Өте жиі
• артериялық гипотензияа
• жүрек айну
Жиі
• парестезиялар, бас айналу, бас ауыру
• брадикардия, тахикардия
• артериялық гипертензия
• құсуb
• арқаның ауыруы
• несептің іркілуі
• температураның жоғарылауы, қалтырау
Жиі емес
• үрейлену
• ОЖЖ-ға уытты әсер ету симптомдары (құрысулар, үлкен эпилепсиялық ұстама, құлау, жеңіл бас айналу, ауыз айналасының парестезиялары, тілдің ұюы, гиперакузия, құлақтың шуылдауы, көрудің бұзылуы, дизартрия, бұлшықеттердің құрысып қимылдауы, тремор)*, гипестезия
• ентігу
• гипотермия
Сирек
• аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және есекжем)
• жүректің тоқтап қалуы, аритмиялар
Белгісіз
- дискинезия
- естен тану
а Артериялық гипотензия сиректеу кездеседі және балаларда көріністеледі (>1/100).
b Құсу балаларда өте жиі кездеседі (> 1/10).
* Бұл симптомдар әдетте препаратты тамыр ішіне кездейсоқ енгізу, артық дозалану немесе тез сіңірілу нәтижесінде туындайдф (Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар бөлімін қараңыз).
Препаратқа класс бойынша топтастырылған жағымсыз реакциялар:
Неврологиялық асқынулар
Нейропатия және жұлынның дисфункциясы (мысалы, жұлынның алдыңғы артерия синдромы, арахноидит, атқұйрық синдромы), олар қайтымсыз зардаптардың дамуына сирек әкелуі мүмкін, қолданылатын жергілікті анестетиктердің типіне қарамастан спинальді және эпидуральді анестезиямен байланысты болды.
Жұлынның толық блокадасы
Жұлынның толық блокадасы эпидуральді дозаны кездейсоқ интратекальді енгізген жағдайда дамуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесіне уытты әсері
Орталық жүйке жүйесіне уытты әсері ауырлық дәрежесінің өсуімен қатар жүретін симптомдары және белгілері бар сатылық реакция болып табылады. Басында бастың жеңіл ауыруы, ауыз маңының парестезиясы, тілдің ұюы, гиперакузия, құлақтың шуылдауы және көрудің бұзылуы сияқты симптомдар байқалады. Дизартрия, бұлшықеттердің сіресуі және бұлшықеттердің құрысып қимылдауы едәуір ауыр симптомдар болып табылады және жайылған құрысулардың басы болуы мүмкін. Бұл белгілерді невроздық қылық ретінде қате қабылдамау керек. Осыдан кейін естен тану және үлкен эпилепсиялық ұстама байқалуы мүмкін, ол бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Құрысулар кезінде оттектің жеткіліксіздігі және бұлшықет белсенділігінің жоғарылауынан гиперкапния және өкпеде газ алмасу жеткіліксіздігі тез дамиды. Ауыр жағдайларда тіпті тыныс алудың тоқтауы дамуы мүмкін. Ацидоздың, гиперкалиемияның, гипокальциемияның және оттек тапшылығының дамуы жергілікті анестетиктердің уытты әсерін арттырады және созады.
Сауығу жергілікті анестетиктің метаболизміне және оның орталық жүйке жүйесінен тыс жерге таралуына байланысты. Дәрілік зат өте үлкен мөлшерде енгізілген жағдайларды қоспағанда, бұл тез жүреді.
Жүрек-қантамыр жүйесіне уытты әсер етуі
Жүрек-қантамыр жүйесіне уытты әсер етуі әдетте едәуір ауыр жағдайдың дамуына себеп болып табылады. Жергілікті анестетиктердің жоғары жүйелі концентрацияларының әсері нәтижесінде артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия дамуы және тіпті жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Еріктілерде ропивакаин инфузиясының нәтижесінде өткізгіштік және жиырылудың бәсеңдеу белгілері дамыды.
Препараттың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерінің даму белгілері, әдеттегідей, препараттың жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал етуінің ізашары болып табылады. ОЖЖ тарапынан продромалық симптомдар препаратты жалпы анестезия үшін қабылдап жүрген немесе бензодиазепиндер немесе барбитураттар сияқты күшті седативті дәрілік заттардың әсерімен жүрген пациенттерде пайда болмауы мүмкін.
Балалар
Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлық дәрежесі, күтілгендей, артериялық гипертензия құбылыстарын қоспағанда, ересектердегідей болады, балаларда сирегірек кездеседі, ал құсу құбылыстары балаларда жиірек кездеседі.
Жергілікті анестетиктердің организмге уытты әсер етуінің белгілерін балаларда анықтау әдетте қиын, өйткені олар осы белгілерді сипаттай алмайды.
Балаларда жалпы анестезия кезінде блокаданы жиі жүргізеді, сондықтан пациенттердің осы тобында уыттылықтың ерте белгілерінің пайда болуына мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz