ATХ коды: A10BJ06
Әсер ету механизмі
Семаглутид адамның ГТП-1 ұқсастығы 94% болатын ГТП-1 аналогы болып табылады. Семаглутид ГТП-1 рецепторының агонисті ретінде әсер етеді, ол табиғи ГТП-1 үшін нысана болып табылатын ГТП-1 рецепторымен селективті түрде байланысады және белсендіреді.
ГТП-1 – бұл физиологиялық гормон, оның глюкозаның концентрациясын және тәбетті реттеуге, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесіне көп компоненттік әсері бар. Глюкозаның концентрациясына және тәбетке әсері ұйқы безіндегі және мидағы ГТП-1 рецепторлары арқылы спецификалық түрде жүзеге асады.
Семаглутид глюкозаның деңгейі артқан кезде инсулиннің секрециясын стимуляциялай және глюкагонның секрециясын төмендете отырып, қандағы глюкозаның деңгейін глюкозаға тәуелді түрде төмендетеді. Қандағы глюкоза концентрациясының төмендеу механизмі сондай-ақ ерте постпрандиальді фазада асқазан босауының аздап тежелуін қамтиды. Гипогликемия кезінде семаглутид инсулин секрециясын азайтады және глюкагонның секрециясын төмендетпейді.
Семаглутид калорияны тұтынуды азайту арқылы, соның ішінде тәбетті төмендету есебінен дененің жалпы салмағын және майлы тіндердің салмағын азайтады. Оның үстіне, семаглутид құрамында май мөлшері көп тағамға деген құмарлықты азайтады.
Сондай-ақ ГТП-1 рецепторлары жүрекке, қантамыр жүйесіне, иммундық жүйеге және бүйрекке экспрессияланады. Клиникалық зерттеулерде семаглутид плазмадағы липидтердің концентрацияларына оң әсер берді, систолалық артериялық қысымды төмендетті және қабынуды азайтты. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде семаглутид қолқа түйіндақтарының үдеуін болдырмай және оларда қабыну процестерін азайтып, атеросклероздың дамуын бәсеңдетті.
Фармакодинамикалық әсерлері
Фармакодинамиканың барлық деректеріне аптасына бір рет 1 мг семаглутидтің тепе-тең концентрацияларында емдеудің 12 аптасынан кейін (дозаны арттыруды қоса) баға берілді.
Ашқарындағы және тамақ ішкеннен кейінгі глюкозаның концентрациясы
Семаглутид ашқарында және тамақ ішкеннен кейін глюкозаның концентрациясын төмендетеді. 2 типті диабеті бар пациенттерде 1 мг семаглутидпен емдеу бастапқы деңгеймен (ммоль/л) салыстырғанда, глюкоза концентрациясының абсолюттік өзгеруіне және ашқарындағы (1,6 ммоль/л, 22%-ға төмендеді), тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттан соңғы (4,1 ммоль/л, 37%-ға төмендеді), тәуліктік орташа концентрациядағы (1,7 ммоль/л, 22%-ға төмендеді) глюкоза көрсеткіштерінің және 3 рет тамақ ішкеннен кейінгі постпрандиальді глюкоза шектерінің (0,6–1,1 ммоль/л), плацебомен (%) салыстырғанда, салыстырмалы төмендеуіне әкелді. Семаглутид алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін ашқарында глюкозаның концентрациясын төмендетті.
Бета-жасушалардың функциясы және инсулиннің секрециясы
Семаглутид бета-жасушалардың функциясын жақсартады. 2 типті қант диабеті бар пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, семаглутид инсулин секрециясының алғашқы және екінші фазасын, сәйкесінше, үш және екі есе жоғарылата отырып, жақсартты және бета-жасушалардың ең жоғары секрециялық қабілетін арттырды. Оның үстіне, плацебомен салыстырғанда, семаглутидпен емдеу ашқарында инсулиннің концентрациясын арттырды.
Глюкагон секрециясы
Семаглутид ашқарында және тамақ ішкеннен кейін глюкозаның концентрациясын төмендетеді. 2 типті қант диабеті бар пациенттерде семаглутид: ашқарында глюкагонның (8–21%), постпрандиальді глюкагондық жауаптың (14–15%) және глюкагонның орташа тәуліктік концентрациясының (12%), плацебомен салыстырғанда, глюкоза концентрациясының алдағы салыстырмалы төмендеуіне ықпал етті.
Инсулиннің және глюкагонның глюкозаға тәуелді секрециясы
Семаглутид инсулиннің секрециясын стимуляциялау және глюкагонның секрециясын төмендету арқылы қандағы глюкозаның жоғары концентрациясын глюкозаға тәуелді түрде төмендетті. Семаглутидпен емдеген кезде инсулин секрециясының жылдамдығы 2 типті қант диабеті бар пациенттерде дені сау пациенттердегі осындаймен ұқсас болды.
2 типті қант диабеті бар пациенттерде индукцияланған гипогликемия кезінде семаглутид, плацебомен салыстырғанда, глюкагон концентрациясына реттеуші жауап беру реакциясын өзгерткен жоқ және С-пептид концентрациясының төмендеуін бәсеңдеткен жоқ.
Асқазанның босауы
Семаглутид асқазанның ерте постпрандиальді босауының аздап тежелуін туындатты, сондықтан постпрандиальді глюкозаның айналымдағы арнаға түсу жылдамдығының төмендеуіне әкелді.
Тәбет, қабылданатын тағамның калориялығы және тағамды таңдау
Семаглутид, плацебомен салыстырғанда, тамақтың бірізді (қалауы бойынша) 3 қабылданғандағы тұтынылатын калорияны 18–35%-ға төмендетті. Бұған семаглутидтің әсерінен туындаған, ашқарынға қабылдағанда да, сонымен қатар тамақ ішкеннен кейін де, тамақ ішуді бақылауды жоғары болуы, тамақтың белгілі бір түріне тәбетінің аздығы және құрамында майы мол тамақты тәуір көрмеуіне қатысты, тәбеттің бәсеңдеуіне мүмкіндік берді.
Ашқарынға және тамақтанғаннан кейін қабылдаған кездегі липидтердің концентрациясы
Плацебомен салыстырғанда, семаглутид триглицеридтердің және тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) ашқарындағы концентрацияларының, сәйкесінше, 12%-ға және 21%-ға төмендеуіне ықпал етті. Құрамында майы мол тамақтан кейін триглицеридтердің және ТӨТЛП концентрациялары 40%-дан көбірекке төмендеді.
Кардиоэлектрофизиология (QTc)
Семаглутидтің жүректің реполяризациясына әсері QTc аралығын мониторингілік зерттеулерінде зерттелді. Семаглутид емдеу дозаларынан жоғары деңгейлерде (тепе-тең концентрацияларда 1,5 мг дейін) QTc аралығын ұзартқан жоқ.
Тиімділігі және қауіпсіздігі жөніндегі клиникалық деректері
2 типті диабетті емдеудің ажырамайтын бөлігі гликемияны бақылаудың жақсаруы және жүрек-қантамырлық аурушаңдықтың және өлім-жітімнің төмендеуі болып табылады.
Аптасына бір рет 0,5 мг және 1 мг семаглутид қолданудың тиімділігіне және қауіпсіздігіне 3а фазадағы рандомизацияланған бақыланатын 6 зерттеуде баға берілді, оған 2 типті диабеті бар 7,215 пациент қатысты (4107 пациент семаглутид қабылдады). Бес зерттеуде (SUSTAIN 1–5) негізгі мақсат гликемиялық бақылау тиімділігіне баға беру болды, ал бір зерттеуде (SUSTAIN 6) негізгі мақсат жүрек-қантамыр нәтижелеріне баға беру болды.
Бұдан өзге, аптасына бір рет 0,5 мг және 1 мг семаглутидтің тиімділігі мен қауіпсіздігін сәйкесінше аптасына бір рет 0,75 мг және 1,5 мг дулаглутидпен салыстыру үшін 1201 пациенттің қатысуымен 3b фазадағы зерттеу (SUSTAIN 7) жүргізілді. НГЛТ-2 тежегішімен емдеуге қосымша ретінде семаглутидтің тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу үшін 3b фазадағы зерттеу (SUSTAIN 9) жүргізілді.
Семаглутидпен емдеу, плацебомен және белсенді бақылау препараттарымен (ситаглиптин, инсулин гларгин, дулаглутидпен баяу босап шығатын эксенатид) салыстырғанда, гликилденген гемоглобин HbА1с концентрациясының 2 жылға дейін тұрақты, статистикалық тұрғыдан өте тамаша және клиникалық тұрғыдан маңызды төмендегенін көрсетті.
Пациенттің жасы, жынысы, нәсілдік немесе этникалық тегі, ДСИ және бастапқы деңгейдегі дене салмағы (кг), қант диабетінің ұзақтығы және бүйрек функциясының бұзылу дәрежесі семаглутидтің тиімділігіне ықпалын тигізген жоқ.
Бұдан бөлек, метформинге және оңтайландырылған инсулин гларгинге (U100) қосымша ретінде семаглутидтің инсулин аспартпен салыстырғандағы әсерін зерттеу үшін 3b фазадағы (SUSTAIN 11) зерттеу жүргізілді.
2 типті қант диабеті және бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің үдеуіне плацебомен салыстырғанда аптасына бір рет 1 мг дозада семаглутидтің әсерін зерттеу үшін 3533 пациент қатысқан бүйрек нәтижелерін бағалау жөніндегі (FLOW) 3b фазадағы зерттеу жүргізілді.
Нақты ақпарат төменде берілген.
SUSTAIN 1 – Монотерапия
Диетаның және дене жаттығуларының көмегімен жүргізілген, тиісінше бақыланбайтын 338 пациент қатысқан ұзақтығы 30 апталық салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде 0,5 мг немесе 1 мг семаглутидпен аптасына бір рет емдеу немесе плацебо үшін рандомизацияланды.
2-кесте. SUSTAIN 1: 30-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 0,5 мг — Семаглутид 1 мг — Плацебо
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 128 — 130 — 129
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,1 — 8,1 — 8,0
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -1,5 — -1,6 — 0
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -1,4 [-1,7, -1,1]a — -1,5 [-1,8,-1,2]a — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 74 — 72 — 25
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 9,7 — 9,9 — 9,7
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -2,5 — -2,3 — -0,6
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 89,8 — 96,9 — 89,1
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -3,7 — -4,5 — -1,0
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -2,7 [-3,9, -1,6]a — -3,6 [-4,7, -2,4]a — -
ар <0,0001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
SUSTAIN 2 – қантты төмендететін пероральді 1–2 препаратпен: метформинмен және/немесе тиазолидиндиондармен біріктірілген ситаглиптинмен салыстырғандағы семаглутид
56 апталық салыстырмалы жасырын зерттеуде аптасына бір рет 0,5 мг немесе аптасына бір рет 1 мг семаглутидпен немесе тәулігіне бір рет 100 мг ситаглиптинмен, барлығының метформинмен (94%) және/немесе тиазолидиндиондармен (6%) біріктірілімімен емдеу үшін белсенді бақыланатын 1231 пациент рандомизацияланды.
3-кесте. SUSTAIN 2: 56-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 0,5 мг — Семаглутид 1 мг — Ситаглиптин 100 мг
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 409 — 409 — 407
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,0 — 8,0 — 8,2
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 56-аптадағы өзгеріс — -1,3 — -1,6 — -0,5
Ситаглиптиннен айырмашылығы [95% СА] — -0,8 [-0,9, -0,6]а — -1,1 [-1,2, -0,9]а — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 69 — 78 — 36
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 9,3 — 9,3 — 9,6
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 56-аптадағы өзгеріс — -2,1 — -2,6 — -1,1
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 89,9 — 89,2 — 89,3
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 56-аптадағы өзгеріс — -4,3 — -6,1 — -1,9
Ситаглиптиннен айырмашылығы [95% СА] — -2,3 [-3,1, -1,6]а — -4,2 [-4,9, -3,5]а — -
ар <0,0001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%) — Бастапқы деңгейіне қатысты өзгерісі — Дене салмағы (кг) — Бастапқы деңгейіне қатысты өзгерісі
Рандомизация сәтінен басталған уақыт (апта) семаглутид 0,5 мг семаглутид 1 мг Ситаглиптин
Рандомизация сәтінен басталған уақыт (апта) семаглутид 0,5 мг семаглутид 1 мг Ситаглиптин
1-сурет. 56-аптаға қарай гликилденген гемоглобиннің HbА1с (%) және дене салмағының (кг) бастапқы деңгейден орташа өзгеруі
SUSTAIN 7 – дулаглутидпен салыстырғандағы семаглутид, екеуінің де метформинмен біріктірілімі
40 апталық ашық зерттеуде метформин қабылдаған 1,201 пациент аптасына бір рет 0,5 мг семаглутидпен, 0,75 мг дулаглутидпен, 1 мг семаглутидпен және 1,5 мг дулаглутидпен емдеу үшін, сәйкесінше, 1:1:1:1 рандомизацияланды. Зерттеуде 0,5 мг семаглутид 0,75 мг дулаглутидпен және 1 мг семаглутид 1,5 мг дулаглутидпен салыстырылды.
Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар 0,5 мг семаглутид (129 пациент [43%]), 1 мг семаглутид (133 [44%]) және 1,5 мг дулаглутид (143 [48%]) қабылдаған пациенттерде, 0,75 мг дулаглутид қабылдаған пациенттердің аздаған бөлігінде (100 [33%]) өте жиі болды және бірдей арақатынаста жүрді.
40-шы аптада тамырдың минутына 2,4, 4,0 және 1,6, 2,1 соғуының жиілеуі, сәйкесінше, семаглутидте (0,5 мг және 1 мг) және дулаглутидте (0,75 мг және 1,5 мг) байқалды.
4-кесте. SUSTAIN 7: 40-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 0,5 мг — Семаглутид 1 мг — Дулаглутид 0,75 мг — Дулаглутид 1,5 мг
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 301 — 300 — 299 — 299
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,3 — 8,2 — 8,2 — 8,2
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 40-аптадағы өзгеріс — -1,5 — -1,8 — -1,1 — -1,4
Дулаглутидтен айырмашылығы [95% СА] — -0,4b [-0,6, -0,2]a — -0,4с [-0,6, -0,3]a — - — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 68 — 79 — 52 — 67
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 9,8 — 9,8 — 9,7 — 9,6
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -2,2 — -2,8 — -1,9 — -2,2
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 96,4 — 95,5 — 95,6 — 93,4
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -4,6 — -6,5 — -2,3 — -3,0
Гларгин инсулиннен айырмашылығы [95% СА] — -2,3b [-3,0, -1,5]a — -3,6с [-4,3, -2,8]a — - — -
ар <0,0001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
b0,75 мг дулаглутидпен салыстырғандағы 0,5 мг семаглутид
с 1,5 мг дулаглутидпен салыстырғандағы 1 мг семаглутид
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%) — Бастапқы деңгейіне қатысты өзгерісі — Дене салмағы (кг) — Бастапқы деңгейіне қатысты өзгерісі
Рандомизация сәтінен басталған уақыт (апта) семаглутид 0,5 мг семаглутид 1 мг Дулаглутид 0,75 мг Дулаглутид 1,5 мг
Рандомизация сәтінен басталған уақыт (апта) семаглутид 0,5 мг семаглутид 1 мг Дулаглутид 0,75 мг Дулаглутид 1,5 мг
2-сурет. 40-аптада гликилденген гемоглобиннің HbА1с (%) және дене салмағының (кг) бастапқы деңгейден орташа өзгеруі
SUSTAIN 3 – метформинмен біріктірілген эксенатидпен немесе метформинмен және сульфонилмочевина препараттарымен салыстырғандағы семаглутид
56 апталық ашық зерттеуде тек метформин (49%), сульфонилмочевина препараттарымен бірге метоформин (45%) немесе басқа препараттар (6%) қабылдаған 813 пациент аптасына бір рет 1 мг семаглутидпен немесе аптасына 1 рет босап шығуы баяу жүретін 2 мг эксенатидпен емделу үшін рандомизацияланды.
5-кесте. SUSTAIN 3: 56-аптадағы нәтижелер
Семаглутид — Баяу босап шығатын эксенатид
1 мг — 2 мг
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 404 — 405
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,4 — 8,3
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 56-аптадағы өзгеріс — -1,5 — -0,9
Эксенатидтен айырмашылығы [95% СА] — -0,6 [-0,8, -0,4]а — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 67 — 40
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 10,6 — 10,4
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 56-аптадағы өзгеріс — -2,8 — -2,0
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 96,2 — 95,4
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 56-аптадағы өзгеріс — -5,6 — -1,9
Эксенатидтен айырмашылығы [95% СА] — -3,8 [-4,6, -3,0]а — -
ар <0,0001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
SUSTAIN 4 – қантты төмендететін пероральді 1–2 препаратпен: метформинмен немесе метформинмен және сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген гларгин инсулинмен салыстырғандағы семаглутид
30 апталық ашық салыстырмалы зерттеуде 1089 пациент метформинмен (48%) немесе метформин және сульфонилмочевина препараттарымен (51%) емдеу аясында аптасына бір рет 0,5 мг семаглутидпен, аптасына бір рет 1 мг семаглутидпен немесе тәулігіне бір рет гларгин инсулинмен емдеу үшін рандомизацияланды.
6-кесте. SUSTAIN 4: 30-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 0,5 мг — Семаглутид 1 мг — Инсулин гларгин
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 362 — 360 — 360
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,1 — 8,2 — 8,1
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -1,2 — -1,6 — -0,8
Гларгин инсулиннен айырмашылығы [95% СА] — -0,4 [-0,5, -0,2]a — -0,8 [-1,0, -0,7]a — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 57 — 73 — 38
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 9,6 — 9,9 — 9,7
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -2,0 — -2,7 — -2,1
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 93,7 — 94,0 — 92,6
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -3,5 — -5,2 — + 1,2
Инсулин гларгиннен айырмашылығы [95% СА] — -4,6 [-5,3, -4,0]a — -6,34 [-7,0, -5,7]a — -
ар <0,0001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
SUSTAIN 5 – базальді инсулинмен біріктірілген плацебомен салыстырғандағы семаглутид
Ұзақтығы 30 апталық, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеулерде ауруы тиісінше бақыланбайтын 397 пациент базальді инсулинмен және метформинмен немесе онсыз аптасына бір рет 0,5 мг семаглутидпен немесе аптасына бір рет 1 мг семаглутидпен немесе плацебомен емделу үшін рандомизацияланды.
7-кесте. SUSTAIN 5: 30-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 0,5 мг — Семаглутид 1 мг — Плацебо
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 132 — 131 — 133
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,4 — 8,3 — 8,4
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -1,4 — -1,8 — -0,1
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -1,4 [-1,6,-1,1]а — -1,8 [-2,0,-1,5]a — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 61 — 79 — 11
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,9 — 8,5 — 8,6
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -1,6 — -2,4 — -0,5
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 92,7 — 92,5 — 89,9
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -3,7 — -6,4 — -1,4
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -2,3 [-3,3,-1,3]a — -5,1 [-6,1,-4,0]a — -
ар <0,0001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
SUSTAIN FORTE - Семаглутид 2 мг қарсы семаглутид 1 мг
40 апталық салыстырмалы жасырын зерттеуде метформинді сульфонилмочевинамен немесе онсыз қолданған кезде HbA1c деңгейі жеткіліксіз бақыланатын 961 пациент екі топқа рандомизацияланды: біреуі аптасына бір рет 2 мг семаглутид, екіншісі аптасына бір рет 1 мг семаглутид алды. 2 мг семаглутидпен емдеу 1 мг семаглутидпен салыстырғанда 40 апталық емнен кейін HbA1c деңгейінің статистикалық маңызды төмендеуіне әкелді.
8-кесте. SUSTAIN FORTE: 40-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 1 мг — Семаглутид 2 мг
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 481 — 480
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8,8 — 8,9
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 40-аптадағы өзгеріс — -1,9 — -2,2
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — - — -0,2 [-0,4,-0,1]a
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 58 — 68
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 10,9 — 10,7
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 40-аптадағы өзгеріс — -3,1 — -3,4
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 98,6 — 100,1
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 40-аптадағы өзгеріс — -6,0 — -6,9
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -0,9 [-1,7,-0,2]b
ар <0,001 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
bр <0,05 (2 жақты) басым тиімділігі үшін
SUSTAIN 9 – плацебомен салыстырғанда семаглутид НГЛТ-2 тежегішіне ± метформинге немесе сульфонилмочевинаға қосымша ретінде.
30 апталық, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде метформинмен немесе сульфонилмочевинамен немесе онсыз НГЛТ-2 тежегішінің көмегімен талапқа сай бақыланбайтын 302 пациент аптасына бір рет 1,0 мг семаглутид немесе плацебо қабылдау үшін рандомизацияланды.
9-кесте. SUSTAIN 9: 30-аптадағы нәтижелер
Семаглутид 1 мг — Плацебо
Зерттеуге қамтылған ең болмағанда препараттың бір дозасын қабылдаған барлық пациенттер (N) — 151 — 151
Гликилденген гемоглобин HbА1с (%)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 8.0 — 8,1
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -1,5 — -0,1
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -1,4 [-1,6, -1,2]a — -
Гликилденген гемоглобин HbА1с <7% концентрациясына жеткен пациенттер (%) — 78,7 — 18,7
АПГ (ммоль/л)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 9,1 — 8,9
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -2,2 — 0,0
Дене салмағы (кг)
Бастапқы көрсеткіш (орташа) — 89,6 — 93,8
Бастапқы көрсеткіштерге қатысты 30-аптадағы өзгеріс — -4,7 — -0,9
Плацебодан айырмашылығы [95% СА] — -3,8 [-4,7, -2,9]a — -
ажоғары тиімділік үшін, HbA1c мәні мен дене салмағының иерархиялық тестілеуіне негізделген көптілігі үшін түзетілген p <0,0001 (екіжақты)
SUSTAIN 11 - Инсулин аспартқа қарсы семаглутид инсулин гларгин + метформинге қосымша ем ретінде
52 апталық ашық зерттеуде инсулин, гларгин және метформин емімен бірге 12 апталық дайындық кезеңінен кейін жеткіліксіз бақыланатын 2 типті қант диабеті бар 1748 пациент аптасына бір рет семаглутид (0,5 мг немесе 1,0 мг) немесе күніне үш рет инсулин аспарт алу үшін 1:1 арақатынасында рандомизацияланды. Зерттеуге кірістірілген популяцияда қант диабетінің орташа ұзақтығы 13,4 жыл және HbA1c орташа деңгейі 8,6%, HbA1c мақсатты деңгейі 6,5-7,5% болды. Семаглутидпен емдеу 52-аптада HbA1c деңгейінің төмендеуіне әкелді (семаглутид үшін -1,5% қарсы инсулин аспарт үшін -1,2%). Екі емдеу тобындағы гипогликемияның ауыр эпизодтарының саны аз болды (семаглутидті қолданғанда 4 эпизод және инсулин аспартты қолданғанда 7 эпизод). Семаглутид (-4,1 кг) қолданған кезде орташа бастапқы дене салмағы төмендеді және инсулин аспарт қолданғанда (+2,8 кг) жоғарылады, ал емдеу тиімділігінің есептік айырмашылығы 52-аптада -6,99 кг (95% СА -7,41-ден -6,57-ге дейін) құрады.
Сульфонилмочевина препараттары монотерапиясымен біріктіріп қолдану
SUSTAIN 6 зерттеуінде (жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары туралы қосымша бөлімді қараңыз) бастапқыда 123 пациент сульфонилмочевина препараттарымен монотерапия қабылдады. Гликилденген гемоглобиннің HbА1с бастапқы концентрациясы 0,5 мг семаглутид, 1 мг семаглутид және плацебо қабылдаған пациенттер үшін, сәйкесінше, 8,2%, 8,4% және 8,4% құрады. Гликилденген гемоглобин HbА1с концентрациясының 30-аптада өзгеруі 0,5 мг семаглутид, 1 мг семаглутид және плацебо қабылдаған пациенттер арасында, сәйкесінше, -1,6%-ды, -1,5%-ды және 0,1%-ды құрады.
Екіфазалы инсулинмен ± 1–2 ҚТПП-мен біріктіріп қолдану
SUSTAIN 6 зерттеуінде (жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары туралы қосымша бөлімін қараңыз) 867 пациент бастапқыда екіфазалы инсулин (ҚТПП-мен бірге немесе оларсыз) қабылдады. Гликилденген гемоглобиннің HbА1с бастапқы концентрациясы 0,5 мг семаглутид, 1 мг семаглутид және плацебо қабылдаған пациенттерде, сәйкесінше, 8,8%, 8,9% және 8,9% құрады. Гликилденген гемоглобин HbА1с концентрациясының 30-аптада өзгеруі 0,5 мг семаглутид, 1 мг семаглутид және плацебо қабылдаған пациенттерде, сәйкесінше, -1,3%-ды, -1,8%-ды және -0,4%-ды құрады.
Жүрек-қантамыр аурулары
Ұзақтығы 104 аптаға созылған салыстырмалы жасырын зерттеуде (SUSTAIN 6) 2 типті диабеті бар және жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары 3297 пациент аптасына 1 рет 0,5 мг семаглутидпен, аптасына 1 рет 1 мг семаглутидпен емделу үшін немесе плацебоға сәйкес кейіннен 2 жылдық бақыланатын стандартты емге қосымша емделу үшін рандомизацияланды. Зерттеуді барлығы пациенттердің 98%-ы аяқтады және зерттеудің соңына дейін пациенттердің 99,6%-да өмірлік статусы белгілі болды.
Зерттелетін популяция жасы бойынша былайша бөлінді: 1598 пациент (48,5%) ≥65 жас, 321 (9,7%) ≥75 жас және 20 (0,6%) ≥85 жас. 2358 пациентте бүйрек функциясы қалыпты немесе жеңіл дәрежеде бұзылған болды, 832 пациентте бүйрек функциясының бұзылуы орташа дәрежеде болды және 107 пациентте ауыр дәрежеде немесе терминалдық сатыда болды. Зерттеуге 61% еркек қатысты, пациенттердің орташа жасы 65 жасты құрады, ал орташа ДСИ – 33 кг/м2. Қант диабетінің орташа ұзақтығы 13,9 жылды құрады.
Бастапқы соңғы нүктесі рандомизациядан бастап жүрек-қантамыр жүйесі (МАСЕ) тарапынан алғашқы ауыр жағымсыз құбылыстар: жүрек-қантамыр патологиясынан болатын өлім, миокардтың өліммен аяқталмайтын инфарктісі және өліммен аяқталмайтын инсульт дамығанға дейінгі уақыт кезеңі болды.
МАСЕ-нің негізгі біріктірілген соңғы нүктелерінің жалпы саны, семаглутид үшін 108 (6,6%) және плацебо үшін 146 (8,9%) қоса, 254 құрады. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан негізгі және қосымша ақырғы көрсеткіштер бойынша нәтижелер 4-суретте берілген. Семаглутидпен емдеу жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім, миокардтың өліммен аяқталмайтын инфарктісі және өліммен аяқталмайтын инсульт түрінде бастапқы біріктірілген нәтижелер қаупінің 26%-ға төмендеуіне әкелді. Семаглутидпен емдеген кезде барлығы, 44 (2,7%), 47 (2,9%) және 27 (1,6%) құбылыстарды қоса, жүрек-қантамыр ауруларынан 90 өлім, миокардтың өліммен аяқталмайтын инфарктісінен болған 111 және өліммен аяқталмайтын инсульттен болған 71 өлім тіркелді (4-сурет). Бастапқы біріктірілген қауіптің азаюы, көбінесе, өліммен аяқталмайтын инсульттің (39%) және миокардтың өліммен аяқталмайтын инфарктісінің (26%) даму жиілігінің төмендеуінен болды (3-сурет).
Құбылыстары бар пациенттердің үлесі (%) — ҚҚ: 0,7495% СА 0,58: 0,95ҚҚ: 0,7495% СА 0,58: 0,95Қауіп тобындағы пациенттер саныҚауіп тобындағы пациенттер саны ҚҚ: 0,74 95% СА 0,58: 0,95 ҚҚ: 0,74 95% СА 0,58: 0,95 Қауіп тобындағы пациенттер саны Қауіп тобындағы пациенттер саны
семаглутид Плацебо
Рандомизациядан кейінгі уақыт (апта) ------ семаглутид ------ Плацебо
3-сурет. Алғашқы құрама нәтиже дамығанға дейінгі Каплан-Майер графигі: жүрек-қантамыр патологиясы себебінен болған өлім, миокардтың өліммен аяқталмайтын инфарктісі немесе өліммен аяқталмайтын инсульт (SUSTAIN 6)
Салыстырмалы қауіп — семаглутид — Плацебо
(CА 95%) — N (%) — N (%)
НДПА — 1648 — 1649
(100) — (100)
Негізгі ақырғы көрсеткіш - MACE — 0,74 — 108 — 146
(0,58–0,95) — (6,6) — (8,9)
MACE жекелеген компоненттері
Жүрек-қантамыр патологиясы себебінен болған өлім — 0,98 — 44 — 46
(0,65–1,48) — (2,7) — (2,8)
Өліммен аяқталмайтын инсульт — 0,61 — 27 — 44
(0,38–0,99) — (1,6) — (2,7)
Миокардтың өліммен аяқталмайтын инфарктісі — 0,74 — 47 — 64 (3,9)
(0,51–1,08) — (2,9)
Басқа да қосымша ақырғы көрсеткіштер
Кез келген себептен болған өлім — 1,05 — 62 — 60
(0,74–1,50) — (3,8) — (3,6)
Семаглутидтің пайдасына — Плацебо пайдасына
4-сурет. Форест-диаграмма: алғашқы құрама нәтижелер, оның компоненттері және кез келген себептен болатын өлім жағдайлары дамығанға дейінгі уақытты талдау (SUSTAIN 6)
Нефропатияның немесе ағымы нашарлауының 158 жаңа жағдайы тіркелді. Нефропатияға дейінгі уақыт үшін салыстырмалы қауіп [95% СА] (персистирленетін макроальбуминурияның жаңа эпизоды, қан сарысуындағы креатининнің екі есе тұрақты жоғарылауы, бүйректің тұрақты орын басу еміне қажеттілік және бүйрек ауруынан болатын өлім) алғаш байқалған персистирленетін макроальбуминурия есебінен 0,64 [0,46; 0,88] құрады.
Дене салмағы
Белсенді салыстыру препараттары ситаглиптин (18% және 3%) және баяу босап шығатын эксенатид (17% және 4%) қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, 0,5 мг (46% және 13%) және 1 мг (52–62% және 21–24%) семаглутид қабылдаған пациенттердің көп бөлігінде бір жыл емдеуден кейін дене салмағының төмендеуі ≥ 5%-ға және ≥10%-ға жетті.
40 апталық зерттеуде 0,75 мг дулаглутид (23% және 3%) қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, 0,5 мг семаглутид (44% және 14%) қабылдаған, 1,5 мг дулаглутидпен (30% және 8%) салыстырғанда, 1 мг семаглутид қабылдаған (63%-ға және 27%-ға дейін) пациенттердің көп бөлігінде, дулаглутидпен салыстырғанда, дене салмағының төмендеуі ≥ 5% және ≥10%-ға жетті.
SUSTAIN 6 зерттеуінде 0,5 мг және 1 мг семаглутидпен емдеген кезде стандартты емге қосымша 0,5 мг және 1 мг плацебомен салыстырғанда, 104 аптаға дейінгі бастапқы деңгейіне қатысты дене салмағының маңызды және тұрақты төмендегені байқалды (сәйкесінше, -0,7 кг және -0,5 кг-мен салыстырғанда -3,6 кг және -4,9 кг).
Артериялық қысым
Систолалық артериялық қысымның орташа көрсеткіштерінің елеулі төмендеуі пероральді гипогликемиялық препараттармен немесе базальді инсулинмен біріктірілген 0,5 мг (3,5– 5,1 мм сын.бағ.) және 1 мг (5,4–7,3 мм сын.бағ.) семаглутидпен емдеген кезде байқалды. Диастолалық артериялық қысымға қатысты айтар болсақ, семаглутид және салыстырмалы препараттар арасында елеулі айырмашылықтар білінген жоқ.
2 типті қант диабеті және бүйректің созылмалы ауруы бар ересектерде семаглутидті қолданғандағы бүйрек нәтижелерін зерттеу
FLOW – бүйрек жеткіліксіздігі және 2 типті қант диабеті бар пациенттерде семаглутидті қолдану
Салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын зерттеуге (FLOW) 2 типті қант диабеті және бүйректің созылмалы ауруы бар ересек пациенттер қатысты (несептегі альбумин-креатинин арақатынасы (АКА) сәйкесінше >100 мг/г және <5000 мг/г құрайтын 25-75 мл/мин/1,73 м2 еШСЖ). Барлық пациенттерде скрининг кезеңінде мұндай емге қарсы көрсетілімдер немесе жағымдылығы нашар болған жағдайларды қоспағанда, HbA1c деңгейі ≤10% болуы және стандартты фондық емді, оның ішінде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін (РААЖ) бөгейтін препараттың, оның ішінде ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегішінің немесе ангиотензин II рецепторлары блокаторының (АРБ) ең жоғарғы көтерімді дозасын қабылдауы тиіс. Зерттеуден бүйректің туа біткен немесе тұқым қуалайтын аурулары, соның ішінде бүйрек поликистозы, бүйректің аутоиммундық аурулары, соның ішінде гломерулонефрит немесе несеп жолдарының туа біткен даму ақаулары бар пациенттер шығарылды.
Барлығы 3533 пациент 41 ай бойы аптасына бір рет 1 мг дозада семаглутид немесе плацебо қолдану үшін рандомизацияланған. Зерттеу қатысушыларының орташа жасы 67 жасты құрады, пациенттердің 70% - ы ер адамдар болды. Зерттеу қатысушыларының шамамен 66%-ы ақ нәсілділер, 24%-ы азиялықтар, 5%-ы қара нәсілділер немесе афроамерикалықтар болды. Бастапқы орташа еШСЖ 47 мл/мин/1,73 м2 құрады, ал 11% пациенттің еШСЖ < 30 мл/мин/1,73 м2 болды. АКА бастапқы деңгейінің медианасы 568 мг/г құрады, бұл ретте 69% пациенттің АКА >300 мг/г болды. Бастапқыда пациенттердің 95 % - ы AӨФ немесе АРБ тежегіштерін, 16%-ы натрий-глюкоза котранспортер 2 тежегіштерін (Sodium-Glucose Linked Transporter of type 2, SGLT2), 76 % - ы статиндерді және 50% - ы тромбоциттерге қарсы препараттарды қабылдады.
Семаглутид бастапқы біріктірілген соңғы нүктенің пайда болу жиілігінің төмендеуі - еШСЖ ≥50% тұрақты төмендеуі, еШСЖ <15 мл/мин/1,73 м2 дейін төмендеуі, бүйректің орын басу еміне қажеттілік, бүйрек жеткіліксіздігінің үдеуі, жүрек-қантамыр ауруларынан болған өлім бойынша плацебодан асып түсті (10-кесте; 5-сурет).
Зерттеу барысында бүйрек жеткіліксізідігінің үдеу қаупінің төмендегені, еШСЖ ≥50% тұрақты төмендегені және жүрек-қантамыр ауруларынан болған өлімнің азайғаны байқалды.
Оземпик сонымен қатар ШСЖ жылдық өзгеру жылдамдығын (7-сурет), миокардтың өлімге әкелмейтін инфарктісін (МИ), өлімге әкелмейтін инсультті және жүрек-қантамырлық өлімді қамтитын біріктірілген жүрек-қантамырлық соңғы нүктенің пайда болу жиілігін, сондай-ақ барлық себептерден болатын өлім-жітім жиілігін азайтты (10-кесте және 6-сурет).
Бастапқы біріктірілген соңғы нүктеге қатысты емдеу әсері, жалпы алғанда, жас шамасын, биологиялық жынысты, ШСЖ және несептегі альбуминнің креатининге арақатынасын (UACR) қоса, барлық алдын ала анықталған зерттелген қосалқы топтарда бірдей болды. SGLT2 тежегіштерін бастапқы деңгейде қабылдаған пациенттерде бастапқы біріктірілген соңғы нүктеге қатысты емдеудің оң әсері байқалмады, бірақ бұл пациенттерде оқиғалар аз болды.
10-кесте. FLOW – Бастапқы және екінші соңғы нүктелер бойынша нәтижелер
Плацебо N = 1766 (%) — Семаглутид 1 мг N = 1767 (%) — Қауіптер қатынасы плацебомен салыстырғанда. (95% СА)1 — p-value2
Пациенттер саны (%)
Жалпы соңғы нүкте (еШСЖ ≥ 50% тұрақты төмендеуі, еШСЖ <15 мл/мин/1,73 м2 дейін төмендеуі, бүйректің орын басу еміне қажеттілік, бүйрек жеткіліксіздігі немесе жүрек-қантамыр патологиясы салдарынан болған өлім (алғаш пайда болғанға дейінгі уақыт) 3 — 410 (23.2) — 331 (18.7) — 0.76 (0.66, 0.88) — 0.0003
еШСЖ ≥ 50% тұрақты төмендеуі — 213 (12.1) — 165 (9.3) — 0.73 (0.59, 0.89)
еШСЖ <15 мл/мин/1,73 м2 дейін төмендеуі — 110 (6.2) — 92 (5.2) — 0.80 (0.61, 1.06)
Бүйректің орын басу еміне қажеттілік — 100 (5.7) — 87 (4.9) — 0.84 (0.63, 1.12)
Бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан болған өлім — 5 (0.3) — 5 (0.3) — 0.97 (0.27, 3.49)
Жүрек-қантамыр патологиясы салдарынан болған өлім — 169 (9.6) — 123 (7.0) — 0.71 (0.56, 0.89)
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан ауыр жағымсыз реакциялар — 254 (14.4) — 212 (12.0) — 0.82 (0.68, 0.98) — 0.0289
Кез келген себептерден болған өлім — 279 (15.8) — 227 (12.8) — 0.80 (0.67, 0.95) — 0.0104
1. Емдеу фактор ретінде және SGLT2 тежегішін бастапқы қолдану бойынша стратификация ескерілетін Кокстың пропорциялы қауіптері моделі (иә немесе жоқ).
2 Айырмашылықтың барын анықтау тесті үшін екіжақты р-мәні. Маңыздылық деңгейі 0,03224 құрады.
3 Тұрақтылық критерийлеріне сәйкес келетін ≥28 күн аралығындағы екі жүйелі өлшемнің болғанымен анықталды.
5-сурет. Каплан-Майер графигі бірінші біріктірілген нәтиже дамығанға дейінгі уақыт: еШСЖ ≥50% тұрақты төмендеуі, еШСЖ <15 мл/мин/1,73 м2 дейін төмендеуі, бүйректің орын басу еміне қажеттілік, бүйрек жеткіліксіздігінің үдеуі, жүрек-қантамыр ауруларынан болған өлім (FLOW)
6-сурет. Жинақталған жиілік: FLOW зерттеуінде ауыр жүрек-қантамырлық оқиғалар алғаш пайда болғанға дейінгі уақыт
Жинақталған жиілікті бағалау рандомизациядан бастап алғаш расталған EAC ауыр жүрек-қантамырлық оқиғаға (MACE) дейінгі уақытқа негізделген, ал жүрек-қантамыр ауруларымен байланысты емес өлім бәсекелес қауіп ретінде модельденеді. X осі 52-ай белгісінде қысқарған, мұнда халықтың шамамен 5% - ы зерттеуге қатысты.
7-сурет. FLOW зерттеуіндегі апталар бойынша орташа бақыланатын мәндердің графигі: ШСЖ (мл/мин/1,73 м2)
104-аптаға дейінгі зерттеу кезеңіндегі бақылау деректері. Қателер +/- 1.96 ретінде көрсетілген
* CKD-EPI 2009 формуласы бойынша есептелген шумақтық сүзілудің есептік жылдамдығының (еШСЖ) орташа мәнінің стандартты қатесі CKD-EPI: Chronic Kidney Disease Epidemiology Collaboration, еШСЖ: шумақтық сүзілудің есептік жылдамдығы.
Балалар жасындағы пациенттердің популяциясы
Еуропалық Медицина Агенттігі 2 типті қант диабеті бар балалар жасындағы пациенттердің бір немесе одан көбірек қосымша топтарында семаглутидті зерттеу нәтижелерін беру міндеттемесін кейінге қалдырды (4.2 бөлімін қараңыз).