Аурудың өршуі
Серетид Эвохалер препаратын жедел және қысқа әсер ететін бронходилататорларды қажет ететін демікпенің жедел симптомдарын емдеу үшін қолдануға болмайды. Пациенттерге жедел демікпе ұстамасын жеңілдету үшін ингалятордың әрқашан қолында болуы ұсынылады.
Пациенттерге асқыну кезінде немесе егер оларда демікпе айтарлықтай нашарласа немесе күрт нашарласа Серетид тағайындауға болмайды.
Серетидпен емдеу кезінде демікпемен байланысты ауыр жағымсыз әсерлер мен асқынулар пайда болуы мүмкін. Пациенттерден емдеуді жалғастыруды сұрау керек, бірақ егер демікпе симптомдары бақыланбайтын болса немесе Серетидті қабылдағаннан кейін нашарласа, медициналық көмекке жүгіну керек.
Жедел көмектесетін препараттарды қолдану қажеттілігінің жоғарылауы (қысқа әсер ететін бронходилататорлар) немесе жедел көмектесетін дәрілерге реакцияның төмендеуі бақылаудың нашарлауын көрсетеді және пациенттерді дәрігер тексеруі керек.
Демікпені бақылаудың кенеттен және үдемелі нашарлауы өмірге қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан пациент шұғыл медициналық тексеруден өтуі керек. Кортикостероидтармен емді ұлғайту мүмкіндігін қарастыру керек.
Демікпе симптомдары басылғаннан кейін Серетид дозасын біртіндеп төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады. Емдеуді тоқтатқан кезде пациенттерді үнемі тексеріп отыру маңызды. Серетидтің ең төмен тиімді дозасын пайдалану керек.
Серетидпен емдеуді асқыну қаупіне байланысты бірден тоқтатуға болмайды. Терапияны дәрігердің бақылауымен азайту керек.
Құрамында кортикостероидтары бар барлық ингаляциялық препараттар сияқты Серетидті өкпенің белсенді немесе жасырын туберкулезі бар, сондай-ақ зең, вирустық немесе тыныс алу жолдарының басқа инфекцияларымен ауыратын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Көрсетілімдер болған кезде осы жағдайларды тиісті емдеуді дереу бастау қажет.
Сирек жағдайларда Серетид жүрек аритмиясын тудыруы мүмкін, мысалы, қарыншаүстілік тахикардия, экстрасистолия және жүрекшелер фибрилляциясы, сондай-ақ жоғары терапиялық дозаларда қан сарысуындағы калий деңгейінің аздап уақытша төмендеуі. Серетидті жүрек-қантамырдың ауыр бұзылулары немесе жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге, сондай-ақ қант диабеті, тиреотоксикоз, түзетілмеген гипокалиемиясы бар пациенттерге немесе қан сарысуындағы калий деңгейі төмен пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы туралы өте сирек хабарламалар болды және анамнезінде қант диабеті бар пациенттерге препаратты тағайындау кезінде осыны ескеру керек.
Басқа ингаляциялық терапия сияқты, парадоксальді бронхоспазм препаратты қабылдағаннан кейін сырылдың және ентігудің жедел күшеюі түрінде пайда болуы мүмкін. Парадоксальді бронхоспазм тез әсер ететін бронходилататорлармен емделеді және жедел емдеуді қажет етеді. Серетид Эвохалер препаратын дереу тоқтату, пациентті тексеру және қажет болған жағдайда баламалы ем тағайындау керек.
Бета-2 рецепторларының агонистерімен емдеудің фармакологиялық жағымсыз әсерлері туралы хабарланды, мысалы, тремор, жүрек соғуы және бас ауыруы, бірақ олар уақытша және тұрақты ем қолданғанда азаяды.
Жүйелі әсерлер кез келген ингаляциялық кортикостероидты, әсіресе ұзақ уақыт бойы тағайындалатын жоғары дозаларды қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл әсерлер пероральді кортикостероидтарды қолданғанға қарағанда әлдеқайда сирек пайда болады. Ықтимал жүйелі әсерлер Кушинг синдромын, кушингоид белгілерін, бүйрек үсті безі функциясының тежелуін, сүйектің минералды тығыздығының төмендеуін, катаракта және глаукома және сирек психомоторлы аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, депрессия немесе озбырлықты (әсіресе балаларда) қоса бірқатар психологиялық немесе мінез-құлық әсерлерін (балалар мен жасөспірімдердегі ингаляциялық кортикостероидтардың жүйелі әсерлері туралы ақпаратты төмендегі «педиатрия» тақырыпшасынан қараңыз) қамтиды. Сондықтан пациент үнемі тексерілуі және ингаляциялық кортикостероидтардың дозасы демікпені тиімді бақылау сақталатын ең төменгі дозаға дейін төмендеуі маңызды.
