Әсер ету механизмі
Розувастатин 3-гидрокси-3-метилглутарилкоэнзим А-ны холестериннің ізашары – мевалонатқа айналдыратын фермент – ГМГ-КоА редуктазаның cелективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің негізгі әсер ету нысанасы - бауыр, мұнда холестерин (ХС) синтезі жүзеге асады. Розувастатин бауыр жасушаларының бетіндегі ТТЛП-рецепторлардың санын арттыра отырып, тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) қармауын және катаболизмін жақсартады, сондай-ақ ол ТТЛП синтезін тежейді, осылайша ТТЛП мен ТӨТЛП жалпы санын қысқартады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Розутор 10 ТТЛП-холестериннің (ТТЛП-ХС), жалпы холестериннің, триглицеридтердің (ТГ) жоғары мөлшерін азайтады, тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині (ТЖЛП-ХС) мөлшерін ұлғайтады, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес-ХС, ТӨТЛП-ХС, ТӨТЛП-ТГ мөлшерін төмендетеді және аполипопротеин А-І (АпоА-І) деңгейін арттырады, ТТЛП-ХС/ТЖЛП-ХС, жалпы ХС/ТЖЛП-ХС және ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС арақатынасын және АпoВ/АпoA-І арақатынасын төмендетеді.
3-кесте. Бастапқы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде дозаға тәуелділік (IIa және IIb түрі) (бастапқы деңгейден түзетілген орташа пайыздық өзгеріс)
Доза — Саны — ТТЛП-ХС — Жалпы холестерин — ТЖЛП-ХС — Тригли-церид — ТЖЛП емес-ХС , — АпоB — АпоA-I
Плацебо — 13 — –7 — –5 — 3 — –3 — –7 — –3 — 0
5 — 17 — –45 — –33 — 13 — –35 — –44 — –38 — 4
10 — 17 — –52 — –36 — 14 — –10 — –48 — –42 — 4
20 — 17 — –55 — –40 — 8 — –23 — –51 — –46 — 5
40 — 18 — –63 — –46 — 10 — –28 — –60 — –54 — 0
Емдік әсері розувастатинмен емдеу басталғаннан кейін бір апта ішінде білінеді, 2 апта емдегеннен кейін 90% ең жоғары әсер ету мүмкіндігіне жетеді. Ең жоғары емдік әсеріне әдетте 4-ші аптада жетеді және ұдайы қабылдау кезінде сақталып тұрады.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Розувастатин нәсіліне, жынысына немесе жасына байланыссыз гипертриглицеридемиямен немесе онсыз гиперхолестеринемиясы бар ересек пациенттерде және пациенттердің ерекше топтары үшін, мысалы, қант диабеті бар пациенттер немесе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде тиімді.
Зерттеудің III кезеңінің біріктірілген деректеріне сәйкес, розувастатин IIA және IIB типті гиперхолестеринемиямен ауыратын пациенттердің көпшілігін емдеуде тиімділігін көрсетті (орташа бастапқы ТТЛП-ХС шамамен 4,8 ммоль/л) олар Еуропадағы атеросклерозды зерттеу қоғамының (EAS; 1998) мақсатты нұсқаулары болып табылады. Препаратпен 10 мг дозада ем алған пациенттердің шамамен 80%-ы ТТЛП-ХС (< 3 ммоль/л) деңгейлері үшін EAS мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізді.
435 пациенттің қатысуымен өткен ірі зерттеуде гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттер күшейтілген титрлеу режимінде 20-дан 80 мг-ға дейінгі дозада розувастатин қабылдады. Барлық дозалар нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін липид параметрлеріне және емдеуге оң әсерін көрсетті. Титрлеуден кейін 40 мг (емдеудің 12 аптасы) күнделікті дозаланғанға дейін ТТЛП-ХС деңгейі 53% төмендеді. Пациенттердің 33 %-ы ТТЛП-ХС (< 3 ммоль/л) деңгейі үшін EAS басшылығымен регламенттелетін көрсеткіштерге қол жеткізді.
Күшейтілген титрлеу арқылы ашық зерттеу шеңберінде гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен зардап шегетін 42 пациентте (бала жасындағы 8 пациентті қоса) 20-дан 40 мг-ға дейінгі дозадағы розувастатинге жауапты бағалау жүргізілді. Жалпы популяцияда ТТЛП-ХС деңгейінің орташа төмендеуі 22 % құрады.
Пациенттердің саны шектеулі клиникалық зерттеулер барысында розувастатин фенофибратпен бірге пайдаланған кезде триглицеридтер деңгейі төмендегенде және ТЖЛП-ХС деңгейлері ниацинмен бірге жоғарылаған кезде қосымша тиімділіктің болуын көрсетті.
Көп орталықты салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде (METEOR) жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі төмен (10 жыл бойы < 10% Қауіпті бағалау Фрамингем шкаласы бойынша анықталады), ТТЛП-ХС орташа деңгейі 4,0 ммоль/л (154,5 мг/дл), бірақ субклиникалық атеросклерозға (интим-медиалды қабатының қалыңдығы бойынша анықталатын) шалдыққан, 45 жастан 70 жасқа дейінгі 984 пациент розувастатинді күніне бір рет 40 мг дейінгі дозада қолданатын топқа және 2 жыл бойы плацебо қабылдайтын топқа рандомизацияланған.
Плацебомен салыстырғанда розувастатин ұйқы артериясының 12 аймағының интим-медиа кешенінің максималды қалыңдығының үдеу жылдамдығын жылына 0,0145 мм (СА 95% - 0,0196, – 0,0093; Р < 0,0001) айтарлықтай баяулатты. Бастапқы деңгеймен салыстырғанда өзгеріс плацебо тобында жылына 0,0014 мм (– 0,12 %/жыл, бұл айтарлықтай болып саналмайды) розувастатин тобында жылына + 0,0131 мм үдеумен салыстырғанда (1,12 %/жыл (p < 0,0001) құрады. Қазіргі уақытта интим-медиа кешені қалыңдығының азаюы мен жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупінің төмендеуі арасында тікелей корреляция анықталған жоқ. METEOR зерттеу аясында зерттелетін популяция жүректің ишемиялық ауруы қаупі төмен аймақта орналасқан және 40 мг дозада розувастатинмен емдеуге арналған нысаналы популяция болып табылмайды. 40 мг доза жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары, ауыр гиперхолестеринемиясы бар пациенттерге ғана тағайындалуы тиіс.
Алғашқы алдын алу үшін статиндерді пайдалану негіздемесі ретінде розувастатинді бағалауды интервенциялық зерттеу (JUPITER) шеңберінде 17802 ер адамдар (≥50 жас) мен әйелдерде (≥60 жас) атеросклероз аясында жүрек-қантамыр ауруларының негізгі құбылыстарының туындауына розувастатиннің әсеріне бағалау жүргізілді. Зерттеуге қатысушылар кездейсоқ тәртіппен плацебо қабылдау тобына (n = 8901) және розувастатинді күніне бір рет 20 мг дозада (n = 8901) қолданатын топқа бөлінді және пациенттердің осы топтарын бақылау орта есеппен 2 жыл бойы жүргізілді. Плацебо қабылдау тобымен салыстырғанда розувастатинді қолданған топта ТТЛП холестеринінің концентрациясы 45% (p < 0,001) төмендеді.
Қаупі жоғары және Фрэмингем бойынша қауіптің базалық көрсеткіші >20% (1558 субъект) бар пациенттердің тобының ретроспективті талдауында плацебомен салыстырғанда розувастатинмен емдеу кезінде жүрек-қантамыр ауруларынан, инсульттен және миокард инфарктісінен (р=0,028) болатын өлімнің біріктірілген соңғы нүктесіне қол жеткізудің едәуір төмендегені байқалды. 1000 пациентке шаққандағы жағдайлар жиілігіне қауіптің абсолюттік төмендеуі 8,8-ді құрады. Жалпы өлім жағдайы осы жоғары қауіп тобында өзгеріссіз қалды (p=0,193). Жоғары қаупі бар (барлығы 9302 пациент) және SCORE шкаласы бойынша (10 жыл ішінде өлімге әкеп соғатын жүрек-қантамыр ауруының қаупін бағалау үшін әзірленген шкала) ≥5% (65 жастан асқан субъектілерді қосу үшін кеңейтілген) пациенттер тобын ретроспективті талдауда плацебомен салыстырғанда розувастатинмен емдеу кезінде жүрек-қантамыр ауруларынан, инсульттан және миокард инфарктісінен (р=0,0003) болатын біріктірілген соңғы өлім нүктесінің едәуір төмендеуі байқалды. 1000 пациентке шаққандағы жағдайлар жиілігіне қауіптің абсолюттік төмендеуі 5,1-ді құрады. Жалпы өлім жағдайы осы жоғары қауіп тобында өзгеріссіз қалды (p=0,076).
