Дозалау режимі
Препарат тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препарат вена ішіне енгізуге арналмаған.
Препарат дозасы әр адамға жеке есептеледі және төмендегі формула бойынша жалпы темір тапшылығына сәйкес бейімделеді:
Жалпы темір тапшылығы (мг) = дене салмағы (кг) х (Нb қалыпты деңгейі - пациенттің Нb деңгейі) (г/л) х 0,24* + темір қоры (мг).
Пациенттің дене салмағы 34 кг дейін болғанда: Hb = 130 г/л, темір қоры = 15 мг/кг дене салмағына (дене салмағы 34 кг пациент үшін темір қоры 34 х 15 = 500 мг құрады).
Пациенттің дене салмағы 34 кг астам болғанда: Hb қалыпты деңгейі = 150 г/л, бұл темір қорына сәйкес = 500 мг.
* Фактор 0,24 = 0,0034 х 0,07 х 1000 (қан гемоглобиніндегі темір құрамы = 0,34% / қан көлемі = дене салмағының 7 % / фактор 1000 = г-ден мг аудару).
Курстық енгізуге арналған ампуланың жалпы мөлшері = Темірдің жалпы тапшылығы (мг) / 100 мг.
Есептеу мысалы
Науқастың массасы 60 кг, қалыпты мәні Hb = 150 г/л, нақты мәні Hb = 60 г/л және темір қорына қажеттілік 500 мг құрайды делік, онда:
Темір дозасы (мг) = 60 x (150-60) x 0.24 + 500 мг = 1296 мг + 500 мг ≅ 1800 мг темір.
Тиісінше, науқасқа 1800 мг темір немесе 18 ампула қажет.
Дозалау кестесі
Ротафер препаратының инъекцияға арналған ерітіндісінің миллилитрдегі қажетті жалпы мөлшерін анықтауға арналған мөлшерлеу кестесі
Дене салмағы, кг — Нb 60 г/л — Нb 75 г/л — Нb 90 г/л — Нb 105 г/л
мл — амп. — мл — амп. — мл — амп. — мл — амп.
5 — 3 — 1,5 — 3 — 1,5 — 3 — 1,5 — 2 — 1
10 — 6 — 3 — 6 — 3 — 5 — 2,5 — 4 — 2
15 — 10 — 5 — 9 — 4,5 — 7 — 3,5 — 6 — 3
20 — 13 — 6,5 — 11 — 5,5 — 10 — 5 — 8 — 4
25 — 16 — 8 — 14 — 7 — 12 — 6 — 11 — 5,5
30 — 19 — 9,5 — 17 — 8,5 — 15 — 7,5 — 13 — 6,5
35 — 25 — 12,5 — 23 — 11,5 — 20 — 10 — 18 — 9
40 — 27 — 13,5 — 24 — 12 — 22 — 11 — 19 — 9,5
45 — 30 — 15 — 26 — 13 — 23 — 11,5 — 20 — 10
50 — 32 — 16 — 28 — 14 — 24 — 12 — 21 — 10,5
55 — 34 — 17 — 30 — 15 — 26 — 13 — 22 — 11
60 — 36 — 18 — 32 — 16 — 27 — 13,5 — 23 — 11,5
65 — 38 — 19 — 33 — 16,5 — 29 — 14,5 — 24 — 12
70 — 40 — 20 — 35 — 17,5 — 30 — 15 — 25 — 12,5
75 — 42 — 21 — 37 — 18,5 — 32 — 16 — 26 — 13
80 — 45 — 22,5 — 39 — 19,5 — 33 — 16,5 — 27 — 13,5
85 — 47 — 23,5 — 41 — 20,5 — 34 — 17 — 28 — 14
90 — 49 — 24,5 — 43 — 21,5 — 36 — 18 — 29 — 14,5
Стандартты доза
Ересектер: 1 ампула күн сайын (2,0 мл = 100 мг темір)
Балалар үшін: доза баланың жасына және дене салмағына байланысты есептеледі.
Егер қажетті доза ең жоғары тәуліктік дозадан асатын болса, препаратты бөліп енгізу қажет.
Ең жоғары рұқсат етілетін тәуліктік дозасы
Дене салмағы 5 кг дейінгі кіші жастағы балалар: 0,5 мл
Дене салмағы 5-10 кг балалар: 1 мл
Дене салмағы > 10 кг-нан 45 кг-ға дейінгі пациенттер: 2 мл
Ересектер: 4 мл
Қолдану тәсілі
Енгізу техникасы
Инъекция техникасы өте маңызды. Ротафер препаратын, инъекцияға арналған ерітіндіні иыққа немесе тері жабыны зақымдалған жерлерге енгізуге тыйым салынады. Препаратты дұрыс енгізбеу нәтижесінде инъекция орнында ауырсыну пайда болуы және тері боялуы мүмкін.
Төменде сипатталған вентро-бөксе инъекция әдісі жалпы қабылданған -үлкен бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадрантына ұсынылады:
а. Иненің ұзындығы кем дегенде 5-6 см болуы керек. Иненің саңылауы тым жалпақ болмауы керек.
b. Инъекция орны келесідей анықталады (1-сурет): алдымен бел-мықын жігіне сәйкес келетін А нүктесін табыңыз. Егер пациент оң жақ қырынан жатса, сол қолдың ортаңғы саусағы А нүктесінде болады. Сұқ саусақты ортаңғы саусақтан алшақтап, оны мықын сүйегінің қырының жанына, В нүктесіне қояды. Ортаңғы және сұқ саусақтың проксимальді фалангтарының арасында орналасқан үшбұрыш енгізу орны болып табылады. Залалсыздандыруды әдеттегі тәсілмен жүргізеді (2-сурет).
c. Инені енгізер алдында, иілген пішінді өзек алу үшін енгізу орнының үстіндегі теріні шамамен 2 см төмен тартады (3- сурет), бұл енгізілген ерітіндінің тері астындағы тіндерге ағып кетуіне және терінің боялуына жол бермейді.
d. Инені ортан жілік буынының нүктесіне қарағанда мықын жігі нүктесіне қарай үлкен бұрышпен тері беткейіне тігінен орналастырады (4- сурет).
e. Препаратты енгізгеннен кейін егу орнына жақын саусақпен бір минут бойы басып тұрып, инені баяу шығарып алады.
f. Пациент инъекциядан кейін қозғалуы керек.
1-сурет — 2-сурет
3-сурет — 4-сурет
Сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек