Жағымсыз әсерінің жиілігін жіктеу үшін төмендегі санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес).
Өте жиі
- диарея, оның ішінде Clostridium difficile-астасқан диарея
- қынаптық кандидоз, әйелдерде вагинит
- жүрек айнуы
- бас ауыруы
- іштің ауыруы
- несептегі лейкоциттердің жоғарылауы
- несептегі ақуызды анықтау
- гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің артуы
- лимфоциттердің төмендеуі/жоғарылауы
- микрогематурия
Жиі
- бөртпе, қышыну, кандидоз
- диспепсия, құсу, ауыздың құрғауы, анорексия
- үлкен дәреттің бұзылуы, метеоризм, іштің қатуы
- бас айналуы, астения
- ұйқысыздық немесе ұйқышылдық
- лейкорея (әйелдерде)
- глюкоза деңгейінің жоғарылауы
- несептегі глюкоза деңгейінің жоғарылауы
- лейкоциттердің жоғарылауы немесе төмендеуі
- аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы
- эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы
- несептің меншікті тығыздығының жоғарылауы немесе төмендеуі
- бикарбонат деңгейінің төмендеуі
- фосфор деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі
- сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
- қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы (BUN)
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі
- полиморфты ядролық нейтрофилдер деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі (ПМН)
- билирубин деңгейінің жоғарылауы
- лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы
- тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы
- калий деңгейінің жоғарылауы
- несептегі рН деңгейінің жоғарылауы
Жиілігі белгісіз
- шок, өліммен аяқталатын сирек жағдайлармен анафилаксия
- беттің және өңештің ісінуі, тұншығу сезімі, сарысу құю ауруының типі бойынша реакциялар
-конъюнктивит
- стоматит
- Стивенс-Джонсон синдромы
- уытты эпидермалық некролиз
- эксфолиативті дерматит, көп формалы эритема, түйінді эритема
- жедел гепатит, холестаз, шұғыл дамитын гепатит
- бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, амилаза деңгейінің жоғарылауы
- жедел энтероколит, қан аралас диарея, геморрагиялық колит, мелена, жалған жарғақшалы колит, ішектің бітелуі
- панцитопения, гранулоцитопения, лейкопения, тромбоцитопения, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, гемолиздік анемия
- жедел респираторлық жеткіліксіздік, демікпе ұстамасы, дәрі-дәрмектік пневмония, эозинофильді пневмония, идиопатиялық интерстициальді пневмония
- қызба
- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, нефропатия
- қан кетулердің пайда болуына бейімділік, қан ұюының бұзылуы, диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромы, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөліктерінен қан кету, пептидтік ойық жара
- естен тану
- аллергиялық васкулит
- цефдинир мен диклофенактың ықтимал өзара әрекеттесуі
- жүрек жеткіліксіздігі, кеуде қуысындағы ауыру, миокард инфарктісі
- гипертензия
- еріксіз қимыл-қозғалыстар
- рабдомиолиз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz