Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
800 мг
Саудалық атауы
Севкар
Әсер етуші зат
Севеламер
Мақсаты
Гемодиализдегі немесе перитонеалдық диализдегі ересек пациенттерде гиперфосфатемияны бақылау
Өндіруші
Emcure Pharmaceuticals Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 800 мг севеламер карбонаты,
қосымша заттар: маннитол, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, мырыш стеараты.
Қабықтың құрамы: Opadry White 06A580002, тазартылған су
Opadry White 06A580002 құрамы: гипромеллоза 15сР, гипромеллоза 5сР, титанның қостотығы (Е 171), ди-ацетил моноглицериді FCC.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Модификацияланған капсула тәрізді пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
- гемодиализдегі немесе перитонеалдық диализдегі ересек пациенттерде гиперфосфатемияны бақылау;
- диализде жүрмеген ересек пациенттерде бүйректің созылмалы ауруларында фосфор концентрациясы ≥ 1,78 ммоль/л болған кезде гиперфосфатемияны бақылау;
- бүйрек остеодистрофиясының дамуын бақылау үшін кальций қоспаларын, 1,25-дигидрокси D3 дәруменін немесе оның аналогтарының біреуін қамтуы мүмкін көптеген емдік тәсілдер аясында.
Әсер ету механизмі
Севкар құрамында севеламер бар, ол сіңірілмейтін, фосфаттарды байланыстыратын полимерге жатады, құрамында металдар мен кальций жоқ көлденең байланыстары бар. Севеламердің құрамында полимерлі қаңқадан бір көміртек атомымен бөлінген бірнеше аминдер бар, олар ішекте протонданады. Осы протонданған аминдер ішекте тағаммен бірге түсетін фосфаттар сияқты теріс зарядталған иондарды байланыстырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ас қорыту жолында фосфаттарды байланыстыру және сіңірілуін төмендету арқылы, севеламер қан сарысуындағы фосфор концентрациясын төмендетеді. Фосфаттарды байланыстыратын препаратты қолдану кезеңінде фосфордың сарысулық деңгейлеріне ұдайы мониторинг жүргізу әрқашанда қажет.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Екі рандомизацияланған айқаспалы клиникалық сынақтарда севеламер карбонаты таблеткалар түрінде де, ұнтақ түрінде де тәулігіне үш рет қабылдау кезінде севеламер гидрохлоридіне емдік тұрғыда баламалы екені көрсетілген және, сондықтан да, БСА бар, гемодиализде жүрген пациенттер үшін фосфордың сарысудағы деңгейлерін бақылау үшін тиімді.
Бірінші зерттеуде гемодиализде жүрген, екі рандомизацияланған 8 апталық емдеу кезеңдерінде ем қабылдаудан өткен 79 пациентте тәулігіне үш рет қабылданған севеламер карбонатының таблеткалары тәулігіне үш рет қабылданған севеламер гидрохлориді таблеткаларына баламалы болғаны көрсетілді (сарысудағы фосфордың орташа деңгейі уақыт бойынша орташа өлшенген мәндер негізінде севеламер карбонаты үшін де, севеламер гидрохлориді үшін де 1,5 ± 0,3 ммоль/л құрады). Екінші зерттеуде екі рандомизацияланған 4 апталық емдеу кезеңдерінде гиперфосфатемиясы бар (сарысудағы фосфордың деңгейі ≥ 1,78 ммоль/л ретінде анықталған) гемодиализдегі 31 пациентте тәулігіне үш рет қабылданған севеламер карбонатының ұнтағы тәулігіне үш рет қабылданған севеламер гидрохлориді таблеткаларына баламалы болғаны көрсетілді (сарысудағы фосфордың орташа деңгейлері уақыт бойынша орташа өлшенген мәндер негізінде севеламер карбонаты ұнтағы үшін 1,6 ± 0,5 ммоль/л, және севеламер гидрохлориді таблеткалары үшін 1,7 ± 0,4 ммоль/л құрады).
Клиникалық сынақтарда гемодиализдегі пациенттерде севеламермен монотерапия иПТГ-ге бірізді және клиникалық маңызы бар әсер көрсеткен жоқ. Алайда, перитонеалдық диализдегі пациенттер қатысқан 12 апталық зерттеуде кальций ацетатын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда иПТГ ұқсас төмендеуі байқалды. Салдарлы гиперпаратиреозы бар пациенттерде севеламер карбонатын кешенді ем аясында қолдану керек, ол иПТГ деңгейін төмендету үшін кальций қоспасын, 1,25-дигидрокси D3 дәруменін немесе оның аналогтарының біреуін қамтуы мүмкін.
Севеламер жануарлар пайдаланылған тәжірибелік модельдерде өт қышқылдарымен in vitro және in vivo байланысатыны көрсетілген. Ионалмасу шайырларының қатысуымен өт қышқылдарымен байланысу қандағы холестеринді төмендетудің жақсы анықталған тәсілі болып табылады. Севеламердің клиникалық сынақтарында жалпы холестериннің де, ТТЛП (тығыздығы төмен липопротеиндер) холестериннің де орташа мәндері 15 – 39% төмендеді. Бұлай төмендеу емдеудің 2 аптасы өткеннен кейін байқалды және ұзақ уақыт емдеу барысында сақталып тұрды. Триглицеридтердің, ТЖЛП (тығыздығы жоғары липопротеиндер) холестериннің және альбуминнің деңгейлерінде өзгерістер болған жоқ.
Севеламер өт қышқылдарымен байланысатындықтан, ол А, D, Е және К сияқты майда еритін дәрумендердің сіңірілуіне кедергі жасауы мүмкін.
Севеламердің құрамында кальций жоқ және фосфаттарды байланыстыратын кальций негізіндегі препараттарды ғана қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда гиперкальциемия ұстамаларының жиілігін төмендетеді. Севеламердің фосфорға және кальцийге ықпалы кейінгі бір жылдық бақылау кезеңімен зерттеудің бүкіл кезеңі бойы сақталғаны дәлелденді. Бұл ақпарат севеламер гидрохлориді қолданылған зерттеулерден алынды.
Балалар
Севеламер карбонатының гиперфосфатемиясы және БСА бар бала пациенттердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі бекітілген дозаны қабылдаудың (БДҚ) 2 апталық рандомизацияланған плацебо-бақыланатын кезеңі бар, кейіннен дозаны титрлеудің 6 айлық бір топтық ашық кезеңімен (ДТК) көп орталықты зерттеуде бағаланды. Зерттеуде, жалпы алғанда, 101 пациентке (жастары 6-дан 18 жасқа дейінгі, ДБА мәндерінің диапазоны 0,8 м2-ден 2,4 м2 дейін болатын) кездейсоқ таңдау әдісімен ем тағайындалды. Қырық тоғыз (49) пациент севеламер карбонатын, және 51 - плацебоны БДҚ 2 аптасы бойы қабылдады. Осыдан кейін, барлық пациенттер севеламер карбонатын 26 апталық ДТК қабылдады. Зерттеу бастапқы нәтиже бойынша өз мақсатына сәйкес келді, яғни севеламер карбонаты сарысудағы фосфорды плацебомен салыстырғанда ең кіші квадраттар (ЕКК) әдісімен анықталған орташа мәндер айырмашылығымен 0,90 мг/дл деңгейінде төмендетті, және тиімділіктің салдарлы нәтижелері бойынша да сәйкес келді. БСА қатысты алғанда салдарлы болатын гиперфосфатемиясы бар балаларда, севеламер карбонаты 2 апталық БДҚ барысында сарысудағы фосфор деңгейлерін плацебомен салыстырғанда елеулі түрде төмендетті. Севеламер карбонатын қабылдаған науқас балаларда емдеуге деген реакция ДТК 6 айлық ашық кезеңі барысында сақталып тұрды. 27% пациенттерде емдеудің соңында фосфордың сарысудағы лайықты деңгейлеріне қол жеткізілді. Бұл көрсеткіштер гемодиализде және перитонеалдық диализде жүрген пациенттердің қосалқы тобында сәйкесінше 23% және 15% құрады. ДБА 2 апталық БДҚ барысында емдеуге деген жауапқа ықпал етпеді, және бұған керісінше, фосфордың «квалификациялық» < 7,0 мг/дл деңгейі бар балаларда емдеуге жауап байқалған жоқ. Севеламер карбонатымен байланысты немесе байланысты болуы мүмкін деп хабарланған жағымсыз әсерлердің көпшілігі асқазан-ішектік сипатта болды. Севеламер карбонатын зерттеу кезеңінде қолданған кезде ешқандай жаңа қауіптер немесе қауіпсіздік бойынша дабылдар анықталған жоқ.
