ATХ коды C09DX04
Әсер ету механизмі
Сакубитрил/валсартан сакубитрил препаратының ізашары LBQ657 – белсенді метаболиті арқылы неприлизинді (бейтарап эндопептидаза; NEP) бір мезгілде тежеу және валсартанмен 1 типті ангиотензин II рецепторларын (AT1) бөгеу арқылы неприлизин ангиотензин рецепторлары тежегішінің әсер ету механизмін көрсетеді. Сакубитрил/валсартан препаратының жүрек-қантамыр жүйесіне қосымша оң әсері жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде LBQ657 неприлизиннің әсерімен ыдырайтын пептидтерді, атап айтқанда натрийурездік пептидтерді (НУП) белсендіретіндігімен түсіндіріледі, бұл ретте валсартан ангиотензин II-нің теріс әсерін тежейді. НУП өз әсерін вазодилатация симптомдарын, натрий мен диурездің жоғарылауын, шумақтық сүзілу жылдамдығының жоғарылауы және бүйрек қан ағымы, ренин мен альдостеронның бөлінуінің тежеуін, симпатикалық белсенділіктің төмендеуін, сондай-ақ гипертрофияға қарсы және антифиброздық әсер тудыратын қайталама мессенджер, циклдік гуанозинмонофосфат (цГМФ) концентрациясының жоғарылауына әкелетін гуанилциклазамен түйіндескен жарғақшамен байланысқан рецепторларды белсендіру арқылы көрсетеді.
Валсартан AT1 рецепторларын селективті түрде бөгеу арқылы ангиотензин II-нің жүрек-қантамырлары жүйесі мен бүйрекке теріс әсерін тежейді және ангиотензин II-тәуелді альдостеронның бөлінуін бөгейді. Бұл қантамырлардың тарылуын, бүйректе натрий мен судың іркілуін, жасушалардың өсуі мен көбеюін белсендіруді, сондай-ақ, функциядағы бұзылуларды күшейтетін жүрек-қантамыр жүйесінің кейіннен қайта құрылуын тудыратын ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) тұрақты белсендірілуіне жол бермейді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Сакубитрил / валсартан фармакодинамикалық әсері дені сау еріктілерде, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір және бірнеше рет қолданғаннан кейін бағаланды. Аталған әсерлер неприлизинді бір мезгілде басудан және РААЖ блокадасынан тұратын әсер етуші заттар кешенінің әсер ету механизміне сәйкес келді. Валсартанды бақылау ретінде қолданған сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы (ЛФ) төмендеген пациенттердегі жеті күндік зерттеуде сакубитрилді және валсартанды қолдану натрийурездің статистикалық маңызды қысқа мерзімді жоғарылауына, несептегі цГМФ концентрациясының жоғарылауына және жүрекше натриурездік пептидтің (MR-proANP) және қан плазмасындағы мидың натриурездік пептид (NT-proBNP) ізашарының N-соңғы фрагменті (валсартанмен салыстырғанда) концентрациясының төмендеуіне әкелді. 21 күндік зерттеуде сол жақ қарыншаның ЛФ төмендеген пациенттерде сакубитрилді/валсартанды қолдану несептегі жүрекшелік натриурездік пептид (ANP) пен цГМФ концентрациясының және қан плазмасындағы цГМФ концентрациясының статистикалық маңызды жоғарылауын, сондай-ақ NT-proBNP, альдостерон және эндотелин-1 плазмалық концентрациясының төмендеуін тудырды (бастапқы жағдаймен салыстырғанда). Сонымен қатар, сакубитрилді/валсартанды қолдану қан плазмасындағы ренин белсенділігі мен концентрациясының жоғарылауына байланысты AT1 рецепторын бөгейді. PARADIGM-HF зерттеуі барысында сакубитрил және валсартан кешені қан плазмасындағы NT-proBNP концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуіне және эналаприлге қарағанда мидың натриурездік пептид (BNP) және несептегі цГМФ концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына әкелді. BNP неприлизин субстраты болғанымен, NT-proBNP олай емес. Сондықтан NT-proBNP, BNP-мен салыстырғанда сакубитрил және валсартан кешенін қабылдайтын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бақылау кезінде биомаркер ретінде пайдаланылуы мүмкін (4.4 бөлімді қараңыз).
Дені сау еріктілердегі QTc аралығы толық зерделенген зерттеуде препаратты, 194 мг дозадағы сакубитрилді/206 мг дозадағы валсартан мен 583 мг сакубитрилді/617 мг дозадағы валсартанды бір рет қолдану жүректің реполяризациясына әсер етпеді.
Неприлизин - ми мен жұлын сұйықтығының (МЖС) амилоидты-β (Aβ) метаболизміне қатысатын бірнеше ферменттердің бірі. Тәулігіне бір рет екі апта бойы дені сау еріктілерде сакубитрил/валсартанды сәйкесінше 194 мг және 206 мг дозада қолдану аясында МЖС-ғы Aβ 1-38 концентрациясы плацебомен салыстырғанда артты; бұл ретте МЖС-ғы aβ 1-40 және 1-42 концентрациясы өзгерген жоқ. Бұл фактінің клиникалық мәні белгісіз (5.3 бөлімді қараңыз).
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Дозалары - 24 мг/26 мг, 49 мг/51 мг және 97 мг/103 мг кейбір көздерде 50, 100 немесе 200 мг деп көрсетілген.
PARADIGM-HF зерттеуі
PARADIGM –HF- NYHA бойынша II-IV класс созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар және лықсу фракциясы төмендеген (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы [СҚЛФ] ≤40%, кейінірек ≤35% дейін түзетілген) жүрек жеткіліксіздігі кезінде тағайындалған басқа препараттармен бірге сакубитрил/валсартан мен эналаприл қабылдайтын ересек пациенттерде сакубитрил/валсартан мен эналаприл салыстырылған 8442 пациенттің қатысуымен көпұлтты, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын 3-фазадағы тірек зерттеуі. Бастапқы соңғы нүкте біріктірілген-жүрек-қантамырлары патологиясына байланысты өлім немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу. САҚ бар пациенттер < 100 мм сын. бағ .ст., бүйрек функциясының ауыр дәрежелі бұзылуымен (еШСЖ <30 мл/мин / 1.73 м2) және бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуымен скринингтен шығарылды және соның нәтижесінде перспективалық зерттеу жүргізілмеді.
Зерттеуге енгізілгенге дейін пациенттер ішіне АӨФ/АРБ тежегіштері (>99%), бета-блокаторлар (94%), минералокортикоидты антагонистер (58%) және диуретиктер (82%) кірген стандартты емдеу әдістерімен емделді. Орташа бақылау кезеңі 27 айды құрады, пациенттер 4,3 жылға дейін ем қабылдады.
Пациенттерден АӨФ немесе АРБ тежегіштерімен ағымдағы емдеуді тоқтату талап етілді, содан кейін олар дәйекті, қарапайым жасырын енгізу кезеңіне енгізіліп, тәулігіне екі рет 10 мг эналаприлді, содан кейін тәулігіне екі рет 200 мг-ге дейін көтере отырып, тәулігіне екі рет 100 мг сакубитрил/валсартанмен қарапайым жасырын терапияны қабылдады (осы кезеңде терапияны тоқтатуға қатысты 4.8 бөлімді қараңыз). Содан кейін олар 200 мг сакубитрил/валсартан немесе тәулігіне екі рет 10 мг эналаприл [сакубитрил/валсартан (N=4209); эналаприл (N=4233)] қабылдаған зерттеудің салыстырмалы жасырын кезеңіне қатысу үшін рандомизацияланды.
Зерттелетін популяцияның орташа жасы-64 жас, бұл ретте 19% - ы 75 жастан асқандар болды. Рандомизация кезінде пациенттердің 70% -да NYHA бойынша - II класс, пациенттердің 24% - III класс және 0,7% - IV класс болды. Орташа СҚЛФ деңгейі 29% құрады, ал 963 (11,4%) пациенттің бастапқы СҚЛФ деңгейі >35% және ≤40% болды.
Сакубитрил/валсартан тобында пациенттердің 76% - ы зерттеудің соңына қарай тәулігіне екі рет 200 мг мақсатты дозада қалды (орташа тәуліктік доза-375 мг). Эналаприл тобында пациенттердің 75% - ы мақсатты дозада қалды – зерттеудің соңына қарай тәулігіне екі рет 10 мг (орташа тәуліктік доза-18,9 мг).
Сакубитрил/валсартан эналаприлмен салыстырғанда жүрек-қантамырлары патологиясы немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу салдарынан өлім қаупін едәуір төмендеткен (Эналаприл тобындағы 26,5% - ға қарсы зерттелетін препарат тобында 21,8%). Жүрек-қантамырлары патологиясы немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу салдарынан өлім қаупінің абсолютті төмендеуі 4,7% құрады (жүрек-қантамырлары патологиясы салдарынан өлім қаупі үшін 3,1% және жүрек жеткіліксіздігіне байланысты алғашқы ауруханаға жатқызу үшін 2,8%). Эналаприлмен салыстырғанда қауіптің салыстырмалы төмендеуі 20% құрады (2 Кестені қараңыз). Әсер препаратты қолданудың алғашқы кезеңдерінде байқалады және бүкіл зерттеу кезеңінде сақталды (1 суретті қараңыз). Әсердің дамуына препараттың екі белсенді компоненті ықпал етті. Сакубитрил/валсартан тобында жүрек-қантамырлары патологиясына байланысты барлық өлімнің 45% -ын құрайтын кенеттен өлім жағдайларының жиілігі эналаприл тобымен салыстырғанда 20% - ға төмендеді (қауіптер қатынасы (hazard ratio, HR) 0,80, p=0,0082). Сакубитрил/валсартан тобында жүрек-қантамыр патологиясы себебінен 26% жағдайда өлімнің себебі болып табылатын жүректің жиырылу функциясының жеткіліксіздігінің даму жиілігі эналаприл тобындағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 21% - ға төмендеді (HR 0,79, p=0,0338).
