Әсер ету механизмі
Пролиферация сигналының тежегіші эверолимус Т-жасушалардың антигенмен іске қосылған пролиферациясын, сол арқылы Т-жасушалық спецификалық интерлейкиндермен, мысалы, интерлейкинмен-2 және интерлейкинмен-15 шартталған клональді кеңеюді бөгеп, иммуносупрессиялық әсер етеді. Эверолимус жасушаішілік сигнал жолын тежейді, бұл әдетте Т-жасушалардың өсу факторларын олардың рецепторларымен байланыстырудан туындаған жасушалардың пролиферациясына әкеледі. Бұл сигналды эверолимуспен бөгеу жасуша циклінің G1 сатысында жасушалардың кідіруіне әкеледі.
Молекулалық деңгейде эверолимус FKBP-12 цитоплазмалық ақуызымен кешен құрайды. Эверолимус болған кезде өсу факторымен стимуляцияланған р70 S6 киназаның фосфорлануы тежеледі. FRAP көмегімен р70 S6 киназасының фосфорлануын бақылау (mTOR деп те аталады) эверолимус-FKBP-12 кешені FRAP функциясымен байланысады және осылайша оған еніп кетеді. FRAP жасушалық метаболизмді, өсуін және көбеюін басқаратын негізгі реттеуші ақуыз болып табылады; FRAP функциясын өшіру, осылайша эверолимус тудырған жасуша циклінің тоқтауын түсіндіреді.
Осылайша, эверолимустың әсер ету механизмі циклоспориннен өзгеше. Аллотрансплантацияның клиникаға дейінгі модельдерінде эверолимус пен циклоспориннің біріктірілімі осы қосылыстарды жеке-жеке қолдануға қарағанда тиімді болды.
Эверолимустың әсері Т-жасушалармен шектелмейді. Эверолимус әдетте өсу факторына байланысты гемопоэздік жасушалардың және тамырлы тегіс бұлшықет жасушалары сияқты гемопоэздік емес жасушалардың көбеюін тежейді. Өсу факторымен реттелетін эндотелий жасушаларының зақымдануынан туындаған және неоинтимнің түзілуіне әкелетін тегіс бұлшықет жасушаларының көбеюі созылмалы қабылданбай ажырау патогенезінде маңызды рөл атқарады. Эверолимуспен клиникаға дейінгі зерттеулер егеуқұйрық аортасының аллотрансплантация моделінде неоинтим түзілуінің тежелуін көрсетті.
Клиникалық тімділігі және қауіпсіздігі
Бүйрек трансплантациясы
Сертикан препаратының тиімділігі микроэмульсия түріндегі циклоспориннің және кортикостероидтардың стандартты дозаларымен біріктірілген тәулігіне 1,5 мг белгіленген дозаларда ІІІ фазадағы бүйрек трансплантациясының de novo (B201 және B251) екі зерттеуінде зерттелген. Салыстыру препараты ретінде микофенолат мофетил (ММФ) тәулігіне екі рет 1 г-нан қолданылған. Келесі құрамдас бастапқы соңғы нүктелер зерттелді: 6 айдан кейінгі тиімсіздік (биопсиямен дәлелденген трансплантаттың жедел ажырауы, жоғалуы, өлім немесе кезекті бақылау үшін жоғалып кетуі) және трансплантаттың жоғалуы, өлім немесе 12 айдан кейін кезекті бақылау үшін жоғалып кетуі. Жалпы, Сертикан препаратының тиімділігі үш зерттеуде ММФ-тан кем болмады. B201 зерттеуінде 6 айдан кейін биопсиямен расталған жедел қабылданбай ажырау жиілігі тиісінше топтарда 1,5 г/тәу Сертикан препаратында 21,6% және ММФ-та 23,5% құрады. B251 зерттеуінде 1,5 г/тәу Сертикан препараты және ММФ топтарында кездесу жиілігі тиісінше 17,1% және 23,5% құрады.
Аллотрансплантат функциясының төмендеуі, сарысудағы креатинин деңгейінің жоғарылауы ММФ тобындағы пациенттерге қарағанда Сертикан препаратын микроэмульсия түрінде циклоспориннің толық дозасымен біріктіріп алған пациенттер арасында жиі байқалды. Бұл әсер Сертикан циклоспориннің нефроуыттылығын күшейтеді деп болжауға мүмкіндік береді. Фармакодинамиканың препарат концентрациясына тәуелділігі бойынша талдаулар циклоспорин экспозициясының төмендеуі кезінде қандағы эверолимустың ең төменгі нысаналы деңгейлері 3 нг/мл жоғары болып сақталғанға дейін тиімділігін сақтай отырып, бүйрек функциясы жақсаруы мүмкін екенін көрсетті. Бұл болжам кейіннен III фазаның келесі екі зерттеуінде расталды (A2306 және А2307, тиісінше 237 және 256 пациенттің қатысуымен). 1,5 мг/тәу Сертикан препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі (бастапқы доза; ең төменгі нысаналы концентрациясына (С0) ≥ 3 нг/мл негізделген кейінгі доза) циклоспорин экспозициясының төмендеуімен бірге зерттелді. Екі зерттеуде де бүйрек функциясы тиімділікке нұқсан келтірместен жақсарды. Алайда, бұл зерттеулерге Сертиканды қолданбай салыстыру препаратының тобы енгізілмеген.
Көп орталықты рандомизацияланған ашық бақыланатын зерттеудің (A2309) III фазасында бүйрек трансплантациясын de novo өткерген пациенттер 12 ай бойы Сертикан препаратымен тәулігіне 1,5 мг ем қабылдады. Сертикан препаратын циклоспориннің төмендетілген дозасымен немесе натрий микофенолатымен (МФА) + циклоспоринмен емдеудің стандартты режимімен біріктірді. Барлық пациенттер трансплантацияға дейін және трансплантациядан кейін 4 күн ішінде базиликсимабпен индукциялық ем алды. Пациенттердің 99 %-ы стероидтерді қабылдады.
Сертикан препаратымен емдеу режимін пайдалану кезінде (=ұсынылатын доза — 4.2 бөл.қ.) және бақылау емінде байқалған нәтижелер төменде ұсынылған.
Сертикан препараты тобындағы бастапқы доза эверолимустың 3-8 нг/мл ең төменгі нысаналы деңгейлерін демеу үшін 5-ші күннен бастап кейіннен өзгертілген екі қабылдауға бөле отырып, тәулігіне 1,5 мг құрады. Натрий микофенолатының дозасы тәулігіне 1,44 г құрады. Циклоспорин дозалары 1-кестеде көрсетілгендей қандағы ең төменгі нысаналы деңгейлерді ұстап тұру үшін бейімделген. Қан сарысуындағы эверолимус және циклоспорин (C0 және C2) концентрациялары үшін өлшенген мәндер 2-кестеде көрсетілген.
1 кесте A2309 зерттеу: циклоспориннің ең төменгі нысаналы деңгейі C0 (нг/мл)
1 ай — 2-3 айлар — 4-5 айлар — 6-12 айлар
Сертикан препаратының тобы — 100–200 — 75–150 — 50–100 — 25–50
МФА тобы — 200–300 — 100–250 — 100–250 — 100–250
2 кесте A2309 зерттеу: циклоспорин мен эверолимустың ең төменгі өлшенген деңгейлері (нг/мл)
Сертикан препаратының тобы (циклоспориннің төменгі дозасы) — МФА (циклоспориннің стандартты дозасы)
Сертикан 1,5 мг — Микофенол қышқылы 1,44 г
Циклоспорин — C0 деңгейі — C2 деңгейі — C0 деңгейі — C2 деңгейі
7 күн — 195 ± 106 — 847 ± 412 — 239 ± 130 — 934 ± 438
1 ай — 173 ± 84 — 770 ± 364 — 250 ± 119 — 992 ± 482
3 ай — 122 ± 53 — 580 ± 322 — 182 ± 65 — 821 ± 273
6 ай — 88 ± 55 — 408 ± 226 — 163 ± 103 — 751 ± 269
9 ай — 55 ± 24 — 319 ± 172 — 149 ± 69 — 648 ± 265
12 ай — 55 ± 38 — 291 ± 155 — 137 ± 55 — 587 ± 241
Эверолимус — (Нысаналы C0 3–8)
7 күн — 4,5 ± 2,3 — —
1 ай — 5,3 ± 2,2 — —
3 ай — 6,0 ± 2,7 — —
6 ай — 5,3 ± 1,9 — —
9 ай — 5,3 ± 1,9 — —
12 ай — 5,3 ± 2,3 — —
Мәндер C0 = ең төменгі деңгей, C2 = препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң өлшенген мәндердің орташа ± СО білдіреді.
Құрамдас соңғы нүкте емдеу тиімсіздігінің айнымалы мәні болды (биопсиямен расталған, еммен жедел қабылданбай ажырауы, трансплантаттың жоғалуы, өлім немесе кезекті бақылау үшін жоғалып кетуі). Тиімділікті бағалау нәтижелері 3-кестеде ұсынылған.
A2309 зерттеу: 6 және 12 айдан кейін тиімділікті бағалаудың құрамдас және жекелеген соңғы нүктелері (ITT популяциясындағы кездесу жиілігі)
Сертикан 1,5 мгN = 277 % (n) — МФА 1,44 г N = 277 % (n)
6 ай — 12 ай — 6 ай — 12 ай
Құрамдас соңғы нүкте (1° критерий) — 19,1 (53) — 25,3 (70) — 18,8 (52) — 24,2 (67)
Айырмашылықтар %-да (Сертикан — МФА) 95 % СА — 0,4 % (–6,2; 6,9) — 1,1 % (–6,1; 8,3) — — — — — —
Жекелеген соңғы нүктелер (2 критерий)
Еммен BPAR — 10,8 (30) — 16,2 (45) — 13,7 (38) — 17,0 (47)
Трансплантаттың жоғалуы — 4,0 (11) — 4,3 (12) — 2,9 (8) — 3,2 (9)
Өлім — 2,2 (6) — 2,5 (7) — 1,1 (3) — 2,2 (6)
Кезекті қадағалау үшін жоғалып кетуі — 3,6 (10) — 4,3 (12) — 1,8 (5) — 3,2 (9)
ай = айлар, 1° = бастапқы, 2° = екіншілік, СА = сенімді аралық, кем емес тиімділіктің шекарасы 10 % құрады. Құрамдас соңғы нүкте: биопсиямен расталған емдеумен жедел қабылданбай ажырауы (BPAR), трансплантаттың жоғалуы, өлім немесе кезекті қадағалау (КҚ) үшін жоғалып кетуі.
MDRD бойынша шумақтық сүзілістің есептік жылдамдығымен (ШСЖ) бағаланатын бүйрек функциясы 4 кестеде көрсетілген.
Несептің бір реттік порциясын ақуыз/креатинин деңгейіне талдау көмегімен бағаланатын протеинурия 5-кестеде көрсетілген. Концентрацияның әсері көрсетілді, әрі протеинурия эверолимустың ең төмен деңгейі > 8 нг/мл пациенттерде анағұрлым айқын.
Сертикан препаратымен емдеу режимін қолдану кезінде байқалатын жағымсыз құбылыстарды 4.8 бөлімнен табуға болады. Вирустық инфекциялардың анағұрлым төмен жиілігі Сертикан препаратымен ем қабылдаған пациенттерде тіркелді, бұл негізінен ЦМВ туындаған инфекцияны (5,95%-бен салыстырғанда 0,7 %) және ВК-вирустан туындаған инфекцияны (4,8%-бен салыстырғанда 1,5%) тіркеудің анағұрлым төмен жиілігімен байланысты.
4 кесте A2309 зерттеу: 12 айдан кейінгі бүйрек функциясы (MDRD бойынша есептелген ШСЖ) (ITT популяция)
Сертикан 1,5 мгN = 277 — МФА 1,44 гN = 277
Орташа ШСЖ (мл/мин/1,73 м2) 12 айдан соң — 54,6 — 52,2
Орташа мәндердегі айырмашылық (эверолимус — МФА) 95 % СА — 2,37 (–1,7; 6,4)
5 кесте A2309 зерттеу: несептегі ақуыз/креатинин арақатынасы
Протеинурия санаты (мг/ммоль)
Емдеу — қалыпты %1 (n)(< 3,39) — жеңіл % (n)(3,39 -< 33,9) — субнефроздық % (n)(33,9 -< 339) — нефроздық % (n) (> 339)
12 ай (емдеудің соңғы нүктесі) — Сертикан 1,5 мг — 0,4 (1) — 64,2 (174) — 32,5 (88) — 3,0 (8)
МФА 1,44 г — 1,8 (5) — 73,1 (198) — 20,7 (56) — 4,1 (11)
1 мг/ммоль = 8,84 мг/г. Емдеудің соңғы нүктесі: 12 ай немесе соңғы қадағалау деректерін алға ауыстыру тәсілі
Жүрек трансплантациясы
III фазадағы жүрек трансплантациясын (B253) зерттеуде Сертикан препараты микроэмульсия түріндегі циклоспориннің және кортикостероидтардың стандартты дозаларымен біріктіріп 1,5 мг/тәу дозада азатиопринмен (АЗА) тәулігіне 1-3 мг/кг дозада салыстырылды. Бастапқы соңғы нүкте келесі құбылыстардың кездесу жиілігінің құрамдас көрсеткіші болды: ISHLT сәйкес 3A класынан жедел қабылданбай ажырау, гемодинамикалық бұзылулармен байланысты жедел қабылданбай ажырау, трансплантаттың жоғалуы, пациенттің қайтыс болуы немесе 6, 12 және 24 айдан соң бақылау үшін онымен байланыстың жоғалуы. Сертикан препаратының 1,5 мг дозасы 6, 12 және 24 айдан соң АЗА-дан асып түсті. Биопсиямен расталған жедел қабылданбай ажырау жиілігі ≥ 3А дәрежесі ISHLT сәйкес 6 айдан соң 1,5 мг/тәу тобы үшін 27,8% және тиісінше АЗА тобы үшін 41,6% (бақылаумен салыстырғанда 1,5 мг/тәу үшін р = 0,003) құрады.
Зерттелетін популяцияның қосалқы тобында алынған коронарлық артерияларды тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу деректеріне сүйене отырып, Сертикан препаратының 1,5 мг дозасы аллотрансплантат васкулопатиясының дамуын болдырмауда (катетерді созуға арналған автоматты құрылғыны жүргізу жолында кемінде бір келісілген қимада бастапқы ≥ 0,5 мм деңгейіне қатысты интимнің ең жоғары қалыңдығының ұлғаюы ретінде анықталатын) АЗА-ға қарағанда статистикалық тұрғыдан анағұрлым тиімді болды. Аллотрансплантат васкулопатиясы ұзақ мерзімді кезеңде трансплантаттың жоғалу қаупінің маңызды факторы болып саналады.
Сарысудағы креатининнің анағұрлым жоғары деңгейлері Сертикан препаратын циклоспориннің микроэмульсия түріндегі толық дозасымен біріктіріп қабылдаған пациенттерде АЗА қабылдаған пациенттерге қарағанда байқалды. Бұл нәтижелер Сертикан препаратының циклоспориннен туындаған нефропатияның даму қаупін арттыратынын көрсетеді. Алайда, әрі қарай талдау қан плазмасындағы эверолимус деңгейі белгіленген шекті мәннен жоғары болып тұрғанша тиімділігін жоғалтпай циклоспорин дозасын төмендету кезінде бүйрек функциясы жақсаруы мүмкін екенін көрсетеді. Артынша бұл мәселені зерттеу үшін А2411 және A2310 зерттеулері жүргізілді.
