Жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігін бағалау мынадай критерийлер негізінде жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі емес
- аллергиялық реакциялар, есекжем, терінің қышынуы, әртүрлі тері
бөртпелері
- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия
- бас ауыруы
- бронх демікпесі, бронх демікпесінің өршуі және бронх түйілуі
Сирек
- құсу, метеоризм, диарея, іштің қатуы
Өте сирек
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі
- ауыр дәрежедегі аса жоғары сезімталдық реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)
- пептидтік ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан (АІЖ) қан кету, мелена, қан құсу (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде пациенттерде), ойық жаралы стоматит, гастрит, ойық жаралы колиттің өршуі және Крон ауруы
- қан сарысуындағы мочевинаның жоғарылауымен және ісінумен астасқан жедел бүйрек жеткіліксіздігі, папиллонекроз (әсіресе ұзақ қабылдаған кезде)
- қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз). Алғашқы симптомдар: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының беткейлік ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын әлсіздік, түсініксіз қан кету және қанталаудың пайда болуы
- бауыр функциясының бұзылуы
- терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs) (оның ішінде мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз)
- бұрын аутоиммундық бұзылулары бар пациенттерде (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас ауруы) ибупрофенмен емдеу кезінде желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдардан адасу сияқты асептикалық менингит симптомдарының жекелеген жағдайлары байқалды.
Белгісіз
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS синдромы) дәрілік реакция, жалпыланған жедел экзантематозды пустулез (AGEP)
- ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігі. Ибупрофенді жоғары дозаларда (тәулігіне≥ 2400 мг) қабылдаған кезде және емнің ұзақ курсы кезінде миокард инфарктісін және инсультті қоса, тромбоздық асқынулардың даму қаупінің шамалы ұлғаюы туралы деректер бар.
- кейбір жағдайларда инфекциялардан туындаған қабынудың өршуі мүмкін. Атап айтқанда, желшешек кезінде ҚҚСП қолдану терінің және жұмсақ тіндердің ауыр инфекцияларына әкелуі мүмкін
Егер сіз келесі симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, препаратты қабылдауды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге хабарласыңыз:
• денеде қызарған, құрғақ, нысана тәрізді немесе дөңгелек дақтар, көбінесе ортасында күлдіреуіктерімен, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, гениталий және көздің жараларымен бірге. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін [эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз].
• Кең таралған бөртпе, жоғары дене температурасы және лимфа түйіндерінің ісінуі (DRESS синдромы).
• Қызбамен қатар жүретін тері асты бұдырларымен және күлдіреуіктермен қызыл, қабыршақты, кең таралған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында пайда болады (жайылған жедел экзантематозды пустулез).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz