Севофлуранды жалпы анестезияны жүргізуге қатысты дайындығы бар адамдар ғана енгізе алады. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеуге, өкпеге жасанды желдету жүргізуге, оттегімен қамтамасыз етуге және қан айналымын қалпына келтіруге арналған аппаратура болуы қажет. Буландырғыштан берілетін севофлуранның концентрациясы дәл белгілі болуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Севофлуран тыныс алудың бәсеңдеуін тудыруы мүмкін, оны есірткі немесе тыныс алудың бәсеңдеуін тудыратын басқа препараттармен премедикациямен күшейтуге болады. Тыныс алуды бақылау және қажет болғанда көмек көрсету керек.
Севофлуранды енгізуді жалпы наркозды қолдануда дайындықтан өткен персонал ғана жүзеге асыруы тиіс. Тыныс алу жолдарының еркін өткізгіштігін, жасанды желдетуді, оттегімен толықтыруды және циркуляторлық реанимацияны демеуге арналған дәрілер дереу қолжетімді болуы тиіс.
Енгізілген севофлуранның концентрациясы нақты белгілі болуы тиіс. Ұшпа анестезиялық заттар өзінің физикалық қасиеттерімен ерекшеленетіндіктен, севофлуран үшін арнайы калибрленген буландырғыштарды ғана пайдалану қажет. Жалпы анестезияны қолдану пациенттің жауабы негізінде жеке таңдалуы тиіс. Гипотензия, тыныс алудың тежелуі анестезияның тереңдеуіне қарай ұлғаяды.
Севофлуран QTc аралығын айтарлықтай ұзартады. Севофлуранды қолдану кезінде «пируэт» типті қарыншалық тахикардия өте сирек байқалады, кейбір жағдайларда бұл өлімге әкелуі мүмкін. Севофлуранды бейім пациенттерде, мысалы, туа біткен ұзақ QTc синдромы бар немесе QTc аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қатар қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Кейбір жағдайларда Помпе ауруы бар балаларда қарыншалық аритмиялар байқалды, олардың ішінде кейбіреулері өліммен аяқталды. Жалпы анестетиктер, оның ішінде севофлуран, Помпе ауруы салдарынан кардиомиопатиясы бар пациенттерде жүрек аритмиясының туындау ықтималдығын арттыруы мүмкін артериялық қысымның және жүрек соғу жиілігінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Севофлуранды қолдану қажет болған жағдайда Помпе ауруы бар пациенттерді емдейтін маманмен кеңесу ұсынылады.
Жалпы анестетиктерді, оның ішінде севофлуранды митохондриялық аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Пациентті шығарар алдында оның жалпы анестезиядан толық қалпына келу дәрежесін мұқият бағалау керек.
Қатерлі гипертермия
Сезімтал адамдарда күшті ингаляциялық анестезиялайтын дәрілер қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизмдік жай-күйін тудыруы мүмкін, бұл оттегіге қажеттіліктің жоғары болуын тудырып және қатерлі гипертермия ретінде белгілі клиникалық синдромға әкеледі. Клиникалық синдром гиперкапниямен хабарланады және бұлшықеттердің сіресуі, тахикардия, тахипноэ, цианоз, аритмия немесе артериялық қысымның тұрақсыздығы болуы мүмкін. Осы спецификалық емес белгілердің кейбірі сондай-ақ жеңіл наркоз, жедел гипоксия, гиперкапния және гиповолемия кезінде пайда болуы мүмкін.
Емдеуге жағдайдың дамуына себеп болған препараттарды тоқтату (мысалы, севофлуран), натрий дантроленін вена ішіне тағайындау (пациенттерді басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін натрий дантроленін вена ішіне енгізу үшін дәрілік препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз), демеуші терапияны қолдану кіреді. Мұндай ем қалыпты дене температурасын қалпына келтіру бойынша белсенді іс-қимылдарды, өкпені қосалқы жасанды желдетуді және қосымша қан айналымын көрсетілгендей және электролиттер мен сұйықтықтардың қышқылдық-сілтілік ауытқуларын басқаруды да қамтиды. Бүйрек жеткіліксіздігі кейінірек пайда болуы мүмкін, сондықтан диурезді бақылау және мүмкіндігінше демеу керек.