Бұл қауіптің төмендеуі жынысы, жасы, нәсілі, тұрғылықты жері, NYHA (II/III) класы, СЖ лықсу фракциясы, бүйрек функциясы, анамнезінде қант диабетінің немесе гипертензияның болуы, жүрек жеткіліксіздігі терапиясы және жүрекше фибрилляция сияқтыларды қамтитын келесі қосалқы топтарда тұрақты түрде байқалды.
Сакубитрил/валсартан жалпы өлімнің 2,8% - ға айтарлықтай төмендеуімен бірге тіршілік қабілетін арттырды (сакубитрил/валсартан, 17%, эналаприл, 19,8%). Салыстырмалы қауіптің төмендеуі эналаприлмен салыстырғанда 16% құрады (2 Кестені қараңыз).
2 Кесте. Бастапқы біріктірілген соңғы нүкте, оның компоненттері және бақылаудың орташа ұзақтығы 27 ай бойы барлық себептерден болатын өлім үшін емдеудің әсері
Сакубитрил/валсартан N=4187# n (%) — Эналаприл N=4212# n (%) — Қауіптердің арақатынасы (95% Cl) — Қауіптердің салыстырмалы төмендеуі — p-мәнісі ***
Жүрек - қантамырлары патологиясынан және жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызудан болатын өлімнің біріктірілген соңғы нүктесі * — 914 (21.83) — 1117 (26.52) — 0.80(0.73, 0.87) — 20% — 0.0000002
Бастапқы біріктірілген соңғы нүктенің жеке компоненттері
Жүрек - қантамырлары патологиясынан болатын өлім** — 558 (13.33) — 693 (16.45) — 0.80 (0.71, 0.89) — 20% — 0.00004
Жүрек жеткіліксіздігінен ауруханаға алғашқы жатқызу — 537 (12.83) — 658 (15.62) — 0.79 (0.71, 0.89) — 21% — 0.00004
Екінші соңғы нүктелер
Жалпы өлім — 711 (16.98) — 835(19.82) — 0.84 (0.76, 0.93) 0.0005 — 16% — 0.0005
* бастапқы соңғы нүкте жүрек-қантамырлары патологиясынан және жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызудан болатын алғашқы өлім уақыты ретінде анықталды.
** «Жүрек-қантамырлары патологиясынан болатын өлім» термині алдыңғы ауруханаға жатқызуға қарамастан деректер жиналатын күнге дейін қайтыс болған барлық пациенттерде қамтиды.
*** бір жақты p-мәні
#Талдаулардың толық пакеті
1 Сурет. Бастапқы біріктірілген соңғы нүкте мен жүрек-қантамырлары патологиясынан болатын өлім компоненті үшін Каплан-Мейер қисықтары (КМ)
Суреттердегі жазулар:
PARADIGM-HF зерттеуіндегі жүрек жеткіліксіздігіне байланысты жүрек-қантамырлары патологиясынан немесе ауруханаға жатқызудан бірінші өлімге дейінгі уақыт
PARADIGM-HF зерттеуіндегі жүрек-қантамырлары патологиясынан өлгенге дейінгі уақыт. КМ сәтсіздігі көрсеткіштерінің жиынтық бағасы
Рандомизациядан кейінгі уақыт (күндер)
TITRARION зерттеуі
TITRATION —бұл бұрын AӨФ немесе AРБ тежегіштерін қабылдамаған немесе пациенттерді зерттеуге қоспас бұрын әртүрлі дозаларда AӨФ немесе AРБ тежегіштерін қабылдаған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV класс) және систолалық дисфункциясы (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы <35%) бар 538 пациенттің қауіпсіздігі мен көтерімділігін бағалаудың 12 апталық зерттеуі. Пациенттер алдымен тәулігіне екі рет 50 мг, содан кейін доза тәулігіне екі рет 100 мг-ге дейін, содан кейін 3 немесе 6 апталық режимде тәулігіне екі рет 200 мг мақсатты дозаға дейін артқан сакубитрил/валсартан қабылдады.
Бұрын AӨФ немесе AРБ тежегіштерін қабылдамаған немесе төмен дозалы ем қабылдаған (тәулігіне <10 мг эналаприлге тең) пациенттердің көп саны сакубитрил/валсартанның 200 мг дозалау деңгейіне жетті және дозалау 3 аптамен (73.6%) салыстырғанда 6 апта бойы (84.8%) жоғарылаған деңгейде қалды. Жалпы алғанда, пациенттердің 76% - ы сакубитрил/валсартан-200 мг мақсатты дозасына тәулігіне екі рет емделуде үзіліссіз немесе дозаны 12 апта бойы төмендетусіз қол жеткізді және сол деңгейде қалды.