A2411 зерттеуі de novo жүрек трансплантациясы бар пациенттерде Сертикан препаратын микофенолат мофетилді (ММФ) микроэмульсия түріндегі циклоспориннің және кортикостероидтардың стандартты дозаларымен біріктіріп қолданумен, микроэмульсия түріндегі циклоспориннің және кортикостероидтардың төмендетілген дозаларымен біріктірілімін салыстырған рандомизацияланған, 12 айлық, ашық зерттеу болды. Мақсаты бүйрек функциясы (6 айдан кейін креатининнің есептік клиренсі ретінде бағаланатын) Сертикан/циклоспорин препаратын алған топта ММФ/циклоспориннің бақылау тобына (бастапқы соңғы нүкте) қарағанда нашар емес екенін және тиімділігі салыстырмалы (екінші соңғы нүкте) екенін көрсету болды. Зерттеуге 174 науқас кірді.
Сертикан (N = 92) тәулігіне 1,5 мг дозада қолданылды және қандағы эверолимустың нысаналы деңгейлерін 3-тен 8 нг/мл-ге дейінгі диапазонда ұстап тұру үшін дозаны түзетілді. ММФ қолдану (N = 84) тәулігіне екі рет 1500 мг дозада басталды. Микроэмульсия түріндегі циклоспориннің дозасы келесі ең төменгі нысаналы деңгейлерді (нг/мл) демеу үшін бейімделген (6 кесте).
6 кестеЦиклоспориннің ең төменгі нысаналы деңгейлері (нг/мл)
1 ай — 2 ай — 3-4 айлар — 5-6 айлар — 7-12 айлар
Сертикан препаратының тобы — 200–350 — 150–250 — 100–200 — 75–150 — 50–100
ММФ тобы — 200–350 — 200–350 — 200–300 — 150–250 — 100–250
Ең төменгі өлшенген деңгейлер: 7 кестені қараңыз.
7кесте A2411 зерттеу: қандағы циклоспорин деңгейі (CsA) бойынша жиынтық статистика * (орташа ± СО)
Сертикан препаратының тобы(N = 91) — ММФ тобы(N = 83)
Тексерілу күні — C0 — C0
4 күн — 154 ± 71; n = 79 — 155 ± 96; n = 74
1 ай — 245 ± 99; n = 76 — 308 ± 96; n = 71
3 ай — 199 ± 96; n = 70 — 256 ± 73; n = 70
6 ай — 157 ± 61; n = 73 — 219 ± 83; n = 67
9 ай — 133 ± 67; n = 72 — 187 ± 58; n = 64
12 ай — 110 ± 50; n = 68 — 180 ± 55; n = 64
* Ең төменгі деңгейлер (C0).
Бүйрек функциясындағы өзгерістер: 8 кес.қ.
Тиімділік критерийі: 9 кес.қ.
ММФ/циклоспорин қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, Сертикан/циклоспорин препаратымен ем қабылдаған пациенттерде бүйрек функциясына қатысты кем емес тиімділіктің жоқтығы алты айдан кейін көрсетілген жоқ. Алайда, мұны, кем дегенде, ішінара, зерттеудің басында рандомизация кезінде топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санауға болады.
8 кесте A2411 зерттеу: бүйректің орташа функциясы (Кокрофт-Голт бойынша креатининнің есептік клиренсі мл/мин), тексерілу күні мен емдеу топтары бойынша
Тексерілу күні — Статистика — СертиканN = 91 — ММФN = 83 — Сертикан — ММФ орташа мәніндегі айырмашылық
Бастапқы деңгей — N Орташа мәні (СО) — 91 72,5 (27,88) — 82 76,8 (32,08) — –4,3
1 ай — N Орташа мәні (СО) — 87 68,5 (31,53) — 79 79,2 (35,76) — –10,7
3 ай — N Орташа мәні (СО) — 80 67,6 (25,13) — 75 74,4 (26,52) — –6,8
6 ай — N Орташа мәні (СО) — 83 65,4 (24,69) — 73 72,2 (26,23) — –6,9
9 ай — N Орташа мәні (СО) — 83 68,4 (27,29) — 73 73,3 (27,79) — –4,9
12 ай — N Орташа мәні (СО) — 82 68,7 (27,71) — 72 71,8 (29,81) — –3,1
Барлық рандомизацияланған пациенттер трансплантациядан кейін зерттеліп отырған препаратты қабылдаған. Зерттелетін препаратпен емдеуді тоқтатқан пациенттер үшін кестеге зерттеуден шыққаннан кейін алынған деректер енгізілген.
Статистикалық талдаулар көрсеткендей, екі топта да қол жеткізілген тиімділік бірдей болды.
