Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Лиофилизат для приготовления раствора для внутривенного введения в комплекте с растворителем
Дозасы
500 МЕ
Саудалық атауы
Сепротин
Әсер етуші зат
Қатысты емес
Мақсаты
Сепротин ауыр туа біткен протеин С жеткіліксіздігі бар пациенттерде шұғыл дамитын пурпура, кумарин тудырған тері некрозы және веналық тромбоздық құбылыстарының профилактикасы мен…
Өндіруші
Такеда Мануфактуринг Австрия АГ
Ел
Австрия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препарат* құрамында:
белсенді зат – Адам С протеині 100 ХБ
* Қалпына келтіруден кейінгі препарат концентрациясы 100 ХБ/мл (500 ХБ 5 мл инъекцияға арналған стерильді сумен қалпына келтіріледі, 1000 ХБ 10 мл инъекцияға арналған стерильді сумен қалпына келтіріледі)
қосымша заттар: адам альбумині, натрий хлориді, тринатрий цитрат дигидраты
еріткіш: инъекцияға арналған стерильді су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе крем түсті ұнтақ немесе борпылдақ қатты зат
Сепротин ауыр туа біткен протеин С жеткіліксіздігі бар пациенттерде шұғыл дамитын пурпура, кумарин тудырған тері некрозы және веналық тромбоздық құбылыстарының профилактикасы мен емдеуге қолданылады.
Қан және қан түзу ағзалары.Тромбозға қарсы препараттар. Ферменттік препараттар.
С ақуызы немесе С протеині.
АТХ коды В01АD12
Әсер ету механизмі
С протеині – К дәрумені-тәуелді антикоагулянтты гликопротеин, ол бауырда синтезделеді. Қантамырлар эндотелий беткейіндегі тромбин/тромбомодулин кешені белсендірілуінен кейін С протеині белсендірілген С ақуызына айналады (activated protein C - АРС). АРС – күшті антикоагулянттық әсері бар сериндік протеаза, әсіресе оның кофакторы S протеині болған кезде. АРС әсері V және VIII ұю факторларының белсендірілген формаларын инактивациялаумен байланысты, бұл тромбин түзілуінің төмендеуіне әкеледі. АРС сонымен қатар профибринолитикалық әсерге ие.
Сепротин препаратын вена ішіне енгізу плазмадағы С протеинінің тез, бірақ уақытша жоғарылауын қамтамасыз етеді. С протеинінің жеткіліксіздігі бар пациенттерде орын басу емі профилактика мақсатында Сепротин препаратын пайдаланған кезде тромбоздық асқынуларды бақылауға немесе олардың профилактикасына арналған.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
С протеині концентратының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін ауыр туа біткен С протеинінің тапшылығы бар пациенттерде бір перспективті көп орталықты ашық рандомизацияланбаған үш бөліктен тұратын 2/3 фазалық клиникалық зерттеу жүргізілді (негізгі зерттеу 400101). Бұл зерттеуге туа біткен ауыр С протеині тапшылығы бар 18 адам қатысты протеин С белсенділік деңгейі <20% және орташа жасы 5,8 жас (0-ден 26 жасқа дейінгі диапазон) ретінде анықталды. Ұзақ мерзімді профилактика тобында орташа жас 2,8 жасты (0-ден 22 жасқа дейінгі диапазон) құрады. Барлығы 11 пациентке шұғыл дамыған пурпура (PF), кумарин тудырған тері некрозы (CISN) және басқа тамырлы тромбоэмболиялық жағдайлардың жалпы 24 көрінісін емдеу үшін Сепротин препараты тағайындалды. Операция алдында немесе антикоагулянттық емді бастамас бұрын қысқа мерзімді профилактиканың жеті курсы және ұзақ мерзімді профилактиканың 8 курсы талданды. Бұл зерттеудің нәтижелері Сепротиннің жедел тромбоздық көріністерді емдеуде тиімді екенін көрсетеді және тромбозды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді профилактикалық емдеу үшін Сепротин препаратын қолдануды қолдайды.
Балалар
Сепротин препаратын қолданудың тағы бір тәжірибесі ауру жағдайлары туралы есептерді және жүре пайда болған С протеинінің тапшылығы бар 69 педиатриялық пациенттің қатысуымен клиникалық зерттеулерден алынған хабарламаларды қамтиды. Зерттеу- менингококкты сепсис (IMAG 112) салдарынан пайда болған С протеині тапшылығына күмән туындаған кезде дозаны сәйкестендіру бойынша рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу болып табылады. Хабарламаларға сәйкес, Сепротиннің балалар мен ерте жастағы жас сәбилерде жағымдылығы жақсы.
87 пациентті қамтитын жоғарыда аталған зерттеулердегі дозалар ересектерге арналған дозалау жайлы нұсқаулары жаңа туған нәрестелер мен педиатриялық пациенттерге де жарамды екенін көрсетеді.
Сепротин препаратымен емдеу факторлармен немесе қан ұю факторлары мен тежегіштерімен орын басу емін жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен және С протеинінің белсенділігін бақылауға мүмкіндік беретін жағдайларда басталуы керек.
Дозалау режимі
Әр пациент үшін дозаны зертханалық мәліметтер негізінде жеке таңдау ұсынылады.
Жедел эпизодтарды емдеу және қысқа мерзімді профилактика (инвазивті емшараларды қоса)
Бастапқыда 100 % С протеинінің (1 ХБ/мл) белсенділігіне қол жеткізу керек және емдеу барысында белсенділікті 25%-дан жоғары деңгейде ұстау керек.
Ұсынылатын бастапқы доза 60-тан 80 ХБ/кг дейін және терапиялық жауаптың қарқындылығын және жартылай шығарылу кезеңін анықтауға мүмкіндік береді.
Хромогендік субстрат әдісінің көмегімен Сепротинмен емдеуге дейін және емдеу кезінде пациент плазмасындағы С протеинінің белсенділігін өлшеу ұсынылады.
Дозаны С протеинінің белсенділігін зертханалық өлшеу негізінде анықтау керек. Жедел тромбоз дамыған жағдайда әр 6 сағат сайын пациенттің жағдайы тұрақталғанға дейін, содан кейін күніне екі рет және әрдайым келесі инъекцияның алдында С протеинінің белсенділігін зертханалық өлшеу жүргізілуі тиіс. С протеинінің жартылай шығарылу кезеңі белгілі бір клиникалық жағдайларда, соның ішінде шұғыл дамыған пурпура мен тері некрозы бар жедел тромбозда айтарлықтай төмендеуі мүмкін екенін есте ұстау қажет.
Егер Сепротин препаратын енгізуге жауап қанағаттанарлық болса (хромогендік талдау деректері бойынша), С протеині >25% (>0,25 ХБ/мл) ең төменгі белсенділігін қамтамасыз ете отырып, дозаны біртіндеп 12 сағаттық қабылдауға дейін төмендетуге болады.
Ауруларының өткір кезеңінде емделіп жүрген пациенттер С протеині белсенділігі жоғарылауының әлдеқайда төмен деңгейлерін көрсетуі мүмкін. Жеке реакциялардың күрделі түрленулері Сепротин препаратының қан ұю параметрлеріне әсер етуі С протеинінің белсенділігіне үнемі тексеруден өтіп отыруы керек дегенді білдіреді.
С протеинін енгізуді профилактикалық қабылдайтын пациенттерде тромбоз қаупі жоғарылау жағдайларда (мысалы, инфекция, жарақат немесе хирургиялық араласым) ең төменгі деңгейлерде болуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді профилактика
Ұзақ профилактикалық емдеу үшін әр 12 сағат сайын 45-тен 60 ХБ/кг дейінгі доза ұсынылады. С протеинінің белсенділігін өлшеу 25% немесе одан да көп ең жоғары деңгейді қамтамасыз ету үшін жүргізілуі керек. Инфузияның дозасын немесе жиілігін сәйкесінше түзеткен жөн.
Сирек және ерекше жағдайларда 250-350 ХБ/кг тері астылық инфузия венаішілік енгізу жолы жоқ пациенттерде плазмадағы С протеинінің емдік деңгейін қамтамасыз ете алады.
Біріктірілген ем
Пациентті пероральді антикоагулянттармен тұрақты емге ауыстырған кезде, С протеинімен емді тоқтату тұрақты антикоагулянттар жағдайына жеткенде ғана жүргізілуі керек (Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу қараңыз). Сонымен қатар, пероральді антикоагулянтпен емді стандартты жүктеме дозадан емес, кейіннен біртіндеп жоғарылататын төмен дозадан бастау ұсынылады.
Антикоагулянттық ем басталғанға дейін С протеині бар антикоагулянттармен (әсіресе К дәруменінің антагонистерімен) біріктірілген емнің басында 0,25 ХБ/мл (хромогендік) жоғары С протеинінің белсенділік деңгейін тұрақты ұстау керек. Халықаралық қалыптастырылған қатынастарға (ХҚҚ) тиянақты мониторинг жасау ұсынылады. С протеинінің концентраты мен антикоагулянттарды біріктірген кезде С протеинінің ең төменгі деңгейін шамамен 10% немесе одан да көп деңгейде ұстау ұсынылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек және / немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек және немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Сепротин препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Осы жағдайлардың кез келгені бар пациенттерге барынша мұқият мониторинг жасалуы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Ересек пациенттерге қолданылатын Сепротин препаратының дозалары балалар мен жаңа туған нәрестелерге педиатриялық клиникалық тәжірибеге сәйкес тағайындалуы мүмкін.
Белсендірілген С ақуызына төзімділігі бар пациенттер (APC)
С протеинінің біріккен туа біткен ауыр жеткіліксіздігі мен белсендірілген С протеиніне резистенттілігі бар пациенттерде Сепротинді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы клиникалық деректер шектеулі.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде Сепротин препаратын қолдану туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек вена ішіне қолдануға арналған.
Сепротин дәрілік препараты инъекцияға арналған стерильді сумен лиофилизатты қалпына келтіргеннен кейін вена ішіне енгізіледі.
Сепротинді вена ішіне енгізгенде, вена ішіне енгізу үшін басқа ақуыз препараттарын қолдану жағдайындағы сияқты, аллергиялық реакциялардың дамуы мүмкін. Аллергиялық реакция дамыған жағдайда препараттың инфузиясын дереу тоқтату қажет. Реакция үдеуі кезінде және пациенттің өміріне қауіп төнген кезде реанимациялық бригаданы жедел шақыру және қарқынды ем жүргізу қажет.
Ерітінді дайындау
Стерильді жалғастырғыш-инені пайдаланып инъекцияға арналған стерильді суда ерітінді дайындау үшін лиофилизатты ерітіңіз. Лифилизат толығымен ерігенше құтыны ақырын айналдырыңыз. Қалпына келтірілген ерітінді мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссіз немесе ашық сарғыш түсті сұйықтық болып табылады және іс жүзінде көрінетін бөлшектері болмайды.
Қалпына келтірілген ерітіндіні стерильді сүзгі-ине арқылы стерильді бір реттік шприцке тартып алыңыз. Сепротин препаратының дайын ерітіндісі бар әрбір құтыға бөлек сүзгі-ине пайдалану керек. Егер ерітіндіде қатты бөлшектер болса, оны тастау керек.
Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізу керек.
Инфузия жылдамдығы
Сепротин препаратының қалпына келтірілген ерітіндісін енгізудің ең жоғары жылдамдығы дене салмағы < 10 кг, енгізу жылдамдығы 0,2 мл/кг/мин аспауы тиіс балаларды қоспағанда, минутына 2 мл құрайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу жиілігі мен ұзақтығы С протеині тапшылығының ауырлығына, плазмадағы С протеинінің деңгейін анықтау нәтижелеріне және тромбоздың орналасуы мен дәрежесіне байланысты.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Сепротин препаратын қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерден кеңес сұраңыз.
Өмірге қауіп төндіретін тромбоздық асқынуларды емдеу қажет жағдайларды қоспағанда, белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне, сондай-ақ тышқан протеиндеріне немесе гепаринге аса жоғары сезімталдық
Кез келген препаратты вена ішіне енгізу сияқты, аллергиялық типтегі аса
жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін. Пациенттерге ангионевроздық
ісіну, инъекция орнындағы ашыту және шаншу, қалтырау, ысынулар, бөртпе,
қышыну, жайылған есекжем, бас ауыруы, есекжем, гипотония, летаргия, жүрек
айну, мазасыздық, тахикардия, кеуде қуысының қысылуы, шаншу, құсу және
сырылды қамтуы мүмкін аса жоғары сезімталдық реакцияларының ерте
белгілері туралы хабарлау керек. Пациенттерге осы симптомдар пайда болған
жағдайда дереу дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық
• қышыну
• бөртпе
• бас айналу
Белгісіз:
• мазасыздық
• гипергидроз
• енгізу орнындағы реакция
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сепротинмен артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ.
Қадағалануы
Биологиялық дәрілік препараттардың қадағалануын жақсарту үшін енгізілген препараттың атауы мен партия нөмірін анық жазу қажет.
Аса жоғары сезімталдық
Аллергиялық типтегі аса жоғары сезімталдық реакциясының қаупін жоққа шығаруға болмайтындықтан, пациенттерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының ерте белгілері, соның ішінде есекжем, жайылған есекжем, кеуде қуысының қысылуы, ысқырып дем алу, артериялық гипотензия және анафилаксия туралы хабарлау керек. Егер мұндай симптомдар пайда болса, дәрігерге хабарлау керек. Препарат қолдануды дереу тоқтату ұсынылады.
Шок болған жағдайда шок терапиясының қолданыстағы медициналық стандарттарын сақтау қажет.
Тежегіштер
Препаратты С протеинінің ауыр туа біткен тапшылығы бар пациенттерде қолданған кезде С протеинін тежейтін антиденелердің дамуы мүмкін.
Инфекциялық агенттер
Адам қанынан немесе плазмадан дайындалған дәрілік препараттарды қолдану нәтижесінде пайда болатын инфекциялардың алдын алу бойынша стандартты шараларды сақтау қажет, оның ішінде донорларды іріктеу, жеке донорлық материалдар мен плазма пулдарын инфекцияның ерекше маркерлерінің бар-жоғына тексеру, сондай-ақ вирустарды белсенділігінен айыру/жою үшін тиімді өндірістік шараларды қолдану. Осыған қарамастан, адам қанынан немесе плазмадан жасалған дәрілік препараттарды қолдану кезінде инфекциялық агенттердің берілу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайды.
Бұл белгісіз немесе жаңа вирустарға және басқа патогендерге де қатысты.
Қабылданған шаралар АИТВ, ВГВ және ВГС сияқты қабықшалы вирустарға, сондай-ақ қабықшасыз ВГА вирусына қатысты тиімді болып саналады.
Бұл шаралардың В19 парвовирус сияқты қабықшасыз вирустарға қарсы тиімділігі шектеулі болуы мүмкін. В19 парвовирус инфекциясы жүкті әйелдер үшін (ұрық инфекциясы) және иммун тапшылығы бар немесе эритропоэзы (мысалы, гемолиздік анемия) жоғары адамдар үшін ауыр болуы мүмкін.
Құрамында С протеині бар адам қан плазмасынан алынған препараттарды үнемі/қайта қабылдайтын пациенттер үшін тиісті вакцинацияның (А және В гепатитіне қарсы) мақсатқа сай болуын қарастырған жөн.
Гепаринмен индуцияланған тромбоцитопения (ГИТ)
Сепротиннің құрамында гепариннің іздік мөлшері болуы мүмкін. Тромбоциттер санының (ГИТ) тез төмендеуімен байланысты болуы мүмкін гепаринмен туындаған аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. ГИТ бар пациенттерде артериялық және веналық тромбоз, диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДДҰ), пурпура, петехия және асқазан-ішектен қан кету (мелена) сияқты симптомдар пайда болуы ықтимал. Егер ГИТ-ке күдік болса, тромбоциттер деңгейін дереу анықтап, қажет болған жағдайда Сепротин препаратымен емді тоқтату керек. ГИТ анықтау бұл симптомдардың туа біткен С протеині тапшылығы бар жедел кезеңдегі пациенттерде болуы мүмкін екендігімен қиындайды. ГИТ бар пациенттер алдағы уақытта гепарині бар препараттарды қолданудан аулақ болу керек.
Антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдау
Клиникалық тәжірибе барысында қан кетудің бірнеше көріністері байқалды. Бұл қан кету көріністерінің себебі антикоагулянттық еммен (мысалы, гепарин) байланысты болуы мүмкін. Алайда, Сепротин препаратын қабылдау қан кетудің дамуына ықпал еткенін толығымен жоққа шығаруға болмайды.
Натрий
Бұл дәрілік препараттың құрамындағы натрий 5 мл құтыда 22.5 мг және 10 мл құтыда 44.9 мг болады, бұл ересек адам үшін ДДҰ ұсынған 1,1% және 2,2%-ға баламалы болатын 2 г натрийдің ең жоғары тәуліктік дозасына сәйкес келеді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Ересек пациенттерге қолданылатын Сепротин препаратының дозалары балалар мен жаңа туған нәрестелерге педиатриялық клиникалық тәжірибеге сәйкес тағайындалуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сепротин автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.
Сепротин С протеині тапшылығы бар жүкті әйелдерді емдеуде қауіпсіз бейінін көрсеткеніне қарамастан, пациенттердің осы санатында оны қолдану қауіпсіздігі бақыланатын клиникалық зерттеулерде анықталмаған.
С протеинінің сүтке бөлінуі туралы ақпарат жоқ. Сондықтан жүктілік немесе лактация кезінде Сепротинді қолданудың пайдасы ана мен бала үшін қауіпті ескере отырып бағалануы керек, оның тағайындалуы нақты қажеттілік болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Бүгінгі күні Сепротин препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
К дәруменінің антагонистерімен өзара әрекеттесуі
К дәрумені антагонистері класына жататын пероральді антикоагулянттармен (мысалы, варфаринмен) емдеуді бастаған пациенттерде антикоагулянттық әсер басталғанға дейін гиперкоагуляцияның өтпелі жағдайы болуы мүмкін. Бұл уақытша әсерді К дәрумені-тәуелді плазма ақуызы болып табылатын С протеинінің К дәрумені-тәуелді ақуыздарының (яғни II, IX және X) көпшілігіне қарағанда жартылай шығарылу кезеңі қысқа болуымен түсіндіруге болады. Нәтижесінде емдеудің бастапқы кезеңінде С протеинінің белсенділігі прокоагулянттық факторлар белсенділігіне қарағанда тезірек басылады. Осы себепті пациентті пероральді антикоагулянттарға ауыстырған кезде С протеинінімен орын басу емі тұрақты антикоагулянттық белсенділікке қол жеткізілгенге дейін жалғасуы қажет. Пероральді антикоагулянттармен емнің бастапқы сатысында варфарин индукцияланған тері некрозы кез келген пациентте дамуы мүмкін, алайда туа біткен С протеині жеткіліксіздігі бар адамдарда бұл асқыну қаупі жоғарырақ (Қолдану бойынша ұсыныстарды қараңыз).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қалпына келтірілген ерітіндіні дереу пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.