Барлық дәрілер сияқты, бұл дәрінің де жағымсыз әсерлері болуы мүмкін, бірақ бәрінде емес.
Егер сізде осы дәріні қолданудан кейін келесі симтомдардың қайсы бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралған жөн және Салофальк 1 г суппозиторийін пайдалануды дереу тоқтату керек:
- тері бөртпесі сияқты жалпы аллергиялық реакциялар
- қызба
- буынның ауыруы және/немесе тыныс алудың қиындауы немесе тоқ ішектің жалпы қабынуы (қатты диарея мен іштің ауырсынуын тудырады). Бұл реакциялар өте сирек кездеседі.
Жалпы денсаулықтың айтарлықтай нашарлауы, әсіресе бұл дене температурасының жоғарылауымен және/немесе ауыз бен тамақтың ауыруымен қатар жүрсе, онда Салофальк 1г суппозиторийлерін қолдануды тоқтату қажет. Дереу дәрігерге қаралыңыз.
Өте сирек жағдайда мұндай симптомдар қандағы лейкоциттер санының азаюымен (агранулоцитоз) байланысты болуы мүмкін. Бұл ауыр инфекцияның даму қаупін арттырады. Басқа қан жасушаларына да әсер етуі (мысалы, тромбоцитопенияны тудыратын тромбоциттер немесе аплазиялық анемияны тудыратын қызыл жасушалар) және түсініксіз қан кетуді, күлгін дақтарды немесе тері астындағы дақтарды, анемияны (шаршау, әлсіздік және бозару сезімі, әсіресе еріндер мен тырнақтарда) қамтитын симптомдарды тудыруы мүмкін. Қан талдауы сіздегі симптомдар осы дәрінің қаныңызға әсер етуінің салдары екенін растай алады.
Мына реакциялар өте сирек кездеседі.
- нысанаға ұқсайтын терінің көтеріңкі емес қызғылттау ауыр бөртпелері немесе денедегі дөңгелек дақтар, көбінесе орталық күлдіреуіктермен, терінің қабыршақтануымен, ауыз, тамақ, мұрын, жыныс мүшелері және көздің ойық жараларымен, бөртпемен ауқымды зақымдануы, қызба және лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін.
- Ентігу, кеудедегі ауырсыну немесе жүректің ретсіз соғуы немесе аяқ-қолдың ісінуі, бұл жүректің аса жоғары сезімталдық реакцияларының белгісі болуы мүмкін*. Бұл реакциялар сирек кездеседі.
- Бүйрек функциясының проблемалары*,* * * (өте сирек болуы мүмкін), мысалы, несеп түсінің немесе бөлінетін мөлшерінің өзгеруі және аяқ-қолдың ісінуі немесе кенеттен бүйірлік ауырсыну (бүйрек тасының әсерінен туындаған) (пациенттердің белгісіз санында кездеседі - жиілігі белгісіз).
Құрамында месалазин бар дәрілерді қабылдаған пациенттерде келесі жағымсыз әсерлер де байқалды:
Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)
- бөртпе, қышыну
Сирек (≥1/10 000, <1/1000)
-бас ауыру,
-бас айналу,
-фотосенсибилизация реакциялары**
-іштің ауыруы, диарея
-жүрек айнуы, құсу, метеоризм
-іш қату
- фотосезімталдық** (терінің жарыққа жоғары сезімталдығы)
Өте сирек (<1/10 000, бірлі-жарым хабарламаларды қоса)
- ұйқы безінің жедел қабынуына байланысты іштің қатты ауыруы
- қол мен аяқтағы жансыздану және шаншу (шеткері нейропатия)
- ентігу, жөтел, сырылдар, өкпенің аллергиялық және/немесе қабыну ауруларына байланысты рентгенограммада өкпенің күңгірттенуі
- жедел панкреатит
- шаштың түсуі және тазданудың өршуі (алопеция)
- бұлшықет және буын аурулары
- шәуһет түзілуінің қайтымды төмендеуі
- бауыр* немесе өт жолдары функциясы бұзылуына байланысты сарғаю немесе іштің ауыруы
* Месалазин индукциялаған мио- және перикардиттің, панкреатиттің, нефрит және гепатиттің даму механизмі белгісіз, алайда оның шығу тегі аллергиялық болуы мүмкін.
** Фотосезімталдық: барынша күрделі реакциялар атопиялық дерматит және атопиялық экзема сияқты терінің бұрыннан болған аурулары бар пациенттерде байқалады.
*** Бүйрек жеткіліксіздігі туралы хабарланған. Емдеу кезінде бүйрек дисфункциясы дамитын пациенттерде месалазин-индукциялайтын нефроуыттылыққа күдік болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
және
«Альпен Фарма» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,
Көкөзек ауылы, 1044 құрылыс
Моб. +7 701 035 70 69.
E-mail: pv.kz@alpenpharma.com