9 кесте A2411 зерттеу:емдеу топтары бойынша тиімілік құбылыстарының жиілік көрсеткіштері (12-айлық талдау)
Соңғ тиімділік нүктесі — СертиканN = 92n (%) — ММФN = 84n (%) — Құбылыстар жиілігіндегі айырмашылықСертикан — ММФ (95 % СА) — р-мәні
Екіншілік соңғы нүкте
Биопсиямен расталған жедел ажырау, дәрежесі > 3A — 21 (22,8) — 25 (29,8) — –6,9 (–19,9; 6,1) — 0,0054
Тиіміліктің басқа айнымалылары
Тиімділік жоқтығының құрамдас көрсеткіші — 30 (32,6) — 35 (41,7) — –9,1 (–23,3; 5,2) — 0,2737
Гемодинамикалық бзылыстармен жедел ажырау — 2 (2,2) — 1 (1,2) — 1,0 (–2,8; 4,8) — 1,0000
Өлім немесе трансплантаттың жоғалуы/қайталама трансплантация — 10 (10,9) — 10 (11,9) — –1,0 (–10,4; 8,4) — 1,0000
Жедел ажырау, антиденелермен емдеу — 5 (5,4) — 2 (2,4) — 3,1 (–2,6; 8,7) — 0,4471
Барлық рандомизацияланған пациенттер. «n» — бұл құбылыстары бар пациенттер саны. % — бұл құбылыстар жиілігі. Зерттеліп отырған препаратпен емдеуді тоқтатқан пациенттер үшін кестеге зерттеуден шыққаннан кейін алынған деректер енгізілген. Екіншілік соңғы нүкте үшін екі жақты 95% СА z-критерийлерге негізделген. Бір жақты z-критерий көмегімен есептелген p-мәні 0,025 маңыздылық деңгейімен кем емес тиімділікке негізделген. Фишердің нақты критерийі басқа тиімділік айнымалылары үшін қолданылды. Р-мәні айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетпеген.
A2310 зерттеуі Сертикан препаратымен/циклоспориннің төмендетілген дозасымен емдеудің екі режимінің тиімділігі мен қауіпсіздігін және микофенолат мофетилмен (ММФ)/циклоспоринмен 24 ай бойы емдеудің стандартты режимін салыстырған III фазадағы көп орталықты рандомизацияланған ашық зерттеу болды. Индукциялық емді қолдану орталыққа тән болды, ал нұсқалар индукцияның жоқтығын немесе индукцияның базиликсимабпен немесе анти-т-лимфоцитарлық иммуноглобулинмен болуын қамтыды. Барлық пациенттер кортикостероидтар алды.
Сертикан препараты тобындағы бастапқы доза тәулігіне 1,5 мг құрады және қандағы эверолимустың ең төменгі нысаналы деңгейлерін 3-8 нг/мл болуын демеу үшін 4-ші күннен бастап модификациялаған. ММФ дозасы тәулігіне 3 г құрады. Циклоспорин дозасы А2411 зерттеуіндегідей қандағы нысаналы деңгейді ұстап тұру үшін бейімделген.
Сертикан препаратының (3 мг) анағұрлым жоғары дозасын қолдана отырып, зерттелетін топ рандомизациядан кейінгі алғашқы 3 айда инфекциялардан және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім жиілігінің артуы себебінен зерттеуді ертерек тоқтатуы тиіс еді.
Қан сарысуындағы эверолимус және циклоспорин концентрациялары 10 кестеде көрсетілген.
10 кесте A2310 зерттеу: Қандағы циклоспорин (CsA) мен эверолимустың ең төменгі өлшенген деңгейлері
Тексерілу күні (бос күн) — 1,5 мг Сертикан препараты/төмендетілген доза CsAN = 279 — 3 г ММФ/стандартты доза CsA N = 268
Эверолимус (C0 нг/мл) — Циклоспорин (C0 нг/мл) — Циклоспорин (C0 нг/мл)
4 күн — 5,7 (4,6) — 153 (103) — 151 (101)
1 ай — 5,2 (2,4) — 247 (91) — 269 (99)
3 ай — 5,7 (2,3) — 209 (86) — 245 (90)
6 ай — 5,5 (2,2) — 151 (76) — 202 (72)
9 ай — 5,4 (2,0) — 117 (77) — 176 (64)
12 ай — 5,6 (2,5) — 102 (48) — 167 (66)
Сандар C0 = ең төменгі деңгеймен өлшенген мәндердің орташа ± СО болып табылады.
Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі тиімсіздіктің құрамдас айнымалы мәні болды, оған келесі құбылыстардың кез-келгенінің туындауы кіреді: ISHLT ≥ 3A сәйкес биопсиямен расталған (BPAR) класты жедел ажырау эпизоды, гемодинамикалық бұзылулармен (HDC) байланысты жедел ажырау эпизоды (AR), трансплантаттың жоғалуы/қайталама трансплантация, өлім немесе кезекті қадағалау үшін жоғалып кетуі. 12 айдан кейінгі тиімділік критерийі 11 кестеде келтірілген.
11 кесте A2310 зерттеу: емдеу топтары бойынша тиімілікті ағалаудың соңғы нүктелеріне қол жеткізу жиілігінің көрсеткіштері (популяция ITT — 12-айлық талдау)
1,5 мг СертиканN = 279 — ММФN = 271
Тиімділікті бағалаудың соңғы нүктесі — n (%) — n (%)
Бастапқы: тиімділік жоқтығының құрамдас соңғы нүктесі — 99 (35,1) — 91 (33,6)
— HDC байланысты AR — 11 (3,9) — 7 (2,6)
— ISHLT сәйкес BPAR ≥ 3A дәреже — 63 (22,3) — 67 (24,7)
— Өлім — 22 (7,8) — 13 (4,8)
— Трансплантаттың жоғалуы/ қайталама трансплантация — 4 (1,4) — 5 (1,8)
— келесі қадағалау үшін жоғалып кетуі* — 9 (3,2) — 10 (3,7)
Екіншілік: трансплантаттың жоғалуы/ қайталама трансплантация, өлім немесе келесі қадағалау үшін жоғалып кетуі* — 33 (11,7) — 24 (8,9)
— келесі қадағалау үшін жоғалып кетуі * — 11 (3,9) — 11 (4,1)
Жедел ажырау, антиденелермен емдеу — 13 (4,6) — 9 (3,3)
Тиімділіктің жоқтығының құрамдас соңғы нүктесі: ISHLT ≥ 3A сәйкес биопсиямен расталған (BPAR) класты жедел ажырау эпизоды, гемодинамикалық бұзылулармен (HDC) байланысты жедел ажырау эпизоды (AR), трансплантаттың жоғалуы/қайталама трансплантация, өлім немесе кезекті қадағалау үшін жоғалып кетуі. * Тиісті (бастапқы немесе екіншілік) соңғы нүкте үшін кейінгі қадағалау үшін жоғалып кетуі.
12 кестеИндукциялық ем кезінде тиімділікті бағалаудың соңғы нүктелеріне қол жеткізу жиілігінің көрсеткіштері (популяция ITT, 12-айлық талдау)
Базиликсимаб — Анти-Т-лимфоцитарлық иммуноглобулин — Индукцияның болмауы
Құбылыстар — Эверолимус 1,5 мг — ММФ — Эверолимус 1,5 мг — ММФ — Эверолимус 1,5 мг — ММФ
n (%) — n (%) — n (%) — n (%) — n (%) — n (%)
N = 101 — N = 97 — N = 86 — N = 83 — N = 92 — N = 89
Тиімділік жоқтығының құрамдас соңғы нүктесі — 32 (31,7 %) — 31 (32,0 %) — 32 (37,2 %) — 26 (31,3 %) — 32 (34,8 %) — 32 (36,0 %)
Гемодинамикалық бұзылыстармен байланысты AR, — 1 (1,0 %) — 1 (1,0 %) — 1 (1,2 %) — 3 (3,6 %) — 9 (9,8 %) — 3 (3,4 %)
BPAR — 24 (23,8 %) — 28 (28,9 %) — 17 (19,8 %) — 15 (18,1 %) — 20 (21,7 %) — 24 (27,0 %)
Өлім — 5 (5,0 %) — 1 (1,0 %) — 12 (14,0 %) — 6 (7,2 %) — 5 (5,4 %) — 6 (6,7 %)
Трансплантаттың жоғалуы — 2 (2,0 %) — 0 — 2 (2,3 %) — 3 (3,6 %) — 0 — 2 (2,2 %)
Сертикан препараты тобындағы өліммен аяқталу жиілігінің ММФ тобымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болуы, ең алдымен, Сертикан алған пациенттер арасында алғашқы үш айда анти-Т-лимфоцитарлық иммуноглобулинмен индукциялық ем қабылдаған пациенттердің зерттелетін қосалқы тобында инфекция себебінен өліммен аяқталу жиілігінің артуының нәтижесі болды. Иммуноглобулиндердің анти-Т-лимфоциттерінің қосалқы тобында ММФ алған пациенттерге қарағанда Сертикан препаратын алған пациенттерде ауыр инфекциялардың 3 айлық едәуір жоғары жиілігі айқын иммуносупрессиялық белсенділікті көрсетеді (4.3, 4.4 бөл.қ.).
Осы қосалқы топ шегінде өлім жағдайы әсіресе сол жақ қарыншалық қосымша құрылғыны қажет ететін пациенттерде жоғарылады (Сертикан 5/9 ММФ 1/14 салыстырғанда).
Бүйрек функциясына қарамастан, анти-Т-лимфоцитарлық иммуноглобулиннің қосалқы тобындағы микофенолатпен салыстырғанда эверолимусты қолданғанда өлім жағдайы едәуір жоғарылады. Алайда, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (ШСЖ <40 мл/мин) өлім жағдайы үлесі әсіресе жоғары болды — 30%-ға жуық (ЭВР-6/21 (28,6 %) кезінде өлім жағдайларымен салыстырғанда ММФ-2/20 (10 %)).
MDRD формуласы бойынша есептелетін шумақтық сүзіліс жылдамдығымен (ШСЖ) бағаланатын А2310 зерттеу барысындағы бүйрек функциясы 1,5 мг эверолимус алған топта келтірілген залалға дейін 12 айда 5,5 мл/мин/1,73 м2 (97,5% СА -10,9, -0,2) статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықты көрсетеді.
