Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Барлық бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар сияқты, ауыр және кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған. Коунис синдромына (миокард инфарктісіне әкеп соғуы мүмкін жедел аллергиялық коронарлық артериоспазм) дейін өршіген жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар болды. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары туындаған жағдайда цефуроксиммен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті шұғыл шаралар қабылдау қажет. Емдеуді бастар алдында пациенттің анамнезінде цефуроксимге, басқа цефалоспориндерге немесе бета-лактамды препараттың кез келген басқа типіне аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары болған-болмағанын анықтау керек. Егер цефуроксим анамнезінде басқа бета-лактамды препараттарға ауыр емес аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге тағайындалса, сақтық шарасын қадағалау қажет.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARS)
Цефуроксиммен емдеуге байланысты,Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролизді (TEN) және өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталуы мүмкін эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияларды қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялар туралы хабарланған.
Препаратты тағайындау кезінде пациенттерді белгілер мен симптомдар туралы хабардар ету және тері реакцияларын мұқият бақылау қажет. Егер осы реакцияларды болжайтын белгілер мен симптомдар пайда болса, цефуроксимді дереу тоқтатып, балама емді қарастыру керек. Егер пациент цефуроксимді қолдану кезінде SJS, TEN немесе DRESS сияқты ауыр реакцияларды сезінсе, бұл пациент үшін цефуроксиммен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.
Күшті әсер ететін диуретиктермен немесе аминогликозидтермен қатарлас емдеу
Цефалоспоринді антибиотиктердің жоғары дозасын фуросемид немесе аминогликозидтер сияқты күшті диуретиктермен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Осы біріктірілімдерді қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары хабарланған. Егде жастағы және бұрыннан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек.
Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюі
Цефуроксимді қолдану Candida шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ қолдану сонымен қатар басқа сезімтал емес микроорганизмдердің (мысалы, энтерококктар және Clostridioides difficile) шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін, бұл емдеуді тоқтатуды талап етуі мүмкін
Цефуроксимді қолданғанда бактерияға қарсы дәрі-дәрмекпен байланысты жалған жарғақшалы колит байқалды және ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін өзгеруі мүмкін. Бұл диагнозды цефуроксимді ағымдағы немесе кейінгі енгізу кезінде диареясы бар пациенттерде ескеру керек. Цефуроксиммен емдеуді тоқтату және Clostridioides difficile үшін спецификалық емдеуді қарастыру керек. Перистальтиканы басатын дәрілік заттарды қолдануға болмайды.
Көз камерасымен енгізу және көру қабілетінің бұзылуы
Роксим көз камерасы ішіне инъекцияға арналмаған. Вена ішіне/бұлшықет ішіне енгізуге рұқсат етілген, құтылардан алынып жасалған бекітілмеген цефуроксим натрийін камера ішіне қолданудан кейін көз тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары мен топтары туралы хабарланды. Бұл реакцияларға макулярлы ісіну, торқабықтың ісінуі, көздің тор қабығының ажырауы, тор қабығының уытты зақымдануы, көру қабілетінің нашарлауы, көру жітілігінің төмендеуі, бұлыңғыр көру, мөлдір қабықтың бұлыңғырлығы және мөлдір қабықтың ісінуі жатады.
Құрсақішілік инфекциялар
Өзінің әсер ету ауқымына орай, цефуроксим ферменттелмейтін грам-теріс бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеуге жарамайды.
Диагностикалық сынақтарға әсері
Цефуроксимді қолданумен байланысты Кумбс сынамасының оң нәтижесі қан үйлесімдігіне жасалған айқаспалы сынамаға кедергі келтіруі мүмкін. Мысты қалпына келтіру әдістеріне (Бенедикт сынамасы, Фелинг реактиві, Клинитест) болымсыз әсерін байқауға болады. Алайда, бұл оның кейбір басқа цефалоспориндермен болуы мүмкін екені сияқты жалған оң нәтижелерге әкелмеуі тиіс.
Феррицианидті тест жалған теріс нәтиже беруі мүмкін болғандықтан, натрий цефуроксимін қабылдап жүрген пациенттерде қандағы/плазмадағы глюкоза деңгейлерін анықтау үшін глюкозооксидаза немесе гексокиназа әдістерін пайдалану ұсынылады.
Натрий туралы маңызды ақпарат:
Бұл дәрілік зат құрамында құтысына 42 мг натрий бар, ол 2 г мөлшеріне тең ересек адам үшін ДДҰ ұсынған натрийдің ең жоғары тәуліктік дозасының 2,1%-на баламалы.
Арнайы ескертулер
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Барлық бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар сияқты, ауыр және кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған. Коунис синдромына (миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін жедел аллергиялық коронарлық артериоспазм) дейін өршитін аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар бар. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр көріністері дамыған жағдайда цефуроксиммен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті шұғыл шараларды дереу қабылдау керек. Емдеуді бастар алдында пациенттің анамнезінде цефуроксимге, басқа цефалоспориндерге немесе бета-лактамды препараттардың кез келген басқа түріне ауыр жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын анықтау керек. Анамнезінде басқа бета-лактамдық препараттарға жеңіл жоғары сезімталдығы бар пациенттерге цефуроксимді тағайындағанда сақтық танытқан жөн.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARS)
Цефуроксиммен емдеуге байланысты,Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролизді (TEN) және өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталуы мүмкін эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияларды қоса, терінің күрделі жағымсыз реакциялар туралы хабарланған.
.
Пациенттерге препаратты тағайындау кезінде белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету және тері реакцияларын мұқият бақылау қажет. Егер осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, цефуроксимді дереу тоқтатып, балама емді қарастыру керек. Егер пациентте цефуроксимді қолдану кезінде SJS, TEN немесе DRESS сияқты ауыр реакциялар дамыса, бұл пациентке цефуроксиммен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.
Күшті әсер ететін диуретиктермен немесе аминогликозидтермен қатар емдеу
Цефалоспориндік антибиотиктердің жоғары дозасын фуросемид немесе аминогликозидтер сияқты күшті диуретиктермен қатар ем қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Осы біріктірілімдерді қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары хабарланған. Егде жастағы және бұрыннан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек.
Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюі
Цефуроксимді қолдану Candida шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ қолдану сонымен қатар басқа сезімтал емес микроорганизмдердің (мысалы, энтерококктар және Clostridioides difficile) шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін, бұл емдеуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін.
Цефуроксимді қолданғанда бактерияға қарсы препараттармен байланысты жалған жарғақшалы колит байқалды және оның ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін өзгеруі мүмкін. Бұл диагнозды цефуроксимді ағымдағы немесе кейінгі тағайындау кезінде диареясы болған пациенттерде ескеру қажет. Цефуроксиммен емдеуді тоқтату және Clostridioides difficile үшін спецификалық емдеуді қарастыру керек. Перистальтиканы басатын дәрілік заттарды қолдануға болмайды.
Көз камерасына енгізу және көру қабілетінің бұзылуы
Роксим көз камерасына енгізуге арналмаған. Вена ішіне/бұлшықет ішіне енгізуге рұқсат етілген, құтылардан алынып жасалған бекітілмеген цефуроксим натрийін камера ішіне қолданудан кейін көз тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары мен топтары туралы хабарланды. Бұл реакцияларға макулярлы ісіну, торқабықтың ісінуі, көздің тор қабығының ажырауы, тор қабығының уытты зақымдануы, көру қабілетінің нашарлауы, көру жітілігінің төмендеуі, бұлыңғыр көру, мүйізді қабықтың бұлыңғырлығы және мүйізді қабықтың ісінуі жатады.
Құрсақішілік инфекциялар
Өзінің әсер ету ауқымына орай, цефуроксим ферменттелмейтін грам-теріс бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеуге жарамайды.
Диагностикалық сынақтарға әсері
Цефуроксимді қолданумен байланысты Кумбс сынағының оң нәтижесі кросс-сәйкестендіруге кедергі келтіруі мүмкін.
Цефуроксимді қолданумен байланысты Кумбс сынамасының оң нәтижесі қан үйлесімдігіне жасалған айқаспалы сынамаға кедергі келтіруі мүмкін. Мысты қалпына келтіру әдістеріне (Бенедикт сынамасы, Фелинг реактиві, Клинитест) болымсыз әсерін байқауға болады. Алайда, бұл оның кейбір басқа цефалоспориндермен болуы мүмкін екені сияқты жалған оң нәтижелерге әкелмеуі тиіс.
Феррицианидті тест жалған теріс нәтиже беруі мүмкін болғандықтан, натрий цефуроксимін қабылдап жүрген пациенттерде қандағы/плазмадағы глюкоза деңгейлерін анықтау үшін глюкозооксидаза немесе гексокиназа әдістерін пайдалану ұсынылады.
Натрий туралы маңызды ақпарат:
Бұл дәрілік зат құрамында құтысына 42 мг натрий бар, ол 2 г мөлшеріне тең ересек адам үшін ДДҰ ұсынған натрийдің ең жоғары тәуліктік дозасының 2,1%-на баламалы.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цефуроксимнің автомобильді басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, белгілі жағымсыз реакцияларға сүйене отырып, цефуроксимнің автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ықтималдығы аз.