Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
800 мг
Саудалық атауы
Севроже
Әсер етуші зат
Севеламер
Мақсаты
Гемодиализ немесе перитонеалдық диализ жүргізілетін ересек пациенттерде гиперфосфатемияны бақылау
Өндіруші
Apothecon Pharmaceuticals Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - сусыз севеламер карбонаты, 800 мг,
қосымша заттар - гидроксипропилцеллюлоза (Клюцел НХF), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-05), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), натрий стеарил фумараты, тазартылған су.
Қабығы: Опадрай ақ 20F580006
Құрамы Опадрай ақ 20F580006: гипромеллоза 2910 6 мПа·с - 26.0 %, гидроксипропил-целлюлоза 90000 - 26.0 %, макрогол/ПЭГ 6000 - 21.0 %, гипромеллоза 2910 15 мПа·с – 16.0 %, титанның қостотығы (Е 171) - 11.0 %, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, бір жағында «NAV» және екінші жағында «109» өрнектері бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- гемодиализ немесе перитонеалдық диализ жүргізілетін ересек пациенттерде гиперфосфатемияны бақылау;
- сарысудағы фосфор деңгейі ≥ 1,78 ммоль/л болатын, диализ жүргізілмейтін пациенттерде бүйректің созылмалы ауруында гиперфосфатемияны бақылау;
- бүйрек остеодистрофиясының дамуын бақылау үшін кальций қоспаларын, 1,25-дигидрокси D3 дәруменін немесе оның аналогтарының біреуін қамтуы мүмкін көптеген емдік тәсілдер аясында.
Әсер ету механизмі
Севроже препаратының әсер етуші заты севеламер болып табылады, ол – сіңірілмейтін фосфор-байланыстыратын тігілген полимер, құрамында металдар мен кальций жоқ. Севеламер асқазанда протондалатын полимерлі қаңқадан бір көміртек атомымен бөлінген көптеген амин топтарынан тұрады. Бұл протондалған амин топтары ішекке тамақпен бірге енетін фосфаттар сияқты теріс зарядталған иондарды байланыстырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Асқазан-ішек жолындағы фосфаттарды байланыстырып, олардың сіңуін азайта отырып, севеламер қан сарысуындағы фосфор концентрациясын төмендетеді. Фосфатты байланыстыратын препараттарды қолданған кезде қан сарысуындағы фосфор деңгейіне ұдайы мониторинг жүргізу қажет.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Екі рандомизацияланған айқаспалы клиникалық зерттеулерде севеламер карбонаты таблетка түрінде де, ұнтақ түрінде де қолданылды, күніне үш рет енгізген кезде оның севоламер гидрохлоридіне емдік тұрғыдан баламалы екені, сондықтан гемодиализде жүрген БСА науқастарында сарысудағы фосфорды бақылауда тиімді екені көрсетілген.
Алғашқы зерттеу рандомизацияланған түрде екіден 8 аптаға дейін гемодиализбен емделіп жатқан 79 пациентте күніне үш рет қабылдаған кездегі севеламер карбонаты таблеткалары күніне үш рет қабылдаған кездегі севеламер гидрохлориді таблеткаларына баламалы болатынын көрсетті (севеламер карбонаты үшін де, севеламер гидрохлориді үшін де сарысулық фосфорды өлшеу уақыты бойынша орташа мәндер 1,5 ± 0,3 ммоль/л құрады). Екінші зерттеу көрсеткендей, күніне үш рет қабылдаған кезде севеламер карбонаты ұнтағы екі рандомизацияланған 4 апталық емдеу кезеңінде гемодиализде болған гиперфосфатемиялық күйдегі (фосфордың сарысулық деңгейі ≥ 1,78 ммоль/л ретінде анықталады) 31 пациентте күніне үш рет қабылдаған кезде севеламер гидрохлориді таблеткаларына баламалы болды (өлшеу уақыты бойынша фосфор сарысуының орташа мәндері севеламер карбонаты ұнтағы үшін 1,6 ± 0,5 ммоль/л және севеламер гидрохлориді таблеткалары үшін 1,7 ± 1,7 0,4 ммоль/л құрады).
