ATХ коды: М03АС09.
Әсер ету механизмі
Рокуроний бромиді – дәрілік препараттардың осы класына (кураре тәріздес) тән барлық фармакологиялық қасиеттері бар әсер ету ұзақтығы орташа тез әсер ететін, деполяризацияланбаған миорелаксант. Ол қимыл-қозғалыс жүйкесінің соңғы пластинкасында никотиндік холинорецепторлар үшін бәсекелесе отырып әсер етеді. Осы әсер етудің антагонистері ацетилхолинэстераза тежегіштері, мысалы, неостигмин, эдрофоний және пиридостигмин болып табылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Вена ішіне анестезия кезіндегі ED90 (шынтақ жүйкесінің стимуляциясында үлкен саусақ бұлшықетінің жиырылу қабілетінінің 90%-ға басылуы үшін қажетті доза) рокуроний бромидінің шамамен 0,3 мг/кгқұрайды. ED95 сәбилерде, ересектер мен балаларға қарағанда төмен (сәйкесінше, 0,25, 0,35 және 0,40 мг/кг). Рокуроний бромидінің 0,6 мг/кг дозасында әсер етуінің клиникалық ұзақтығы (бұлшықеттердің жиырылу қабілетінің бақылау деңгейінің 25%-на дейін өздігінен қалпына келуіне дейінгі әсер ету ұзақтығы) 3040 минутты құрайды. Әсер етуінің жалпы ұзақтығы (бұлшықеттің жиырылу қабілетінің бақылау деңгейінің 90%-на дейін өздігінен қалпына келу уақыты) 50 минутты құрайды. Рокуроний бромидінің болюсті 0,6 мг/кг дозасынан кейін бұлшықеттің жиырылу қабілетінің 25-тен 75%-ға дейін өздігінен қалпына келуінің (қалпына келу индексі) орташа уақыты 14 минутты құрайды. Рокуроний бромидінің көбірек төмен 0,30,45 мг/кг дозаларында (11½ x ED90) әсер етуі баяуырақ басталады, ал әсер ету ұзақтығы қысқа. Жоғары 2 мг/кг дозаларда әсер етуінің клиникалық ұзақтығы 110 минутты құрайды.
Әдеттегі анестезия кезіндегі интубация
Вена ішіне рокуроний бромидінің 0,6 мг/кг дозасын (2 х ED90 вена ішіне наркозбен) енгізуден кейін 60 секунд ішінде барлық пациенттерде дерлік интубацияның адекватты жағдайларына қол жеткізіледі, ал олардың 80%-да интубация жағдайларына өте жақсы ретінде баға беріледі. Кез келген процедура үшін адекватты бұлшықеттің жалпы салдануына 2 минут ішінде жетеді. Рокуроний бромидінің 0,45 мг/кг дозасын енгізуден кейін интубация үшін жағымды жағдайлар 90 секундтан соң басталады.
Тез бірізді индукция
Анестезияның тез бірізді индукциясы кезінде пропофолдың немесе фентанилдің/тиопенталдың әсер етуімен интубация үшін адекватты жағдайларға рокуроний бромидін 1,0 мг/кг дозада енгізуден кейін пациенттердің, сәйкесінше, 93%-да және 96%-да 60 секунд ішінде жетеді. Олардан пациенттердің 70%-да мұндай жағдайлар өте жақсы деп баға беріледі. Осы дозада әсер етуінің клиникалық ұзақтығы 1 сағатқа жуық болады, осы уақыттан кейін жүйке-бұлшықет блокадасы қауіпсіз түрде реверсиялануы мүмкін. Рокуроний бромидінің 0,6 мг/кг дозасын енгізуден кейін интубация үшін адекватты жағдайларға пропофолмен немесе фентанилмен/тиопенталмен тез бірізді индукция техникасын пайдаланғанда пациенттердің, сәйкесінше, 81%-да және 75%-да 60 секунд ішінде жетеді.
Рокуроний бромидінің 0,1 мг/кг-ден асатын дозалары интубация үшін жағдайларды елеулі жақсартпайды, алайда әсер ету ұзақтығы артады. 4 х ED90 артық дозалар зерттелген жоқ.
Балалар
Сәбилерде, ерте жастағы балаларда және балаларда интубациялық 0,6 мг/кг дозада әсерінің басталуының орташа уақыты, ересектерге қарағанда, аздап қысқа. Педиатриялық жас топтарындағы салыстыру жаңа туған нәрестелерде және жасөспірімдерде әсер ете бастауының орташа уақыты, сәбилерге, ерте жастағы балаларға және балаларға (сәйкесінше, 0,4, 0,6 және 0,8 мин) қарағанда, аздап ұзағырақ (1,0 мин) болатындығын көрсетті. Балаларда бұлшықет босаңсуының ұзақтығы және қалпына келу уақыты, сәбилермен және ересектермен салыстырғанда, әдеттегідей, қысқа. Педиатриялық жас топтарындағы салыстыру жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде Т3 пайда болғанға дейінгі орташа уақыт, ерте жастағы балалармен, балалармен және жасөспірімдермен (сәйкесінше, 45,4, 37,6 және 42,9 мин) салыстырғанда, артық болды (сәйкесінше, 56,7 және 60,7 мин).
2-кесте.РР (педиатриялық пациенттер) тобында севофлуранмен/азоттың шалатотығымен және изофлуранмен/азоттың шала тотығымен (демеуші) анестезия кезінде рокуронийдің бастапқы 0,6 мг/кг интубациялық дозасынан кейін әсер етуі басталғанға дейінгі орташа (SD) уақыты және әсер етуінің клиникалық ұзақтығы
Ең жоғары блок уақыты **(мин) — Т3 пайда болғанға дейінгі уақыт**(мин)
Жаңа туған нәрестелер (0-27 күндік) n=10 — 0,98 (0,62) — 56,69 (37,04) n=9
Сәбилер (28 күндік - 2 айлық) n=11 — 0,44 (0,19) n=10 — 60,71 (16,52)
Ерте жастағы балалар (3 айлық - 23 айлық) n=28 — 0,59 (0,27) — 45,46 (12,94) n=27
Балалар (2 - 11 жас) n=34 — 0,84 (0,29) — 37,58 (11,82)
Жасөспірімдер (12 - 17 жас) n=31 — 0,98 (0,38) — 42,90 (15,83) n=30
*Рокуроний дозасы 5 секунд ішінде енгізіледі
**Рокуронийдің интубациялық дозасын енгізудің соңынан бастап есептелген.
Егде жастағы пациенттер, бауыр және/немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер, өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттер
Вена ішіне анестезияда демеуші 0,15 мг/кг дозада рокуроний бромидінің әсер ету ұзақтығы энфлуранмен және изофлуранмен анестезияны қолданған егде жастағы пациенттерде және бауыр және/немесе бүйрек аурулары бар пациенттерде, бөліп шығару ағзалары бұзылмаған пациенттерге (шамамен 13 минут) қарағанда, біршама көбірек (шамамен 20 минут) болуы мүмкін (4.2 қосымша бөлімін қараңыз). Ұсынылған деңгейде демеуші дозаларды қайталап енгізген кезде жиынтық әсері (әсер ету ұзақтығының үдеп артуы) байқалған жоқ.
Қарқынды емдеу бөлімдерінде қолдану
Қарқынды емдеу бөлімдерінде үздіксіз инфузиядан кейін 0,7-ге арақатынасында төрт разрядты стимуляциядан (train of four – TOF) соң бұлшықеттің жиырылу қабілетінің қалпына келу уақыты инфузия соңындағы блокада деңгейлеріне байланысты. 20 сағат бойы немесе одан көбірек үздіксіз инфузиядан кейін төрт разрядты стимуляцияға жауапқа Т2 оралуы мен TOF 0,7-ге арақатынасының бірізді қалпына келуі арасындағы орташа уақыт (ауқым) полиағзалық жеткіліксіздігі жоқ пациенттерде шамамен 1,5 (15) сағатты және полиағзалық жеткіліксіздігі бар пациенттерде 4 (125) сағатты құрайды.
Жүрек-қантамырлық хирургия
Жүрек-қантамырлық хирургиялық операция жүргізу жоспарланған пациенттерде 0,60,9 мг/кг рокуроний бромидін енгізуден кейін ең жоғары блокаданың дамуы кезінде байқалған өте көбірек таралған жүрек-қантамырлық өзгерулер, бақылау мәндерімен салыстырғанда, жүректің жиырылу жиілігінің аздаған және клиникалық маңызды (9%-ға дейін) артуы және орташа артериялық қысымның (16%-ға дейін) жоғарылауы болып табылады.
Бұлшықет релаксациясының реверсирленуі
Т2 қайтадан пайда болғанда немесе клиникалық қалпына келудің алғашқы белгілерінде ацетилхолинэстераза тежегіштерін (неостигминді, пиридостигминді немесе эдрофонийді) енгізу рокуроний бромидінің әсер етуіне кедергі жасайды.