Периоперациялық гиперкалиемия
Анестезияға арналған ингаляциялық препараттарды пайдалану қан сарысуындағы калий құрамының көбеюінің өте сирек жағдайларына байланысты операциядан кейінгі кезеңде балаларда жүрек аритмиясына және өлімге әкелді. Жасырын және ашық формадағы нейро-бұлшықет аурулары, әсіресе Дюшен бұлшықет дистрофиясы бар пациенттер ең әлсіздері болып табылады. Сукцинилхолинді бірге қолдану осы жағдайлардың көбімен байланысты, бірақ бәрімен емес. Осы пациенттерде сарысудағы креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы және кейбір жағдайларда миоглобинурияға сай келетін несептегі өзгерістер байқалды. Қатерлі гипертермиямен сипаттаудағы ұқсастығына қарамастан, осы пациенттердің ешқайсысы бұлшықеттердің сіресу белгілерін немесе симптомдарын немесе гиперметаболизмдік жағдайын көрсетпеді. Гиперкалиемия мен резистентті аритмияны емдеу үшін ерте және белсенді араласу, сондай-ақ жасырын нейро-бұлшықеттік ауруларды кезекті бағалау ұсынылады.
Екі бағытты қарыншалық тахикардиядан өте сирек туындаған QT аралығының ұзаруы туралы жеке хабарламалар алынды (ерекше жағдайларда өліммен аяқталған). Севофлуранды сезімтал пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек.
Қарыншалық аритмияның жекелеген жағдайлары Помпе ауруы бар педиатриялық пациенттердің есептерінде тіркелді.
Жалпы анестезияны, оның ішінде севофлуранмен, митохондриялық бұзылыстары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Тіркеуден кейінгі кезеңде өте сирек кездесетін жеңіл, орташа және ауыр операциядан кейінгі бауыр дисфункциясының немесе сарғаюы бар немесе онсыз гепатит жағдайлары туралы хабарланған болатын.
Клиникалық бағалау негізгі бауыр ауруы бар пациенттерде севофлуранды қолдану кезінде немесе бауыр дисфункциясын тудыруы мүмкін препараттармен емдеу кезінде жүргізілуі тиіс.
Галогенденген көмірсутектердің, севофлуранды қоса алғанда, қайта әсерге ұшырайтын пациенттерде салыстырмалы қысқа мерзім ішінде бауырдың зақымдану қаупі жоғары болуы мүмкін.
Жалпы ережелер
Анестезияны демеу барысында севофлуран концентрациясының жоғарылауы артериялық қысымның дозаға тәуелді төмендеуін тудырады. Артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі анестезияның тереңдігімен байланысты болуы мүмкін және мұндай жағдайларда дем алатын севофлуранның концентрациясын азайту жолымен түзетілуі мүмкін. Гиповолемиялық, гипотензиялық пациенттерге және басқа да гемодинамикалық бұзылулары бар пациенттерге дозаны таңдау кезінде ерекше назар аударылуы тиіс.
Барлық анестетиктер сияқты, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде миокардиальді ишемияның профилактикасы үшін гемодинамикалық тұрақтылықты сақтау маңызды.
Босану кезіндегі анестезияда севофлуранды қолданған кезде сақ болу керек, себебі жатыр миорелаксанттарының әсері жатыр қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
Жалпы анестезиядан қалыпқа келуді пациенттерді операциядан кейінгі палатадан шығарар алдында мұқият бағалау керек. Севофлуранды қабылдаған кезде, әдетте, анестезиядан тез шығу байқалады, сондықтан операциядан кейінгі ауырсынуды ерте ауырсыздандыру қажет болуы мүмкін. Севофлуранды қолданғаннан кейін сананы қалпына келтіру, әдетте, бірнеше минут ішінде орын алса да, анестезиядан кейін екі немесе үш күн бойы зияткерлік функцияларға оның әсері зерттелмеген. Басқа анестетиктер сияқты, көңіл-күйдегі аздаған өзгерістер қолданғаннан кейін бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін.Балалардың тез шығуы ажитациямен және бірлескен іс-қимылдардың болмауымен байланысты болуы мүмкін (шамамен 25% жағдай).
Балалардағы нейроуыттылық
Клиникаға дейінгі зерттеулер көрсеткендей, мидың жылдам өсуі немесе синаптогенез кезеңінде NMDA рецепторларын бөгейтін және/немесе ГАМҚ белсенділігін арттыратын анестетиктерді (флуран) немесе седативті заттарды (пропофол, кетамин) қолдану дамып келе жатқан мидағы жасушалардың жоғалуына әкеледі, бұл тұрақты когнитивті тапшылықпен байланысты болуы мүмкін. Бұл нәтижелердің клиникалық маңыздылығы белгісіз.
А қосындысы
Севофлуран анестезия жүйесіндегі СО2 сіңіргіштерімен жанасу кезінде ыдырау өнімінің (А қосындысы) түзілуіне әкеледі. А қосындысы бүйректің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Келесі факторлар А қосындысының концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін:
· Төмен таза газ ағыны бар жабық контурлық анестезия әдістері
· Анестетиктің жоғары концентрацияларын қолдану
· абсорбердің жоғары температурасы
· CO2 сіңіргіші ретінде Sodalime® орнында Baralyme® қолдану
· Baralyme® құрамындағы сіңіргіштің сусыздандыруы.
Адамдарға уытты әсер етуі күтілетін критикалық концентрация белгісіз. Сондықтан сақтық шарасы ретінде А қосындысының жоғары концентрациясынан аулақ болу керек. Севофлуранды таза газ ағыны 1 л/мин-ден аз жабық жүйелерде қолдануға болмайды. Таза газдың төмен ағындарында (1–2 л/мин) севофлуранның әсері әдетте 2 ЕТАК (ең төменгі альвеолярлық концентрация)-сағаттан аспауы керек. Бұрыннан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде севофлуранды сақтықпен қолдану керек (таза газ ағыны 2 л/мин астам).
Қайта кептірілген CO2 сорбенттерін алмастыру
Құрамында СО2 кептірілген сорбенттері, әсіресе калий гидроксиді бар (мысалы, Baralyme) наркозға арналған аппараттарда севофлуранды пайдалану кезінде шамадан тыс қызудың, түтіннің және/немесе өздігінен тұтанудың сирек жағдайлары сипатталған. СО 2 сорбенті бар резервуарлар қызған кезде севофлуранның ингаляциялық концентрациясының жоғарылауының ерекше кідірісі немесе күтпеген төмендеуі байқалуы мүмкін.
Экзотермиялық реакция, севофлуранның тез ыдырауы және ыдырау өнімдерінің түзілуі СО2 сорбенті кепкен кезде, мысалы, құрғақ газдың СО2 сорбенті бар резервуарға ұзақ әсер етуінде орын алуы мүмкін. Севофлуранның ыдырау өнімдері (метанол, формальдегид, көміртек тотығы және А, B, C және D қосылыстары) СО2 қайта кептірілген сорбенттерін және севофлуранның ең жоғары концентрациясын (8%) ұзақ уақыт кезеңінде (≥ 2 сағат) пайдаланатын анестезияға арналған эксперименттік аппараттың тыныс алу тізбегінде байқалды. Анестезия кезінде тыныс алу тізбегінде байқалатын формальдегидтің концентрациясы (құрамында натрий гидроксиді бар сорбенттерді қолдану арқылы) тыныс алу жолдарының жеңіл тітіркенуін тудыратын деңгейлермен сай келеді. Осы аса эксперименттік модель аясында байқалған ыдырау өнімдерінің клиникалық маңызы белгісіз.
Егер білікті медицина қызметкері СО2 сорбенті шамадан тыс кептірілген деп күдіктенсе, онда оны келесі анестетик ұшпа заттарды (мысалы, севофлуран) қолданар алдында алмастыру қажет. Кеуіп кету кезінде индикатордың түсі әрдайым өзгермейтінін ескеру қажет. Осылайша, түстердің едәуір өзгеруінің болмауы тиісті гидратацияның кепілі ретінде пайдаланылмауы керек. СО2 сорбенттер индикатордың түсіне қарамастан жүйелі түрде ауыстырылуы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Зерттелген бүйрек жеткіліксіздігі бар (қан сарысуының базалық креатинині 1,5 мг/дл артық) пациенттердің саны аз болуына байланысты севофлуранды осы топта қолдану қауіпсіздігі толық анықталмаған. Осылайша, севофлуран бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Нейрохирургия және жүйке-бұлшықет зақымданулары
Бассүйекішілік қысымның жоғарылау қаупі бар пациенттерде севофлуранды қолдану бассүйекішілік қысымды төмендету әдістерімен (мысалы, гипервентиляциямен) бірге абайлап жүзеге асырылуы тиіс.
Құрысу
Севофлуранды қолдануға байланысты құрысудың сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Севофлуранды қолдану балалар мен жас ересектерде, сондай-ақ егде адамдарда пайда болатын және қауіп факторларын тудырмайтын эпилепсиялық ұстамалармен байланысты. Құрысу қаупі бар пациенттерде севофлуранды қолданар алдында клиникалық бағалау жүргізу қажет. Балаларда анестезия тереңдігі шектелуі тиіс. Электроэнцефалограмма севофлуран дозасын оңтайландыруға және құрысуға бейім пациенттерде тырысу белсенділігінің дамуын болдырмауға көмектеседі.
Педиатрияда қолдану
Севофлуранды қолдану құрысумен байланысты болды. Олардың көпшілігі 2 айлық балалардан бастап және жас ересектерде байқалды, олардың көпшілігінде қауіпке бейімділік факторлары болмаған. Клиникалық бағалау құрысу қаупі бар пациенттерде севофлуранды қолдану кезінде жүргізілуі тиіс.
Балаларда дистоникалық қозғалыстар байқалды.
Севофлуран, әдеттегі клиникалық концентрацияларда, 9 сағатқа дейін ұзақ анестезиядан кейін де бүйректің концентрациялық қабілетіне әсер етпейді.
Төмендегі кестеде әртүрлі жас топтарына сәйкес келетін ЕТАК (ең төменгі альвеолярлық концентрация) мәндері көрсетілген:
Жасына қарай ересектер мен балалар үшін ЕТАК (ең төменгі альвеолярлық концентрация) мәндері.
Пациенттің жасы (жылы) — Орташа ЕАК. Севофлуран оттегі таза кезінде — Орташа ЕАК Севофлуран 65%/N 2 O/35% O 2 кезінде*
0-1 ай* — 3.3%
1-<6 ай — 3.0%
6 ай-<3 жас — 2.8% — 2.0%**
3 – 12 жас — 2.5%
25 жас — 2.6% — 1.4%
40 жас — 2.1% — 1.1%
60 жас — 1.7% — 0.9%
80 жас — 1.4% — 0.7%
* мерзіміне жетіп туылған балалар. Шала туылған балаларда ЕТАК анықталмаған.
** 1 - <3 жас аралығындағы педиатриялық пациенттер үшін 60 % N2O/40% O2 пайдаланылды.
Басқа галогенделген заттар сияқты, ЕТАК уақыт өте келе және азот тотығын қосқанда азаяды.