей, тек сау теріге жағу керек. Гельдің көзге немесе шырышты қабыққа түсуіне жол бермеңіз, гельді жұтуға болмайды.
Препарат сирек жағдайларда фотосенсибилизация реакциясын тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге емдеу кезінде ультракүлгін сәулеленудің, соның ішінде солярийдің және/немесе қатты күн сәулесінің әсерінен аулақ болған жөн.
Гельді қолданған кезде герметикалық окклюзиялық таңғыштарды қолдануға болмайды.
Асқазан-ішек анастомозының дәрменсіздігі
Асқазан-ішек жолы
Диклофенакты қоса алғанда, ҚҚСД қолдану асқазан-ішек операциясынан кейін диклофенакты қолдану кезінде асқазан-ішек анастомозы дәрменсіздігінің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін, осыған байланысты операциядан кейінгі кезеңде мұқият медициналық бақылау және абай болу ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары Коунис синдромының дамуына, миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін ауыр аллергиялық реакцияға әкелуі мүмкін. Мұндай реакциялардың белгілері диклофенакқа аллергиялық реакцияға байланысты пайда болатын кеудедегі ауырсынуды қамтуы мүмкін.
РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ құрамында теріні тітіркендіруі мүмкін пропиленгликоль бар.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Қазіргі уақытта жүкті әйелдерде сенімді зерттеулер жоқ, сондықтан жүктілік кезінде РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ қолдану ұсынылмайды. 3-ші триместрде Боталл түтігінің мерзімінен бұрын жабылуына, босанудың болуы мүмкін тежелуіне, сондай-ақ су аздық болған кезде бүйрек жеткіліксіздігіне дейін өршуі мүмкін шарананың бүйрек дисфункциясының даму қаупіне байланысты қолдануға болмайды.
Лактация
Диклофенактың емшек сүтіне енуі туралы сенімді деректер жоқ, сондықтан емізу кезінде РИКОФЕН АКТИВ ГЕЛЬ қолдануға болмайды. Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданған кезде кеуде аймағына, терінің үлкен аймағына және ұзақ уақыт бойы жағуға болмайды.
Препаратты жергілікті қолданғанда диклофенактың жүйелі сіңуі өте төмен болғандықтан, өзара әрекеттесудің пайда болуы екіталай.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Қаптаманы ашқаннан кейін 25⁰C-ден аспайтын температурада 12 айдан асырмай сақтау керек.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.