Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей для местного применения
Саудалық атауы
Септолете® тотал
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Септолете® тотал спрейі ересектерге және 6 жастан асқан балаларға тамақтың, ауыз қуысы мен қызыл иектердің тітіркенуі кезінде, гингивитте, фарингитте, ларингитте және…
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место
Ел
Словения
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 1,5 мг бензидамин гидрохлориді,
5 мг цетилпиридиний хлориді
(цетилпиридиний хлоридінің моногидраты түрінде)
қосымша заттар: этил спирті 96%, глицерин, макроголглицерин гидроксиcтеараты, натрий сахарині, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссізден сарғыш түске дейінгі сұйықтық.
Септолете® тотал спрейі ересектерге және 6 жастан асқан балаларға тамақтың, ауыз қуысы мен қызыл иектердің тітіркенуі кезінде, гингивитте, фарингитте, ларингитте және тонзиллитте, сондай-ақ тіс жұлғанға дейін және кейін қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және антисептикалық ем үшін көрсетілімде.
Әсер ету механизмі
Бензидамин гидрохлориді химиялық құрылымы стероидты емес, қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын қасиеттері бар молекула болып табылады.
Әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеуімен, және сол арқылы қабынудың жергілікті белгілерін (ауыру, қызару, ісіну, ашыту сияқты) төмендетуімен байланысты. Бензидамин гидрохлоридінің жергілікті орташа жансыздандыратын әсері де бар.
Вирусқа қарсы белсенділігі
Адамның ауыз қуысының физиологиялық жай-күйінің моделі пайдаланылған in vitro зерттеуде, соруға арналған Септолете тотал таблеткалары ауыр жедел респираторлық синдромға, коронавирус 2 (SARS-CoV-2), бетакоронавирус 1 (штамм OC-43) және ортомиксовирусқа (А тұмауы вирусы). H3N2 типі) қатысты вирулицидтік әсер танытып, вирус қабығын ыдыратты және вирустың белсенділігін жойды. Соруға арналған Септолете тотал таблеткалары SARS-CoV-2 және А тұмауы вирустарының мөлшерін 1 минуттан соң-ақ, 99,99%-дан артыққа төмендетті.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Бензидамин, негізінен, ауызжұтқыншақтың ауруларын емдеуде қолданылады. Цетилпиридиний хлориді – төртіншілік аммоний қосылыстары тобына жататын антисептик, микробқа қарсы, зеңге қарсы және, кейбір қабықты вирустарға (тұмау вирустары, респираторлық-синцитиальді вирус, коронавирустар және т.б. сияқты) қарсы вирулицидтік әсер береді.
Цетилпиридиний хлориді грамоң бактерияларға қатысты белсенді және грамтеріс бактерияларға қатысты тиімділігі аздау, және сәйкесінше антисептикалық және бактерицидтік әсер береді.
Дозалау режимі
Оңтайлы әсерге жету үшін препаратты тікелей тіс тазалағанға дейін немесе кейін қолдану ұсынылмайды.
Ересектерге: бір реттік дозаны қолдану үшін бүріккіштің басын бір – екі рет басу керек. Емшараны әр 2 сағат сайын күніне 3 - 5 рет қайталап отыру керек.
Балалар
12 жастан асқан балаларға: бір реттік дозаны қолдану үшін бүріккіштің басын бір – екі рет басу керек. Емшараны әр 2 сағат сайын күніне 3 - 5 рет қайталап отыру керек.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: бір реттік дозаны қолдану үшін бүріккіштің басын бір – екі рет басу керек. Емшараны әр 2 сағат сайын күніне 3 - 5 рет қайталап отыру керек. Спрейді пайдаланған кезде балалар ересектердің қадағалауында болулары керек.
6 жасқа дейінгі балаларға: қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер: ұсынылатын дозасы ересек пациенттерге арналғанындай.
Енгізу әдісі және жолы
Алғашқы қолданардың алдында кішкене тамшылар пайда болғанға дейін бүріккіш басын бірнеше рет басу керек.
Егер бүріккіш ұзақ уақыт бойы қолданылмаса (мысалы, кем дегенде бір апта), ұсақ тамшылар пайда болу үшін бүріккіш басын бір рет басу керек.
Пайдаланардың алдында пластик қалпақшаны шешіңіз
Ауызды кең ашыңыз, форсунканы тамаққа бағыттап, бүріккіш басын 1-2 рет басыңыз. Бүріккен кезінде тынысыңызды ұстаңыз.
Әрбір қолданыстан кейін, бүріккіш басындағы пластик қақпақты жауып отырыңыз.
Бір ретттік басудан кейін 0,1 мл спрей шығады, оның құрамында 0,15 мг бензамидин гидрохлориді және 0,5 мг цетилпиридиний хлориді бар.
Емдеу ұзақтығы
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейін 7 күн бойы пайдалануға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған жағдайда қажет шаралар
Жіберіп алған дозасының орнын толтыру үшін препараттың екі есе дозасын қабылдамау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтарыңыз туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• 6 жасқа дейінгі балаларға
Сирек
• жоғары сезімталдық реакциялары
• бронх түйілуі
• есекжем, жарыққа сезімталдық
Өте сирек
-ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз қуысын ашыту сезімі
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• ауыз қуысының шырышты қабығының шымылдатып ашытуы және/немесе ұюы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Бұл препараттың жоғары дозасын байқаусызда қабылдап қойған жағдайда, ол туралы дереу емдеуші дәрігерге хабарлау немесе жақын маңдағы ауруханаға жүгіну керек.
Арнайы ескертулер
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейді 7 күннен артық қолданбау керек. 3 күн емдеуден соң жай-күйдің жақсаруының елеулі белгілері болмаған жағдайда, дәрігерден кеңес алу керек. Жергілікті препараттарды, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сенсибилизация реакцияларына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда емдеу тоқтатыла тұруы және тиісінше ем жүргізілуі тиіс.
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейді тіс пасталарының құрамында болатын аниондық қосылыстармен бір мезгілде қолдануға болмайды; сондықтан, препаратты тікелей тіс тазалағанға дейін немесе кейін қабылдау ұсынылмайды.
Пациенттер препаратты қолданғаннан кейін бірден тамақтануға, су ішуге, шайнауға болмайды.
Препаратты ингаляция үшін пайдалануға болмайды.
Бұл дәрілік заттың құрамында этанолдың аздаған мөлшері (1 дозада 100 мг-ден аз этил спирті) бар.
Педиатрияда қолдану
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейді 6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейі көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Бензидамин гидрохлориді мен цетилпиридиний хлоридінің жүктілік кезінде қолданылуының қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ немесе шектеулі.
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейді жүктілік кезінде қолдану үшін ұсынылмайды.
Бензидамин гидрохлориді мен оның метаболиттері ана сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды.
Бала үшін емшек емудің пайдасын және анасы үшін емдеудің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату туралы шешім қабылдау, немесе Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрей препаратымен емделуден бас тарта/тоқтата тұру қажет.
Септолете® тотал жергілікті қолдануға арналған спрейді антисептиктер тобының басқа препараттарымен бір мезгілде қолданбау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.