Ропивакаин-Санто препаратының жағымсыз реакцияларының бейіні ұзақ әсер ететін амид типті жергілікті басқа анестетиктердің жағымсыз
реакцияларының бейініне ұқсас. Дәрілік заттарды қолданудан туындаған
жағымсыз реакцияларды жүйкелердің блокадасынан және симпатикалық блокададан туындаған физиологиялық әсерлерден, сондай-ақ тікелей инемен пункция кезінде туындаған құбылыстардан (мысалы, спинальді гематома, бас ауыру дуральді кеңістік пункциясынан кейін пайда болды, менингит және эпидуральді абсцесс) айыру қиын.
Препаратты периневральді және эпидуральді енгізу кезіндегі жағымсыз реакциялар.
Өте жиі
• артериялық гипотензияа
• жүрек айнуы
Жиі
• парестезиялар
• бас айналуы
• бас ауыруы
• брадикардия
• тахикардия
• артериялық гипертензия
• құсуb
• арқаның ауыруы
• несептің іркілуі
• температураның жоғарылауы
• қалтырау
Жиі емес
• үрейлену
• ОЖЖ-ге уытты әсер ету симптомдары (құрысулар, үлкен эпилепсиялық ұстама, құлау, жеңіл бас айналу, ауыз айналасының парестезиялары, тілдің ұюы, гиперакузия, құлақтың шыңылдауы, көрудің бұзылуы, дизартрия, бұлшықеттердің құрысып қимылдауы, тремор) *, гипестезия
• ентігу
• гипотермия
Сирек
• аллергиялықреакциялар(анафилаксиялықреакциялар, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және есекжем)
• жүректің тоқтап қалуы
• аритмиялар
Белгісіз
• дискинезия
• Горнер синдромы
• естен тану
а Артериялық гипотензия азырақ таралған болып табылады және балаларда кездеседі
(> 1/100).
b Құсу балаларда өте жиі таралған (> 1/10).
* Бұл симптомдар әдетте препаратты байқаусызда қантамыр ішіне енгізу, артық дозалану немесе тез сіңірілу нәтижесінде туындайды
Препаратқа жағымсыз реакциялар класс бойынша топтастырылған: Неврологиялық асқынулар
Нейропатия және жұлынның дисфункциясы (мысалы, алдыңғы жұлын артерияларының синдромы, арахноидит, атқұйрық синдромы), олар қайтымсыз зардаптардың дамуына сирек әкелуі мүмкін, қолданылатын жергілікті анестетиктердің типіне қарамастан, жұлын және эпидуральді анестезиямен байланысты болды.
Тұтас жұлын блокадасы
Тұтас жұлын блокада эпидуральді дозаны байқамай интратекальді енгізген жағдайда дамуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесіне уытты әсері
Орталық жүйке жүйесіне уытты әсері ауырлық дәрежесінің өсуімен қоса жүретін симптомдары және белгілері бар сатылық реакция болып табылады. Басында жеңіл бас ауыруы, ауыз маңының парестезиясы, тілдің ұюы, гиперакузия, құлақтың шыңылдауы және көрудің бұзылулары сияқты симптомдар байқалады. Дизартрия, бұлшықеттердің сіресуі және бұлшықеттердің құрысып қимылдауы өте күрделі симптомдар болып табылады және жайылған құрысулардың басы болуы мүмкін. Бұл белгілерді невроздық мінез-құлық ретінде қате қабылдамау керек. Осыдан кейін сананың жоғалуы және үлкен эпилепсиялық ұстама байқалуы мүмкін, ол бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Құрысулар кезінде оттегінің жеткіліксіздігі және бұлшықет белсенділігінің жоғарылауынан гиперкапния және өкпеде газ алмасу жеткіліксіздігі тез дамиды. Ауыр жағдайларда тіпті тыныс алудың тоқтауы дамуы мүмкін. Ацидоздың, гиперкалиемияның, гипокальциемияның және оттегі тапшылығының дамуы артады және жергілікті анестетиктердің уытты әсері созылады.
Сауығу жергілікті анестетиктің метаболизміне және оның орталық жүйке жүйесінен тыс жерге таралуына байланысты. Дәрілік зат өте үлкен мөлшерде енгізілген жағдайларды қоспағанда, бұл тез жүреді.
Жүрек-қантамыр жүйесіне уытты әсер етуі
Жүрек-қантамыр жүйесіне уытты әсер етуі әдетте күрделірек жағдайдың дамуына себеп болып табылады. Жергілікті анестетиктердің жоғары жүйелі концентрацияларының әсері нәтижесінде артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия және тіпті жүректің тоқтап қалуы болуы мүмкін.
Еріктілерде ропивакаинның инфузиясының нәтижесінде өткізгіштік пен жиырылудың бәсеңдеу белгілері дамыды.
Препараттың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерінің даму белгілері, әдетте, препараттың жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал етуінің ізашары болып табылады. ОЖЖ тарапынан продромальді симптомдар препаратты жалпы анестезия үшін қабылдап жүрген немесе бензодиазепиндер немесе барбитураттар сияқты күшті седативтік дәрілік заттардың әсерімен жүрген пациенттерде туындамауы мүмкін.
Балалар
Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлық дәрежесі, күтілгендей, артериялық гипотензия құбылыстарын қоспағанда, ересектердегідей болады, балаларда сирек (<1/10) кездеседі, ал құсу құбылыстары балаларда жиі (> 1/10) кездеседі.
Жергілікті анестетиктердің организмге уытты әсер етуінің белгілерін балаларда анықтау әдетте қиын, өйткені олар бұл белгілерді сипаттап бере алмайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалықбақылаукомитеті«Дәрілікзаттармен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz