Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
50 мг
Саудалық атауы
Римантадин
Әсер етуші зат
Римантадин
Мақсаты
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларда аурудың ерте сатысында А типті тұмауды емдеу үшін
Өндіруші
Биосинтез
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – римантадин гидрохлориді, 50,00 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты (сүтті қант), картоп крахмалы. сахароза (ақ қант), желатин, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді дөңгелек, ойығы бар ақ түсті таблеткалар.
- ересектер мен 10 жастан асқан балаларда аурудың ерте сатысында А типті тұмауды емдеу үшін
- ересектерде және 10 жастан асқан балаларда эпидемия кезінде А типті тұмаудың профилактикасы үшін
Римантадин тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды.
А тұмауы вирусының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін. Тұмауды емдеуге және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде анықталуы тиіс. Римантадинді емдеу және профилактика үшін пайдалануға қатысты шешім қабылдайтын дәрігер айналымдағы тұмау вирустары туралы ақпаратты, сондай-ақ әрбір жыл мезгілі және аймақ үшін вирустардың дәрілік затқа сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс.
ATХ коды: J05AC02
Римантадин вирусқа қарсы айқын белсенділігі бар амантадин туындысы болып табылады. Ол А типті тұмау вирустарына қарсы тиімді. Римантадиннің В тұмауы вирустарына қарсы әсері жоқ немесе аз ғана. Римантадин циклдың ерте сатысында вирус репликациясын бәсеңдетеді, вирус қабығының түзілуін тежеуі ықтимал. Генетикалық зерттеулер римантадиннің А тұмауы вирусына қарсы вирусқа қарсы әсерінде М2 генінің спецификалық вирион протеинінің маңызды екенін көрсетті. Римантадин in vitro адамнан оқшауланған А тұмауы вирусының (H1N1, H2N2 және H3N2) барлық үш антигендік қосалқы түрлерінің репликациясын тежейді. Римантадин М2 жарғақшасы протеинінің иондық каналдарының белсенділігін бәсеңдетеді. Нәтижесінде эндосомалы вирустық қабықтың фузиясы үшін және рибонуклеопротеин кешенінен М1 матрицасы протеинінің диссоциациясы үшін қажет вирустың ішкі ортасының ацидификациясының бәсеңдеуі орын алады. Осылайша инфекцияның ерте сатысында вирус репликациясын бөгеледі.
А тұмауы вирусының римантадинге in vitro сезімталдығы мен препараттың клиникалық тиімділігі арасындағы корреляция анықталмаған. Сезімталдық тестілерінің нәтижелері (жасуша өсіріндісінде вирустың репликациясының тежелуі 50% немесе одан да көп болатын дәрілік заттың концентрациясымен көрсетілген) экспериментте пайдаланылған жасуша өсіріндісіне, қоректік ортаға, енгізілген А тұмауы вирусының штаммына және көлеміне байланысты 4 нг/мл-ден 20 мкг/мл-ге дейін өзгереді.
А тұмауы вирусының оқшауланған эпидемиялық штаммдары арасында римантадинге төзімді штаммдар пайда болады. Егер римантадин шектеулі ортада қолданылса резистентті штаммдар да түзіледі. Резистентті вирустар трансмиссивті және өзіне тән тұмау тәрізді ауру туындатады. А тұмауының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін, сондықтан емді бастар және профилактика алдында вирустың аймақтағы сезімталдығын сәйкестендіру қажет.
Римантадин А тұмауының белсенділігі жойылған вакцинасының иммуногенетикалық қасиеттеріне ықпал етпейді. Вакцинациядан кейін, тұмау эпидемиясы туындағанда римантадин антиденелер түзілуі үшін қажетті сол 2-4 апта уақытта аурудан қорғай алады.
Дозалау режимі
Ересектер және 10 жастан асқан балалар
Римантадин қабылдауды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Егер дәрілік затты қабылдау ауру пайда болғаннан кейін 48 сағат ішінде басталса, емдік әсері айқынырақ болады.
Дозалар
Ересектер және 10 жастан асқан балалар
Тұмауды емдеу
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: 2 таблеткадан (100 мг) күніне 2 рет тағайындайды.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге 2 таблеткадан (100 мг) күніне бір рет тағайындайды.
Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Тұмау профилактикасы
Римантадинді қолдану тұмау эпидемиясының басталуынан бастау керек. Оны тұмау эпидемиясы кезінде, бірақ 2 аптадан асырмай қабылдау қажет.
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: 2 таблеткадан (100 мг) күніне 2 рет.
Егде жастағы адамдар және асқыну қаупі жоғары пациенттер: дозасы күніне бір рет 100 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Римантадинді бауыр функциясының ауыр бұзылуларында қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттерге римантадинді тағайындамас бұрын дәрігер күтілетін пайда мен ықтимал қауіпті бағалауы керек. Қажет болса, доза түзетіледі: күніне 100 мг-ден бір рет. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Римантадинді бүйрек функциясының ауыр бұзылуларында қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылулары бар пациенттерге римантадинді тағайындамас бұрын дәрігер күтілетін пайда мен ықтимал қауіпті бағалауы керек. Қажет болса, доза түзетіледі: күніне 100 мг-ден бір рет. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Римантадинді тамақтанудан кейін, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, ішке қабылдайды.
- адамантан тобының туындыларына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр аурулары
- бүйректің ауыр және созылмалы аурулары
- тиреотоксикоз
- 10 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Жағымсыз жағымсыз реакциялардың даму жиілігі бойынша жіктелуі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
- ұйқысыздық
- жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
- депрессия, эйфория, елестеулер
- бас айналуы, бас ауыруы, қатты қозу, зейін қоюдың бұзылуы, атаксия, ұйқышылдық, гиперкинез, тремор, абдырау, құрысулар, иіс сезудің өзгеруі немесе жоғалуы
- құлақтың шулауы
- жүрек қағуы, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек блокадасы, тахикардия
- гипертензия, цереброваскулярлы бұзылыстар, естен тану
- ентігу, бронх түйілуі, жөтел
- тәбет болмауы, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, диарея, диспепсия
- тері бөртпесі
- астения, шаршау
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- қышыну, папулезді бөртпе, жайылған бөртпе, есекжем.
Әсіресе асқазан-ішек жолы және жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлер жиілігі ұсынылған дозадан асырғанда ұлғаяды.
Жекелеген жағдайларда, ұсынылған дозадан асырғанда көздің жасаурауы, анағұрлым жиі несеп шығару, қызба, іш қату, терлеу, стоматит, гипестезия, көздің ауыруы байқалды.
Әдетте жағымсыз әсерлер дәрілік затты қолдануды тоқтатқаннан кейін кетеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған. Уланған жағдайда өмірлік маңызды функцияларды демеу қажет.
Римантадиннің химиялық аналогы – амантадинмен улану оқиғасы белгілі.
Симптомдары: қозу, елестеулер, аритмия, өліммен аяқталу.
Емі: физостигминді ересектерге 1-2 мг және балаларға – 0,5 мг вена ішіне енгізу, қажет болса қайталаумен, бірақ сағатына 2 мг артық емес.
Римантадин гемодиализ арқылы шығарылмайды.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолдарының аурулары, ауырлығы жеңіл не орташа дәрежедегі бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары, жүректің ауыр сипатты аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға сақ болу керек. Мұндай жағдайларда препарат дозасын төмендету керек.
Анамнезінде эпилепсияға және Римантадинді қолдану аясында жүргізілетін құрысуға қарсы терапияға нұсқау болған кезде эпилепсиялық ұстаманың даму қаупі артады. Мұндай жағдайларда Римантадиннің дозасын күніне 100 мг дейін төмендетеді. Егер ұстама дамыса, Римантадин қабылдауды тоқтатады.
Қосымша заттар.
Препараттың құрамына сахароза (ақ қант) және лактоза моногидраты (сүт қанты) кіреді, бұл қант диабеті бар пациенттерге ескеру керек. Бір таблеткада 0,0383 г сахароза (ақ қант) және лактоза моногидраты (сүт қанты) бар, бұл 0,004 НБ сәйкес келеді; препараттың ең жоғары тәуліктік дозасында 0,231 г сахароза (ақ қант) және лактоза моногидраты (сүт қанты) бар, бұл 0,023 НБ сәйкес келеді.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Римантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ бас айналуы, бас ауыруы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз әсерлер пайда болатын адамдар сақ болуы керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Римантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелегіш дәрілер Римантадиннің сіңуін азайтады.
Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы Римантадиннің қан плазмасындағы концентрациясын және тиімділігін төмендетеді.
Циметидин организмнен әсер етуші заттың шығарылуын төмендетеді.
Алкогольді тұтынуды тоқтату керек, өйткені орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.