JUPITER зерттеуі шеңберінде розувастатин қабылдау тобынан субъектілердің 6,6%-ы және плацебо қабылдау тобынан субъектілердің 6,2%-ы жағымсыз реакциялардың дамуына байланысты емді тоқтатты. Емді тоқтатуға әкелген, анағұрлым көп таралған қолайсыз құбылыстар: миалгия (розувастатин тобында 0,3%, плацебо тобында 0,2%), іштің ауыруы (розувастатин тобында 0,03%, плацебо тобында 0,02%) және бөртпе (розувастатин тобында 0,02%, плацебо тобында 0,03%) болды. Плацебодан асатын немесе тең мөлшерде анағұрлым көп таралған қолайсыз құбылыстар: несеп шығару жолдарының инфекциялары (розувастатин тобында 8,7%, плацебо тобында 8,6%), ринофарингит (розувастатин тобында 7,6%, плацебо тобында 7,2%), арқаның ауыруы (розувастатин тобында 7,6%, плацебо тобында 6,9%) және миалгия (розувастатин тобында 7,6%, плацебо тобында 6,6%) болды.
Балалар
Салыстырмалы жасырын рандомизацияланған көп орталықты плацебо-бақыланатын 12 апталық зерттеуде (n=176, 97 ер жынысты және 79 әйел жынысты), кейіннен розувастатинді титрлеудің 40 апталық (n=173, 96 ер жынысты және 77 әйел жынысты) фазасымен, гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 10-нан 17 жасқа дейінгі пациенттер (ІІ–V Таннер шкаласы, әйел жынысты, бірінші етеккір басталғаннан кейін кемінде 1 жыл) розувастатинді күнделікті 12 апта бойы 5, 10 немесе 20 мг дозаларында немесе плацебо алды, содан кейін барлығы розувастатинді күн сайын 40 апта бойы қабылдады. Зерттеуге енгізілген мезетте пациенттердің шамамен 30%-ы 10-дан 13 жасқа дейін және шамамен 17, 18, 40 және 25%-ы II, III, IV және V Таннер шкаласына сәйкес келді.
Плацебо алу кезіндегі 0,7 %-бен салыстырғанда розувастатинді 5, 10 және 20 мг дозада қабылдаған кезде ТТЛП-ХС деңгейлері тиісінше 38,3, 44,6 және 50,0 % төмендеді.
40-апталық ашық титрлеу аяқталғаннан кейін күніне бір рет 20 мг ең жоғары дозаға қол жеткізу үшін 173 пациенттің 70-і (40,5 %) ТТЛП-ХС 2,8 ммоль/л-ден кем деңгейіне жетті. Зерттелетін препаратты 52 апта қабылдаған соң өсуге, салмаққа, дененің салмақ индексіне және жыныстық жетілуге ешқандай әсері анықталмады. Бұл зерттеу (n = 176) сирек жағымсыз реакцияларды салыстыру үшін сай болмады.
Розувастатинді зерттеу 6 жастан 17 жасқа дейінгі (88 ер жынысты және 110 әйел жынысты пациент, Таннер бойынша кезең < II-V) гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 198 баланың қатысуымен нысаналы көрсеткіштерді іріктеуге дейін 2 жылдық ашық титрлеуді зерттеу шеңберінде жүргізілді. Барлық пациенттер үшін розувастатиннің бастапқы дозасы 5 мг құрады. 6 жастан 9 жасқа дейінгі (n=64) пациенттер розувастатинді күніне бір рет 10 мг ең жоғары дозаға дейін және 10 жастан 17 жасқа дейінгі (n=134) пациенттер күніне бір рет 20 мг ең жоғары дозаға дейін ала алады.
Розувастатинмен 24 айдан кейін ТТЛП-ХС концентрациясы төмендеуінің орташа пайыздық мәні (ең аз квадраттар әдісімен (ЕАКӘ) алынған) бастапқы мәнмен салыстырғанда 43% құрады (бастапқы деңгей: 236 мг/дл, 24-ші ай: 133 мг/дл). 6-дан 10 жасқа дейінгі, 10-нан 14 жасқа дейінгі және тиісінше 14-тен 18 жасқа дейінгі жас топтарында әрбір жас тобы үшін бастапқы мәнмен салыстырғанда ТТЛП-ХС-концентрациясы төмендеуінің орташа пайыздық мәні (ЕАКӘ кезінде алынған) 43% (бастапқы деңгей: 234 мг/дл, 24-ші ай: 124 мг/дл), – 45% (бастапқы деңгей: 234 мг/дл, 24-ші ай: 124 мг/дл) және – 35% (бастапқы деңгей: 241 мг/дл, 24-ші ай: 153 мг/дл) құрады.
Розувастатин 5, 10 және 20 мг дозада келесі қайталама липидті және липопротеинді айнымалылар үшін бастапқы деңгейден статистикалық мәнді орташа өзгерістерге қол жеткізді: ТЖЛП-ХС, жалпы холестерин/ТЖЛП емес-ХС, ТТЛП-ХС/ТТЛП-ХС, жалпы холестерин/ТЖЛП-ХС, жалпы триглицерид/ТЖЛП-ХС, ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС, АпоВ, АпоB/Апо-I. Бұл өзгерістер липидтік реакцияларды жақсартуға бағытталған және 2 жыл бойы сақталған.
Зерттелетін препаратты 24 ай бойы қабылдаған соң өсуге, салмаққа, дененің салмақ индексіне және жыныстық жетілуге әсері анықталмады.
Рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты айқаспалы плацебо-бақыланатын зерттеу шеңберінде гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен ауыратын, 14 балалар мен жасөспірімдердің (6 жастан 17 жасқа дейін) қатысуымен плацебомен салыстырғанда күніне бір рет 20 мг дозада розувастатинді сынау жүргізілді. Зерттеу 4-апталық диетаның белсенді кіріспе фазасын, оның барысында пациенттер розувастатинді 10 мг дозада алды, плацебо қабылдаудың алдындағы немесе кейінгі 6 апталық кезеңімен 20 мг дозада розувастатинмен емдеудің 6 апталық кезеңінен тұратын айқаспалы фазаны, барлық пациенттер розувастатинді 20 мг-дан алған 12 апталық демеуші кезеңін қамтыды. Эзетимибпен немесе аферезбен емдеу бойынша зерттеулерге енгізілген пациенттер зерттеу бойына розувастатинді зерттеуге қатысуын жалғастырды.
Статистикалық мәнді (р=0,005) ТТЛП-ХС (22,3%, 85,4 мг/дл немесе 2,2 ммоль/л) деңгейінің төмендеуі плацебомен салыстырғанда 20 мг дозада розувастатинмен 6 апталық емдеуден кейін байқалды. Сондай-ақ, жалпы холестерин деңгейінің (20,1%, p=0,003), ТЖЛП емес-ХС (22,9%, p=0,003) және АпоВ (17,1%, p=0,024) статистикалық мәнді төмендеуі байқалды.
Плацебомен салыстырғанда 20 мг розувастатин дозасымен 6 апталық емдеуден кейін тетраглицидтердің, ТТЛП-ХС/ТЖЛП-ХС, жалпы холестерин/ТЖЛП-ХС, ТЖЛП емес-ХС/ТЖЛП-ХС және АпоB/АпоA-I деңгейінің төмендеуі байқалды. 20 мг розувастатин дозасымен 6 апталық емдеуден кейін және плацебомен 6 апталық емдеуден кейін ТТЛП-ХС деңгейінің төмендеуі үздіксіз емнің 12 аптасына бойы сақталған. Бір пациентте дозаны арттырғаннан кейін 40 мг дозада 6 апталық емдеуден кейін ТТЛП-ХС (8,0 %), жалпы холестерин (6,7%) және ТЖЛП емес-ХС (7,4%) деңгейлерінің одан әрі төмендеуі байқалды.
Кеңейтілген ашық емдеу барысында 20 мг розувастатинмен 90 аптаға дейін ем қабылдаған осы пациенттердің 9-да х-ТТЛП деңгейінің төмендеуі -12,1-ден -21,3% дейінгі ауқымда сақталған.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен ауыратын, күшейтілген титрлеумен ашық зерттеудегі бағаланатын 7 балалар мен жасөспірімдерде (8 жастан 17 жасқа дейін) 20 мг розувастатинмен 6 апталық емдеуден кейін бастапқы деңгейден ТТЛП-ХС (21,0%), жалпы холестерин (19,2%) және ТЖЛП емес-ХС (21,0%) деңгейінің төмендеу пайызы гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде жоғарыда аталған зерттеудегі бақыланатын деңгейге сәйкес келді.
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияны, алғашқы аралас (біріккен) дислипидемияны емдеуде және жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы кезінде балалар жасындағы пациенттердің барлық топтарында розувастатинмен жүргізілген зерттеулер нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты.