Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Леденцы
Саудалық атауы
Септолете® тотал лимон және аюбадам
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ересектерге тамақтың, ауыз қуысы мен қызыл иектердің тітіркенуі кезінде, гингивитте, фарингитте, ларингитте және тонзиллитте, тіс жұлғанға дейін және кейін қабынуға қарсы…
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место
Ел
Словения
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мұзкәмпиттің құрамында
белсенді заттар: 3 мг бензидамин гидрохлориді,
1,05 мг цетилпиридиний хлориді моногидраты
(1 мг цетилпиридиний хлоридіне баламалы),
қосымша заттар: изомальт (М типті) (Е953), лимон қышқылы (Е330), аюбадам хош иістендіргіші, сукралоза (Е955), цитрус хош иістендіргіші, левоментол, куркумин бояғышы (Е100), хлорофиллин мыс кешені бояғышы (Е141), бұрыш жалбызы майы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақшыл-жасылдан жасыл түске дейінгі, беткейі бұдырлау және ойығы бар мұзкәмпиттер. Мұзкәмпит массасында бояуы біркелкі емес ақ дақтар болуы мүмкін, сондай-ақ, ауа көпіршіктері болуы және шеттері аздап тісшелі болуы мүмкін.
Ересектерге тамақтың, ауыз қуысы мен қызыл иектердің тітіркенуі кезінде, гингивитте, фарингитте, ларингитте және тонзиллитте, тіс жұлғанға дейін және кейін қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және антисептикалық дәрі ретінде.
Әсер ету механизмі
Бензидамин гидрохлориді химиялық құрылымы стероидты емес, қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын қасиеттері бар молекула болып табылады.
Әсер ету механизмі простагландинов синтезін тежеуімен, және сол арқылы қабынудың жергілікті белгілерін (ауыру, қызару, домбығуы, ашыту сияқты) төмендетуімен байланысты. Бензидамин гидрохлоридінің жергілікті орташа жансыздандыратын әсері де бар.
Вирусқа қарсы белсенділігі
Адамның ауыз қуысының физиологиялық жай-күйінің моделі пайдаланылған in vitro зерттеуде, Септолете тотал мұзкәмпиттері ауыр жедел респираторлық синдромға, коронавирус 2 (SARS-CoV-2), бетакоронавирус 1 (штамм OC-43) және ортомиксовирусқа (А тұмауы вирусы, H3N2 типі) қатысты вирулицидтік әсер танытып, вирус қабығын ыдыратты және вирустың белсенділігін жойды. Септолете тотал мұзкәмпиттері SARS-CoV-2 және А тұмауы вирустарының мөлшерін 1 минуттан соң-ақ, 99,99%-дан артыққа төмендетті.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Бензидамин, негізінен, ауызжұтқыншақтың ауруларын емдеуде қолданылады. Цетилпиридиний хлориді – төртіншілік аммоний қосылыстары тобына жататын антисептик, микробқа қарсы, зеңге қарсы және вирулицидтік әсер береді.
Цетилпиридиний хлориді грамоң бактерияларға қатысты белсенді және грамтеріс бактерияларға қатысты тиімділігі аздау, және сәйкесінше антисептикалық және бактерицидтік әсер береді.
Дозалау режимі
Оңтайлы әсеріне қол жеткізу үшін, препаратты тура тіс тазалар алдында немесе тазалағаннан кейін пайдалану ұсынылмайды. Ұсынылған дозасын арттырмау керек.
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерін 7 күн бойы қолдануға болады.
Ересектерге: ұсынылатын дозасы күніне 3-4 Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпитін құрайды. Мұзкәмпиттерді әр 3 - 6 сағат сайын ауызда баяу сору керек.
12 жастан асқан балаларға: ұсынылатын дозасы күніне 3-4 мұзкәмпитті құрайды. Мұзкәмпиттерді әр 3 - 6 сағат сайын ауызда баяу сору керек.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: ұсынылатын дозасы күніне 3 мұзкәмпитті құрайды. Мұзкәмпиттерді әр 3 - 6 сағат сайын ауызда баяу сору керек.
6 жасқа дейінгі балаларға: Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерін 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Ұсынылатын дозасы ересек пациенттерге арналғанындай.
Енгізу әдісі және жолы
Мұзкәмпиттерді әр 3 - 6 сағат сайын ауызда баяу сору керек.
Емдеу ұзақтығы
Септолете® тотал лимон және аюбадам препаратын 7 күн бойы пайдалануға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған жағдайда қажет шаралар
Жіберіп алған дозасының орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтарыңыз туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• 6 жасқа дейінгі балаларға бұл дәрілік түрі ұсынылмайды
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (құрамында изомальт (М типті) (Е953) бар болғандықтан)
Сирек
• жоғары сезімталдық реакциялары
• бронх түйілуі
• есекжем, жарыққа сезімталдық
Өте сирек
• ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз қуысын ашыту сезімі
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, ауыз қуысының шырышты қабығының шымылдатып ашытуы және/немесе ұюы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Бұл препараттың жоғары дозасын байқаусызда қабылдап қойған жағдайда, ол туралы дереу емдеуші дәрігерге хабарлау немесе жақын маңдағы ауруханаға жүгіну керек.
Мынадай жағдайларда ерекше сақ болу керек:
- Егер сізде салицилаттарға (мысалы, ацетилсалицил қышқылына және салицил қышқылына) немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) деп аталатын қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын басқа дәрілерге аллергия болса. Ондай жағдайда бұл препаратты қолдану ұсынылмайды.
- Егер сізде бронх демікпесі бар болса немесе бұрындары болған болса. Мұндай жағдайда сақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерін 7 күннен артық қолданбау керек. 3 күн емдеуден соң жай-күйдің жақсаруының елеулі белгілері болмаған жағдайда, дәрігерден кеңес алу керек.Жергілікті препараттарды, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сенсибилизация реакцияларына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда емдеу тоқтатыла тұруы және тиісінше ем жүргізілуі тиіс.
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерін тіс пасталарының құрамында болатын аниондық қосылыстармен бір мезгілде қолдануға болмайды; сондықтан, препаратты тура тіс тазалар алдында немесе тазалағаннан кейін қабылдау ұсынылмайды.
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерінің құрамында изомальт (Е953) бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы мәселелері бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Септолете тотал лимон және аюбадам құрамында бутилденген гидроксианизол (E320) бар, ол жергілікті тері реакциясын (мысалы, жанаспалы дерматитті) немесе көздің және шырышты қабықтың тітіркенуін туғызуы мүмкін.
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерінің әрқайсысында 0,00075 мг дейін натрий бензоаты (E211) бар. Натрий бензоаты (E211) жергілікті тітіркену туғызуы мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерін 6 жасқа дейінгі балаларда қолданбау керек.
Бензидамин гидрохлориді мен цетилпиридиний хлоридінің жүктілік кезінде қолданылуының қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ немесе шектеулі.
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттері жүктілік кезінде қолдану үшін ұсынылмайды.
Бензидамин гидрохлориді мен оның метаболиттері ана сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды. Бала үшін емшек емудің пайдасын және анасы үшін емдеудің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату туралы шешім қабылдау, немесе Септолете® тотал лимон және аюбадам препаратымен емделуден бас тарту/тоқтата тұру қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Септолете® тотал лимон және аюбадам препараты көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.
Септолете® тотал лимон және аюбадам мұзкәмпиттерін антисептиктер тобының басқа препараттарымен бір мезгілде қолданбау керек.
Мұзкәмпиттерді сүтпен бір мезгілде қабылдамау керек, өйткені сүт цетилпиридиний хлоридінің микробқа қарсы тиімділігін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.