Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, < 1/10 дейін); сирек (≥ 1/1000, < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
- диарея
- бөртпе
- құсу
Жиі емес
- тері кандидозы
- іштің ауыруы
- лейкопения†
- қынаптық кандидоз, вагинит
- нәжістің бұзылуы, диспепсия
- гиперкинезия
- АСТ† деңгейінің жоғарылауы
- макулопапулезді бөртпе
- жүрек айнуы.
† Кейде зертханалық өзгерістер жағымсыз құбылыстар ретінде хабарланды.
Клиникалық зерттеулер жүргізу барысында цефдинирді қабылдаумен өзара байланысына қарамастан зертханалық көрсеткіштердің мынадай клиникалық маңызды өзгерістері байқалды:
Жиі: лимфоцитоз, лимфопения, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, бикарбонат деңгейінің төмендеуі*, эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы, лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, полиморфтық ядролық нейтрофилдер (ПМН) деңгейінің жоғарылауы, ПМН деңгейінің төмендеуі, несепте ақуызды анықтау.
Жиі емес: фосфор деңгейінің жоғарылауы, фосфор деңгейінің төмендеуі, несептегі рН деңгейінің жоғарылауы, лейкопения, лейкоцитоз, кальций деңгейінің төмендеуі*, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, несептегі лейкоциттердің жоғарылауы, моноцитоз, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, калий деңгейінің жоғарылауы*, несептің үлестік тығыздығының жоғарылауы, несептің үлестік тығыздығының төмендеуі, гематокриттің төмендеуі*.
Тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі
Тіркеуден кейінгі кең ауқымды қолдану кезінде цефдинирді қолданумен байланысына қарамастан, мынадай қолайсыз құбылыстар мен зертханалық талдау нәтижелерінің өзгерістері туралы хабарланды: шок, өліммен аяқталатын сирек жағдайлары бар анафилаксия, бет пен көмейдің ісінуі, тұншығу сезімі, сарысу құю ауруының түрі бойынша реакциялар, конъюнктивит, стоматит, Стивенс-Джонсон синдромы,уытты эпидермальді некролиз, эксфолиативті дерматит, көп формалы эритема, түйінді эритема, жедел гепатит, холестаз, шұғыл гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, амилаза деңгейінің жоғарылауы, жедел энтероколит, қан аралас диарея, геморрагиялық колит, мелена, жалған жарғақшалы колит, панцитопения, гранулоцитопения, лейкопения, тромбоцитопения, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, гемолитикалық анемия, жедел респираторлық жеткіліксіздік, демікпе ұстамасы, дәрі-дәрмектік пневмония, эозинофильді пневмония, идиопатиялық интерстициальді пневмония, қызба, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефропатия, қан кетулер туындауына бейімділік, қан ұюының бұзылуы, диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромы, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінен қан кету, пептидтік ойық жара, ішектің бітелуі, санадан айрылу, аллергиялық васкулит, цефдинир мен диклофенактың ықтималды өзара әрекеттесуі, жүрек жеткіліксіздігі, кеуде қуысының ауыруы, миокард инфарктісі, гипертензия, еріксіз қозғалыстар, рабдомиолиз.
Цефалоспориндер класы үшін қолайсыз құбылыстар
Жалпы цефалоспориндер класының антибиотиктеріне қатысты келесі жағымсыз құбылыстар мен зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі туралы хабарланды: аллергиялық реакциялар, анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема, уытты эпидермальді некролиз, бүйрек дисфункциясы, уытты нефропатия, бауыр дисфункциясы, соның ішінде холестаз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, қан кету, несептегі глюкозаны талдаудың жалған оң нәтижесі, нейтропения, панцитопения, агранулоцитоз. Жалған жарғақшалы колит симптомдары антибиотиктермен емдеу кезінде немесе одан кейін туындауы мүмкін.
Кейбір цефалоспориндерді қолдану құрысулардың дамуымен қатар жүрді, атап айтқанда, дозаны қайта есептемейтін бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде. Егер емдеу аясында құрысулар пайда болса, антибиотикті тоқтату керек. Клиникалық қажеттілік болған жағдайда құрысуға қарсы ем тағайындалуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz