Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Роноцит
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Бассүйек-ми жарақаты мен оның неврологиялық салдарында
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 261.258 мг және 522.516 мг натрий цитиколині (250.000 мг және 500.000 мг цитиколинге баламалы),
қосымша заттар: тальк, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
қабықтың құрамы: Опадри® II ақ 85F18422 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, тальк), тазартылған су1.
1 - дайын өнімде жоқ
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (250 және 500 мг дозалармен).
• бассүйек-ми жарақаты мен оның неврологиялық салдарында
• мидағы тамырлық бұзылулар мен дегенеративті процестерге байланысты когнитивті және мінез-құлық бұзылыстарында
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін стимуляциялайды, бұл магниттік-резонанстық спектроскопияны қолдану арқылы зерттеулерде расталған. Осы әсердің арқасында цитиколин иондық сорғылар мен рецепторлар сияқты жарғақшалық құрылымдардың жұмысын жақсартады, олардың қатысуынсыз жүйке импульстарының қалыпты жүруі мүмкін емес.
Жарғақша тұрақтандырғыш әсердің арқасында цитиколин ісікке қарсы қасиеттерді көрсетеді және мидың ісінуін азайтады.
Эксперименттік зерттеулер цитиколин кейбір фосфолипазалардың (A 1, A 2, C және D) белсенділігін тежейді, осылайша бос радикалдардың пайда болуын азайтады, жарғақшалардың бұзылуына жол бермейді және глутатионның антиоксиданттық әлеуетін сақтайды.
Цитиколин жүйке жасушаларының энергетикалық резервін қамтамасыз етеді, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Эксперименттік зерттеулерде цитиколин мидың ишемиясында жергілікті нейропротекторлық әсер ететіндігі көрсетілген.
Клиникалық зерттеулер цитиколин ми қанайналымының жедел бұзылуы бар пациенттерде функционалдық сауығу көрсеткіштерін едәуір арттыратынын көрсетті, бұл нейровизуализация деректері бойынша мидың ишемиялық зақымдану ошақтарының азаюымен байланысты. Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде цитиколин қалпына келуді тездетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен қарқындылығын азайтады.
Цитиколин зейін мен сана деңгейін арттырады, ми ишемиясымен байланысты амнезия, когнитивті және басқа неврологиялық бұзылулардың көріністерін азайтуға көмектеседі.
Дозалау режимі
Ересектер
Ұсынылатын доза жағдайдың ауырлығына байланысты тәулігіне 500-2000 мг құрайды. Дозалар дәрігердің ұсынымдарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Осы жас тобындағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Роноцит препаратын күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асатын жағдайларда ғана пайдалану керек.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткалар тамақ ішуге қарамастан ішке қабылданады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы
Жағымсыз реакциялар өте сирек кездеседі.
Психиканың бұзылуы: елестеулер.
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналу.
Қантамырлар тарапынан: артериялық гипертензия, артериялық гипотензия.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары мен көкірек ортасы тарапынан: ентігу.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу, диарея.
Тері мен тері асты тіндері тарапынан: гиперемия, есекжем, экзантема, пурпура.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: тремор, ісіну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Роноцит (цитиколин 250 мг) препаратының құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни «құрамында натрий жоқ».
Роноцит (цитиколин 500 мг) препаратының құрамында бір таблеткада 27.27 мг натрий бар, бұл ересек адам үшін ДДҰ ұсынған 2 г натрийдің ең жоғары тәуліктік қабылдауының 1.36% - ына баламалы.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Роноцит препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Роноцит препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде, ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, пайдалануға болмайды.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді.
Роноцит препаратын құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.