Гемодиализде жүрген пациенттердегі клиникалық сынақтарда тек севеламерді қабылдаудың интактілі ПТГ-ге бірізді және клиникалық маңызды әсері болмады. Перитонеалдық диализде жүрген пациенттердің қатысуымен 12 апталық зерттеуде, кальций ацетатын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда интактілі ПТГ ұқсас төмендеуі байқалды. Салдарлы гиперпаратиреозы бар пациенттерде севеламер карбонатын бірнеше реттік терапевтік емдеу аясында қолдану керек, ол қоспа ретінде кальцийді, 1,25-дигидрокси D3 дәруменін немесе оның аналогтарының біреуін қамтуы мүмкін, интактілі ПТГ деңгейін төмендетеді. Севеламер жануарлардың эксперименттік модельдерінде өт қышқылдарын in vitro және in vivo байланыстыратыны байқалған. Өт қышқылының ион алмасу шайырлары арқылы байланысуы қандағы холестерин деңгейін төмендетудің жақсы жолға қойылған әдісі болып табылады. Клиникалық сынақтарда севеламерде жалпы холестерин мен ТТЛП холестеринінің орташа деңгейі 15-39% төмендеді. Холестериннің азаюы 2 апта емедуден кейін байқалады және ұзақ емдеу кезінде сақталады.
Севеламермен емдеуден кейін триглицеридтердің, ТЖЛП холестериннің және альбуминнің деңгейі өзгерген жоқ.
Севеламер өт қышқылдарын байланыстыратындықтан, ол A, D, E және K сияқты майда еритін дәрумендердің сіңуіне кедергі жасауы мүмкін.
Севеламердің құрамында кальций жоқ және кальций негізіндегі фосфат байланыстырғыш заттарды қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда гиперкальциемия көріністерінің жиілігін төмендетеді. Севеламердің фосфор мен кальцийге әсері - кейіннен бір жыл бойы бақылай отырып, олардың бүкіл зерттеу барысында сақталатыны дәлелденді. Бұл ақпарат севеламер гидрохлориді пайдаланылған зерттеулерден алынды.
Балалар
Гиперфосфатематикалық педиатриялық БСА бар пациенттерде севеламер карбонатының қауіпсіздігі мен тиімділігі төмендегідей бағаланды: бағалау 2 апталық рандомизацияланған плацебо-бақыланатын бекітілген дозалы кезеңмен (FDP), содан кейін 6 айлық, салыстырмалы емес, ашық дозаны титрлеу кезеңімен (ДТК) жүргізілді. Барлығы 101 пациент (6 жастан 18 жасқа дейінгі БСА диапазоны 0,8 м2-ден 2,4 м2-ге дейін) кездейсоқ таңдалды. Қырық тоғыз (49) пациент севеламер карбонатын алды және 51-і 2-апталық БДК кезінде плацебо алды. Осыдан кейін барлық пациенттер 26 апталық ДТК үшін севеламер карбонатын алды. Зерттеу өзінің бастапқы соңғы нүктесіне жетті, яғни севеламер карбонаты сарысулық фосфор мөлшерін плацебомен салыстырғанда орта есеппен 0,90 мг/дл азайтты, тиімділіктің екіншілік соңғы нүктелерінде де осындай жағдай байқалды. БСА-ға қатысты алғанда салдарлы гиперфосфатемиясы бар педиатриялық пациенттерде севеламер карбонаты 2 апталық БДК кезінде плацебомен салыстырғанда сарысулық фосфор деңгейін едәуір төмендеткен. Емдеуге жауап севеламер карбонатын 6 айлық ашық КДС кезінде алған педиатриялық пациенттерде сақталды. Педиатриялық пациенттердің 27%-ы емдеудің соңында сарысулық фосфордың өз жастарына сәйкес деңгейіне жетті. Бұл көрсеткіштер гемодиализ және перитонеалдық диализдегі пациенттердің қосалқы тобында сәйкесінше 23% және 15% құрады. 2 апталық FDP кезінде емдеуге жауап BSA әсер етпеді, алайда, контраст ретінде, фосфордың белгіленген мөлшері <7,0 мг/дл болған педиатриялық пациенттерде емге ешқандай жауап байқалмады. Севеламер карбонатына қатысты немесе қатысты болуы мүмкін деген жағымсыз құбылыстардың көпшілігі табиғаты бойынша асқазан-ішектік болды. Севеламер карбонатын қолдану кезінде зерттеу барысында ешқандай жаңа қауіптер немесе қауіпсіздік сигналдары анықталмады.
Дозалау режимі
Бастапқы доза
Севеламер карбонатының ұсынылатын бастапқы дозасы клиникалық қажеттілігіне және қан сарысуындағы фосфор деңгейіне байланысты, тәулігіне 2.4 г немесе 4.8 г құрайды. Севроже препаратын күніне 3 рет тамақтану кезінде қабылдаған жөн.
Бастапқы дозасын есептеу үшін келесі дозалау режимі және біріктірілімдер ұсынылады:
Пациенттердің қан сарысуындағы фосфор деңгейі — Күніне 3 рет тамақтану кезінде қабылданатын севеламер карбонатының жалпы тәуліктік дозасы
1.78 – 2.42 ммоль/л (5.5- 7.5 мг/дл) — 2.4 г* (күніне 3 рет 800 мг 1 таблеткадан)
> 2.42 ммоль/л (> 7.5 мг/дл) — 4.8 г* (күніне 3 рет 800 мг 2 таблеткадан)
* плюс нұсқаулықтарға сәйкес кейінгі титрлеу
Бұрын фосфат байланыстыратын препараттар (севеламер гидрохлориді немесе кальций негізіндегі препараттар) қабылдаған пациенттер үшін, Севроже дәрілік затын оңтайлы тәуліктік дозаны қамтамасыз ету үшін қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылай отырып, грамға грамм есебімен тағайындаған жөн.
Титрлеу және демеу
Қан сарысуындағы фосфор деңгейі бақылануы тиіс. Күніне үш рет 0.8 г-ге дейін (күніне 2.4 г) титрленген севеламер карбонатының дозасы, қан сарысуындағы фосфордың қолданылатын деңгейіне жеткенше, әрбір 2-4 апта сайын арттырылады, әрі қарай жүйелі мониторинг жасалады.
Севроже препаратын қабылдап жүрген пациенттер олар үшін белгіленген диетаны ұстануы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6 жастан асқан балаларда немесе дене беткейінің ауданы > 0.75 м2 болатын балаларда Севроженің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталды.
Бала жастағы пациенттерге пероральді қабылдауға арналған суспензияны тағайындайды, өйткені пациенттердің бұл тобына таблеткалар жарамайды.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттердің осы тобы үшін дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Пациенттердің осы тобы үшін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.
Таблеткаларды қабылдар алдында ұсақтамай, шайнамай немесе бөлшектеп сындырмай, тұтастай жұтқан жөн. Севроже препаратын тамақпен бірге қабылдау керек, бос асқазанға қабылдауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Қан сарысуындағы фосфор деңгейін бақылау қажеттілігіне қарай емдеу үздіксіз болуы тиіс. Тәуліктік доза күніне орта есеппен 6 г жуық болады деп күтіледі.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- гипофосфатемия
- ішек бітелісі.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін, алайда, олар бәрінде бірдей туындамайды. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- жүрек айнуы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іш қату
Жиі
- диарея, диспепсия, метеоризм, абдоминальді ауыру
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- қышыну
- бөртпе
- ішек бітелісі, ішектің толық /ішінара бітелісі, ішектің тесілуі, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолындағы ойық жаралар, асқазан-ішек некрозы, колит, ішек массалары
- кристалданған ішек.
Балалар
Әдетте балалар мен жасөспірімдер үшін (6-18 жас) қауіпсіздік бейіні ересектерге арналған қауіпсіздік бейінімен бірдей.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Севеламер карбонаты сияқты сондай белсенді компоненті бар севеламер гидрохлоридін дені сау еріктілердің 8 күн бойы күніне 14 г дозада жағымсыз әсерлерсіз қабылдағаны туралы белгілі.
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде бір реттік тәуліктік дозада 14,4 г севеламер карбонатының орташа тәуліктік дозасы зерттелді.
Артық дозаланғанда байқалатын симптомдар «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімінде келтірілген жағымсыз реакцияларға ұқсас, оның ішінде негізінен іш қату және басқа да белгілі асқазан-ішек бұзылулары.
Тиісті симптоматикалық ем жүргізілуі тиіс.
Севроже препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі қан сарысуындағы фосфордың концентрациясы <1.78 ммоль/л болатын, диализ жүргізілмейтін, бүйректің созылмалы ауруы бар ересек пациенттер үшін анықталған жоқ. Сондықтан Севроже мұндай пациенттерде пайдалану үшін ұсынылмайды.
Севроже препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеулер келесі аурулары бар пациенттерде жүргізілген жоқ:
- дисфагия;
- жұтудың бұзылулары;
- асқазан-ішек жолы перистальтикасының ауыр бұзылулары, емделмеген немесе ауыр гастропарезді, асқазан ішіндегіcінің іркілуін және ішектің патологиялық немесе жүйесіз перистальтикасын қоса;
- ішектің өршу сатысындағы қабыну аурулары;
- асқазан-ішек жолына жасалған ауқымды операциялар.
Мұндай пациенттерді емдеу абайлап және пайда/қауіпті қайта бағалаудан кейін ғана жүргізілуі тиіс. Егер ем басталса, осы бұзылулардан зардап шегетін пациенттер мониторингте болуы тиіс. Севроже препаратымен емдеуді ауыр іш қату немесе басқа да ауыр асқазан-ішек симптомдары дамитын пациенттерде қайта қарау керек.
Ішек бітелісі (толық және ішінара)
Өте сирек жағдайларда севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиенті бар севеламер гидрохлоридімен (капсулалар/таблеткалар) емдеу кезінде пациенттерде ішек бітелісі (толық немесе ішінара) байқалды. Іш қату алдыңғы симптом болуы мүмкін, сондықтан Севроже препаратын қолдану кезінде іш қату пайда болған жағдайда пациентті мұқият бақылаған жөн. Ауыр іш қату дамыған немесе асқазан-ішек жолының басқа да ауыр бұзылыстары бар пациенттерде Севроже препаратымен емдеуді қайта қарастырған жөн.
Майда еритін дәрумендердің және фолий қышқылының тапшылығы
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде тамақтану сипатына және аурудың ауырлығына байланысты майда еритін А, D, E және К дәрумендерінің деңгейлері төмендеуі мүмкін. Севроже препараты қабылданатын тамақтың құрамындағы майда еритін дәрумендерді байланыстыруға қабілетті екені жоққа шығарылмайды. Севеламер қабылдап жүрген, бірақ дәрумен қоспаларын қабылдап жүрмеген пациенттерде А, Д, E және К дәрумендерінің деңгейін үнемі бағалап отыру қажет. Дәрумендік қоспалар қажет болған жағдайда ұсынылады. Бүйректің созылмалы ауруы бар, диализбен ем қабылдап жүрмеген және мультидәрумендік препараттардың құрамына кіруі мүмкін Д дәрумені бар қоспаларды (күн сайын 400 ХБ жуық табиғи Д дәрумені) қабылдап жүрген пациенттерге Севроже препаратын және Д дәруменін бөлек қабылдау ұсынылады. Перитонеалдық диализ жүргізілетін пациенттерде майда еритін дәрумендердің және фолий қышқылының деңгейіне қосымша мониторинг жүргізу ұсынылады, өйткені клиникалық зерттеулерде мұндай пациенттердегі A, Д, E және К дәрумендерінің деңгейлері өлшенген жоқ.
Қазіргі таңда Севроже препаратын қолданып ұзақ емдеу кезінде фолаттардың (фолий қышқылының тұздары) тапшылығы дамуы мүмкін екенін жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз. Қосымша фолий қышқылын қабылдамайтын пациенттерде севеламерді қабылдаған кезде фолат деңгейін үнемі бағалау керек.
Гипокальциемия/гиперкальциемия
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде гипокальциемия немесе гиперкальциемия дамуы мүмкін. Севроже құрамында кальций болмайды. Сондықтан қан сарысуындағы кальций деңгейіне үнемі мониторинг жүргізу және қажет болған кезде қоспа түрінде негізгі кальций тағайындау керек.
Метаболизмдік ацидоз
Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттер метаболизмдік ацидоздың дамуына бейім болады. Сондықтан, тиісті клиникалық іс-тәжірибеге сәйкес, қан сарысуындағы бикарбонаттар деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Перитонит
Диализбен ем қабылдап жүрген пациенттер диализдік емшараға тән болатын инфекцияның пайда болу қаупіне ұшырайды. Перитонит – перитонеалдық диализде жүрген пациенттердегі белгілі асқыну, және клиникалық зерттеулерде севеламер гидрохлоридімен ем қабылдаған пациенттер тобында перитонит жағдайларының саны бақылау тобындағыға қарағанда көбірек болды. Перитонеалдық диализ қабылдап жүрген пациенттерді, тиісті асептикалық әдістеменің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және перитониттің кез келген көріністерін немесе симптомдарын анықтау мақсатында мұқият бақылауға алған жөн.
Жұтудың және тыныс алудың қиындауы
Севроже таблеткаларын қабылдаған кезде жұтудың қиындағаны жөнінде жиі емес хабарламалар тіркелді. Бұл жағдайлардың көпшілігі жұту бұзылыстарын немесе өңештегі проблемаларды қоса, қатар жүретін патологиялық жағдайы бар пациенттерге қатысты болды. Қатар жүретін аурулары бар пациенттерде дұрыс жұту қабілетін мұқият мониторингтеу керек. Ауру тарихында жұту қиындығы бар пациенттер үшін Севроже препаратын пероральді суспензияға арналған ұнтақ түрінде қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.
Гипотиреоз
Севроже препаратын және левотироксинді бірге қолданғанда гипотиреозы бар пациенттерге қатаң мониторинг жүргізу ұсынылған.
Гиперпаратиреоз
Севроже препараты гиперпаратиреозды бақылау үшін қолданылмайды. Салдарлы гиперпаратиреозы бар пациенттерде Севроже препаратын кальций қоспалары, 1,25-дигидроксихолекальциферол (1,25-дигидрокси Д3 дәрумені) немесе интактілі паратиреоидты гормон (иПТГ) деңгейін төмендету мақсатында оның аналогтарының бірі қамтылуы мүмкін біріктірілген ем құрамында қолдану керек.
Асқазан-ішек жолының қабыну аурулары
Севеламердің кристалдары болуымен байланысты асқазан-ішек жолдарының түрлі аумақтарының ауыр қабыну аурулары жағдайлары (қан кетулер, тесілу, ойық жаралар түзілуі, некроз, колит және нәжіс массалары сияқты күрделі асқынуларды қоса) байқалды. Қабыну аурулары препаратты тоқтатқаннан кейін тыйылды. Асқазан-ішектің күрделі ауруларының симптомдары пайда болған пациенттерде севеламер карбонатымен емдеуді қайта қарастыру керек.
Натрий мөлшеріне байланысты ақпарат
Бұл дәрілік препараттың құрамында таблеткада 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни препарат натрийден бос деп саналады.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі және дене беткейінің ауданы 0.75 м2-ден кем балаларға Севроже препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ.
6 жастан асқан балаларда немесе дене беткейінің ауданы > 0.75 м2 болатын балаларда Севрожені қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталды. Қолжетімді деректерді 5.1 бөлімінен қараңыз.
Бала жастағы пациенттер үшін пероральді қолдануға арналған суспензия тағайындалады, өйткені пациенттердің осы тобына арналған таблеткалар қолайлы емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Севеламер көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Жүкті әйелдерде севеламерді қолдану туралы деректер жоқ немесе жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулер егеуқұйрықтарға севеламерді жоғары дозада енгізген кезде тұқым өрбітуге аздаған уыттылықты көрсетті. Сондай-ақ, севеламер кейбір дәрумендердің, соның ішінде фолий қышқылының сіңуін төмендететіні көрсетілген. Адам үшін ықтимал қаупі белгісіз.
