Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
5000 МЕ/мл
Саудалық атауы
Роджипарин
Әсер етуші зат
Натрий гепарині
Мақсаты
Жедел веналық және артериялық тромбоэмболияларды антикоагулянттық дәрі ретінде емдеу (соның ішінде миокард инфарктісі мен тұрақсыз стенокардиядан ерте емдеу)
Өндіруші
Глэнд Фарма Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде:
белсенді зат - натрий гепарині 5 000 ХБ;
қосымша заттар: натрий хлориді, бензил спирті, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су, азот.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Көрінетін бөлшектерсіз, мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті ерітінді.
Шығару формасы және қаптамасы
Эластомерлік тығындармен тығындалған және «flip-off» типті полипропиленді қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған, АҚШФ бойынша сыйымдылығы 2 мл I типті мөлдір шыны құтыларда 1 мл препараттан.
Өздігінен жабысатын заттаңба құтыға бекітіледі.
25 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
• жедел веналық және артериялық тромбоэмболияларды антикоагулянттық дәрі ретінде емдеу (соның ішінде миокард инфарктісі мен тұрақсыз стенокардиядан ерте емдеу);
• тромбоэмболияның профилактикасы;
• экстракорпоральды қан айналымы процесінде қан ұюының профилактикасы (жасанды қан айналымы аппаратын және гемодиализді қолдану).
Қолдана бастауға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
ATХ коды B01AB01
Әсер ету механизмі, емдік әсері
Гепарин – глюкозамин-N-күкірт қышқылының қалдықтарынан және гликозидтік байланыспен бір-бірімен байланысқан глюкурон қышқылының сульфатталған қалдықтарынан тұратын сульфатталған мукополисахарид. Соның салдарынан гепарин молекуласының айқын теріс заряды болғандықтан, ол белгілі бір ақуыздармен кешендер түзеді, олардың биологиялық белсенділігін өзгертеді. Атап айтқанда, гепаринмен кешен құру арқылы антитромбиннің (АТ) белсенділігі шамамен 700 есе артады.
Белсендірілген антитромбин серинге әсер ететін протеазаларды, соның ішінде XIIa, XIa, Xa, VIIa және IIa қан ұю факторларын тежейді. VIIa факторы орташа сезімталдыққа ие, ал IIa факторы (тромбин), керісінше, АТ-гепарин кешенінің әсеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады. Гепариннің төмен дозалары да IIA (тромбин) және Xa факторларының белсенділігін жоюды жеделдетеді. Бұл тромбоздың профилактикасы кезінде гепариннің төмен дозаларының тиімділігін түсіндіреді. Гепариннің антикоагулянттық әсері антитромбин мен фибриноген концентрациясына байланысты; тромбоциттерде кездесетін кейбір заттар (мысалы, тромбоциттік фактор 4) гепаринді бейтараптандырады. Жоғары дозадағы гепарин артық тромбиннің белсенділігін жояды және осылайша фибриногеннен фибриннің пайда болуына жол бермейді. Гепарин тромбоциттердің функциясына да әсер етеді.
Гепарин тромбоциттердің функциясына да әсер етеді.
Тромбоциттердегі компоненттер (мысалы, тромбоциттік фактор 4) гепариннің әсерін бейтараптандыруы мүмкін.
Сүйек тінінің қалыптасуына әсері
Зерттеулер көрсеткендей, гепарин антикоагулянттық әсерден басқа, остеобласттар белсенділігін басады және остеокласттар белсенділігін арттырады, осылайша сүйек массасының жоғалуына ықпал етеді.
Балалар мен жасөспірімдер
Туылған кезде плазмадағы антитромбин концентрациясы физиологиялық тұрғыдан төмен (шамамен 0,5 ХБ/мл) және ересектерге тән мәндерге шамамен 3 айға дейін жетеді.Балаларда жоғары дозаларды қолдану қажеттілігінен басқа, өмірдің алғашқы айларында антитромбиннің физиологиялық төмен деңгейі фракцияланбаған гепариннің тиімділігін шектеуі мүмкін.Қосымша шектеу факторлары антитромбин концентрациясының одан әрі төмендеуімен бірге жүретін патологиялық жай-күйлер (мысалы, нефроздық синдром, бауыр циррозы, жедел лимфобласттық лейкоздағы L-аспарагиназа терапиясы), сондай-ақ гепаринді байланыстыруға қабілетті жедел фаза ақуыздарының жоғарылауы.
Жаңа туылған нәрестелерде, ересектермен салыстырғанда, плазманың тромбин түзу қабілеті баяулайды және төмендейді және гепариннің емдік дозаларын алатын ересектердің плазмасымен салыстырмалы болады.Сәби жасынан кейін тромбиннің түзілу қабілеті біртіндеп қалпына келеді, бірақ бүкіл бала жастағы кезінде ересектерге қарағанда шамамен 25% төмен болып қалады (4.2 бөлімді қараңыз).
Гепарин дозасы әр адамға жеке анықталады және қан ұю жүйесі көрсеткіштерінің мәндеріне, аурудың сипаты мен ағымына, жүргізілетін терапияға реакция, жағымсыз реакциялардың сипаты мен айқындылығына, пациенттің жасына және дене салмағына байланысты («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз). Гепаринге жеке сезімталдықты, сондай-ақ гепаринмен емдеуге толеранттылықтың өзгеруін ескеру қажет.
Ұсынылатын дозалар
Жедел веналық және артериялық тромбоэмболиялық ауруларды емдеу (соның ішінде миокард инфарктісін, сондай-ақ тұрақсыз стенокардияны ерте емдеу)
Емдік дозаны БІTУ (белсендірілген ішінара тромбопластин уақыты) тұрақты бақылау негізінде түзету керек («Қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Ересектер
Болюс — Демеуші ем
Дене салмағына 80 ХБ/кг вена ішіне — Дене салмағына 18 ХБ/кг сағатына вена ішіне инфузия түрінде
5000 ХБ вена ішіне* — Тәулігіне кемінде 30 000 ХБ*
5000 ХБ вена ішіне* — Дене салмағына 250 ХБ/кг күніне екі рет тері астына
Дене салмағына 333 ХБ/кг тері астына — Дене салмағына 250 ХБ/кг күніне екі рет тері астына
* Доза дене салмағына негізделмеген; дене салмағына 70 кг орташа пациентке ұсынылады.
ST сегменті көтерілуінсіз тұрақсыз стенокардияны немесе миокард инфарктісін емдеу:
Болюс — Демеуші ем
Дене салмағына 60-70 ХБ/кг (ең жоғары доза 5000 ХБ) вена ішіне — Дене салмағына 12-15 ХБ/кг сағатына (ең көбі сағатына 1000 ХБ) вена ішіне инфузия түрінде
Фибринолитиктермен бірге ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісін емдеу:
Болюс — Демеуші ем
Дене салмағына 60 ХБ/кг (ең көбі 4000 ХБ) вена ішіне — Дене салмағына 12 ХБ/кг сағатына (ең көбі сағатына 1000 ХБ) вена ішіне инфузия түрінде
Балалар мен жасөспірімдер
Вена ішіне қолдану
Жаңа туған нәрестелер үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.
1 айдан 1 жасқа дейінгі еметін нәрестелер мен сәбилер:
Болюс — Демеуші ем
Дене салмағына 75 ХБ/кг — Дене салмағына 25 ХБ/кг сағатына, БІTУ сәйкес түзетумен
1 жастан 18 жасқа дейінгі кішкентай балалар, балалар мен жасөспірімдер:
Болюс — Демеуші ем
Дене салмағына 75 ХБ/кг — Дене салмағына 20 ХБ/кг сағатына, БІTУ сәйкес түзетумен
Тері астына қолдану
Жаңа туған нәрестелер үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.
1 айдан 18 жасқа дейінгі еметін нәрестелер, сәбилер, балалар мен жасөспірімдер: дене салмағына 250 ХБ/кг күніне екі рет, БІTУ сәйкес түзетумен.
Тромбоэмболиялық аурулардың профилактикасы
Ересектер
Әр 8 немесе 12 сағат сайын тері астына 5000 ХБ, әдетте, кем дегенде 5 күн немесе егер ол бұрын пайда болса, ауруханадан шығарылғанға дейін.
Операция жасау қажет пациенттерде бірінші дозаны операциядан 2 сағат бұрын енгізу керек; тромбопрофилактиканы операциядан кейін 2-3 апта бойы жалғастыру керек.
Балалар мен жасөспірімдер
Жаңа туған нәрестелер үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.
1 айдан 18 жасқа дейінгі еметін нәрестелер, сәбилер, балалар мен жасөспірімдер: дене салмағына 100 ХБ/кг (ең көбі 5000 ХБ) күніне екі рет тері астына инъекция түрінде, БІTУ сәйкес түзетумен
Экстракорпоральды қан айналымын пайдаланып емдеу немесе операция жасау кезінде антикоагуляция
Жасанды қан айналымы аппараты Дене салмағына 300-400 ХБ/кг, сондай-ақ белсендірілген ұю уақытына жету және > 480 секунд демеу үшін қосымша дозалар.
Гемодиализ Дене салмағына 50 ХБ/кг артериялық енгізу жолына, демеуші доза: сағатына 500-1500 ХБ.
Қолдану тәсілі
Гепарин тері астына немесе вена ішіне инъекция арқылы немесе үйлесімді тасымалдаушы ерітіндіде сұйылтылғаннан кейін вена ішіне инфузия арқылы енгізіледі.
Тері астына инъекция
Теріні дезинфекциялағаннан кейін, гепарин дозасы іштің немесе жамбастың жазылу беткейіндегі терінің бос ұсталған қатпарына, дененің бойлық осіне тігінен, жіңішке инені қолданып, қатаң түрде тері астына енгізіледі. Инъекция алдында иненің сыртқы бөлігінен ерітінді тамшыларын алып тастау керек, өйткені пункциялық каналға енгізілген гепарин беткейлік гематоманы немесе (сирек жағдайларда) жергілікті аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін.
Енгізу орындарын әр уақытта ауыстырып отыру керек (гематоманың пайда болуын болдырмау үшін).
Абдоминальды және урогенитальды аймақтағы лимфа түйіндерінің резекциясын бастан өткерген пациенттерде лимфа дренажының бұзылуын болдырмау үшін, гепариннің тері астына инъекциясын иықтың жоғарғы жағына енгізу керек.
Вена ішіне инфузия
Вена ішіне инфузиялау үшін Гепасанды келесі инфузиялық ерітінділермен сұйылтуға болады:
- 9 мг/мл натрий хлориді инфузиясына арналған ерітінді
- 50 мг/мл немесе 100 мг/мл глюкоза инфузиясына арналған ерітінді
- инфузияға арналған Рингер ерітіндісі
Осы ерітінділермен сұйылтылған қоспалар бөлме температурасында 48 сағат бойы тұрақты болып қалады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер сізде дәріні қолдану тәсілі туралы қосымша кеңес алу керек болса емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• гепаринге немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• шошқа етінің өнімдеріне аса жоғары сезімталдық;
• анамнезде қайталанатын қан кету олардың орналасуына байланысты емес;
• гепаринмен индукцияланған II типті иммундық тромбоцитопения, анамнезден белгілі және тромбоцитопения көріністері немесе гепарин терапиясы аясында артериялық және/немесе веналық тромбоэмболиялық асқынулардың көріністері сияқты клиникалық бақылаулар негізінде қабылданады;
• геморрагиялық диатезге байланысты бұзылыстар, мысалы: коагулопатия, тромбоцитопения, бауырдың, бүйректің және ұйқы безінің ауыр аурулары, бауыр паренхимасының ауыр зақымдануы, бауырдың қатерлі жаңа түзілімдері;
• қан тамырларының зақымдануы мүмкін болатын аурулар, мысалы: асқазан-ішек жолының ісік немесе ойықжаралы зақымдануы, Крон ауруының өршуі, 105 мм сын.бағ. асатын диастолалық артериялық қысыммен артериялық гипертензия, бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия, бассүйекішілік қан кету, бассүйекішілік қан құйылуға күдік, жақында бастан өткерген геморрагиялық инсульт (6 ай бұрын болған); орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) зақымдануы немесе нейрохирургиялық араласулар, бассүйекішілік артериялық аневризма, ретинопатиялар (оның ішінде диабеттік ретинопатия), шыны тәрізді денеге қан кету; офтальмологиялық хирургиялық араласулар, бас, мойын, құлақ аймағындағы операциялар; инфекциялық эндокардит;
• түсік тастау қатері, босану (соның ішінде жақында бастан өткерген), жатырішілік ұрықтануға қарсы дәрілерді қолдану.
Роджипарин дәрілік затының құрамында бактерицидтік әсері бар тұрақтандырғыш ретінде бензил спиртінің болуы балаларда метаболизмдік ацидоз, ОЖЖ бәсеңдеуі, тыныстың тарылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия түрінде көрінетін анафилактоидты және уытты реакцияларды тудыруы мүмкін.
Осыған байланысты оны жаңа туған нәрестелерде, әсіресе шала туылған нәрестелерде қолдануға болмайды.
Қажетті сақтандыру шаралары
Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге гепарин тағайындаған кезде қанның ұю көрсеткіштерін бақылауды қоса алғанда, мұқият мониторингтеу міндетті болып табылады. Бұл сондай-ақ тромбоэмболиялық аурулардың профилактикасы үшін гепаринді қолдануға қатысты («төмен дозалы» терапия). Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бензил спиртінің жинақталу қаупі бар, бұл бензил спиртіне (метаболизмдік ацидоз) уытты реакцияларға әкелуі мүмкін.
Жүктілік
Егер жүктілік кезінде гепаринмен терапия қажет болса, егер бар болса, консерванттарсыз гепаринді қолдану ұсынылады. Анасына препаратты енгізгеннен кейін бензил спирті консервантына ұшыраған кезде шарана үшін қандай да бір жағымсыз салдарлар туралы белгісіз. Алайда, бензил спирті плацентарлы бөгет арқылы өте алатындықтан, жүктілік кезінде бензил спирті бар гепаринді қолдануға болмайды.
Гепаринді емдік дозаларда қолдану босану басталғанға дейін немесе кесарь тілігін жасауға кем дегенде 24 сағат бұрын тоқтатылуы керек.
Балалар мен жасөспірімдер
Бензил спирті нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балаларда уытты және анафилактоидты реакциялар тудыруы мүмкін. «ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімін қараңыз
Кіші жастағы (3 жасқа дейінгі) балаларда бензил спиртінің жиналу қаупі жоғары болғандықтан, аталған дәрілік препаратты әдетте бір аптадан артық қолдануға болмайды. Нәрестелерде немесе балаларда гепаринді қолданған кезде қанның ұю көрсеткіштерін бақылауды қоса алғанда, мұқият мониторингтеу міндетті болып табылады. Бұл сондай-ақ тромбоэмболиялық аурулардың профилактикасы үшін гепаринді қолдануға қатысты («төмен дозалы» терапия).
Гепаринге резистенттілік
Кейбір пациенттер емдік мақсатты БІTУ диапазонына (гепаринге резистенттілік) жету үшін гепариннің әдеттен тыс жоғары дозаларын қажет етеді. Кейбір жағдайларда бұл БІTУ талдауына әр түрлі сезімталдыққа байланысты болуы мүмкін. Сондықтан гепаринге резистенттілігі бар пациенттерге гепариннің жоғары дозаларын тағайындау тек анти-Xa деңгейін қосымша анықтауға негізделуі керек (мақсатты диапазон 0,35–0,7 ХБ/мл).
Басқа қосымша заттарға қатысты айрықша ескертулер мен сақтандыру шаралары
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір құтыда 0,01 мл бензил спирті бар.
«Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Қажетті сақтандыру шаралары», «Арнайы ескертулер» және «ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар» және «Жүктілік» және «Балалар мен жасөспірімдер» бөлімдерін қараңыз.
Бұл дәрілік препараттың құрамында 1 мл-ге 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни оның құрамында натрий жоқ.
Жағымсыз реакциялардың жиілігін бағалау клиникалық сынақ деректері мен маркетингтен кейінгі хабарламаларды біріктіріп талдауға негізделген.
Ең жиі хабарланған жағымсыз реакциялар қан кету (ауырлығы әр түрлі дәрежедегі) және эритема болып табылады («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз). Әсіресе жоғары дозаларды енгізгенде, қан кету түрінде асқынулар пайда болуы мүмкін. Өлімге немесе тұрақты мүгедектікке әкелетін ауырлығы ауыр дәрежедегі қан кетудің дамуы туралы жеке хабарламалар бар.
Иммундық байланысты гепаринмен индукцияланған тромбоцитопения (II типті) артериялық немесе веналық тромбоздардың дамуына әкелетін гепарин терапиясының сирек кездесетін, жақсы зерделенген асқынуы болып табылады. ГИТ II әдетте гепаринмен терапия басталғаннан бастап 5-14 күн ішінде байқалады, бірақ егер пациенттерде гепарин бұрын қолданылған болса (жылдам дамитын түрі) бірнеше сағаттан кейін пайда болуы мүмкін. Гепаринмен индукцияланған тромбоцитопенияның барлық жағдайларында емдеуді дереу тоқтату керек («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Гепарин препараттары гипоальдостеронизмнің дамуына әкелуі мүмкін, бұл әсіресе қант диабеті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гиперкалиемияға әкеледі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Жағымсыз реакциялар туралы ақпарат жүйелік-ағзалық жіктеуге және пайда болу жиілігіне сәйкес баяндалған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1 000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10 000, бірақ <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Қан және лимфа жүйесінің аурулары
жиі — гепаринмен индукцияланған I типті тромбоцитопения. Гепаринмен емдеудің басында гепаринмен индукцияланған I типті тромбоцитопенияның жеңіл түрі (тромбоциттер деңгейі 100,000-150,000/мкл), тромбозсыз пайда болуы мүмкін. Тромбоцитопения әдетте емдеудің алғашқы 5 күнінде пайда болады және тромбоциттерге тікелей әсер етумен байланысты болуы мүмкін.
жиілігі белгісіз — эозинофилия
Жүйке жүйесі тарапынан аурулар
жиілігі белгісіз — нейроаксиальды анестезиядан кейін субарахноидальды немесе эпидуральды гематомалардың нәтижесінде тұрақты немесе уақытша салдану бензил спиртіне уытты реакциялар
Тері және тері астындағы тіндердің аурулары
жиі емес — ұзақ уақыт қолданғанда шаштың уақытша түсуі тері некрозы
Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіндердің, сүйектердің аурулары
жиілігі белгісіз — остеопороз (гепаринді ұзақ уақыт қолданған кезде) (сондай-ақ «Арнайы сақтандырулар» және фертильділік, жүктілік және лактация бөлімдерін қараңыз)
Эндокриндік аурулар
сирек — гиперкалиемия мен метаболизмдік ацидозға әкелетін гипоальдостеронизм, әсіресе бүйрек функциясы бұзылуы және қант диабеті бар пациенттерде («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз)
Қантамырлық аурулар
өте жиі — - қан кету; сондай-ақ «Арнайы сақтандырулар» және «Артық дозалану» бөлімдерін қараңыз- доза жоғарылаған кезде ағзалардан немесе тіндерден қан кету жиілігі артады
Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы реакциялар
жиі — инъекция орнындағы тіндердің жергілікті реакциялары мысалы, тығыздалу, қызару, түссіздену және шағын гематомалар
Иммундық жүйенің аурулары
кейде — әр түрлі типтегі және айқындылық дәрежесіндегі аллергиялық реакциялар, соның ішінде есекжем, қышу, ентігу, бронхтың түйілуі, артериялық қысымның төмендеуі
сирек — бензил спиртіне аллергиялық реакциялар антиденемен байланысты ауыр гепаринмен индукцияланған тромбоцитопения (II типті гепаринмен индукцияланған тромбоцитопения, толығырақ төменде қараңыз)
өте сирек — анафилаксиялық шок, әсіресе бұрын гепарин қабылдаған сенсибилизацияланған пациенттерде II типті тромбоцитопенияның кеш дамуы — гепаринмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше аптаға дейін кідіріспен
жиілігі белгісіз — IV типті аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, тері бөртпелері, эритематозды папула және инъекция орнындағы түйіндақтар), олар бірнеше аптадан бірнеше айға дейін латентті кезеңмен пайда болуы мүмкін
Бауыр және өт шығару жолдарының аурулары
өте жиі — бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (қан сарысуындағы трансаминазалар концентрациясының жоғарылауы — АСТ, АЛТ, гамма-глутамилтрансфераза, лактатдегидрогеназа және липаза, бұл бос май қышқылдарының жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін). Бұл реакциялар әдетте қайтымды.
Репродуктивті жүйе және сүт безі мүшелерінің аурулары
өте сирек — приапизм
Спецификалық жағымсыз реакциялар туралы ақпарат
Гепаринмен индукцияланған II типті тромбоцитопения
Ауыр гепаринмен индукцияланған, антиденемен байланысты тромбоцитопения (II тип, HIT II) тромбоциттер санының 100 000/мкл-ден едәуір төмендеуімен немесе бастапқы мәннің 50%-дан астамының жылдам төмендеуімен сипатталады.
Артериялық немесе веналық тромбоздармен немесе эмболиялармен, ұю факторларын тұтыну синдромымен (тұтыну коагулопатиясымен), инъекция орнындағы тері некрозымен бірге жүруі мүмкін.Бұл жағдайда гепариннің антикоагулянттық әсері төмендеуі мүмкін.
Гепаринге аса жоғары сезімталдығы бұрын болмаған пациенттерде тромбоциттер санының төмендеуі терапия басталғаннан кейін 5-14 күннен кейін басталады. Гепаринге антиденелері бұрыннан бар пациенттерде бұл төмендеу бірнеше сағаттан кейін байқалуы мүмкін.Жарақат неғұрлым күшті болса және онымен бірге PF4 босап шығарылса, гепарин–PF4 кешеніне антиденелердің пайда болу және клиникалық айқын HIT даму ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
II типті тромбоцитопения диагностикасынан кейін гепаринмен емдеуді дереу тоқтату керек. Шұғыл емдеу симптомдардың сипаты мен ауырлығына байланысты. Мұндай пациенттерге гепаринді парентеральды қайта енгізуге мүлдем болмайды.
Экстракорпоральды қан айналымымен процедуралардан өтетін пациенттер
Жалпы, мұндай пациенттердегі жағымсыз реакциялар басқа пациенттерде байқалғанға ұқсас. Гемодиализдегі науқастарда анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Дәрілік препаратты тағайындауға, әдетте күтілетін пайда ықтимал қауіптерден едәуір асатын жағдайларды қоспағанда, келесі жағдайларда жол бермеу керек:
• Қан кету қаупі (мысалы, қатерлі ісікке күдік туындаған кезде, ірі хирургиялық араласуларда, әсіресе орталық жүйке жүйесінде, нефро- және уретеролитиазада)
• Алкогольді созылмалы шамадан тыс тұтыну.
Келесі жағдайларға ерекше назар аудару қажет:
• Жүктілік кезінде гепаринді ұзақ уақыт қолданғанда (сондай-ақ «Қажетті сақтандыру шаралары», «Арнайы ескертулер» және «ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімдерін қараңыз),
• егде пациенттерде, әсіресе егде әйелдерде;
• ауыр науқас пациенттерде;
• тромбоциттердің функциясына немесе қан ұю жүйесіне әсер ететін дәрілік препараттармен емдеу кезінде («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).
Гипертониямен ауыратын пациенттерге дәрілік препаратты тағайындау кезінде сақ болу керек.
Гепарин бүйрек үсті бездеріндегі альдостерон секрециясын басуы мүмкін, бұл гиперкалиемияға әкеледі. Сондықтан қан сарысуындағы калий деңгейін (мысалы, қант диабеті, бүйрек функциясының бұзылуы немесе қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылататын дәрілік препараттарды қолдану салдарынан) гиперкалиемияның даму қаупі бар пациенттерде бақылау керек. Сондай-ақ, «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз.
Гепарин қабылдайтын пациенттерде нейроаксиальды анестезия жұлыннан қан кету қаупінің жоғарылауымен және жұлын гематомаларының дамуымен байланысты, бұл ұзақ немесе тіпті тұрақты сал ауруына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, «ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімін қараңыз.
Гепариннің соңғы дозасы мен эпидуральды/жұлын инесін енгізу немесе катетерді алып тастау арасында ең аз уақыт аралығы 4 сағатты сақтау керек. Емдік дозаларда гепаринді қолданған кезде БІTУ көрсеткішін қалыпқа келтіру қажет. Гепаринді енгізу операциядан кейін 1 сағаттан соң қайта басталуы мүмкін.
Гепаринмен емдеу кезінде гематомалардың даму қаупіне байланысты бұлшықет ішіне енгізуге жол бермеу керек.
Егер гепаринмен емдеу кезінде тромбоэмболиялық асқынулар пайда болса, II типті гепаринмен индукцияланған тромбоцитопенияны ескеріп, тромбоциттер санын анықтау керек.
Гепаринмен емделетін пациенттер жарақат алу қаупіне ұшырамауы керек.
Ұзақ уақыт қолданғанда остеопороз дамуы мүмкін, әсіресе бейім пациенттерде (яғни, егде жастағы адамдар — ең алдымен постменопаузадағы әйелдер, жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ балалар). Сондай-ақ, «Арнайы ескертулер» және «ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімдерін қараңыз.
Гепарин меноррагияны ушықтыруы және ұзартуы мүмкін. Жатырдан ерекше ауыр немесе ациклды қан кету жағдайында қосымша гинекологиялық тексеру арқылы спецификалық емдеуді қажет ететін барлық органикалық ауруларды алып тастау керек.
Гепариннің емдік дозасын БІTУ ұсынылған емдік диапазоны 1,5–2,5 болатын жергілікті калибрленген БІTУ талдауын қолдану арқылы бақылау керек.
аPTT көрсеткішін әр дозаны түзеткеннен кейін шамамен 4 сағаттан соң қайталанатын өлшеулермен тәулігіне кемінде бір рет бақылау керек.
Гепаринді енгізер алдында ішінара тромбопластин уақыты мен тромбин уақытын анықтау қажет. Олардың мәндері норма шегінде болуы керек.
II типті гепаринмен индукцияланған тромбоцитопенияны мүмкіндігінше ертерек анықтау мақсатында тромбоциттер санын емдеу басталарға дейін және 5, 7 және 9-шы күндері анықтау керек. Жақында гепаринмен емделген пациенттерде тромбоциттер санын емдеу басталғаннан кейін 12-24 сағаттан кейін қосымша анықтау керек.
Төмен молекулалы гепаринге сезімталдығы жоғары пациенттерде гепаринді сақтықпен қолдану керек.
Қан ұюын зерттеу
Егер андексанет альфа мен гепарин бірінен соң бірі қысқа аралықпен енгізілсе, қан ұюын зерттеу нәтижелері жаңылыстыруы мүмкін.
Гепарин протромбин уақытына әсер етуі мүмкін; бұл кумарин туындыларының дозасын анықтау кезінде ескерілуі керек.
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде тек маманның бақылауымен қолдануға рұқсат етіледі. Осы уақытқа дейін жүктілік кезінде гепарин тағайындау салдарынан шарананың даму ақауларының ықтималдығын, сондай-ақ гепариннің эмбрио- немесе фетоуытты әсерін білдіретін нәтижелерді көрсететін деректер жоқ.
Гепарин плацента арқылы өтпейді және клиникалық қажет болған жағдайда жүктіліктің барлық кезеңінде қолданылуы мүмкін. Алайда, босану кезінде қан кету және эпидуральды анестезия, соның ішінде өздігінен түсік тастау қатерінің жоғарылауы туралы деректер бар («Қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Жұлын немесе эпидуральды гематоманың пайда болу қаупіне байланысты нейроаксиальды анальгезия жүргізу кезінде гепариннің емдік дозасын қолдануға болмайды («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз).
Гепариннің емдік дозасын соңғы енгізу мен жүкті әйелдерде эпидуральды анестезияны жүргізу арасындағы аралық гепаринді вена ішіне енгізгеннен кейін кемінде 4-6 сағат немесе гепаринді тері астына енгізгеннен кейін 8-12 сағат болуы керек. Гепариннің профилактикалық дозасын соңғы енгізу мен ине немесе катетер орнату арасындағы аралық кем дегенде 4-6 сағатты құрауы керек («Қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Жүктілік кезінде гепаринді ұзақ уақыт қолданған кезде остеопороз дамуы мүмкін.
Бензил спирті плацента арқылы өтуі мүмкін болғандықтан, жүктілік кезінде осы дәрілік препаратты қолдануға жол бермеу керек.
Лактация
Гепарин/оның метаболиттері емшек сүтімен бөлінбейді.Алайда, Роджипарин құрамындағы бензил спирті консерванты емшек сүтіне еніп, бала емізетін аналарда сіңірілуі мүмкін. Сондықтан, бала емізетін әйелдерде Роджипарин препаратын қолданған кезде абай болу керек.Мүмкіндігінше консерванттарсыз гепарин түрлеріне артықшылық беру керек.
Гепаринді ұзақ уақыт қолдану бала емізетін әйелдерде остеопороздың даму қаупін арттыруы мүмкін («Қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Фертильділік
Гепариннің фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Егер босану кезінде эпидуральды анестезия пайдалану қажет болса, гепаринді қолдануды тоқтату керек.
Антикоагулянттық терапияны қан кету туындау қатері кезінде мысалы, түсік тастау қатері кезінде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гепарин көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе айтарлықтай әсер етеді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Гепариннің әсерін күшейту
Гепарин әсерінің клиникалық маңызды жоғарылауы, мүмкін қан кетуге бейімділіктің жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін, мыналар себеп болуы мүмкін:
• Жоғары дозаларда ацетилсалицил қышқылы, тиклопидин, клопидогрел, дипиридамол, гликопротеин IIb/IIIa рецепторларының блокаторлары сияқты антиагреганттар;
• Фибринолитиктер;
• Басқа антикоагулянттар (мысалы, кумарин туындылары, фондапаринукс, дабигатран, басқа гепариндер немесе гепарин тәрізді заттар);
• Кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (мысалы, кеторолак, вена ішіне енгізуге арналған диклофенак);
• Пенициллин жоғары дозада;
• Доксорубицинді қоспағанда, цитостатиктер;
• Декстрандар.
Гепарин әсерінің төмендеуі
Гепариннің әсерін бір мезгілде қолдану арқылы азайтуға болады:
• Доксорубицин;
• Андексанет альфа: in vitro деректері гепарин–антитромбин III (ATIII) кешені мен андексанет альфа арасындағы ықтимал өзара әрекеттесуді көрсетеді. Андексанет альфаны гепаринизация алдында қолдануға жол бермеу керек, өйткені андексанет альфаны енгізу гепаринге реакцияның болмауына әкелген жағдайлар тіркелген;
• Нитраттар: глицерилтринитраттың бір мезгілде венаішілік инфузия кезінде гепарин белсенділігінің төмендеуі туралы хабарланды;
• Сілтілік препараттар (мысалы, фенотиазиндер, трициклды антидепрессанттар, антигистаминдік препараттар): тұздардың түзілуіне байланысты әсердің өзара төмендеуі.
Гепариннің басқа дәрілік препараттардың ықпал етуіне әсері
Қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелетін дәрілік препараттарды (мысалы, алискирен, АӨФ тежегіштері) гепаринмен тек мұқият бақылауда қолдану керек. Сондай-ақ «Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз.
Гепарин плазмалық липопротеинлипазаны белсендіретіні белгілі. Мұны гепаринді плазма ақуыздарымен тығыз байланысы бар және нақты емдік диапазоны (мысалы, жүрек гликозидтері) бар препараттармен бір мезгілде қолдану кезінде ескеру қажет.
Никотинді шамадан тыс тұтыну
Никотин гепарин клиренсін арттыра алады және осылайша гепариннің антикоагулянттық әсеріне ішінара қарсы тұрады. Сондай-ақ, «Қолдану бойынша ұсынымдар» бөлімін қараңыз.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.