Дозалау режимі
Бастапқы доза
Севеламер карбонатының ұсынылатын бастапқы дозасы, клиникалық қажеттілігіне және қан сарысуындағы фосфор деңгейіне байланысты, тәулігіне 2,4 г немесе 4,8 г құрайды. Севкарды тамақтану кезінде күніне үш рет қабылдау қажет.
Бастапқы дозасын есептеу үшін келесі дозалау режимі және біріктірілімдер ұсынылады:
Пациенттердің қан сарысуындағы фосфор деңгейі — Тамақтану кезінде күніне 3 рет қабылданатын севеламер карбонатының жалпы тәуліктік дозасы
1.78-2.42 ммоль / л (5.5-7.5 мг/дл) — 2.4 г* (күніне 3 рет 800 мг 1 таблеткадан)
> 2.42 ммоль / л (>7.5 мг / дл) — 4.8 г* (күніне 3 рет 800 мг 2 таблеткадан)
* плюс нұсқаулықтарға сәйкес кейінгі титрлеу
Бұрын фосфатпен байланысатын препараттар (севеламер гидрохлориді немесе кальций негізіндегі препараттар) қабылдаған пациенттер үшін, Севкар дәрілік затын оңтайлы тәуліктік дозаны қамтамасыз ету үшін қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылай отырып, грамға грамм есебімен тағайындаған жөн.
Дозаны титрлеу және демеу
Қан сарысуындағы фосфор деңгейі бақылануға тиіс. Күніне үш рет 0.8 г-ге дейін (күніне 2.4 г) титрленген севеламер карбонатының дозасы, қан сарысуындағы фосфордың қолданылатын деңгейіне жеткенше, әрбір 2-4 апта сайын арттырылады, әрі қарай үнемі мониторинг жасалады.
Севеламер карбонатын қабылдап жүрген пациенттер өздері үшін белгіленген диетаны ұстануға тиіс.
Емдеу ұзақтығы
Қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылау қажеттілігіне байланысты, клиникалық тәжірибеде емдеу үздіксіз болады, және тәуліктік доза тәулігіне орта есеппен 6 г жуық болады деп күтіледі.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Севеламер карбонатының 6 жастан асқан және дене беткейінің ауданы > 0.75 м2 балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталды. Балалар жасындағы пациенттер үшін пероральді қолдануға арналған суспензияны тағайындайды, өйткені таблеткалар пациенттердің бұл тобына сай келмейді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді түрде қолдануға арналған.Таблеткаларды қабылдар алдында ұсақтамай, шайнамай немесе бөлшектеп сындырмай, тұтастай жұтқан жөн. Севкарды тамақпен бірге қабылдау керек, ашқарынға қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- гипофосфатемия;
- ішек бітелісі.
Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Анағұрлым жиі (≥ 5% пациенттерде) пайда болатын жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесінің «Асқазан-ішек жүйесі тарапынан бұзылыстар» класымен байланысты болды. Осы жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңілден орташа қарқындылыққа дейін болды.
Клиникалық сынақтар кезінде тіркелген немесе тіркеуден кейінгі кезеңде қолдану тәжірибесі барысында өздігінен келіп түскен хабарламаларда сипатталған жағымсыз реакциялар даму жиілігіне байланысты төменде тізбеленген. Хабарламалар жиілігі былай жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1 000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 - <1/1 000 дейін), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- жүрек айнуы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іш қату
Жиі
- диарея, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы
Өте сирек
- жоғары сезімталдық*
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- функционалдық ішек бітелісі, толық/ішінара ішек бітелісі, ішектің перфорациясы (тесілуі), асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолындағы ойық жаралар, асқазан-ішек некрозы, колит, ішек массалары
- кристалданған ішек
- қышыну, бөртпе
* Препаратты тіркеуден кейінгі кезеңде қолдану тәжірибесі.
Балаларда қолданылуы
Жалпы, балалар мен жасөспірімдердегі (6 жастан 18 жасқа дейін) қауіпсіздік бейіні ересектердің қауіпсіздік бейініне ұқсас.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Севеламер карбонаты сияқты молекуланың дәл сондай белсенді бөлігі бар севеламер гидрохлориді қалыпты дені сау еріктілерге тәулігіне 14 г дейінгі дозаларда сегіз күн бойы тағайындалды, және бұл кезде ешқандай жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. БСА бар пациенттерде зерттелген ең жоғары орташа тәуліктік доза бір реттік тәуліктік доза түрінде 14,4 г севеламер карбонатын құрады.
Артық дозаланған жағдайда байқалатын симптомдар жағымсыз реакцияларға ұқсас, және негізінен іш қату және басқа да белгілі асқазан-ішек бұзылуларын қамтиды. Тиісті симптоматикалық ем тағайындау қажет.
Севеламер карбонатының қауіпсіздігі және тиімділігі сарысудағы фосфор <1,78 ммоль/л болатын, диализде жүрмеген, бүйректің созылмалы ауруы бар ересек пациенттер үшін анықталған жоқ. Осылайша, қазіргі уақытта препаратты мұндай пациенттерде қолдану ұсынылмайды.
Севеламер карбонатының қауіпсіздігі мен тиімділігі мынадай бұзылыстары бар пациенттерде анықталған жоқ:
- дисфагия
- жұтудың бұзылулары
- асқазан-ішек жолы моторикасының ауыр бұзылулары, емделмеген немесе ауыр гастропарезді, асқазан ішіндегісінің іркілуін және ішектің патологиялық немесе жүйесіз жиырылуын қоса
- ішектің белсенді түрдегі қабыну аурулары
- асқазан-ішек жолына ауқымды операциялық араласым.
Мұндай пациенттерді севеламер карбонатымен емдеуді пайда/қауіпке мұқият баға бергеннен кейін ғана бастау керек. Егер ем басталып қойса, осы бұзылулардан зардап шегетін пациенттерге мониторинг қажет. Ауыр іш қату немесе басқа да ауыр асқазан-ішек симптомдары дамыған пациенттерде севеламер карбонатымен емдеуге қайта баға беру керек.
Функционалдық ішек бітелісі және толық/ішінара ішек бітелісі
Өте сирек жағдайларда севеламер карбонаты сияқты молекуланың дәл сондай белсенді бөлігі бар севеламер гидрохлоридімен (капсулалар/таблеткалар) емдеу кезінде пациенттерде функционалдық ішек бітелісі және толық/ішінара ішек бітелісі байқалды. Іш қату хабаршы симптом болуы мүмкін. Іш қатудан зардап шегетін пациенттер севеламер карбонатымен емдеу кезінде мұқият бақылануға тиіс. Ауыр іш қату немесе басқа да асқазан-ішектік ауыр симптомдары бар пациенттерде емдеуге қайта баға берген жөн.
Майда еритін дәрумендер және фолат тапшылығы
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде тамақтану сипатына және аурудың ауырлығына байланысты майда еритін А, D, E және К дәрумендерінің деңгейлері төмендеуі мүмкін. Севеламер карбонатының қабылданатын тамақтың құрамындағы майда еритін дәрумендерді байланыстыруы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Қосымша дәрумендерді қабылдамайтын, бірақ севеламер қабылдап жүрген пациенттерде қан сарысуында А, D, E және К дәрумендерінің жағдайына/деңгейіне үнемі баға беріп отыру қажет. Дәрумендік қоспалар қажет болған жағдайда ұсынылады. БСА бар, диализде жүрмеген пациенттерге D дәруменінің қоспаларын (табиғи D дәрумені тәулігіне шамамен 400 ХБ) беру ұсынылады, олар көп дәруменді препараттың бөлігі болуы мүмкін, оны севеламер карбонатының дозасынан бөлек қабылдау керек. Перитонеалдық диализ алып жүрген пациенттерде майда еритін дәрумендердің және фолий қышқылының қосымша мониторингі ұсынылады, өйткені клиникалық зерттеулерде осы пациенттердегі A, D, E және К дәрумендерінің деңгейлері өлшенген жоқ.
Қазіргі уақытта севеламер карбонатымен ұзақ емдеу кезінде фолат тапшылығының болу мүмкіндігін жоққа шығару үшін қолда бар деректер жеткіліксіз. Қосымша фолий қышқылын қабылдамайтын, бірақ севеламерді қабылдап жүрген пациенттерде фолат деңгейін тұрақты бағалап отыру керек.
Гипокальциемия/гиперкальциемия
БСА бар пациенттерде гипокальциемия немесе гиперкальциемия дамуы мүмкін. Севеламер карбонатының құрамында кальций болмайды. Сондықтан сарысудағы кальций деңгейіне үнемі мониторинг жүргізу және, қажет болған кезде, қоспа ретінде негізгі кальцийді тағайындау керек. Метаболизмдік ацидоз
БСА бар пациенттер метаболизмдік ацидоздың дамуына бейім болады. Сондықтан, тиісті клиникалық тәжірибе аясында бикарбонаттың сарысудағы деңгейлерін бақылау ұсынылады.
Перитонит
Диализ алып жүрген пациенттер диализ тәсіліне тән болатын инфекцияның белгілі бір қауіптеріне ұшырайды. Перитонит перитонеалдық диализ алып жүрген пациенттердегі белгілі асқынуға жатады, және севеламер гидрохлориді пайдаланылған клиникалық сынақтарда севеламер қабылдаған топта перитонит жағдайларының саны бақылау тобындағыға қарағанда көбірек тіркелді. Перитонеалдық диализ алып жүрген пациенттер үшін, перитонитке байланысты кез келген белгілер мен симптомдарды тез анықтаумен және емдеумен тиісті асептикалық әдістемені дұрыс қолдануға кепілдік беру үшін мұқият мониторинг қажет.
Жұтудың немесе тыныс алудың қиындауы
Севеламер карбонаты таблеткаларын қабылдаған кезде жұтудың қиындағаны жөнінде жиі емес хабарламалар тіркелді. Осы жағдайлардың көпшілігі қатар жүретін аурулары, оның ішінде жұтудың бұзылулары немесе өңеш функциясының бұзылулары бар пациенттерге қатысты болды. Жұтудың қиындықтары бар пациенттерде препаратты қолданған кезде сақтық таныту керек.
Гипотиреоз
Севеламер карбонатын және левотироксинді бір мезгілде тағайындағанда гипотиреозы бар пациенттерге неғұрлым мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Гиперпаратиреоз
Севеламер карбонаты гиперпаратиреозды бақылау үшін қолданылмайды. Салдарлы гиперпаратиреозы бар пациенттерде севеламер карбонатын қоспа ретіндегі кальций препараттары, 1,25-дигидроксидәрумен D3 немесе интактілі паратиреоидты гормон (иПТГ) деңгейін төмендету мақсатында оның аналогтарының бірі қамтылуы мүмкін біріктірілген ем құрамында қолданған жөн.
Асқазан-ішектің қабыну бұзылыстары
Әдебиетте севеламер кристалдарының болуымен астасқан асқазан-ішек жолының түрлі бөліктерінің күрделі қабыну бұзылыстары (қан кету, перфорация/тесілу, ойық жаралану, некроз, колит және тоқ/соқыр ішекте ісік түзілуі сияқты күрделі асқынуларды қоса) жағдайлары туралы хабарланған. Қабыну аурулары препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін тыйылды. Асқазан-ішектің ауыр симптомдары бар пациенттерде севеламер карбонатымен емдеуді қайта бағалау керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Севеламер карбонатының 6 жасқа дейінгі балалардағы немесе ДБА (дене беткейінің ауданы) 0,75 м2-ден аз балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Севеламер көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе аздаған ықпалы бар.
Жүкті әйелдерде севеламерді қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Сондай-ақ, севеламер кейбір дәрумендердің, соның ішінде фолий қышқылының сіңірілуін төмендететіні көрсетілген. Адам үшін әлеуетті қаупі белгісіз. Севеламер карбонатын жүкті әйелдерге тек нақты қажет болған жағдайда ғана және ана үшін де, шарана үшін де қауіп/пайдасын мұқият талдағаннан кейін тағайындау керек.
Емшек сүтімен бірге севеламердің/метаболиттердің бөлініп шығуы жөнінде деректер жоқ. Севеламердің сіңірілмейтін табиғаты севеламердің емшек сүтіне өту ықтималдығы аз екенін көрсетеді. Бала емізуді жалғастыру/тоқтату немесе севеламер карбонатымен емдеуді жалғастыру/тоқтату жөніндегі шешім нәресте үшін емшек емізудің пайдасы мен севеламер карбонатымен емнің әйел үшін пайдасын ескере отырып қабылдануы керек.
Диализ
Диализ алып жүрген пациенттерде өзара әрекеттесулерге зерттеу жүргізілмеген.
Ципрофлоксацин
Дені сау еріктілерде өзара әрекеттесуін зерттеулерде севеламер карбонаты сияқты молекуланың дәл сондай белсенді бөлігі бар севеламер гидрохлориді бір реттік дозаларын зерттеуде севеламер гидрохлоридімен бірге қолдану кезінде ципрофлоксациннің биожетімділігін шамамен 50%-ға төмендетті. Демек, севеламер карбонатын ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус трансплантациядан кейінгі пациенттерде
Трансплантациядан кейінгі пациенттерде севеламер гидрохлоридімен бірге қолданғанда циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус деңгейлерінің қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (мысалы, трансплантаттың ажырауы) төмендегені байқалды. Өзара әрекеттесудің ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды, және сондықтан аталған біріктірілімді қолдану кезінде, сондай-ақ оны тоқтатқаннан кейін қанда циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус концентрацияларына мұқият мониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Левотироксин
Севеламер карбонаты сияқты молекуланың дәл сондай белсенді бөлігі бар севеламер гидрохлоридін және левотироксинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде гипотиреоздың өте сирек жағдайлары тіркелген. Сондықтан севеламер карбонатын левотироксинмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде тиреостимуляциялаушы гормонның (ТТГ) деңгейлеріне неғұрлым мұқият мониторинг ұсынылады.
Аритмияға қарсы және құрысуға қарсы (эпилепсияға қарсы) дәрілік заттар
Аритмияны бақылауға арналған аритмияға қарсы дәрілік заттарды және құрысу бұзылыстарын (эпилепсияны) бақылауға арналған құрысуға қарсы (эпилепсияға қарсы) дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттер клиникалық сынақтардан шығарылды. Сондықтан осы препараттардың сіңірілуінің төмендеу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.
Аритмияға қарсы препараттарды севеламер қабылдаудан кем дегенде бір сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін үш сағаттан соң қабылдау ұсынылады, қажет болған жағдайда – қандағы концентрациясына мониторинг жүргізу керек.
Дигоксин, варфарин, эналаприл немесе метопролол
Дені сау еріктілерде өзара әрекеттесуін зерттеулерде севеламер карбонаты сияқты молекуланың дәл сондай белсенді бөлігі бар севеламер гидрохлориді дигоксиннің, варфариннің, эналаприлдің немесе метопрололдың биожетімділігіне ықпал еткен жоқ.
Протонды сорғы тежегіштері (ПСТ)
Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану аясында протонды сорғы тежегіштері мен севеламер карбонатын бірге қабылдаған пациенттерде фосфаттардың жоғары деңгейлері өте сирек жағдайларда байқалған.
Севеламерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ПСТ тағайындаған кезде сақтық таныту керек. Қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылау және қажет болған жағдайда севеламердің дозасын түзету қажет.
Биожетімділігі
Севеламер карбонаты сіңірілмейді және басқа дәрілік препараттардың биожетімділігіне әсер етуі мүмкін. Биожетімділігінің төмендеуі қауіпсіздікке немесе тиімділікке клиникалық маңызды әсерін тигізуі мүмкін кез келген дәрілік затты қолданған кезде мұндай дәрілік препаратты севеламер карбонатын қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын немесе үш сағат өткен соң қолдану керек, немесе дәрігер қандағы деңгейлеріне мониторинг жасау мүмкіндігін қарастыруға тиіс.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.