Аллергиялық және қабынуы бар мұрын шырышты қуысының ісінуін азайтуға арналған
Өндіруші
ЛеКос
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: неомицин сульфаты 1.0 мг,
дифенгидрамин гидрохлориді 1.0 мг,
нафазолин гидрохлориді 0.5 мг.
қосымша заттар: натрий хлориді, поливинилді спирті, бензалконий хлориді (100 % затқа шаққанда), динатрий фосфатының додекагидраты, натрий дигидрофосфатының дигидраты, трилон Б, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз немесе аздаған сары мөлдір сұйықтық. Ерітіндінің аздап бұлыңғырлануы мүмкін.
- аллергиялық және қабынуы бар мұрын шырышты қуысының ісінуін азайтуға арналған
Әсер ету механизмі
Айқын тамыр тарылтатын, қабынуға қарсы, микробқа қарсы және аллергияға қарсы әсері бар аралас препарат. Бұл симпатомиметикалық, тамыр тартылатын дәрінің нафазолин гидрохлоридінің, дифенгидрамин гидрохлоридінің айқын антигистаминдік қасиеттері бар және аминогликозидтер тобы – неомицин сульфаты кең спектрлі антибиотиктің болуына байланысты.
Альфа-адренорецепторларға әсер етуінің арқасында нафазолин айқын перифериялық тамыр тарылтқыш әсер береді. Шырышты қабыққа тамған кезде ісінуге қарсы әсер етеді, веноздық синустарға қан ағынын азайтады.
Жергілікті қолданылатын дифенгидрамин антигистаминді, сондай-ақ жергілікті анестетикалық әсерге ие. Дифенгидрамин H1-рецепторларының блокаторларының бәсекелес түрі. Дифенгидрамин H2-рецепторларына әсер етумен байланысты емес, гистаминнің барлық әсерлерін басады.
Неомицин сульфаты - бұл стафилококктар мен басқа микроорганизмдерге қарсы әрекет ететін аминогликозидті антибиотик.
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 3-5 күн бойы әр мұрын жолына спрейдің 1-2 дозасынан тәулігіне 3-4 рет.
Емдеуші дәрігер кеңесінсіз препаратты белгіленген мерзімнен ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.
Мұрынға арналған спрейді 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер мен бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Егде жастағы пациенттер мен бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ықтимал жүйелі әсерлеріне байланысты дозаны түзету қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Интраназальді қолдану үшін.
Қолданар алдында құтыны шайқаңыз (тұнба түсуі мүмкін).
Препаратты енгізер алдында мұрын жолдарын мұқият тазалау керек. Басыңызды еңкейтіңіз, құтының ұшын мұрын жолына салыңыз, бүріккішті басыңыз. Бүрку кезінде мұрын арқылы жеңіл дем алу ұсынылады. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін бір құтыдан дәріні тек бір адам қолдануы керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- құрғақ ринит (мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы)
- жабықбұрышты глаукома
- моноаминоксидаза тежегіштерін немесе трициклді антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау және оларды тоқтатқаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
- 12 жасқа дейінгі балалар
Интраназалды қолдануға арналған препараттар әдетте ұсынылған дозаларда жақсы төзімді болады, ал жағымсыз реакциялар, егер пайда болса, тез өтеді.
Қолдану орнындағы жалпы бұзылыстар мен реакциялар
Ықтимал жанама әсерлерге жергілікті күйдіру немесе шаншу, мұрынның шырышты қабығының құрғауы және түшкіру жатады. Ұзақ уақыт қолдану «болдырмау синдромын» тудыруы мүмкін - мұрынның шырышты қабығының ісінуі, ринорея және құрғақ ринит.
Жүйелік жағымсыз реакциялар
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жүрек соғуының жиілеуі, гипертония.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Бас айналу, бас ауыруы, ұйқысыздық, күйгелектік, тремор ұйқышылдық тудыруы мүмкін.
Жоғары дозалар эпилепсиямен ауыратын науқастарда құрысуларды тудыруы мүмкін.
Балалар мен егде жастағы пациенттерде - ОЖЖ тежелуі, ұйқының бұзылуы.