Ингаляциялық кортикостероидтардың жоғары дозаларымен пациенттерді ұзақ емдеу бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеуіне және бүйрекүсті безінің жедел кризіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, 500-ден 1000 микрограммға дейінгі флутиказон пропионатының дозалары кезінде бүйрекүсті бездері функциясының тежелуі және бүйрекүсті бездерінің жедел кризінің өте сирек жағдайлары сипатталған. Бүйрекүсті безінің жедел кризін тудыруы мүмкін жағдайларға жарақат, операция, инфекция немесе дозаның кез келген жылдам төмендеуі жатады. Симптомдар әдетте көмескі және анорексия, іштің ауыруы, салмақ жоғалту, шаршау, бас ауыруы, жүрек айну, құсу, гипотензия, сананың төмендеуі, гипогликемия және құрысуларды қамтуы мүмкін. Стресс немесе жоспарлы хирургиялық араласу кезеңінде жүйелі кортикостероидтарды қосымша қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.
Флутиказон пропионатымен ингаляциялық терапияның артықшылығы пероральді стероидтарға қажеттілікті барынша азайтуы керек, бірақ пероральді стероидтардан ауысатын пациенттер бүйрекүсті безі резервінің бұзылу қаупі тобында айтарлықтай уақыт қалуы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерді аса сақтықпен емдеу және бүйрекүсті безі қыртысының функциясын үнемі бақылау керек. Бұрын кортикостероидтардың жоғары дозаларымен жедел терапияны қажет еткен пациенттерге де қауіп төнуі мүмкін. Қалдық нашарлаудың бұл мүмкіндігін әрдайым төтенше жағдайларда және стресс тудыруы мүмкін жоспарлы жағдайларда ескеру керек және кортикостероидтармен тиісті емдеуді қарастыру қажет. Бүйрекүсті безінің зақымдану дәрежесіне байланысты жоспарлы емшаралар алдында маманның кеңесі қажет болуы мүмкін.
Ритонавир плазмадағы флутиказон пропионатының концентрациясын едәуір арттыруы мүмкін. Демек, егер пациент үшін әлеуетті пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің қаупінен аспаса, бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Сондай-ақ, флутиказон пропионаты басқа күшті CYP3A тежегіштерімен үйлескен кезде жүйелі жағымсыз әсерлердің қаупі артады (4.5-бөлімді қараңыз).
Дәрігерлер ӨСОА бар пациенттерде пневмонияның ықтимал дамуына қатысты қырағылық танытуы керек, өйткені мұндай инфекциялардың клиникалық белгілері ӨСОА асқыну симптомдарымен сәйкес келеді.
Жүйелі кетоконазолды бір мезгілде қабылдау сальметеролдың жүйелі әсерін едәуір арттырады. Бұл жүйелі әсерлердің жиілігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін (мысалы, QTc аралығының ұзаруы және жүрек соғуы). Демек, кетоконазолмен немесе басқа да күшті CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде емдеуден, егер пайдасы сальметеролмен емдеудің жүйелі жағымсыз әсерлерінің ықтимал жоғары қаупінен аспаса, аулақ болу керек.
Көру қабілетінің бұзылуы
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда көру қабілетінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егер пациентте көрудің анық еместігі немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар байқалса, жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды пайдаланғаннан кейін хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ЖСХРП) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін пациентті офтальмологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру керек.
Балалар
Флутиказон пропионатының жоғары дозаларын (әдетте ≥ 1000 мкг / күн) қабылдайтын балалар мен <16 жастағы жасөспірімдер ерекше қауіпке ұшырайды. Жүйелі әсерлер, әсіресе ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды тағайындағанда пайда болуы мүмкін. Ықтимал жүйелі әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоид белгілері, бүйрекүсті безі функциясының тежелуі, жедел адреналдық криз және балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуі және сирек психомоторлық аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, депрессия немесе озбырлықты қоса бірқатар психологиялық немесе мінез-құлықтық әсерлер жатады. Баланы немесе жасөспірімді тыныс алу ағзаларының аурулары жөніндегі балалар маманына респираторлық маманға жіберу мүмкіндігін қарастыру керек.
Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ ем алатын балалардың өсуін ұдайы бақылау ұсынылады. Ингаляциялық кортикостероидтардың дозасын демікпені тиімді бақылау сақталатын ең төменгі дозаға дейін азайту керек.
Арнайы ескертулер