Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
10 мг
Саудалық атауы
СЕРВОНЕКС®
Әсер етуші зат
Донепезил
Мақсаты
Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі Альцгеймер ауруындағы деменцияны симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 5 мг, 10 мг донепезил гидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты (Фарматоза 200 М), лактоза моногидраты (Целлактоза 80), микрокристалды целлюлоза РН 102, коповидон К28, желатинденген крахмал 1500, магний стеараты, тазартылған су
қабықтың құрамы: Опадрай II ақ 31G58920:
лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, полиэтиленгликоль, тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, екі жағы тегіс, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі Альцгеймер ауруындағы деменцияны симптоматикалық емдеу
Әсер ету механизмі
Донепезил гидрохлориді — ацетилхолинэстеразаның іріктелген және қайтымды тежегіші, ол мидағы холинэстеразаның басым типі болып табылады. Донепезил негізінен орталық жүйке жүйесінен тыс болатын фермент– бутирилхолинэстеразаға қарағанда, бұл ферментті 1000 еседен артық күштірек тежейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Альцгеймер типті деменция
Тепе-тең жағдайда 5 мг және 10 мг дозада донепезилді бір рет қабылдағаннан кейін ацетилхолинэстераза (AChE) белсенділігінің, эритроциттердің жарғақшаларындағы өлшенген бәсеңдеу дәрежесі препаратты қабылдағаннан кейін тиісінше 63,6% және 77,3% құрады. Донепезилдің әсерінен эритроциттердегі ацетилхолинэстераза (AChE) тежелуі ADAS-cog шкаласы (Альцгеймер ауруы кезіндегі когнитивтік функцияларды бағалау шкаласы) бойынша бағалау өзгерісімен өзара байланысты. Нейропатологиялық өзгерістерге әсер ету ықтималдығы зерттелмеген. Осылайша, донепезил аурудың үдеуіне ықпал етпейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
6 айлық клиникалық сынақта донепезилмен емдеу аяқталған кезде тиімділіктің үш критерийінің біріктірілімін пайдаланып талдау жүргізілді: ADAS-Cog (когнитивтік қызмет көрсеткіші), қамқоршының қатысуымен жүргізілген сұхбатқа негізделген, клиникалық өзгерістерден алған әсер (жаһандық функция көрсеткіші) және күнделікті тіршіліктің қосалқы шкалалары - клиникалық деменцияны бағалау шкаласы (қоғамдық істерге, үйдегі қабілеттілік, хобби және жеке бас гигиенасы шаралары).
Төменде атап келтірілген критерийлерге сәйкес келген пациенттер емдеуге жауап бергендер болып есептелді.
Жауап — ADAS-Cog жақсаруы 4 балдан кем емес CIBIC + нашарлауы жоқ Күнделікті тіршілік белсенділігі нашарлауының болмауы, клиникалық деменцияны бағалау шкаласы
Жауап %
Емдеу жоспарланған адамдар n= 365 — Бағаланған адамдар n = 352
Плацебо тобы — 10% — 10%
СЕРВОНЕКС 5 мг таблеткалары тобы — 18%* — 18%*
СЕРВОНЕКС 10 мг таблеткалары тобы — 21%* — 22%**
* Р <0,05
** р <0,01
СЕРВОНЕКС емге жауап берген пациенттер пайызының статистикалық тұрғыдан маңызды, дозаға тәуелді жоғарылауын туғызған.
Дозалану режимі
Ересектер мен егде жастағы пациенттер
Емдеуді тәулігіне 1 рет 5 мг-ден бастайды. Препаратты кешкілік, тура ұйықтар алдында қабылдау қажет. Донепезил гидрохлоридінің клиникалық әсерінің ерте білінуін бағалау және тепе-теңдік концентрацияларына жету үшін, тәуліктік 5 мг дозасын бір ай бойына қолдану керек. Препараттың бір ай бойына тәулігіне 5 мг дозадағы тиімділігіне клиникалық тұрғыдан баға бергеннен кейін, дозасын тәулігіне 1 рет 10 мг дейін арттыруға болады. Ұсынылатын ең жоғарғы тәуліктік дозасы 10 мг құрайды.
Тәулігіне 10 мг-ден асатын дозалары зерттелмеген.
Емдеуді дәрігердің бақылауымен бастау және жүргізу керек. Ауруды жалпыға ортақ ұсынымдарға (мысалы DSM, IV, ICD 10 — Аурулардың Халықаралық жіктемесі, 10-шы шығарылымы) сәйкес диагностикалау қажет. СЕРВОНЕКС® препаратымен емдеуді тек пациентке күтім жасайтын, таблеткалардың қабылдануын үнемі бақылап отыратын адам бар болған жағдайда ғана бастауға болады. Демеуші емді пациентте емдік әсері білінгенге дейін жалғастыру қажет. Осыған байланысты донепезилдің клиникалық әсеріне жүйелі түрде баға беріп отыру қажет. Егер емдік әсері болмаса, препаратты қолдануды тоқтату мәселесін қарастыру керек. Донепезилге жекелей реакцияны болжап білу мүмкін емес.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
СЕРВОНЕКС® 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеуге арналмаған.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препараттың бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарды емдеуге арналған сызбасын өзгерту қажет емес, өйткені донепезил гидрохлоридінің клиренсі өзгермейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттердегі экспозициясының артуы мүмкіндігіне байланысты, дозасын арттыруды препаратқа жекелей сезімталдықты ескере отырып жүргізу керек. Препараттың бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде қолданылуына қатысты мәліметтер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолданады!
СЕРВОНЕКС® ішке, кешке, тура ұйықтар алдында қабылдау керек.
Әдеттен тыс түс көрулерді, түнгі шым-шытырықтарды немесе ұйқысыздықты қоса, ұйқы бұзылуы жағдайында СЕРВОНЕКС® дәрілік препаратын таңертең қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp - лактаза ферментінің бастапқы жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
- диарея, жүрек айнуы
- бас ауыруы
Жиі
- суық тию
- анорексия
- елестеулер**, қимыл-қозғалыс мазасыздығы (ажитация)**, озбыр мінез-құлық**, әдеттен тыс түстер мен түнгі шым-шытырықтар**
- естен тану*, бас айналуы, ұйқысыздық
- құсу, асқазанның жайсыздануы
- тері бөртпесі, қышыну
- бұлшықеттердің түйілуі
- несепті ұстай алмау
- шаршау, ауыру
- жарақаттану
Жиі емес
- құрысулар*
- брадикардия
- асқазан-ішектен қан кету, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары, сілекейдің аса көп бөлінуі
- қан сарысуындағы креатинкиназа концентрациясының шамалы артуы
Сирек
- экстрапирамидалық симптомдар
- сино-жүрекше блокадасы, атриовентрикулярлық блокада
- гепатитті қоса, бауыр функциясының бұзылуы***
Өте сирек
- қатерлі нейролептиктік синдром
- рабдомиолиз****
Белгісіз
- либидо жоғарылауы, гиперсексуалдылық
- плеврототонус (Пиза синдромы)
- полиморфты қарыншалық тахикардия, "пируэт" типті тахикардияны қоса. Электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы
*Естен танған жай-күйдегі немесе ұстамалары бар пациенттерді тексергенде жүрек блокадасы немесе ұзаққа созылатын синустық үзілістер мүмкіндігін ескеру керек.
** Елестеулер, қалыптан тыс түс көрулер, түнгі шым-шытырықтар, қозулар және озбыр мінез-құлықтар туралы хабарламалар дозаны төмендеткеннен немесе емді тоқтатқаннан кейін тыйылған.
***Бауырдың түсініксіз дисфункциясы жағдайында СЕРВОНЕКС® препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
**** Рабдомиолиздің қатерлі нейролептиктік синдромға байланыссыз және донепезилді қабылдаудың басталуымен немесе уақыты жағынан дозасын арттырумен тығыз байланыста туындайтындығы хабарланған
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: холинэстераза тежегіштерінің артық дозалануы қатты жүрек айнуымен, құсумен, сілекей бөлінуімен, тершеңдікпен, брадикардиямен, гипотензиямен, тыныс алу бәсеңдеуімен, коллапспен және құрысулармен сипатталатын холинергиялық кризге әкелуі мүмкін. Егер тыныс алу бұлшықеттеріне әсер етсе өлімге әкелуі ықтимал үдемелі бұлшықет әлсіздігі болуы мүмкін.
Емі: кез-келген артық дозалану жағдайындағы сияқты, жалпы демеуші шараларды пайдалану керек. Атропин сияқты үшіншілік холинолитиктер СЕРВОНЕКС препаратымен артық дозаланғанда уға қарсы дәрі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Әсерге жеткенге дейін титрленетін атропин сульфатын вена ішіне енгізу ұсынылады: клиникалық реакцияға қарай кейінгі дозалармен вена ішіне 1,0-ден 2,0 мг-ға дейінгі бастапқы доза. Гликопирролат сияқты басқа холиномиметиктермен және төрттік холинолитиктермен бір мезгілде қолданғанда қан қысымы мен жүректің жиырылу жиілігіне атипиялық реакциялар туралы хабарланды. Донепезил гидрохлоридін және / немесе оның метаболиттерін диализ (гемодиализ, перитонеалды диализ немесе гемофильтрация) көмегімен жоюға болатын-болмайтыны белгісіз.
Альцгеймер типіндегі деменцияның ауыр түрі, деменцияның басқа түрлері немесе жадының нашарлауы (мысалы, когнитивтік функцияның жасқа байланысты төмендеуі) бар пациенттерде донепезилдің тиімділігі анықталған жоқ.
Анестезия: СЕРВОНЕКС®, холинэстераза тежегіші ретінде, анестезия кезінде миорелаксацияның сукцинилхлориндік типін күшейтуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі: фармакологиялық әсерін ескерсек, холинэстераза тежегіштерінің жүректің жиырылу жиілігіне ваготониялық әсері (мысалы, брадикардия) болуы мүмкін. Мұндай әсердің әлеуеті «синустық түйін әлсіздігі синдромы» немесе синоатриальді немесе атриовентрикулярлық блокада сияқты суправентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы бар пациенттер үшін өте маңызды болуы мүмкін.
Естен тану жағдайлары мен құрысулардың дамуы туралы хабарламалар болды. Мұндай пациенттерді тексеру кезінде жүрек блокадасының немесе ұзақ синустық үзілістердің мүмкіндігін ескеру қажет.
Тіркеуден кейінгі кезеңде QTc аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туралы хабарланды. Анамнезінде немесе отбасылық анамнезде QTc аралығының ұзаруы бар немесе QTc аралығына әсер ететін препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде, тиісінше анықталған жүрек аурулары (мысалы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жуырда миокард инфарктісін өткерген, брадиаритмия) немесе электролиттік теңгерім бұзылыстары (гипокалиемия, гипомагнезиемия) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бұндай пациенттерге клиникалық мониторинг (ЭКГ) қажет болуы мүмкін.
Асқазан-ішек жолы: ойық жараның даму қаупі жоғары (мысалы, анамнезінде ойық жаралы ауруы болған немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдап жүрген) пациенттерге сақ болу керек.
Несеп шығару жүйесі: донепезил холиномиметик болғандықтан, несептің ағып шығуын қиындатуы мүмкін.
Жүйке жүйесі: холиномиметиктер жайылған құрысуларды туғызуы мүмкін деп шамаланады, алайда құрысулар да Альцгеймер ауруының белгісі болуы мүмкін. Холиномиметиктердің экстрапирамидалық бұзылыстарды ушықтыру немесе туындату әлеуеті бар.
Қатерлі нейролептиктік синдром (NMS): донепезилді қолданумен байланысты, сондай-ақ психозға қарсы дәрілік заттармен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттердегі өмірге әлеуетті қаупі бар жай-күй.
Егер пациентте қатерлі нейролептиктік симптомдар дамыса, ол гипертермиямен, бұлшықет сіреспесімен, сананың бұзылуымен, қан сарысуындағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауымен, миоглобинурия (рабдомиолиз) және бүйректің жедел жеткіліксіздігімен сипатталады немесе қосымша клиникалық біліністері жоқ жоғары температура анықталса, емдеуді тоқтату керек.
Тыныс алу жүйесі: холинэстераза тежегішінің холиномиметикалық әсеріне байланысты бронх демікпесі немесе анамнезінде өкпенің обструкциялық аурулары бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық таныту керек. СЕРВОНЕКС® басқа ацетилхолинестераза тежегіштерімен, холинергиялық жүйе агонистерімен немесе антагонистерімен бір мезгілде қолданбау керек.
Бауыр функциясының айқын бұзылулары: бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы жөнінде мәліметтер жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар
СЕРВОНЕКС® дәрілік препаратының құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын қиындықтары, Лапп лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Донепезил машиналарды басқару немесе пайдалану қабілетіне елеусіз немесе орташа ықпал етеді. Деменция көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін нашарлатуы мүмкін. Бұдан өзге, донепезил, негізінен емдеудің басында немесе дозасын арттырғанда қажығыштық, бас айналуын және бұлшықет құрысуларын туғызуы мүмкін. Донепезилді қабылдап жүрген пациенттердің көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілеттілігіне дәрігер белгіленген тәртіппен баға беруі тиіс.
Пери- және постнатальді уыттылығы анықталған, сондықтан тек емдеу абсолютті қажет болған жағдайды қоспағанда, препаратты жүктілік кезеңінде қолданбау керек.
Лактация кезеңінде препаратты қабылдау қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату жөнінде мәселені шешу керек.
Донепезил гидрохлориді және/немесе оның кез келген метаболиттері теофиллин, варфарин, циметидин немесе дигоксин метаболизмін бәсеңдетпейді. Донепезилдің метаболизмі дигоксин мен циметидинді бір мезгілде қолданғанда өзгермейді.
In vitro зерттеулер P450 цитохромының 3A4 изоферменті және аз дәрежеде 2D6 донепезилдің метаболизміне қатысатынын көрсетті. In vitro жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесу зерттеулері кетоконазол және хинидин, CYP3A4 және 2D6 тежегіштері тиісінше донепезил метаболизмін бәсеңдететінін көрсетеді. Сондықтан осы және басқа итраконазол және эритромицин сияқты CYP3A4 тежегіштері және флуоксетин сияқты CYP2D6 тежегіштері донепезил метаболизмін тежеуі мүмкін. Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеуде кетоконазол донепезилдің орташа концентрациясын шамамен 30% - ға арттырды.
Рифампицин, фенитоин, карбамазепин және этанол сияқты фермент индукторлары донепезил деңгейін төмендетуі мүмкін. Тежегіштік немесе индукциялайтын әсерінің дәрежесі белгісіз, сондықтан донепезилді осы препараттардың біріктірілімімен сақтықпен қолдану керек.
Донепезил гидрохлориді антихолинергиялық белсенділігі бар препараттармен өзара әрекеттесуі ықтимал. Сондай-ақ сукцинилхолин сияқты препараттармен және басқа миорелаксанттармен, холинергиялық рецепторлардың агонистерімен немесе жүрек өткізгіштігіне әсер ететін β-адренорецепторлары- ның блокаторларымен синергизм болуы мүмкін.
Донепезилді қолданған кезде QTc аралығының ұзаруы және «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия жағдайлары сипатталған. Донепезилді QTc аралығының ұзақтығын ұлғайту қабілеті белгілі басқа дәрілік заттармен біріктірілімде қолданғанда сақ болу ұсынылады және клиникалық мониторинг (ЭКГ) қажет болуы мүмкін. Мұндай препараттарға келесілер жатады:
• IA класты антиаритмиялық дәрілер (мысалы, хинидин)
• III класты антиаритмиялық дәрілер (мысалы, амиодарон, соталол)
• кейбір антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам, амитриптилин)
• психозға қарсы басқа дәрілер (мысалы, фенотиазин туындылары, сертиндол, пимозид, зипрасидон)
кейбір антибиотиктер (мысалы, кларитромицин, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин)
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау
керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.