Есту органы және лабиринт тарапынан бұзылулар
Отоуыттылық
Сирек: есту қабілетінің бұзылуы
Бүйрек және зәр шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Нефроуыттылық
Тері және тері асты тіндерінің тарапынан бұзылулар
Бөртпе, тершеңдік.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Интраназалды қолдануға арналған препараттар мұрынның шырышты қабығына тез сіңетіндіктен, олар жүйелі әсерлерді тудыруы мүмкін, әсіресе шырышты қабық қабынған жағдайда. Егер препарат көп мөлшерде қолданылса және препарат жұтылса, жүйелік әсерлер асқазан-ішек жолдарындағы абсорбциядан да туындауы мүмкін. Балалар мен егде жастағы адамдар әсіресе артық дозалануға бейім.
Симптомдары: күйгелектік, тремор, тахикардия, гипертония. Жүрек айну, бас ауруы, бас айналу, жүрек соғуы, қызба, құрысу, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар, сондай-ақ ОЖЖ-нің тежелу белгілері - ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, жоғары тершеңдік және т.б. пайда болуы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, симптоматикалық емдеуді бастау және қажет болған жағдайда қолдаушы терапия шараларын жүргізу керек.
Арнайы ескертулер
Интраназалды құралдарды тым көп мөлшерін жергілікті қолдану кезінде жүйелік әсерлер болуы мүмкін. Мұндай реакциялар балалар мен егде адамдарда жиі кездеседі.
Препараттың құрамында дифенгидрамин гидрохлориді болғандықтан, бауыр аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, эпилепсия, порфирия бар адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Феохромоцитомамен, жүрек ырғағының бұзылуымен, жүректің ишемиялық ауруымен, бронхиалды астмамен ауыратын пациенттерде, сондай-ақ симпатомиметиктерге (мысалы, галотанға) миокардтың сезімталдығын арттыратын анестетиктермен жалпы анестезияны жүргізу кезінде сақ болу керек.
Қуықасты безінің гипертрофиясы, несептің кідіруі, пилородуоденальды обструкциясы бар пациенттерде сақ болу керек, ал бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дифенгидрамин гидрохлориді мен неомицин сульфатының дозасын төмендету керек.
Сондай-ақ, жүрек ауруларына (оның ішінде стенокардия), жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек ырғағының бұзылуына, артериялық гипертензияға, гипертиреозға және қант диабетіне бейім пациенттерге де сақ болу қажет.
Созылмалы ринит кезінде нафазолинді қолдануға болмайды, өйткені мұрынның шырышты қабығының атрофиясы болуы мүмкін.
Бүйрек және есту қабілеті бұзылған пациенттерге ерекше сақ болу керек.
Интраназалды қолдануға арналған препараттарды әдетте қатарынан 3-5 күннен артық пайдалануға болмайды. Бұл препараттарды ұзақ уақыт қолдану мұрынның шырышты қабығының қайтадан ісінуін (дәрі-дәрмектік ринит) тудыратын қайталама вазодилатациясы бар «болдырмау синдромын» тудыруы мүмкін.
Пациенттерге препараттың ұйқышылдық тудыруы мүмкін екендігін ескертіп, назар аударуды талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерін орындау кезінде сақтықты сақтау керек.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
РИНОЗОЛ-ФОРТЕ көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Препарат құрамында ұйқышылдық тудыруы мүмкін дифенгидрамин гидрохлориді бар, сондықтан пациенттер назар аударуды және реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызмет түрлерін орындау кезінде сақ болуы тиіс. Сондай-ақ балаларды велосипед тебуден, жолдардың жанында ойнаудан және басқа да осыған ұқсас әрекеттерден аулақ ұстау керек.
Жүктілік
Жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі расталмаған.
Бала емізу
Емшекпен емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі расталмаған.
Трициклдық антидепрессанттармен (мапротилин) және МАО тежегіштерімен (ниаламид, бефол) үйлеспейді – ауыр гипертониялық криздің дамуы мүмкін. РИНОЗОЛ-ФОРТЕ трициклдық антидепрессанттармен және МАО ингибиторларымен терапияны тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде де қолдануға болмайды.
Моклобенидпен, трицикликлдық антидепрессанттармен, эрготаминмен өзара әрекеттесуі белгілі (эрготизмнің даму қаупі артады).
Дәрілік препаратты қабылдау кезінде алкогольді сусындарды ішуге болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.