Цефтриаксон үшін ең көп жиі хабарланатын жағымсыз реакциялар эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы болып табылады.
Жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10):
- эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения
- диарея, сұйық нәжіс
- бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы
- бөртпе
Жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100):
- гениталийдің зеңді инфекциясы
- гранулоцитопения, анемия, коагулопатия
- бас ауыру, бас айналу
- жүрек айну, құсу
- флебит, инъекция орнындағы ауыру, қызба
- қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы
- қышыну
Сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000):
- жалған жарғақшалы колит
- бронх түйілуі
- гематурия, глюкозурия
- ісіну, қалтырау
- есекжем
- энцефалопатия
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):
- Коунис синдромы
- асқын инфекция
- гемолиздік анемия, агранулоцитоз
- анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, аса жоғары сезімталдық, Яриш-Герксгеймер реакциясы
- құрысулар
- вертиго
- панкреатит, стоматит, глоссит, гепатит, холестаздық гепатит
- өт қалтасында шөгінді түзілуі, ядролық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, көп пішінді эритема, жедел жайылған экзентематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
- олигурия, бүйректе шөгінді түзілуі (қайтымды)
- Кумбс сынамасының жалған-оң нәтижесі, галактоземияға тест жалған-оң нәтижесі, глюкозаны анықтау үшін ферменттік емес талдаулардың жалған-оң нәтижелері.
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Инфекциялар және паразиттік инвазиялар
Цефтриаксонмен емдеуден кейінгі диарея туралы хабарламалар Clostridium difficile-мен байланысты болуы мүмкін. Су-электролит алмасуының бұзылуларына тиісінше түзету жүргізген жөн.
Цефтриаксонның кальцийлі тұзы преципитаттарының түзілуі
Цефтриаксон мен кальцийді вена ішіне қабылдаған шала туған және мерзіміне жетіп туған (< 28 күндік жастағы) нәрестелерде сирек, ауыр және бірнеше жағдайда өлімге ұшырататын жағымсыз реакциялар болды. Цефтриаксонның кальцийлі тұзының преципитаттары сойып тексеру кезінде өкпе мен бүйректен табылды. Жаңа туған нәрестелерде қан көлемінің аздығы және, ересектерге қарағанда, цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңінің ұзағырақ созылуы салдарынан преципитаттың түзілу қаупі жоғары болады.
Көбінесе жоғары дозалар (мысалы, тәулігіне ≥ 80 мг/кг немесе 10 г-ден көп жалпы дозалар) қабылдаған және басқа қауіп факторлары (мысалы, сусыздану, төсек режимі) болған балаларда цефтриаксонның несеп шығару жолдарында шөгу жағдайлары хабарланды. Бұл құбылыс симптомдармен қатар жүруі немесе симптомсыз өтуі мүмкін, әрі уретра обструкциясына және бүйректің постреналді жедел жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, бірақ әдетте цефтриаксонды тоқтатудан кейін қайтымды болып табылады.
Цефтриаксонның кальцийлі тұзы преципитаттарының өт қалтасында түзілуі, бәрінен бұрын, ұсынылған стандартты дозасынан асып түсетін дозаларымен емделген пациенттерде байқалды. Жиілігі баяу инфузия кезінде төменірек (20-30 минут) болады. Осы әсері, әдетте, симптомсыз өтеді, преципитаттардың түзілуі ауырсыну, жүрек айну және құсу сияқты клиникалық симптомдармен сирек қатар жүреді. Осындай жағдайларда симптоматикалық емдеу ұсынылады. Преципитаттардың түзілуі, әдетте, цефтриаксонмен емдеуді тоқтатудан кейін қайтымды болады.
Енгізген жердегі реакциялар
Бұлшықет ішіне инъекция клиникалық тұрғыда ауырсынулы. Инъекция салған жердегі басқа реакциялар инъекция орнындағы эритема, инъекция орнындағы экстравазация, инъекция орнындағы ісіну, инъекция орнындағы бөртпе, инъекция орнының қышынуын, инъекция орнының қабынуын, инъекция орнының қатаюын және инъекция орнындағы гематоманы қамтиды. Инъекция орнындағы инфекция мен инъекция орнындағы абсцесті қоса, асқынулар туралы хабарланды.
Лидокаин
Төменде ұсынылған деректерде лидокаинді қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакциялар сипатталады. Цефтриаксон мен лидокаинді біріктіріп қолдану туралы спецификалық деректер жоқ.
Лидокаинге жағымсыз реакциялар, әдетте, тамыр ішіне кездейсоқ енгізу, дозасынан асырып жіберу немесе қанмен мол қамтылған бөліктерден тез сіңірілуі салдарынан немесе аса жоғары сезімталдық, идиосинкразия немесе пациенттегі препарат жағымдылығының төмендеуі салдарынан қан плазмасында оның концентрацияларының жоғарылау нәтижесінде болады. Жүйелі уыттану реакциялары, ең алдымен, орталық жүйке жүйесі және/немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан көрініс береді.
Иммундық жүйе тарапынан: сирек - аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық немесе анафилактоидты реакциялар және анафилаксиялық шок).
Психика тарапынан: жиілігі белгісіз - күйгелектік.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиілігі белгісіз - бас айналу немесе естен тану алдындағы ахуал, тремор, ауыз айналасының парестезиясы, тілдің ұйып қалуы, ұйқышылдық, құрысулар, кома.
Көру мүшесі тарапынан: жиілігі белгісіз - анық көрудің нашарлауы, диплопия, өткінші амавроз.
Есту мүшесі тарапынан және құлақ иірінің бұзылулары: жиілігі белгісіз - құлақтағы шуыл, гиперакузия.
Жүрек тарапынан: жиілігі белгісіз - брадикардия, миокард бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы.
Тамырлар тарапынан: жиілігі белгісіз - гипотензия, тамырлық коллапс.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: жиілігі белгісіз - ентігу, бронх түйілуі, тыныс тарылуы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиілігі белгісіз - жүрек айну, құсу.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: жиілігі белгісіз - бөртпе, есекжем, ісіну (ангионевроздық ісіну мен бет ісінуін қоса).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz