Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
50 мг
Саудалық атауы
Римантадин
Әсер етуші зат
Римантадин
Мақсаты
Ересектерде және 10 жастан асқан балаларда А типті тұмауды ерте сатысында емдеу және профилактикасында
Өндіруші
Эйкос-Фарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – римантадин гидрохлориді - 50 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций (магний) стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, ойығы бар, ақ түсті таблеткалар.
• ересектерде және 10 жастан асқан балаларда А типті тұмауды ерте сатысында емдеу және профилактикасында;
- эпидемия кезеңінде ересектерде және 10 жастан асқан балаларда А типті тұмаудың профилактикасы үшін.
Римантадин тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды.
А тұмауы вирусының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін. Тұмауды емдеуге және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде анықталуы тиіс. Римантадинді емдеу және профилактика үшін пайдалануға қатысты шешім қабылдайтын дәрігер айналымдағы тұмау вирустары туралы ақпаратты, сондай-ақ әрбір жыл мезгілі және аймақ үшін вирустардың дәрілік затқа сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс.
Римантадин - вирусқа қарсы дәрі, адамантан туындысы; А тұмауы вирусының әр түрлі штамдарына, кене энцефалиті вирустарына қатысты тиімді. Уыттануға қарсы және иммунитет модуляциялайтын әсері бар.
Полимерлі құрылымы организмде римантадиннің ұзақ айналымда болуын қамтамасыз етеді, бұл оны тек емдік мақсатта ғана емес, аурудың алдын алу мақсатында да қолдануға мүмкіндік береді. Спецификалық көбеюдің ерте сатысын басады (вирус жасушаға енгеннен кейін және РНҚ-ның бастапқы транскрипциясына дейін), жасушадан вирустық бөлшектердің шығуын бәсеңдетеді, яғни вирустық геном транскрипциясын үзеді; альфа және гамма интерферондары өндірілуін индукциялайды, лимфоциттер - табиғи киллерлер (NK-жасушалар), T- және B-лимфоциттер функционалдық белсенділігін арттырады.
Дозалау режимі
Тұмауды емдеу:
Ересектер және 10 жастан асқан балалар: күніне 2 таблеткадан (100 мг) 2 рет.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер: күніне 2 таблеткадан (100 мг) бір рет.
Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Тұмау профилактикасында:
Препаратты тұмау эпидемиясы басталған кезеңнен бастап қолдану керек. Оны тұмау эпидемиясы кезеңінде қолдану керек, бірақ 2 аптадан көп емес.
Ересектер және 10 жастан асқан балалар: күніне 2 таблеткадан (100 мг) екі рет.
Егде жастағы тұлғалар және асқыну қаупі жоғары пациенттер: күніне 2 таблеткадан (100 мг) бір рет.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер:
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы жағдайында препаратты қолдануға болмайды. Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауыртпалығы бар пациенттер препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу, ал қажет болған жағдайда дозаны түзету керек: күніне 100 мг бір рет. Бұл топтағы пациенттерді бақылауға алу керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер:
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы жағдайында препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауыртпалығы бар пациенттер препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу, ал қажет болған жағдайда дозаны түзету керек: күніне 100 мг бір рет. Бұл топтағы пациенттерді бақылауға алу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Римантадинді тамақтанғаннан кейін судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
• римантадин мен амантадинді қоса алғанда, адамантан тобының туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- бауырдың ауыр аурулары
- бүйректің ауыр және созылмалы аурулары
• тиреотоксикоз
• жүктілік, лактация кезеңі
• 10 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен
- артериялық гипертензия
- эпилепсия (оның ішінде анамнезде)
- ми қантамырлары атеросклерозы
- бауыр жеткіліксіздігі
- асқазан-ішек жолы аурулары
- егде жас
Жиі
- ұйқысыздық
- жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
- депрессия, эйфория, елестеулер
- бас айналуы, бас ауыруы, қатты қозу, зейін қоюдың бұзылуы, атаксия, ұйқышылдық, гиперкинез, тремор, үрей
- құлақтағы шуыл, дәм мен иіс сезудің өзгеруі
- жүрек қағуы, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің бөгелуі, тахикардия
- артериялық гипертензия, цереброваскулярлы бұзылулар, естен тану
- ентігу, бронх түйілуі, жөтел
- тәбеттің болмауы, ауыздың кеберсігенін сезіну, іштің ауыруы, диарея, диспепсия
- тері бөртпесі
- астения, шаршағыштық
Жиілігі белгісіз
- қышыну, папулезді бөртпе, жайылған бөртпе, есекжем.
Жағымсыз әсердің жиілігі, әсіресе асқазан-ішек жолы және жүйке жүйесі тарапынан ұсынылған дозадан арттырған жағдайда артады.
Ұсынылған дозадан арттырған кезде жекелеген жағдайда көзден жастың бөлінуі, несеп шығуының жиілеуі, қызба, іш қатуы, терлеу, стоматит, гипестезия, көздің ауырғаны байқалған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
немесе
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
pharm@eikos.kz
Кез-келген артық дозалану кезінде көрсетілімдерге сәйкес қолдайтын терапия жүргізу керек. Қозу, елестеулер, жүрек аритмиялары және өлімнен тұратын жағымсыз реакциялары бар тектес препарат, амантадинның артық дозалануы туралы хабарланды. Ересектер үшін 1-ден 2 мг-ға дейінгі және балалар үшін 0,5 мг-ға дейінгі дозаларда вена ішіне физостигминді (холинергиялық препаратты) енгізу, дозасы 2 мг/сағ аспайтын жағдайда қайталанады, қолда бар мәліметтер бойынша антидот амантадиннің артық дозалануынан орталық жүйке жүйесі бұзылған пациенттерге оң әсер етеді.
Препарат қолдануды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден бастау қажет. Емдік әсері егер оны қолдану алғашқы 48 сағат ішінде басталған болса, барынша айқын болады.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолы аурулары, бауыр функциясы бұзылулары, ауыр жүрек аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек. Бұл жағдайларда препарат дозасын төмендету ұсынылады.
Римантадинді қолдану кезінде созылмалы қатар жүретін аурулардың өршуі мүмкін. Егде жастағы артериялық гипертензиясы бар пациенттерде геморрагиялық инсульттің даму қаупі артады.
Римантадинмен емдеу кезеңінде алкоголь сусындарын қабылдаудан бас тартқан жөн.
Анамнезінде эпилепсия және римантадинді қолдану аясында құрысуға қарсы ем жүргізілгені көрсетілген жағдайда эпилепсиялық ұстаманың пайда болу қаупі жоғарылайды. Мұндай жағдайларда препарат дозасын күніне 100 мг дейін (2 таблетка) төмендетеді. Егер ұстама дамыса, римантадин қабылдауды тоқтатады.
Ауыр бактериялық инфекциялар тұмауға ұқсас симптомдармен басталуы мүмкін немесе тұмау кезінде асқынулар ретінде қатар жүруі немесе пайда болуы мүмкін. Препарат мұндай асқынулардың алдын алатыны көрсетілмеген.
Бауырдың ауыр дисфункциясы, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (КК минутына 5-тен 29 мл-ге дейін) немесе бүйрек жеткіліксіздігі (КК минутына 10 мл) бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде дозаны тәулігіне 100 мг-ға дейін төмендету ұсынылады, себебі бірнеше рет қабылдаған кезде римантадин метаболиттерінің ықтимал жинақталуы, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жағымсыз әсерлерді анықтау және қажет болған жағдайда дозаны түзету үшін бақылауда болу керек. Терапияны мүмкіндігінше тезірек бастау керек, А тұмауы инфекциясының симптомдары мен белгілері пайда болғаннан кейін 48 сағат ішінде бастаған жақсырақ. Терапияны симптомдар басталған сәттен бастап шамамен жеті күн бойы жалғастыру керек.
Балаларда қолдану
Таблеткалар 10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Римантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді, бірақ бас айналу, бас ауыру немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа да жағымсыз әсерлер туындайтын адамдар сақ болғандары жөн.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде римантадинді қолдануға болмайды.
Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы қан плазмасында римантадиннің концентрациясын төмендетеді және оның тиімділігін азайтады.
Циметидин организмнен римантадиннің шығарылуын төмендетеді.
Римантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер римантадиннің сіңуін азайтады.
Несепті сілтілендіретін дәрілер (ацетазоламид, натрий гидрокарбонаты және т.б.) оның бүйрекпен бөлінуі азаюы салдарынан римантадиннің тиімділігін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.