Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Дозасы
30мг/5мл
Саудалық атауы
СЕКРАЗОЛ ®
Әсер етуші зат
Амброксол
Мақсаты
Секрецияның бұзылуымен және қақырықтың қиын шығуымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емі
Өндіруші
Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Шәрбат 15 мг/5 мл:
5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – амброксол гидрохлориді 15 мг;
қосымша заттар: сорбитол 70%, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроскибензоат, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, бүлдірген хош иістендіргіші, тазартылған су.
Шәрбат 30 мг/5 мл:
5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – амброксол гидрохлориді 30 мг;
қосымша заттар: сорбитол 70%, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроскибензоат, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, бүлдірген хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Шәрбат 15 мг/5 мл:
Бүлдірген дәмі бар мөлдір түссіз шәрбат.
Шәрбат 30 мг/5 мл:
Бүлдірген дәмі бар мөлдір түссіз шәрбат.
- секрецияның бұзылуымен және қақырықтың қиын шығуымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емі
Амброксол гидрохлориді бромгексин метаболиті болып табылады. Оның бромгексиннен айырмашылығы - метил тобының болмауы және гидроксил тобының циклогексил сақинасының пара-транс позициясына қосылуы.
Зерттеулер көрсеткендей, амброксол тыныс алу жолдарындағы шырыш секрециясын арттырады, өкпе сурфактантының өндірілуін арттырады, жыпылықтайтын эпителий бүртіктерінің қозғалыс белсенділігін стимуляциялайды, бұл қақырықтың мукоцилиарлық тасымалының жақсаруына әкеледі.
Пероральді қолданған кезде әсері орта есеппен 30 минуттан кейін байқалады және қолданылатын бір реттік дозаның мөлшеріне байланысты 6-12 сағат бойы созылады.
Клиникалық-фармакологиялық зерттеулер мукоцилиарлық клиренстің ұлғаюын растады, бұл қақырықтың тұтқырлығын төмендетуге көмектеседі және жөтелді жеңілдетеді.
Амброксолдың жергілікті ауырсынуды басатын әсері клондалған нейронды натрий өзекшелерінің дозаға тәуелді қайтымды блокадасына негізделген.
Препарат қабынуға қарсы әсерге ие. Амброксол гидрохлоридінің әсерінен цитокиндердің қаннан, сондай-ақ тіндік мононуклеарлы және полиморфонуклеарлы жасушалардан шығуы айтарлықтай төмендейді.
Тамағы ауыратын пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулер тамақтағы ауырсыну мен қызарудың айтарлықтай төмендегенін көрсетті.
Дозалау режимі
Шәрбат 15 мг/5 мл:
1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 2,5 мл – ден (15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 рет 2,5 мл – ден (22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы);
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2-3 рет 5 мл – ден (30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы);
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күнде күніне 3 рет 10 мл-ден (тәулігіне 90 мг амброксол гидрохлоридіне тең), содан кейін күніне 2 рет 10 мл-ден (60 мг-ға баламалы) тәулігіне амброксол гидрохлориді).
Дәрігерден кеңес алмай 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.
12 жастан бастап ересектер мен жасөспірімдерге арналған дозаны тағайындау кезінде препараттың дозасы күніне екі рет 20 мл-ден шәрбатты енгізу арқылы арттыруға болады (тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне сәйкес келеді).
12 жастан асқан жасөспірімдерге 30 мг / 5 мл жөтелге арналған сироптың жоғары дозасы ұсынылады.
Шәрбат 30 мг/5 мл:
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күн 5 мл шәрбаттан тәулігіне 3 рет (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), әрі қарай 5 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қажет болған жағдайда емдік әсерін күшейту үшін 10 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл тәулігіне 2-3 рет (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар: 1,25 мл тәулігіне 3 рет (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
1-ден 2 жасқа дейінгі балалар: 1,25 мл тәулігіне 2 рет (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Шәрбатты тамақтанар алдында немесе тамақтан кейін қоса берілген өлшеуіш стақанмен немесе өлшеуіш қасықпен жеткілікті мөлшерде жылы сұйықтықпен (сумен) ішіп, қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігер кеңесінсіз препаратты 4-5 күннен артық қолдану ұсынылмайды.
• амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
• 1 жасқа дейінгі балалар
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
• жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі
Сақтықпен:
• жүктілік (II-III триместр)
• бүйрек және / немесе бауыр жеткіліксіздігінде.
Жиі:
• дисгевзия (дәм сезінудің бұзылуы)
• жүрек айнуы, ауыз қуысы сезімталдығының төмендеуі (оральді гипестезия)
• жұтқыншақта сезімталдықтың төмендеуі (фарингеальді гипестезия)
Жиі емес:
• құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы
• қызба, шырышты қабықтың жергілікті реакциялары
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• бөртпе, есекжем
• тамақтың құрғауы
Өте сирек:
• сілекей бөлінудің артуы, іш қатуы
• дизурия
Жиілігі белгісіз:
• анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және қышынуды қоса, анафилаксиялық реакциялар
• терінің ауыр реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса)
• ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциялары симптомы сияқты)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі уақытта адамдарда артық дозаланудың ерекше симптомдары туралы хабарланған жоқ. Дәрілік препараттың кездейсоқ артық дозалануы және/немесе қолдану қателері туралы есептерге сүйене отырып, бақыланатын симптомдар ұсынылған дозаларды қолдану кезінде белгілі жанама әсерлермен сәйкес келеді.
Симптомдары: белгілері белгілі жанама әсерлермен салыстырмалы: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия.
Емі: симптоматикалық ем.
Амброксол гидрохлоридін қолданған кезде мультиформалы эритема, Стивенс Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты терінің ауыр зақымдануларының өте сирек жағдайлары тіркелген. Негізінен олар негізгі аурудың ауырлығына және/немесе қатар жүретін емге байланысты. Пациенттерде мынадай симптомдармен спецификалық емес аурудың басталу белгілері байқалуы мүмкін: дене температурасының көтерілуі, тұла бойының ауыруы, ринит, жөтел және тамақтың ауыруы. Бұл белгілердің пайда болуы суық тиюге қарсы препараттармен қажетсіз симпоматикалық ем жүргізуге әкелуі мүмкін.
Өршіген бөртпелердің симптомдары немесе белгілері (кейде сулы бөртпелер түзілуімен немесе шырышты қабықтың зақымдалуымен байланысты) пайда болған жағдайда амброксол гидрохлоридімен емдеуді тоқтату және дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Бронхомоторлық функция бұзылған және көп мөлшерде секрет болған жағдайда (мысалы, сирек қатерлі цилиарлы синдром жағдайында) СЕКРАЗОЛ® шәрбатын сақтықпен қолдану керек, себебі секрет жинақталуы мүмкін.
Бауырда өндірілетін метаболиттердің бүйректе жиналатынына байланысты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет.
СЕКРАЗОЛ® шәрбаттың құрамында сорбитол бар. Сорбитол - фруктозаның көзі. Бұл препаратты туа біткен фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
СЕКРАЗОЛ® құрамында метилпарагидросибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар. Кешіктірілген типті аллергиялық реакцияларды, бронхоспазмды тудыруы мүмкін.
Шәрбаттың құрамында спирт жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Амброксол гидрохлориді плаценталық бөгет арқылы өтеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілікке, ұрықтың дамуына, босануға және босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама теріс әсерін көрсеткен жоқ.
Жүктіліктің 28-ші аптасынан кейін препаратты қолданудың кең клиникалық тәжірибесі ұрыққа жағымсыз әсер ету белгілерін көрсеткен жоқ. Дегенмен, СЕКРАЗОЛ® жүктіліктің I триместрінде қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Амброксол гидрохлориді емшек сүтімен шығарылады, сондықтан бала емізу кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Маркетингтен кейінгі кезеңде препараттың көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препаратты жөтелді басатын заттармен бір мезгілде қолдану жөтел рефлексінің төмендеуі аясында қақырықтың шығуын қиындатады. Сондықтан, мұндай біріктірілімді қолдану пациент үшін күтілетін пайда мен ықтимал қауіпті мұқият бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Басқа препараттармен клиникалық маңызды қолайсыз өзара әрекеттесулер туралы хабарланған жоқ.
Амброксол мен антибиотиктерді (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин) қабылдау бронх-өкпелік секретте және қақырықта соңғылардың енуі мен концентрациясының жоғарылауына әкеледі.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін қолдану мерзімі 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.