Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой, кишечнорастворимые
Дозасы
10 мг
Саудалық атауы
СЕРРАТА®
Әсер етуші зат
Ферментные препараты
Мақсаты
Байламдардың созылулары мен үзілулерінде, сынықтар мен шығып кетулерде (ісінуді басу және зақымданған жердегі микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін)
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – серратиопептидаза 10 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, жеңіл магний карбонаты, натрий крахмал гликоляты (А типі), магний стеараты,
қабықтың құрамы: Опадрай YS-1-7027 ақ жабыны (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин), Опадрай OY-P-7171 ақ (поливинилацетат фталаты, титанның қостотығы (Е171), диэтилфталат, стеарин қышқылы), изопропил спирті, метиленхлорид, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ақ түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Кешенді емдеуде
- байламдардың созылулары мен үзілулерінде, сынықтар мен шығып кетулерде (ісінуді басу және зақымданған жердегі микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін)
- гематомалардың қайтуын жылдамдату үшін
- жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында (қақырықтың тұтқырлығын төмендету және оның шығуын жеңілдету үшін)
- ЛОР-ағзалардың ауруларында: қосалқы қойнаулар секретінің шығуын жеңілдетеді
- ауыру синдромымен жүретін дерматитте
- маститте (сүт бездерінде іркілістің азаюы үшін)
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Ферментті препараттар.
ATХ коды: M09A.
Әсер ету механизмі
Белгісіз
Фармакодинамикалық әсерлері
Серратиопептидаза СЕРРАТА препаратының әсер етуші заты, патогенді емес ішек бактериясынан Serratia E15 бөлінген, фибринолитикалық, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы белсенділігі бар протеолитикалық фермент болып табылады.
СЕРРАТА қабыну үдерісінің азаюынан басқа, медиаторлардың қабыну ошағынан босап шығуын бөгеу салдарынан ауырсынуды әлсіретеді.
СЕРРАТА 1:1 арақатынаста альфа-2-макроглобулинмен байланысады, ол оның антигендігін жасырады, бірақ оның ферментативті белсенділігін сақтайды. Қабыну орнында экссудатқа баяу өтеді және біртіндеп оның қандағы деңгейі азаяды.
Брадикининнің, гистамин мен серотониннің гидролизі арқылы серратиопептидаза тікелей капиллярлардың дилатациясын және олардың өткізгіштігін азайтады. СЕРРАТА плазмин тежегіштерін бөгейді, осылайша фибринолитикалық белсенділіктің жоғарылауына ықпал етеді.
СЕРРАТА қақырықтың құрылымдық ақуыздарының протеолизі арқасында қақырықтың реологиялық қасиеттерін жақсартады және оның шығуына ықпал етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Деректер жоқ
Балалар
4.3 бөлімін қараңыз.
Дозалау режимі
Препаратты кешенді ем құрамында, тәулігіне 2-3 рет 10 мг дозада (1 таблетка) тамақтан кейін тағайындайды. Таблеткаларды шайнамай, 1 стақан сумен ішіп жұту керек. Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 10 мг.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 30 мг.
Емдеу курсының ұзақтығы патологиялық үдерістің сипаты мен динамикасына тәуелді және дәрігер жекелей белгілейді.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- асқазанның ойық жаралы ауруы
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
- жүктілік кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Сирек (≥ 1/10000 –нан ≤ 1/1000 дейін)
- жүрек айнуы
- құсу
- анорексия
- эпигастрийдегі жайсыздық
- диарея
Өте сирек (< 1/10000)
- мұрыннан қан кету
- қан аралас қақырық
- тері бөртпелері, қышыну, тері гиперемиясы
- жедел эозинофильді пневмония
- препарат компоненттеріне жекелей көтере алмаушылығы бар адамдарда аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, анорексия, эпигастрийдегі жайсыздық, қан аралас қақырық және қан кетулер.
Емі: симптоматикалық ем.
Препарат қанның ұйығыштығына әсер ететіндіктен, оны қан кету қаупі бар және қан ұю уақытының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бауыр мен бүйректің ауыр аурулары жағдайында препаратты сақтықпен қолданады.
Арнайы сақтандырулар
Қан ұюының бұзылуы, бауыр және бүйрек функциясының бұзылулары бар, антикоагулянттық ем қабылдап жүрген пациенттер үшін серратиопептидазаны тағайындағанда мұқият бақылау қамтамасыз етілуі қажет.
Лактоза бар болуына байланысты қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
СЕРРАТА® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Препарат маститтің бастапқы сатыларында (лактостаз) сүт бездерінің ісінуін төмендету мақсатында акушерлікте және гинекологияда қолдануға арналған, алайда СЕРРАТА® тағайындалған кезеңде бала емізуден бас тарту керек.
Бір мезгілде қолданылғанда препарат антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Серратиопептидаза мен карбамазепинді бір мезгілде қабылдау қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуіне, демек, карбамазепиннің әсерінің азаюына алып келеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.