Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Саудалық атауы
Седавит
Әсер етуші зат
Снотворные и седативные препараты другие
Мақсаты
Тұрақты психикалық күйзеліс жағдайы (менеджер синдромы)
Өндіруші
ПАО Галичфарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл дәрілік заттың құрамында:
белсенді заттар: Седавит сұйық экстракті (Extractum sedaviti fluidum) (экстрагент – этанол 35% об / об) (1:4,5) ДӨШ қоспасынан: шүйгіншөп тамырының тарам-тамырлары (Valerianae Rhizoma cum Radicibus), долана жемістері (Crataegi fructus), шайқурай шөбі (Hyperici herba), бұрыш жалбызы жапырақтары (Menthae piperitae folium), құлмақ бүршігі (Lupuli flos) – 0,94 мл; пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) – 0,60 мг; Никотинамид (РР дәрумені) – 3,00 мг.
қосымша зат: сорбит (Е 420) – 100.00мг.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық қоңырдан қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Сақтау кезінде аздап тұнбаның түзілуіне жол беріледі.
- тұрақты психикалық күйзеліс жағдайы (менеджер синдромы)
- ашуланшақтықпен, мазасыздықпен, қорқынышпен, шаршаумен, алаңдаушылықпен, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, психикалық сарқылумен қатар жүретін жүйкенің бұзылуы және жүйкенің бұзылу реакциялары
- гипертензиялық және кардиологиялық түрі бойынша нейроциркуляциялық дистония
- әлсіздік синдромы (гиперстениялық түрі)
- I сатыдағы артериялық гипертензия
- ұйқысыздық (жеңіл түрлері)
- қышытатын дерматоздар (экзема, есекжем)
- жүйкенің кернеуіне байланысты бас ауруы, бас сақинасы
- климакстық синдромға және дисменореяның жеңіл түрлеріне симптоматикалық дәрі ретінде
ATХ коды N05CM
Седавит кешенді препаратының құрамында шүйгіншөп тамырсабағы мен тамырларының қою экстрактісі, долана жемістері, шайқурай шөбі, бұрыш жалбызы жапырақтары, құлмақ түйірлері, сондай-ақ пиридоксин гидрохлориді мен никотинамид дәрумендері бар. Аталған дәрілік өсімдіктердің экстрактілерінің биологиялық белсенді заттары жүйке, жүрек-тамыр жүйелерінің жұмысына оң әсер етеді және негізінен тыныштандыратын, ансиолитикалық әсерге ие, қорқыныш сезімін, психикалық стрессті жояды. Дәрумендер организмдегі тотығу үдерістеріне қатысатын ферменттік жүйелердің компоненттері болып табылады. Пиридоксин гидрохлориді-амин қышқылдарының трансаминденуіне, дезаминденуіне және декарбоксилденуіне, триптофан метаболизміне, эндогенді серотонин мен басқа да нейромедиаторлардың синтезіне қатысумен байланысты орталық және шеткергі жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Никотинамид – екі маңызды коферменттің: тіндік тыныс алу үдерістеріне қатысатын НАД және НАДФ құрамына кіреді. Атерогенді липопротеиндердің деңгейін төмендете отырып, липидтердің алмасуына әсер етеді. Көмірсулар мен азоттың алмасуын жақсартады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препаратты күніне 3 рет 5 мл-ден тағайындау керек. Қажет болса, бір реттік дозаны 10 мл-ге дейін арттыру керек. Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар (ұйқышылдық, бас айналу) пайда болған жағдайда таңертең және күндіз 2,5 мл-ден және түнде 5 мл-ден тағайындау керек. Қабылдаудың аралығы - 8 сағатты құрайды. Препаратты болжамды эмоциялық жүктемеден 20-30 минут бұрын 5-10 мл-ден бір рет қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты ішке қабылдау керек.
Препаратты сұйылтылмаған күйінде немесе сусындармен (шай, шырын) бірге қабылдау керек. Жүрек айныған жағдайда препаратты тамақтану кезінде қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ұзақтығы ауру симптомдарының түрі мен ауырлығына, қатар жүретін емнің сипатына, емнің қол жеткізілген әсеріне байланысты болады және оны дәрігер айқындайды.
- препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
- депрессия және ОЖЖ тежелуімен қатар жүретін жай-күй
- бронх демікпесі
- айқын артериялық гипотензия, брадикардия
- миастения
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
- бауыр аурулары
- жүректің ишемиялық ауруы
- гиперурикемия, несеп-тас ауруы
- құяң
- декомпенсацияланған қант диабеті
- 12 жасқа дейінгі балалар
Жиілігі белгісіз:
- аллергиялық реакциялар, гиперемия, бөртпе, қышу, ісіну, есекжем, анафилаксиялық шокты қоса анафилаксиялық реакциялар.
- ұйқышылдық, шаршағыштық, бас айналу, есеңгіреген эмоционалдық жай-күй, қозу, бас ауруы, парестезия, әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
- жүрек айнуы, іштің ауыруы және түйілуі, құсу, қыжыл, асқазан секрециясының ұлғаюы, ішек функциясының бұзылуы (іш қату, диарея)
- брадикардия, артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, аритмия
- сезімтал адамдардағы фотосенсибилизация, дерматит, құрғақ тері
- аяқ-қолдардың ұюы, бұлшықеттің әлсіздігі
- жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданған кезде – глюкозаға төзімділіктің төмендеуі
- биохимиялық көрсеткіштердің нормадан ауытқуы: аспартатаминотрансфераза (АСТ), лактатдегидрогиназа (ЛДГ), сілтілі фосфатаза, қандағы глюкоза, гиперурикемия деңгейінің жоғарылауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі; депрессия және ұйқышылдық сезімі. Кейінірек бұл симптомдар жүрек айнуымен, бұлшықет әлсіздігімен, ұйып қалу сезімімен, буындардағы ауырсынумен және асқазандағы ауырлық сезімімен, парастезиямен қатар жүруі мүмкін. Сонымен қатар никотинамидтің артық дозалану симптомдарының пайда болуы мүмкін (тахикардия, бас ауруы, бас айналу, құрысулар, тремор, жүрек айну, құсу, диарея, қатты тершеңдік, жөтел, тері бөртпесі, артериялық гипотензия).
Емі: препаратты тоқтату керек. Дәрігер анықтайтын симптоматикалық ем.
Препаратты қолданар алдында дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамына сорбит кіреді. Фруктозаның немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалаушы ауруы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Препараттарды қолданған кезде, әсіресе терісі ашық түсті пациенттер ультракүлгін сәулесінің ұзақ әсерінен (күн ванналары, солярий, диатермия) аулақ болуы керек.
Асқазан-өңеш рефлюксі бар пациенттерде (қыжыл) қыжылдың күшеюі мүмкін.
Препаратты артериялық қысымы ауытқитын және қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Артериялық қысымды және қандағы глюкозаның деңгейін бақылау қажет.
Алкогольмен бірге қабылдауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Седавит препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 12 жасқа дейінгі балаларға белгіленбеген, сондықтан препаратты 12 жастан асқан балаларға қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде көлік құралдарын басқарудан және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуден бас тартқан жөн.
Препаратты жүктілік кезінде немесе емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препарат орталық жүйке жүйесіне, сондай-ақ алкогольге седативті әсерін тигізетін заттардың әсерін күшейтеді. Леводопа мен пиридоксин гидрохлориді әсерінің өзара әлсіреуі мүмкін.
Циклосерин, гидралазин, изониазид, пенициламин және пероральді контрацептивтерді бір мезгілде қабылдау пиридоксинге деген жоғары қажеттілікті тудырады.
Тесілген шайқурай 3А4, 1А2 және 2С9 цитохромы Р450 изоферменттерінің индукциясын туындатуы мүмкін, бұл бір мезгілде осы изоферменттермен қабылданатын және метаболизденетін басқа препараттар әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты мына препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
– индинавирмен немесе басқа антиретровирустық препараттармен;
– циклоспоринмен, дигоксинмен, теофиллинмен, иринотеканмен, такролимуспен, гиполипидемиялық дәрілермен (симвостатинмен), фексофенадинмен, трициклдық антидепрессанттармен (амитриптилинмен, нортриптилинмен), эпилепсияға қарсы дәрілермен (карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен), серотонинді кері нейрондық қармаудың селективті тежегіштерімен (циталопраммен, флувоксаминмен, сертралинмен, пароксетинмен), буспиринмен, сондай-ақ триптандармен (суматриптанмен, наратриптанмен, золмитриптанмен) және гипотензиялық (кальций арнасының )блокаторларымен;
– варфаринмен және басқа антикоагулянттармен – кумариннің туындыларымен;
– пероральді контрацептивтермен (тұрақсыз қан кетулердің пайда болуымен бала көтертпейтін дәрілер тиімділігінің төмендеуіне байланысты қажет емес жүктіліктің басталуы жоққа шығарылмайды).
Жүрек гликозидтерімен қолдану ұсынылмайды.
Диуретиктер – пиридоксинмен біріктіріліп қолданған кезде диуретиктердің әсері күшейеді.
Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер - пиридоксинмен біріктіріліп қолданған кезде ұйықтататын әсерді төмендетеді.
Паркинсонға қарсы дәрілер – пиридоксинмен біріктіріп қолданған кезде Паркинсон ауруын емдеуге арналған дәрілердің тиімділігі төмендейді.
Кортикостероидтар – пиридоксинмен біріктіріп қолданған кезде ағзадағы В6 дәруменнің мөлшері азаяды.
Никотин қышқылын тромбқа қарсы дәрілермен немесе ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданған кезде қан кетудің даму қаупінің пайда болуы мүмкін.
Гипотензивті дәрілермен қолдану артериялық гипотензияның күшеюіне әкеледі. Гиполипидемиялық дәрілермен қолдану препараттың уытты әсерінің даму қаупін арттырады, спазмолитиктермен қолдану кезінде спазмолитиктердің әсері күшейеді.
Метилдопамен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның айтарлықтай төмендеуіне, пробенецидпен қолдану - пробенецид әсерінің төмендеуіне әкеледі.
Фотосенсибилизациялайтын әсері бар басқа дәрілік заттардың фотосенсибилизациялайтын әсерінің күшеюі мүмкін (мысалы, сульфаниламидтер, тетрациклин тобының антибиотиктері және фторхинолондар).
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 28 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.