Севроже препаратын жүкті әйелдерге тек аса қажет болған жағдайда және анасы үшін де, шарана үшін де қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек.
Емшек сүтімен бірге севеламердің/метаболиттердің бөлініп шығуы жөнінде деректер жоқ. Севеламердің сіңетін зат болып табылмайтыны белгілі, бұл оның емшек сүтімен бірге бөлініп шығуы мүмкіндігінің аз екенін көрсетеді. Бала емізуді тоқтату/жалғастыру немесе Севроже препаратымен емдеуді тоқтату/жалғастыру жөніндегі шешім нәресте үшін емшек емізудің пайдасы мен Севроже препаратының анасы үшін пайдасын ескере отырып, қабылдануы тиіс.
Диализ
Диализ жүргізілетін пациенттерде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулерге зерттеу жүргізілмеген.
Ципрофлоксацин
Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін еріктілерде зерттегенде молекуласында севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиенті бар севеламер гидрохлориді ципрофлоксациннің, оны бір мезгілде бір реттік қабылдағанда, биожетімділігін шамамен 50%-ға азайтты. Сондықтан, Севроже препаратын ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдамаған жөн.
Трансплантациядан кейінгі пациенттерде циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус
Трансплантациядан кейін пациенттерде севеламер гидрохлоридімен бірге қабылдағанда циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус деңгейлерінің қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (мысалы, трансплантаттың ажырауы) төмендегені байқалды. Өзара әрекеттесудің ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды, осыған байланысты аталған біріктірілімді қолдану кезінде, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін де қанда циклоспорин, микофенолат мофетилі және такролимус концентрацияларына мұқият мониторинг жасау қажет.
Левотироксин
Севеламер гидрохлоридін (құрамында севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиенті бар) және левотироксинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде гипотиреоз жағдайлары жөнінде өте сирек мәлімделді. Сондықтан севеламер карбонатын левотироксинмен бірге қабылдап жүрген пациенттерде ТТГ деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Аритмияға қарсы және құрысуға қарсы дәрілер
Аритмияны бақылауға арналған аритмияға қарсы дәрілерді және құрысу ұстамаларын бақылауға арналған құрысуға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды. Осы себепті сіңірілу кезінде төмендеу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Аритмияға қарсы дәрілерді қабылдау Севроже препаратын қабылдаудан кемінде 1 сағат бұрын немесе 3 сағаттан кейін болуы тиіс. Қандағы деңгейіне мониторинг қажет.
Протонды помпа тежегіштері
Тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде протонды помпа тежегіштерін севеламер карбонатымен бірге қабылдаған пациенттерде фосфаттардың жоғары деңгейі өте сирек жағдайларда байқалған. Севроже препаратымен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерге ППТ тағайындау кезінде сақ болған жөн. Сарысудағы фосфат деңгейін бақылау және соған сәйкес Севроже дозасын түзету керек.
Биожетімділігі
Севроже препараты АІЖ сіңбейді және басқа дәрілік заттардың биожетімділігіне ықпал етуі мүмкін. Севроже препаратын олардың биожетімділігінің төмендеуі тиімділігіне және қауіпсіздігіне қатысты клиникалық маңызға ие болуы мүмкін басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде, оларды Севроже препаратын қабылдаудан бір сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін үш сағаттан соң қабылдау керек немесе дәрігер олардың қандағы деңгейіне мониторинг жасау қажеттілігін қарастырғаны жөн.
Дигоксин, варфарин, эналаприл немесе метопролол
Дені сау еріктілерде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуді зерттеу кезінде севеламер гидрохлориді (құрамында севеламер карбонаты сияқты белсенді ингредиент бар) дигоксиннің, варфариннің, эналаприлдің немесе метопрололдың биожетімділігіне ықпал еткен жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.