Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
- ұйқысыздық
- седация, сомноленция, паркинсонизм, бас ауруы
Жиі
- пневмония, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, синусит, несеп шығару жолдарының инфекциясы, құлақ инфекциясы, тұмау
- гиперпролактинемия
- дене салмағының жоғарылауы, тәбеттің жоғарылауы, тәбеттің төмендеуі
- ұйқының бұзылуы, қозу, депрессия, үрейлену
- акатизия, дистония, бас айналуы, дискинезия, тремор
- анық көрудің бұзылуы, конъюнктивит
- тахикардия, гипертензия
- ентігу, фаринголарингеальді ауырсыну, жөтел, мұрыннан қан кету, мұрынның бітелуі
- іштің ауыруы, іштің жайсыздануы, құсу, жүрек айну, іш қату, диарея, диспепсия, ауыздың құрғауы, тіс ауруы
- бөртпе, эритема
- бұлшықет түйілуі, қаңқа бұлшықеттерінің ауыруы, арқаның ауыруы, артралгия
- несепті ұстай алмау
- ісіну, қызба, кеуде қуысының ауыруы, астения, шаршау, ауырсыну
- құлау
Жиі емес
- тыныс алу жолдарының инфекциясы, цистит, көз инфекциясы, тонзиллит, онихомикоз, флегмон, жергілікті инфекция, вирустық инфекция, акародерматит
- нейтропения, лейкоциттер санының төмендеуі, тромбоцитопения, анемия, гематокриттің төмендеуі, эозинофилдер санының төмендеуі
- аса жоғары сезімталдық
- қант диабеті, гипергликемия, полидипсия, дене салмағы төмендеуі, анорексия, қандағы холестерин деңгейі артуы
- мания, сананың шатасу жағдайы, либидоның төмендеуі, күйгелектік, түнгі қорқыныштар
- кеш дискинезия, ми ишемиясы, стимуляцияға жауап болмауы, естен тану, сана деңгейі төмендеуі, құрысулар, синкопе, психомоторлық гиперактивтілік тепе-теңдіктің бұзылуы, үйлестірудің бұзылуы, постуральды бас айналу, зейін қою бұзылуы, дизартрия, дисгевзия, гипестезия, парестезия
- фотофобия, көздің құрғауы, көз жасының көп бөлінуі, көздің гиперемиясы
- вертиго, тиннитус, құлақтың ауыруы
- жүрекше фибрилляциясы, атриовентрикулярлық блокада, өткізгіштік бұзылуы, QT электрокардиографиялық аралығының ұзаруы, брадикардия, электрокардиографиялық көрсеткіштердің ауытқуы, жүрек соғуын сезіну
- гипотензия, ортостатикалық гипотензия, қан кернеулері
- аспирациялық пневмония, өкпедегі іркіліс, тыныс алу жолдарының бітелуі, сырылдау, ысқырып тыныс алу, дисфония, респираторлық бұзылулар
- нәжісті ұстай алмау, фекалома, гастроэнтерит, дисфагия, метеоризм
- есекжем, қышыну, алопеция, гиперкератоз, экзема, терінің құрғауы, тері түсінің өзгеруі, акне, себореялық дерматит, тері тарапынан бұзылулар, терінің патологиялық өзгерістері
- қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, дененің қалыптан тыс жағдайы, буын қозғалысының қаттылығы, буынның ісінуі, бұлшықет әлсіздігі, мойын ауруы
- поллакиурия, несеп іркілісі, дизурия
- эректильді дисфункция, эякуляция бұзылуы, аменорея, етеккір оралымының бұзылуы, гинекомастия, галакторея, сексуалдық дисфункция, сүт безі ауырсынуы, сүт безіндегі жайсыздық сезімі, қынаптан бөлінділер
- беттің ісінуі, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, жүрудің бұзылуы, шөлдеу, кеудедегі жайсыздық, өзін-өзі нашар сезіну, әл-ауқаттың бұзылуы, жайсыздық
- трансаминазалар белсенділігінің артуы, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің артуы, бауыр ферменттері белсенділігінің артуы
- емшараға байланысты ауыру
Сирек
- инфекция
- агранулоцитоз
- анафилаксиялық реакция
- антидиуретиктік гормонның жеткіліксіз секрециясы, несепте глюкозаның болуы
- судан уыттану, гипогликемия, гиперинсулинемия, қандағы
триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы
- кататониялық жай-күй, бейжайлық-тағы аффект, аноргазмия,
сомнамбулизм, ұйқыға байланысты тамақ ішу бұзылыстары
- қатерлі нейролептикалық синдром, цереброваскулярлы бұзылыстар, диабеттік кома, бастың дірілдеуі
- глаукома, көз қозғалыстарының бұзылуы, ротаторлық нистагм, қабақтың шетінде қыртыстардың пайда болуы, нұрлы қабықтың босаңсу синдромы (интраоперациялық)
- синустық аритмия
- өкпе эмболиясы, вена тромбозы
- ұйқыдағы апноэ синдромы, гипервентиляция
- панкреатит, ішек бітелуі, тіл ісінуі, хейлит
- терінің дәрімен улануы, қайызғақ
- рабдомиолиз
- жаңа туған нәрестеде препаратты тоқтату синдромы
- приапизм, етеккір іркілуі, сүт безінің қатаюы, сүт безінің ұлғаюы, сүт безінен бөлінді бөліну
- гипотермия, дене температурасының төмендеуі, аяқ-қолдардың салқындауы, препаратты тоқтату синдромы, тығыздалуы
- сарғаю
Өте сирек
- диабеттік кетоацидоз
- илеус
- ангионевроздық ісіну
Палиперидонның дәрілік түрлерін қолдану кезінде байқалған жағымсыз құбылыстар
Палиперидон рисперидонның белсенді метаболиті болып табылады, сондықтан бұл қосылыстар үшін жағымсыз реакциялар бейіндері (ішілетін және инъекциялық дәрілік түрлерін қоса) бір-біріне өзекті. Палиперидон препараттарын қолданғанда жоғарыда көрсетілген жағымсыз реакциялардан басқа, рисперидон препаратымен емдегенде де дами алатын мынадай жағымсыз реакциялар байқалған.
Жүрек тарапынан бұзылулар
Постуральды ортостатикалық тахикардия синдромы
Препараттардың осы класына тән әсерлер
Басқа психозға қарсы препараттар жағдайындағыдай, рисперидонды постмаркетингтік қолдану кезеңінде QT аралығының ұзару жағдайлары өте сирек байқалды. QT аралығын ұзартатын психозға қарсы препараттар класына тән басқа әсерлердің арасында қарыншалық аритмия, қарыншалық фибрилляция, қарыншалық тахикардия, кенеттен өлім, жүректің тоқтауы және пируэт тахикардиясы байқалды.
Вена тромбоэмболиясы
Психозға қарсы препараттарды пайдаланғанда өкпе эмболиясын және терең веналар тромбозы жағдайларын қоса, вена тромбоэмболиясы жағдайлары байқалды (жиілігі белгісіз).
Дене салмағының артуы
Кондуктивті және басқа да мінез-құлық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдер 12 ай емдеуден кейін дене салмағының артуы орта есеппен 7,3 кг құрады. 5-12 жастағы қалыпты балаларда дене салмағының күтілетін артуы жылына 3-5 кг құрайды. 12 жастан 16 жасқа дейін қыздарда өсу мөлшері жылына 3-5 кг құрайды, ал ұлдар жылына шамамен 5 кг алады.
Пациенттердің ерекше популяцияларына қатысты қосымша ақпарат
Бұдан әрі ересек популяцияға қарағанда, деменциясы бар егде пациенттер немесе балалар арасында байқалған жиілігі жоғары жағымсыз дәрілік реакциялар сипатталған:
Деменциясы бар егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулер барысында деменциясы бар егде пациенттерде транзиторлы ишемиялық шабуыл және инсульт сияқты жағымсыз дәрілік реакциялар тиісінше 1,4% және 1,5% жиілікте тіркелген. Бұдан басқа, ересектердің басқа популяцияларына қарағанда 5% және одан да көп жиілікпен және ең болмағанда екі есе жиілікпен деменциясы бар егде пациенттерде мынадай жағымсыз дәрілік реакциялар тіркелді: несеп жолдарының инфекциясы, шеткері ісінулер, апатия және жөтел.
Балалар
Жалпы, балалардағы жағымсыз реакциялардың түрлері ересектерде байқалатындарға ұқсас болады деп болжанады.
Ересектердегі клиникалық зерттеулерге қарағанда 5% және одан да көп жиілікпен және кемінде екі есе жиілікпен балаларда (5 жастан 17 жасқа дейін) мынадай жағымсыз дәрілік реакциялар байқалды: сомноленция/седация, қажу, бас ауыруы, тәбеттің жоғарылауы, құсу, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, мұрынның бітелуі, іштің ауыруы, бас айналу, жөтел, қызба, диарея және энурез.
Рисперидонмен ұзақ емнің жыныстық жетілу мен өсуге әсері жеткіліксіз зерттелген.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz