Емдеуді гемофилияны және/немесе қан ұюдың бұзылуын емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастаған жөн.
Босанғаннан кейінгі көлемді қан кетуді емдеуді тек акушер-гинекологтардың бақылауымен ғана емес, сонымен қатар анестезиологтардың, реаниматологтардың және/немесе гематологтардың қатысуымен жүргізу керек.
Тиімді эптаког альфа терапиясына қол жеткізу үшін фибриногеннің талапқа сай концентрациясын және тромбоциттер санын сақтау ұсынылады.
Дозалау режимі
А немесе В гемофилиясы тежегіштермен немесе VIII факторын немесе IX факторын енгізуге күтілетін иммундық реакциялармен
Препаратты енгізуді мүмкіндігінше қан кетулер басталғаннан кейін тезірек бастаған Вена ішіне сорғалатып енгізуге ұсынылатын бастапқы доза пациенттің кг дене салмағына 90 мкг құрайды. Бастапқы дозаны енгізгеннен кейін инъекцияны қайталау іске асырылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы және инъекциялар арасындағы аралық қан кетудің ауырлығымен немесе инвазиялық емшаралардың, немесе хирургиялық араласымдардың сипатымен анықталады.
Балалар
Қазіргі уақытта жинақталған клиникалық тәжірибе, балалардағы клиренстің жоғары екені белгілі болса да, балалар мен ересектер үшін дифференциацияланған дозалау режимін ұсынуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан педиатриялық тәжірибеде ересек пациенттер плазмасындағы концентрацияға ұқсас плазмадағы препарат концентрациясына жету үшін қан ұюының факторының rFVIIа жоғарырақ дозаларын пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Препаратты енгізу жиілігі
Гемостазға жеткенше әрбір 2-3 сағат сайын.
Егер қан тоқтағаннан кейін емдеуді жалғастыру үшін көрсетілімдер бар болса, онда препаратты енгізу арасындағы аралықтар, көрсетілімдерге сәйкес, емдеудің бүкіл кезеңінде біртіндеп 4, 6, 8 немесе 12 сағатқа дейін арттырылуы мүмкін.
Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі қан кетулер (амбулаторлық емді қоса)
Препаратты ертерек енгізу өте тиімді. Келесі дозалық режим ұсынылады:
- әр үш сағат сайын кг дене салмағына 90 мкг дозадағы бір инъекциядан үш инъекциясына дейін. Әсерін демеу үшін дене салмағының әр кг шаққанда 90 кг есебінен Семиклотин препаратының бір қосымша дозасы тағайындалуы мүмкін.
- дене салмағының әр кг шаққанда 270 мкг есебінен бір реттік инъекция. Амбулаторлық емдеу ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс.
Дене салмағының бір кг-на 270 мкг бір реттік дозасындағы препаратты егде пациенттерде қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.
Ауыр дәрежедегі қан кетулер
Препараттың ұсынылған бастапқы дозасы дене салмағының әр кг шаққанда 90 мкг құрайды және осы пациентті емделетін клиникаға жеткізу кезеңінде енгізілуі мүмкін. Әрі қарай емдеу сызбасы қан кетулер типіне және ауырлығына байланысты. Емдеудің басында препарат клиникалық жақсару басталғанға дейін әрбір екі сағат сайын енгізіледі. Емдеуді жалғастыруға көрсетілімдер бар болған жағдайда препаратты енгізу арасындағы аралықтар 1-2 тәулік ішінде 3 сағатқа дейін арттырылуы мүмкін. Кейіннен, препаратты енгізу арасындағы аралықтарды емдеудің бүкіл кезеңі бойы, көрсетілімдеріне сәйкес, 4, 6, 8 немесе 12 сағатқа дейін арттыруға болады. Ауыр қан кетулерді емдеу ұзақтығы 2-3 аптаны немесе клиникалық көрсетілімдер бар болған жағдайда одан да көбіректі құрауы мүмкін.
Инвазиялық араласымдар және/немесе хирургиялық операциялар
Дене салмағының әр кг шаққанда 90 мкг бастапқы доза тура араласым алдында енгізіледі. Екінші доза 2 сағаттан кейін енгізіледі, ал содан кейін жүргізілген араласымға және пациенттің клиникалық жағдайына байланысты алғашқы 24-48 сағат бойы препарат 2-3 сағаттық аралықпен енгізіледі. Үлкен операцияларда ұсынылған жоғары дозаларда емдеу 6-7 тәулік бойы препаратты енгізу арасындағы 2-4 сағаттық аралықпен жалғастырылады. Келесі 2 апта бойы ем жүргізгенде препаратты енгізу арасындағы аралықтар 6-8 сағатқа дейін арттырылуы мүмкін. Үлкен операциялардан кейін препаратты қолданудың жалпы ұзақтығы жазылғанға дейін 2-3 аптаны құрауы мүмкін.
Жүре пайда болған гемофилия
Қан кету басталғаннан кейін Семиклотин препаратын мүмкіндігінше ертерек енгізу көрсетілген. Вена ішіне сорғалатып енгізілуге ұсынылатын бастапқы доза дене салмағының әр кг шаққанда 90 мкг құрайды. Алғашқы инъекциядан кейін Семиклотин препаратын енгізуді, қажет болса, қайталауға болады. Емдеу ұзақтығы және препаратты енгізулер арасындағы аралық қан кету ауырлығымен немесе инвазиялық емшаралардың және/немесе хирургиялық араласымның сипатымен анықталады. Бастапқы дозаны енгізген кезде аралық 2-3 сағатты құрауы тиіс. Гемостазға қол жеткізгеннен кейін препаратты енгізу арасындағы аралықтарды емдеудің бүкіл кезеңі ішінде 4, 6, 8 немесе 12 сағатқа дейін арттыруға болады.
VIІ фактор тапшылығы
Хирургиялық араласымдар немесе инвазиялық емшаралар жүргізген кезде қан кетулерді тоқтату және профилактика жүргізу үшін ұсынылатын дозалар дене салмағының әр кг шаққанда 15-30 мкг құрайды. Препарат гемостазға жеткенге дейін әрбір 4-6 сағат сайын енгізіледі. Дозалар және енгізу жиілігі жекелей ретпен нақтыланады.
Балалар
Клиникадағы ұзақмерзімді профилактикасы тәжірибесінің шектеулі деректері 12 жасқа толмаған, ауыр клиникалық фенотипі бар педиатриялық популяциядан жинақталды.
Профилактикаға арналған инъекциялардың дозасы мен жиілігі клиникалық нәтижеге негізделіп, жекелей икемделуі тиіс.
Гланцман тромбастениясы
Хирургиялық араласымдар немесе инвазиялық емшаралар кезіндегі қан кетулерді бақылау және профилактика жүргізу үшін ұсынылатын доза дене салмағының әр кг шаққанда 90 мкг (80-120 мкг) құрайды. Препарат әрбір 2 сағат (1.5-2.5 сағат) сайын енгізіледі. Тұрақты гемостазды қамтамасыз ету үшін кем дегенде үш доза қажет етіледі. Вена ішіне болюстік енгізу тәсілі ұсынылады, өйткені тамшылатып енгізген кезде препараттың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Рефрактерсіз Гланцман тромбастениясы бар науқастарда таңдау түскен препарат тромбоцитарлы масса болып табылады.
Босанудан кейінгі көлемді қан кету
Қан кетуді тоқтату үшін ұсынылатын доза диапазоны вена ішіне сорғалатып енгізгенде дене салмағының 60-90 мкг / кг құрайды. Гемостатикалық белсенділіктің ең жоғарысын 10 минуттан кейін күтуге болады. Семиклотин препаратының екінші дозасын әрбір жеке пациенттің клиникалық жауабы негізінде енгізуге болады. Гемостатикалық әсер жеткіліксіз болған жағдайда екінші дозаны 30 минуттан кейін енгізу ұсынылады.
Емдеу барысындағы мониторинг
Семиклотин препаратымен ем зертханалық бақылауды талап етпейді. Семиклотин препаратының дозасы қан кету ауырлығына және клиникалық әсеріне қарай анықталады.
rFVIIa енгізгеннен кейін протромбиндік уақыт (ПУ) және ішінара белсендірілген тромбопластинді уақыт (ІБТУ) төмендейтіні көрсетілген, алайда ПУ, ІБТУ және rFVIIa клиникалық тиімділігі арасындағы өзара байланыстылығы анықталмады.
Енгізу әдісі және жолы
Төменде сипатталғандай дайындықты сұйылтыңыз. Вена ішіне баяу 2-5 минут бойы енгізу керек. Семиклотин препаратын басқа инфузиялық ерітінділермен араластырмаған немесе дәрі тамызғышпен енгізбеген жөн. Бір шприцте кез келген басқа препараттармен бірге енгізбеу керек.
1. Төменде берілген емшараларды жүргізер алдында қолды мұқият жуып-шайыңыз және препарат ерітіндісін дайындау және енгізу үдерісінде асептика тәртібін сақтаңыз.
2. Ашық медициналық материалдарды, олардың атмосфералық ауамен жанасу уақытын барынша қысқарту үшін, мүмкіндігінше, тезірек пайдаланыңыз.
3. Ішінде препараты және еріткіші бар құтыларды тоңазытқыштан алып, оларды ашпай тұрып, мысалы, қолға ұстап сәл жылытыңыз. Препаратты 37С-ден артыққа жылытуға рұқсат етілмейді. Су моншасын пайдаланғанда судың температурасы 37С-ден аспауы тиіс.
4. Екі құтыны да таза тегіс жерге қойыңыз.
5. Әрбір құтыдан қорғаныш пластик төсенішін алып тастаңыз.
6. Құтының резеңке тығынын спиртті салфеткамен өңдеңіз. Пайдаланар алдында оларды кептіріңіз. Өңделген жерге қолды немесе басқа заттарды тигізіп алмаңыз.
7. Қағаз жабынын ортасына дейін бүктеу арқылы шприцтің блистерлі қаптамасын ашыңыз. Шприц инесінен қорғағыш қалпақшасын алыңыз (Cурет 1).
1- сурет
8. Шприцке тағылған инені еріткіш құтысының резеңке тығынының ортасына тігінен енгізіңіз (2-сурет).
2-сурет
9. Құтыны төңкеріп, поршеньді ақырын тартып, төмендегі еріткіштің мөлшерін шприцке алыңыз (3-сурет).
1.2 мг дозасы үшін – 2 мл;
2.4 мг дозасы үшін – 4 мл.
3-сурет
10. Сүзгі-канюлясының блистерлі қаптамасын ашып, инеден қорғағыш қалпақшасын алыңыз да, пластикалық инені препарат құтысының резеңке тығынының ортасына дейін, тірелгенше енгізіңіз (4-сурет)
4-сурет
11. Қалған еріткіші бар құтыдан толтырылған шприцті алыңыз (10 - қадамды қараңыз). Шприцтің ұшы қолыңызбен немесе басқа бөгде заттармен жанаспайтынына көз жеткізіңіз.
12. Еріткішпен толтырылған шприцті қорғағыш қақпақшаны ашып, препараты бар құтыға орнатылған сүзгі- канюляға салыңыз (5-сурет). Тығыз байланысқанына көз жеткізіңіз.
13. Поршеннің өзегіне ақырын басып, флаконды сәл еңкейтіңіз, көбіктенуді және иненің дәрілік ерітіндімен жанасуын болдырмай, еріткіштің тиісті көлемін (9-қадамды қараңыз) құты қабырғасына канюля арқылы баяу енгізіңіз (5-сурет). «Көбік түзілу» әсері еріткіш тікелей лиофилизатқа түссе пайда болады
5-сурет
14. Барлық зат ерігенше бөтелкені айналмалы қозғалыстармен ақырын шайқаңыз (6-сурет). Құтыны шайқамаңыз. Ұнтақтың толығымен ерігеніне көз жеткізіңіз. Кез келген қосындылары немесе бұлыңғырлануы болса, ерітіндіні пайдаланбаңыз.
6-сурет
15. Құтыны сәл еңкейте ұстап, одан барлық ерітіндіні канюля арқылы шприцке поршенді баяу және бірқалыпты тарта отырып, құйып алыңыз. Дайындалған барлық ерітіндінің шприцке өткеніне көз жеткізіңіз. Құтының түбін жоғары қарата төңкеріп, ондағы ауаны жойыңыз (7-сурет). Құтыны шприцпен және канюлясымен бірге келесі манипуляцияға дейін алып қойыңыз.
7-сурет
16. Шеткері веналарға арналған катетердің блистерлі қаптамасын ашыңыз (9 сурет)
17. Поршеннің күйін ауыстырмай (16-қадамды қараңыз), жалғаманы бос құтыда қалдырып, толтырылған шприцті канюлядан алып тастаңыз.
18. Катетер түтігінен қорғағыш тығынын шығарып алыңыз. Шприцті сағат тілі бағытымен түбіне дейін айналдырып, катетерге жалғаңыз (8.1 сурет). Тығыз байланысқанына көз жеткізіңіз.
8.1-сурет 8.2-сурет
19. Инъекция жасалатын жерді қоса берілген спиртті сүрткімен өңдеңіз.
20. Катетердің инесінен қорғағыш қалпақшасын шығарып алыңыз. Вена ішіне енгізуге арналған жалғағыш жүйедегі ауаны жойыңыз және ерітіндіні вена ішіне баяу (2-5 минут бойы) сорғалатып енгізіңіз.
21. Пайдаланылған барлық материалдарды жоюдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.
8.2-суретте көрсетілген шеткері тамырлар үшін екінші типті катетерлерді қолдану кезінде:
22. Инъекция жасалатын жерді қоса берілген спиртті сүрткімен өңдеңіз.
23. Пункция сәтті жасалған жағдайда мөлдір павильонның ішкі бөлігінде қан пайда болуы тиіс.
24. Бір мезгілде болат инені шығара отырып катетерді венаға жылжытыңыз.
25. Адгезиялық таңғышты пайдалана отырып катетерді теріге бекітіңіз. Бұл орайда болат ине қанның ағып кетуін барынша азайта отырып, катетер ішінде болуы тиіс.
26. Болат инені алып тастаудың алдында қанның ағып шығуының алдын ала отырып ортаңғы саусағыңызбен катетер ұшынан венаны қысыңыз. Инені шығару кезінде катетердің жылжып кетуін болғызбай бір мезгілде сұқ саусағыңызбен катетердің ортасын ұстап тұрыңыз. Инені катетерден толық шығарып алыңыз. Қорғағыш металл клипса ол катетерден толық шығарылған сәтте иненің үшкір ұшын автоматты түрде жабады. Шығарғаннан кейін инені дереу арнайы контейнерге салыңыз.
27. Препарат қосымша инъекциялық порт арқылы енгізіледі. Бұл шприц конусын жеңіл бұрап қозғалту арқылы жалғаумен жасалады (8.2 сурет). Порт автоматты түрде ашылып және жабылады.
28. Қосымша инъекциялық портты қорғағыш қалпақшамен жабыңыз.
29. Пайдаланылған барлық материалдарды жоюдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.
Вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған жұмсалатын медициналық материалдар жиынтығының компоненттері 9-суретте бейнеленген.
Сүзгі-канюлясыСүзгі-канюлясы
Ішінде препараты бар кұтыІшінде препараты бар кұтыІшінде еріткішібар кұтыІшінде еріткішібар кұтыИнесімен шприцИнесімен шприц
Шеткері веналарға арналған катетерШеткері веналарға арналған катетерЕкінші типті шеткері веналарға арналған катетерЕкінші типті шеткері веналарға арналған катетер
Спиртті сүрткі 2 дана.Спиртті сүрткі 2 дана.
9-сурет
Дайындалған ерітінді сұйылтылғаннан кейін дереу пайдаланылуы тиіс.
Дайындалған ерітіндіні 2-ден 8 С-ге дейінгі температурада – 24 сағаттан асырмай, 25 С-ден аспайтын температурада – 12 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі.
Егер науқасқа препаратты бір құтыдағы дозадан астам мөлшерде енгізу қажет болса, препараттың басқа құтысында ерітіндіні қоса берілген еріткішті (инъекцияға арналған суды) пайдалана отырып, осындай үлгіде дайындаңыз, ал содан кейін ерітіндіні үлкен көлемді шприцке құйыңыз да (қоса берілмеген), препаратты әдеттегі ретпен енгізіңіз.