Дозалау режимі
Ересектер мен дене салмағы 40 кг және одан жоғары балалар
Мерзімді енгізу
Инфекция — Доза
Муковисцидозы бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекциясы — Тәулігіне 100-150 мг/кг әр 8 сағат сайын, ең көбі 9г/тәулік 1
Фебрильді нейтропения — Әр 8 сағат сайын 2 г
Ауруханаішілік пневмония
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындардың инфекциясы — Әр 8 сағат сайын 1-2 г
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализбен байланысты перитонит
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — Әр 8 немесе 12 сағат сайын 1-2 г
Қуық асты безіне операция жасау кезінде инфекциялық асқынулардың профилактикасы (трансуретральды резекция) — Анестезияға индукция кезінде 1 г, катетерді алып тастаған сәтте 1 г
Созылмалы ортаңғы отит — Әр 8 сағат сайын 1-2 г
Қатерлі сыртқы отит
Үздіксіз инфузия
Инфекция — Доза
Фебрильді нейтропения — 2 г жүктеме доза енгізіледі, содан кейін әр 24 сағат сайын 4 тен 6 г-ге дейін тұрақты инфузиялық енгізу1
Ауруханаішілік пневмония
Муковисцидозы бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекциясы
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындардың инфекциясы
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализбен байланысты перитонит
1 Бүйрек функциясы қалыпты ересек пациенттерде препаратты тәулігіне 9 г-ге дейінгі дозада енгізген кезде жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. *Егер бұл 4.1 бөлімінде берілген инфекциялармен астасқан болса немесе оған күдік болса
Дене салмағы 40 кг төмен балалар
Дене салмағы 40 кг төмен 2 айдан асқан балалар — Инфекция — Доза
Мерзімді енгізу
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — 3 қабылдауға тәулігіне 100-150 мг/кг, тәулігіне ең көбі 6 г
Созылмалы ортаңғы отит
Қатерлі сыртқы отит
Балалардағы нейтропения — 3 қабылдауға тәулігіне 150 мг/кг, тәулігіне ең көбі 6 г
Муковисцидозы бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекциясы
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындардың инфекциясы — 3 қабылдауға тәулігіне 100-150 мг/кг, тәулігіне ең көбі 6 г
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализмен байланысты перитонит
Үздіксіз инфузия
Фебрильді нейтропения — Тәулігіне 60-100 мг/кг жүктеме доза енгізіледі, одан кейін тәулігіне 100-200 мг/кг тұрақты инфузиялық енгізу, ең көбі тәулігіне 6 г дейін
Ауруханаішілік пневмония
Муковисцидозы бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекциясы
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындардың инфекциясы
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализмен байланысты перитонит
Жаңа туған нәрестелер және 2 айға дейінгі балалар — Инфекция — Доза
Мерзімді енгізу
Инфекциялардың көпшілігі — 2 қабылдауға тәулігіне 25-60 мг/кг 1
1 Жаңа туған нәрестелер мен 2 айға дейінгі балаларда қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі ересектерге қарағанда 2-3 есе ұзағырақ болуы мүмкін. * Егер бұл 4.1 бөлімде берілген инфекциялармен астасқан болса немесе оған күдік болса.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Жаңа туған нәрестелер және 2 айға дейінгі балаларға үздіксіз инфузиялау режимінде цефтазидимнің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Егде жастағы пациенттер
Жас ұлғаюмен цефтазидим клиренсінің төмендеуіне байланысты егде жастағы пациенттерде (әсіресе 80 жастан асқанда) тәуліктік доза әдетте тәулігіне 3 г-ден аспауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Қолда бар деректерге сәйкес бауыр функциясының жеңіл және орташа айқын бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижелері жоқ. Мұндай пациенттерде жүргізілетін емнің қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Организмнен цефтазидим бүйрек арқылы өзгеріссіз шығарылады, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны азайту қажет (4.4 бөлімін қараңыз).
Бастапқы жүктеме доза 1 г құрауы тиіс, демеуші дозалар төменде кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсіне байланысты таңдалады.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде Селтозидим препаратының ұсынылатын демеуші дозалары - мерзімді енгізу.
Ересектер мен дене салмағы 40 кг және одан жоғары балалар
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Қан плазмасындағы креатинин концентрациясы, мкмоль/л (мг/дл) — Селтозидимнің ұсынылатын бір реттік дозалары (г) — Препаратты енгізу жиілігі
50 - 31 — 150 - 200 (1,7 - 2,3) — 1,0 — 12 сағат сайын
30 - 16 — 200 – 350 (2,3 - 4,0) — 1,0 — 24 сағат сайын
15 - 6 — 350 - 500 (4,0 - 5,6) — 0,5 — 24 сағат сайын
<5 — > 500 (> 5,6) — 0,5 — 48 сағат сайын
Ауыр инфекциялары бар пациенттерде ұсынылатын бір реттік доза 50 % дейін жоғарылауы немесе препаратты енгізу жиілігі ұлғайтылуы тиіс.
Балаларда креатинин клиренсін дене беткейінің ауданына немесе дене салмағына сәйкес түзету керек.
Дене салмағы 40 кг аз балалар
Креатинин клиренсі (мл/мин) ** — Қан плазмасындағы креатинин концентрациясы *, мкмоль/л (мг/дл) — Дене салмағына Селтотазидимнің ұсынылатын бір реттік дозалары (мг/кг) — Препаратты енгізу жиілігі
50 - 31 — 150 - 200 (1,7 - 2,3) — 25 — 12 сағат сайын
30 - 16 — 200 - 350 (2,3 - 4,0) — 25 — 24 сағат сайын
15 - 6 — 350 - 500 (4,0 - 5,6) — 12,5 — 24 сағат сайын
<5 — > 500 (> 5,6) — 12,5 — 48 сағат сайын
* Сарысулық креатинин мәндері болжамды болып табылады және бүйрек функциясы төмендеген барлық пациенттер үшін бірдей төмендеу дәрежесін көрсете алмайды. ** Дене беткейінің ауданы негізінде бағаланады немесе өлшенеді.
Қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде Селтозидим препаратының ұсынылатын демеуші дозалары - үздіксіз инфузия.
Ересектер мен дене салмағы 40 кг және одан асқан балалар
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Қан плазмасындағы креатинин концентрациясы, мкмоль/л (мг/дл) — Препаратты енгізу жиілігі
50 -31 — 150 – 200 ( 1,7 -ден 2,3 дейін) — Жүктемелік доза 2 г, соңынан үздіксіз инфузиялау арқылы 24 сағат ішінде 1-3 г енгізумен
30 -16 — 200 - 350 ( 2,3-тен 4,0 дейін) — Жүктемелік доза 2 г, соңынан үздіксіз инфузиялау арқылы 24 сағат ішінде 1 г енгізумен
≤15 — >350 (> 4,0) — Зерттелмеген
Дозаны таңдағанда сақтық таныту керек. Жүргізілетін емнің қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Дене салмағы 40 кг-ден аз балалар
Бүйрек функциясы бұзылған және дене салмағы <40 кг балаларда үздіксіз инфузиялау арқылы цефтазидимді енгізудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда тұрақты инфузияны қолданғанда креатинин клиренсін дене беткейінің ауданын немесе дененің бұлшықет массасын ескере отырып түзету қажет.
Гемодиализ
Гемодиализ кезінде цефтазидимнің жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағатты құрайды. Гемодиализдің әрбір сеансынан кейін жоғарыдағы кестеге сәйкес Селтозидим препаратының демеуші дозаларын енгізу қажет.
Перитонеальді диализ
Селтозидимді перитонеальді диализде және үздіксіз амбулаторлық перитонеальді диализде қолдануға болады. Вена ішіне енгізуге қосымша, Селтозидимді диализге арналған ерітіндіге қосуға болады (әдетте диализге арналған ерітіндіге 2 литріне 125-250 мг дозада). Артерия-веналық шунтты пайдалана отырып, үздіксіз гемодиализдегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін немесе қарқынды емдеу бөлімшесінде жоғары жылдамдықты гемофильтрациядағы пациенттер үшін ұсынылатын доза – тәулігіне 1 г (бір немесе бірнеше енгізуге бөлінген дозамен). Төмен жылдамдықты гемофильтрациядағы пациенттер үшін препараттың бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегідей дозалар ұсынылады. Вена-веноздық гемодиализдегі немесе вена гемодиализіндегі пациенттерге ұсынылатын дозалар төменде кестеде көрсетілген.
Ұзақ вена-веноздық гемофильтрация
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Ультрафильтрация жылдамдығына байланысты демеуші доза (мг) (мл/ мин)*
5 — 16,7 — 33,3 — 50
0 — 250 — 250 — 500 — 500
5 — 250 — 250 — 500 — 500
10 — 250 — 500 — 500 — 750
15 — 250 — 500 — 500 — 750
20 — 500 — 500 — 500 — 750
* Демеуші доза 12 сағат сайын енгізіледі.
Үздіксіз вена-веноздық гемодиализ
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Диализ жылдамдығына байланысты демеуші доза (мг) *
1,0 л/сағ — 2,0 л/сағ
Ультрафильтрация жылдамдығы (л/сағ) — Ультрафильтрация жылдамдығы (л/сағ)
0,5 — 1,0 — 2,0 — 0,5 — 1,0 — 2,0
0 — 500 — 500 — 500 — 500 — 500 — 750
5 — 500 — 500 — 750 — 500 — 500 — 750
10 — 500 — 500 — 750 — 500 — 750 — 1000
15 — 500 — 750 — 750 — 750 — 750 — 1000
20 — 750 — 750 — 1000 — 750 — 750 — 1000
* Демеуші доза 12 сағат сайын енгізіледі.
Қолдану тәсілі
Доза аурудың ауырлығына, инфекцияның сезімталдығына, орналасуына және түріне, сондай-ақ пациенттің жасы мен бүйрек функциясына байланысты.
Препарат инъекциялық немесе инфузиялық немесе терең бұлшықет ішіне иньекция арқылы енгізіледі.
Бұлшықет ішіне енгізу үшін ұсынылған дене аймақтары − үлкен бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадранты немесе жамбастың латералдық бөлігі болып табылады.
Цефтазидим ерітіндісін егер пациент сұйықтықты парентеральді қабылдайтын болса, тікелей венаға немесе вена ішіне инфузияға арналған жүйеге енгізуге болады.
Вена ішіне енгізу мүмкін болмағанда немесе пациент үшін онша қолайлы болмағанда, бұлшықет ішіне енгізуді қарастыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне (в/і) тамшылатып немесе сорғалатып немесе бұлшықет ішіне (б/і).
Ерітіндіні дайындау.
Еріткішті құтыға қосу арқылы ұнтақты еріткенде көміртектің қостотығы бөлінеді, сондықтан препараттың алынған дайын ерітіндісінде көміртектің қостотығы көпіршіктері болуы мүмкін, бұл препараттың қасиетіне әсер етпейді.
Құтыдағы Селтозидим мөлшері — Енгізу тәсілі — Еріткіш мөлшері (мл) — Шамамен концентрациясы (мг/мл)
1 г — б/і — 3,0 мл — 260
в/і сорғалатып — 10,0 мл — 90
в/і инфузия — 50,0 мл* — 20
* Еріткішті қосу 2 сатыда жүргізіледі.
Селтозидим вена ішіне енгізуге арналған ерітінділердің көпшілігімен үйлесімді, алайда натрий бикарбонаты еріткіш ретінде ұсынылмайды. Селтозидим 1 мг/мл-ден 40 мг/мл-ге дейінгі концентрацияда келесі еріткіштермен үйлесімді:
0,9 % натрий хлориді ерітіндісі
натрий лактаты M/6
Хартман ерітіндісі
5 % глюкоза ерітіндісі
0,225 % натрий хлориді ерітіндісі және 5 % глюкоза ерітіндісі
0,45 % натрий хлориді ерітіндісі және 5 % глюкоза ерітіндісі
0,9 % натрий хлориді ерітіндісі және 5 % глюкоза ерітіндісі
0,18 % натрий хлориді ерітіндісі және 4 % глюкоза ерітіндісі
10 % глюкоза ерітіндісі
10% инъекцияға арналған декстран 40 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде
10 % инъекцияға арналған декстран 40 5 % глюкоза ерітіндісінде
6 % инъекцияға арналған декстран 70 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде
6 % инъекцияға арналған декстран 70 5 % глюкоза ерітіндісінде.
Цефтазидим 0,05-тен 0,25 мг/мл-ге дейінгі концентрацияларда құрсақішілік диализге арналған сұйықтықпен (лактатпен) үйлесімді. Бұлшықет ішіне енгізу үшін Селтозидим 0,5% немесе 1% лидокаин ерітіндісімен сұйылтылуы мүмкін.
Лидокаин балаларда еріткіш ретінде қолданылмауы тиіс. Лидокаинді қолданумен дайындалған препарат ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды!
Сорғалатып енгізуге арналған ерітіндіні дайындау
1. Құтының қақпағы арқылы шприцтің инесін салыңыз және еріткіштің ұсынылған көлемін енгізіңіз. Вакуум еріткіштің енуіне ықпал етуі мүмкін. Шприцтің инесін алып тастаңыз.
2. Жақсы еру үшін құтыны шайқаңыз: еріту барысында көмірқышқыл газы бөлінеді және 1-2 минуттан кейін мөлдір ерітінді алынады.
3. Құтыны аударыңыз. Шприцтің поршенін толық сығып, құтының қақпағы арқылы инені салыңыз және ерітіндінің барлық көлемін шприцке алыңыз (құтыдағы қысым мұны жеңілдетуі мүмкін). Иненің ерітіндіде қалатынына және оның үстіндегі кеңістікке кірмегеніне көз жеткізіңіз. Шығарылған ерітіндіде көмірқышқыл газының шағын көпіршіктері болуы мүмкін, бұл препараттың сапасына әсер етпейді
Егер пациент сұйықтықты парентеральді енгізумен қабылдайтын болса, алынған ерітінді тікелей венаға немесе дозатор катетеріне енгізілуі мүмкін. Селтозидим жоғарыда аталған венаішілік сұйықтықтармен үйлесімді.
Селтозидимді вена ішіне құю үшін ерітінділерді стандартты құтыда дайындау төменде сипатталғандай екі сатыда жүргізіледі.
1. Шприц инесін құтының қақпағы арқылы енгізіңіз және 10 мл еріткішті құтыға енгізіңіз.
2. Инені шығарып алыңыз да, мөлдір ерітінді алу үшін құтыны шайқаңыз.
3. Препарат толығымен ерігенше газын шығару үшін инені салмаңыз. Газды шығару және құтыдағы ішкі қысымды түсіру үшін инені құтының қақпағы арқылы салыңыз.
4. Қалпына келтірілген ерітіндіні (жалпы көлемі 50 мл-ден кем емес) еріткішке көшіріңіз және 15-30 мин ішінде вена ішіне енгізіңіз.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгініңіз
Препаратты қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.