Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Роксера Плюс препараты ішекте ХС және кейбір өсімдік стеролдарының сіңірілуін селективті түрде төмендететін, сонымен қатар ХС эндогендік синтезін басатын гиполипидемиялық препарат болып табылады.
Розувастатин/эзетимиб
ХС ішекте сіңу және эндогендік синтез нәтижесінде қан плазмасына түседі. Роксера Плюс препаратының құрамында эзетимиб пен розувастатин, әсер ету механизмі бойынша бірін-бірі толықтыратын екі гиполипидемиялық компонент бар. Розувастатин/эзетимиб біріктірілімі қан плазмасындағы жалпы холестериннің (ЖХС), ХС-ТТЛП, аполипопротеин В (Aпo B), ТГ және тығыздығы жоғары емес липопротеиндер холестеринінің (ХС-ТЖЛП емес; ЖХС концентрациясы мен ХС-ТТЛП концентрациясы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі) концентрациясын төмендетеді және қан плазмасындағы тығыздығы жоғары липопротеиндер холестеринінің (ХС-ТЖЛП) концентрациясын ХС сіңірілуін де, ХС синтезін де екі есе тежеу арқылы жоғарылатады.
Розувастатин
Розувастатин статиндер тобындағы гиполипидемиялық дәрі болып табылады. ГМГ-КоА-редуктазаның – ГМГ-КоА-ны мевалонатқа, ХС ізашарына айналдыратын ферменттің селективті бәсекелес тежегіші.
Розувастатин гепатоциттердің беткейіндегі ТТЛП рецепторларының мөлшерін арттырады, бұл ТТЛП қармалуының және катаболизмінің күшеюіне, тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) синтезінің тежелуіне әкеліп, ТТЛП және ТӨТЛП жалпы концентрациясын азайтады. ХС-ТТЛП, ХС-ТЖЛП-емес, ХС-ТӨТЛП, ЖХС, ТГ, ТГ-ТӨТЛП, Апо В концентрацияларын төмендетеді, ХС-ТТЛП/ХС-ТЖЛП, ЖХС/ХС-ТЖЛП, ХС-ТЖЛП-емес /ХС-ТЖЛП, Апо В/аполипопротеин A1 (Aпo A1) арақатынасын төмендетеді, ХС-ТЖЛП және Aпо A1 концентрацияларын жоғарылатады.
Емдік әсері ем басталғаннан кейін 1 аптаның ішінде пайда болады, 2 аптадан кейін ол ең жоғарғысының 90%-на жетеді, 4-ші аптада ол ең жоғарғысына жетеді және одан кейін тұрақты болып қалады.
2-кесте. Бастапқы гиперхолестеринемиясы (Фредриксон жіктемесі бойынша IIа және IIb типі) бар пациенттердегі дозаға тәуелді әсер (бастапқы мәнімен салыстырғандағы орташа түзетілген пайыздық өзгеріс)
Доза — Пациенттер саны — ХС-ТТЛП — Жалпы ХС — ХС-ТЖЛП — ТГ — ХС-ТЖЛП-емес — Апо В — Апо А1
Плацебо — 13 — -7 — -5 — 3 — -3 — -7 — -3 — 0
5 мг — 17 — -45 — -33 — 13 — -35 — -44 — -38 — 4
10 мг — 17 — -52 — -36 — 14 — -10 — -48 — -42 — 4
20 мг — 17 — -55 — -40 — 8 — -23 — -51 — -46 — 5
40 мг — 18 — -63 — -46 — 10 — -28 — -60 — -54 — 0
Розувастатин нәсілдік тегіне, жынысына, жасына қарамастан, гиперхолестеринемиясы бар (гипертриглицеридемиямен немесе онсыз) ересек пациенттерде, соның ішінде қант диабеті және отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде тиімді.
Фредриксон бойынша IIa және IIb типті гиперхолестеринемиямен ауыратын пациенттердің 80%-ында (XC-ТТЛП орташа бастапқы концентрациясы – шамамен 4,8% ммоль/л) препаратты 10 мг дозада қабылдау аясында ХС-ТТЛП концентрациясы 3 ммоль/л-ден аз мәндерге жетеді.
Розувастатинді 20-80 мг дозада алатын гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде липидтік бейін көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады (435 пациент қатысқан зерттеу). Тәуліктік 40 мг дозаға дейін титрлеуден кейін (12 апталық ем) ХС-ТТЛП концентрациясының 53%-ға төмендеуі байқалады. Пациенттердің 33% -да ХС-ТТЛП концентрациясы 3 ммоль / л-ден азға жетеді.
Розувастатинді 20 мг және 40 мг дозада қабылдайтын гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 42 пациенттегі ашық зерттеуде қарқындатылған титрлеу кезінде ХС-ТТЛП концентрациясының орташа төмендеуі 22% құрайды.
Эзетимиб
Эзетимиб ішекте ХС сіңуін тежейді және ішке қабылдаған кезде тиімді. Эзетимибтің әсер ету механизмі гиполипидемиялық дәрілердің басқа кластарының (мысалы, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер), өт қышқылы секвестранттары, фибраттар және өсімдік станолдары) әсер ету механизмінен ерекшеленеді. Эзетимибтің молекулалық нысанасы ХС мен фитостеролдардың ішекте сіңуіне жауапты тасымалдаушы ақуыз (Niemann-Pick Cl-Like 1, NPC1L1) болып табылады.
Эзетимиб аш ішектің жасушаларының түкті көмкермесінде шоғырланады және ХС сіңуіне кедергі жасап, ішектен бауырға ХС келіп түсуінің төмендеуіне әкеледі, соның салдарынан бауырдағы ХС қоры азаяды және ХС қаннан сіңуін артады, ал статиндер бауырда ХС синтезін тежейді. Бұл әртүрлі механизмдер бір-бірін толықтырып, қан плазмасындағы ХС концентрациясының төмендеуіне әкеледі.
Гиперхолестеринемиямен ауыратын 18 пациент қатысқан 2 апталық клиникалық зерттеуде эзетимиб плацебомен салыстырғанда аш ішекте ХС сіңірілуін 54%-ға төмендететіні көрсетілді.
ХС сіңуін тежеуге қатысты эзетимибтің селективтілігі бірқатар клиникаға дейінгі зерттеулерде анықталды. Эзетимиб 14С-холестериннің сіңуін тежеу қабілетін көрсетті және ТГ, май қышқылдарының, өт қышқылдарының, прогестеронның, этинилэстрадиолдың және майда еритін А және D дәрумендерінің сіңуіне әсер етпеді. Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері жүрек-қантамыр аурулары және өлім жағдайлары ЖХС мен ХС-ТТЛП концентрациясына тікелей байланысты әрі ХС-ТЖЛП концентрациясына кері байланысты екенін көрсетті.
Эзетимибті статиндермен біріктіріп қолдану анамнезінде ЖИА және жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін төмендету үшін тиімді.
Бақыланатын клиникалық зерттеулерде эзетимиб (монотерапияда немесе статинмен біріктірілімде) гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде ЖХС, ХС-ТТЛП, Aпo B және ТГ концентрацияларын айтарлықтай төмендетті және ХС-ТЖЛП концентрациясын жоғарылатты.
Сонымен қатар, эзетимиб майда еритін A, D және E дәрумендерінің плазмалық концентрацияларына, протромбиндік уақытқа әсер етпеді және гиполипидемиялық дәрілердің басқа түрлерінен айырмашылығы, бүйрек үсті бездерінің қыртысында стероидты гормондардың өндірілуін бұзған жоқ.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Розувастатин/эзетимиб
Статиндермен монотерапияның (оның ішінде розувастатинмен емдеудің) тиімділігі жеткілікті болмауы және емге эзетимибті қосудың пайдасы жоғары қауіп тобындағы 1385 пациентте розувастатиннің гиполипидемиялық тиімділігі жоғарылаған клиникалық зерттеуге негізделген.
Көп орталықты проспективті обсервациялық, интервенциялық емес ашық зерттеуде 1385 пациенттің 1077-сі жүрек-қантамырлық асқынулар дамуының қаупі өте жоғары санатта болды. Пациенттердің барлық популяциясында 3 айлық емдеу кезеңінде жалпы алғанда ЖХС концентрациясы 25,2%-ға, ХС-ТТЛП концентрациясы 35%-ға, ТГ концентрациясы 21%-ға төмендеді, ал ХС-ТЖЛП концентрациясы 5,1%-ға жоғарылады. Зерттеу аяқталған сәтте ХС-ТТЛП мақсатты көрсеткішіне (100 мг/дл) пациенттердің 58%-ы, ХС-ТЖЛП мақсатты көрсеткішіне (ерлер үшін 40 мг/дл, әйелдер үшін 50 мг/дл) – пациенттердің 67%-ы, ал ТГ мақсатты көрсеткішіне (150 мг/дл) пациенттердің 48%-ы қол жеткізді.
Қысқа мерзімді емдеу
Розувастатиннің эзетимибпен біріктірілімін тәулігіне 10 мг дозада қолдану ХС-ТТЛП концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуін қамтамасыз етті және пациенттердің басым бөлігіне мақсатты ХС-ТТЛП көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік берді.
Клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша эзетимиб розувастатинмен біріктірілімде тәулігіне 5 мг немесе 10 мг дозада қан плазмасындағы ХС-ТТЛП концентрациясын 21%-ға төмендетті. Ал розувастатиннің тәуліктік дозасын 10 мг немесе 20 мг дейін жоғарылату ХС-ТТЛП концентрациясын 5,7%-ға төмендетті. Розувастатинді тәулігіне 5 мг дозада эзетимибпен біріктіріп қолдану 10 мг розувастатинді қолдануға қарағанда ХС-ТТЛП концентрациясының айқынырақ төмендеуіне әкелді, ал розувастатинді тәулігіне 10 мг дозада эзетимибпен біріктіріп қолдану тәулігіне 20 мг дозада розувастатинмен монотерапияға қарағанда ХС-ТТЛП концентрациясының көбірек дәрежеде төмендеуіне әкелді.
Розувастатин дозасын жоғарылатумен салыстырғанда, эзетимибті қосу барлық пациенттерде ХС-ТТЛП концентрациясының < 70 немесе < 100 мг/дл және < 70 мг/дл жету жиілігінің статистикалық маңызды ұлғаюына әкелді, ЖХС, ХС-ТЖЛП-емес, Апо В сарысудағы концентрацияларының статистикалық тұрғыда маңыздырақ төмендеуіне әкелді, және липидтер алмасуының басқа көрсеткіштеріне қатысты ұқсас әсерлерге әкелді. Розувастатин дозасын екі есе арттырумен салыстырғанда, эзетимиб тәулігіне 10 мг дозада, 5 мг немесе 10 мг тәуліктік дозадағы розувастатинмен бірге липидтер алмасуының айқынырақ жақсаруын қамтамасыз етті.
Көп орталықты, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, параллель, белсенді бақыланатын зерттеу (LPS15021) бастапқы гиперхолестеринемиямен ауыратын және жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары немесе өте жоғары, липидті модификациялайтын қандай да бір басқа емдеусіз розувастатиннің 10 мг немесе 20 мг тұрақты тәуліктік дозасын немесе эквипотентті (тиімділігі бірдей болатын) статинді қабылдау арқылы тиісті түрде бақыланбайтын 452 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Салыстырмалы жасырын режимнің 6 апталық емдеу фазасында:
• Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары 208 пациент розувастатинді 10 мг дозада және эзетимибті 10 мг дозада бекітілген дозалар біріктірілімінде (БДБ) (Р10/Э10, n = 104) немесе розувастатинді 20 мг дозада (Р20, n = 104) қабылдау үшін рандомизацияланды;
• Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі өте жоғары 244 пациент розувастатинді 20 мг дозада және эзетимибті 10 мг дозада БДБ түрінде (Р20/Э10, n = 82) немесе розувастатинді 40 мг дозада және эзетимибті 10 мг дозада БДБ түрінде (Р40/Э10, n = 79), немесе розувастатинді 40 мг дозада (Р40, n = 83) қабылдау үшін рандомизацияланды.
Бастапқы соңғы нүкте модификацияланған ITT популяциясында бастапқы деңгейден 6-аптаға дейін есептелген ХС-ТТЛП деңгейінің пайыздық өзгерісі болды.
Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі өте жоғары пациенттер тобында ХС-ТТЛП орташа өзгерісі (ең кіші квадраттар) 6-аптаға дейінгі бастапқы деңгеймен салыстырғанда мынаны құрады: -34,28 % Р40/Э10 тобы үшін, -26,90 % P20/E10 тобы үшін және -14,62 % Р40 тобы үшін. Ең кіші квадраттардың орташа мәндерінің айырмасында Р40 салыстырғанда БДБ (Р40/Э10 или Р20/Э10) артықшылығы көрсетілді, сәйкесінше -19,66 % (р <0,001) және -12,28 % (р = 0,015).
Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары пациенттер тобында да 6-аптаға дейінгі бастапқы деңгеймен салыстырғанда ХС-ТТЛП деңгейінің көбірек төмендеуі БДБ үшін байқалды: ХС-ТТЛП орташа өзгерістері (ең кіші квадраттар) -27,02 % Р10/Э10 тобы үшін және -21,82 % Р20 тобы үшін болды.
P10/E10 тобында ХС-ТТЛП клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеуі байқалды, тіпті P20-мен салыстырғанда P10/E10 статистикалық артықшылығы көрсетілуі мүмкін болмауына қарамастан (ең кіші квадраттардың орташа айырмасы -5,20 %; р = 0,306).
P10/E10 тобында шығып кеткен бір қатысушының деректерін алып тастағаннан кейін емдеу топтары арасындағы ХС-ТТЛП пайыздық өзгерісінің айырмашылығы өте жоғары қауіп тобында статистикалық маңызды болды (ең кіші квадраттардың орташа мәндерінің айырмасы: P10/E10 және P20 салыстырғанда: -8,84%, p = 0,026).
Барлық үш дозаны қабылдаған пациенттерде зерттеу барысында алынған жалпы қауіпсіздік нәтижелері розувастатин мен эзетимибтің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес болды.
Ұзақ мерзімді әсерлері
ХС сіңірілуін және синтезін бір мезгілде тежеу ХС-ТТЛП концентрациясының тұрақты және айқын төмендеуін қамтамасыз етеді. Тәулігіне 10 мг дозадағы аторвастатинмен немесе тәулігіне 2,5 мг дозадағы розувастатинмен емдеуден кейін ХС-ТТЛП > 70 мг/дл болатын ЖИА бар пациенттер екі топқа бөлінді, олардың біреуі тәулігіне 10 мг дозада эзетимиб+статин біріктірілімімен (n = 78), екіншісі – статиндердің қос дозасымен (n = 72) 52 апта бойы емделді.
Эзетимиб пен статин біріктірілімімен ем қабылдаған топта ХС-ТТЛП концентрациясының неғұрлым айқын төмендеуі байқалды және 52 аптаға дейін сақталды, ал статиннің қос дозасымен ем қабылдаған топта ХС-ТТЛП концентрациясы 12 аптадан кейін қайтадан жоғарылады.