Сертикан препаратын циклоспориннің төмен дозасында және циклоспорин деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін мұқият зертханалық бақылаумен ғана қолдануға болады (кестені 4.2 бөл.қ.).
Бір реттік несеп үлгілеріндегі ақуыздың креатининге қатынасы ретінде көрініс табатын протеинурия Сертикан препаратын қабылдаған пациенттерде жоғары деңгейге үрдісі болды. Субнефроздық мәндер ММФ бар пациенттердің 8,6%-ымен салыстырғанда Сертикан препаратын алған пациенттердің 22%-ында өлшенді. Сондай-ақ, нефроздық деңгейлер (0,8%) хабарланды, олар емдеудің әр тобында 2 пациенттен әсер етті.
A2310 зерттеуіндегі эверолимус тобындағы 1,5 мг жағымсыз әсерлер 4.8 бөлімде ұсынылғандарға сәйкес келеді. Вирустық инфекциялардың анағұрлым төмен жиілігі Сертикан препаратымен ем қабылдаған пациенттерде тіркелген, бұл негізінен ММФ-мен салыстырғанда (19,4%-бен салыстырғанда 7,2%) ЦМВ туындаған тіркелген инфекциялардың анағұрлым төмен жиілігімен байланысты.
Бауыр трансплантациясы
Бауыр трансплантациясына III фазалық зерттеуде СВГ+ және СВГ– бар ересек (H2304) пациенттерге трансплантациядан кейін 30 күннен соң қабылданған Сертикан препаратының бастапқы дозасымен, экспозициясы төмендеген такролимус және 1,0 мг 2 р/тәу Сертикан қолданған. Бұл дозалау режимін 24 айға дейінгі кезең ішінде ең төменгі нысаналы деңгейлері 6-10 нг/мл такролимус монотерапиясымен салыстырды. Сертиканды Сертикан + такролимустың төмендетілген дозасы тобы үшін қандағы эверолимустың нысаналы 3-8 нг / мл деңгейлеріне жету үшін дозаны түзету арқылы қолданды. Қандағы эверолимустың орташа деңгейі Сертикан препараты + такролимустың төмендетілген дозасы тобындағы уақыттың барлық сәттерінде нысаналы диапазон шегінде (3,4–6,3 нг/мл) болды. Такролимус дозалары Сертикан препараты + такролимустың төмендетілген дозасы тобында 12 ай ішінде қандағы 3-5 нг/мл нысаналы деңгейлерге жету үшін кейіннен түзетілді.
такролимусты алып тастау зерттеу үшін үшінші зерттелетін топ зерттеуге қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатты, өйткені қабылданбай ажырау жағдайлары мен жағымсыз әсерлер жиілігінің жоғарылауы байқалды. Осы себепті Сертикан препаратын қолдану және такролимусты алып тастау арқылы емдеу ұсынылуы мүмкін емес.
Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі бауыр трансплантациясынан кейін шамамен 4 аптадан соң Сертикан препаратын қолданумен жеңілдеген такролимусты ерте минимизациялау кезінде 12 айдан кейін тиімсіздік жиілігін (биопсиясымен расталған жедел ажыраудың (tBPAR) құрамдас соңғы нүктесі, трансплантаттың жоғалуы немесе өлім ретінде анықталған) және такролимуспен стандартты емдеуді салыстырудан тұрды.
Жалпы алғанда, 12 айлық талдауда біріктірілген соңғы нүктенің жиілігі (tBPAR, трансплантаттың жоғалуы немесе қайтыс болуы) тек такролимуспен емдеу тобына (9,7%) қарағанда, Сертикан препараты + такролимустың төмендетілген дозасы тобында (6,7%) төмен болды (13-кесте). Сертикан препаратының + такролимустың төмендетілген дозасы тобы мен такролимус монотерапия тобы арасындағы бағалаулардағы айырмашылық -3,0 % (97,5% СА: -8,7%-дан 2,6%-ға дейін) құрады. Трансплантаттың жоғалуы мен өліміне қатысты Сертикан препараты + такролимустың төмендетілген дозасы тобы статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықсыз такролимуспен емдеу тобымен салыстырғанда сандық жағынан тиімділігі кем болған жоқ. Тек такролимуспен емдеу тобына (10,7%) қарағанда Сертикан препараты + такролимустың төмендетілген дозасы тобында (3,7%) жедел ажыраудың статистикалық тұрғыдан төмен жиілігі байқалды (14-кесте). Нәтижелер СВГ+ және СВГ– бар пациенттерінде ұқсас болды.
13 кесте H2304 зерттеу: тиімділікті бағалаудың бастапқы соңғы нүктелері үшін Каплан-Мейердің (КМ) кездесу жиілігінің көрсеткіштерін емдеу топтары арасында салыстыру (популяция ITT — 12-айлық және 24-айлық талдау)
Статистика — ЭВР + төмендетілген доза ТАКn = 245 — Бақылау ТАКn = 243
12 ай — 24 ай — 12 ай — 24 ай
Рандомизациядан 12 және 24 айға дейін тиімсіздіктің құрамдас жағдайларының саны (tBPAR, трансплантаттың жоғалуы немесе өлім) — 16 — 24 — 23 — 29
12 және 24 айдан соң тиімсіздіктің құрамдас жағдайларының туындау жиілігі үшін КМ бағалау (tBPAR, трансплантаттың жоғалуы немесе өлім) — 6,7 % — 10,3 % — 9,7 % — 12,5 %
Различие в оценках КМ (бақылаумен салыстырғанда) — –3,0 % — –2,2 %
97,5 % СА айыру үшін — (–8,7 %, 2,6 %) — (–8,8 %, 4,4 %)
Z-критерийдің р-мәні (ТАК бақылаудың төмендетілген дозасы = 0) (айырмашылықтар болмау критерийі) — 0,230 — 0,452
Z-критерийдің р-мәні (ТАК бақылаудың төмендетілген дозасы ≥ 0.12) (кем емес тиімділіктің критерийі) — < 0,001 — < 0,001
1. tBPAR = емдеу аясында биопсиямен расталған жедел ажырау. tBPAR анықтау үшін жергілікті зертханада биопсияны зерттеу нәтижелері пайдаланылды.
2. * кем емес тиімділіктің критерийі үшін Z-критерийдің р-мәні (кем емес тиімділіктің шекарасы = 12 %) бір жақты критерийге жатады және 0,0125 маңыздылық деңгейімен салыстырылды.
3. Каплан-Мейер бағалауы үшін, құбылыссыз пациенттер үшін цензуралау күні қарым-қатынастың соңғы күні болып табылады.
14 кесте H2304 зерттеу: тиімділікті бағалаудың екіншілік соңғы нүктелері үшін кездесу жиілігінің көрсеткіштерін емдеу топтары арасында салыстыру (популяция ITT — 12-айлық және 24-айлық талдау)
Тиімділікті бағалаудың соңғы нүктесі — ЭВР/төмендетілген доза ТАК N = 245 n (%) — Бақылау ТАКN = 243n (%) — Қауіптегі айырмашылық (СА *) — Р-мәні
Трансплантаттың жоғалуы **
12 ай — 6 (2,4) — 3 (1,2) — 1,2 (–7,8, 10,2) — 0,5038
24 ай — 9 (3,9) — 7 (3,2) — 0,8 % (–3,2, 4,7) — 0,6605
Өлім **
12 ай — 9 (3,7) — 6 (2,5) — 1,2 (–7,8, 10,1) — 0,6015
24 ай — 12 (5,2) — 10 (4,4) — 0,8 (–3,7, 5,2) — 0,7012
AR
12 ай — 9 (3,7) — 26 (10,7) — –7,0 (–11,6, –2,5) — 0,0026
24 ай — 11 (4,8) — 28 (12,4) — –7,6 (–13,5, –1,7) — 0,0039
tAR
12 ай — 6 (2,4) — 17 (7,0) — –4,5 (–8,3, –0,8) — 0,0178
24 ай — 8 (3,5) — 17 (7,2) — –3,7 (–8,3, 1,0) — 0,0765
BPAR
12 ай — 10 (4,1) — 26 (10,7) — –6,6 (–11,2, –2,0) — 0,0052
24 ай — 14 (6,1) — 30 (13,3) — –7,2 % (–13,5, –0,9) — 0,0100
tBPAR
12 ай — 7 (2,9) — 17 (7,0) — –4,1 (–8,0, –0,3) — 0,0345
24 ай — 11 (4,8) — 18 (7,7) — –2,9 (–7,9, 2,2) — 0,2031
Субклиникалық AR **
12 ай — 1 (0,4) — 5 (2,1) — –1,6 (–10,6, 7,3) — 0,1216
24 ай — 3 (1,4) — 7 (3,5) — –2,1 (–5,6, 1,3) — 0,1640
1. AR = жедел ажырау; tAR = емдеумен жедел ажырау; BPAR = биопсиямен расталған жедел ажырау; tBPAR = биопсиямен расталған емдеумен жедел ажырау. BPAR және tBPAR анықтау үшін жергілікті зертханада биопсияны зерттеу нәтижелері пайдаланылды.
2. «Трансплантаттың жоғалуы, өлім немесе кезекті қадағалау үшін жоғалып кетуі» үшін кезекті қадағалау үшін жоғалып кетуі өлмейтін, трансплантаты жоғалмаған пациент және 12/24 айға бару үшін уақытша терезенің төменгі шегінен бұрын болатын байланыстың соңғы күні ретінде анықталады.
3. * Қауіптер айырмашылығы 12 айдағы деректер үшін 95% және 24 айдағы деректер үшін 97,5%
4. ** = нақты сенімді аралық және осы айнымалы үшін қолданылатын Фишердің екі жақты нақты өлшемі. Басқа айнымалылар үшін асимптотикалық сенімді аралықтар және Пирсон хи-квадрат критерийі қолданылады.
5. Барлық p-мәндер екі жақты критерийге жатады және 0,05 маңыздылық деңгейімен салыстырылады.
Бүйрек функциясы
Рандомизация сәтінен (30 күн) 12 және 24 айға дейін еШСЖ (MDRD4) [мл/мин/1,73 м2] өлшеу үшін емдеу топтары арасысндағы салыстыру ITT популяция үшін 15 кестеде ұсынылған. Жоғары еШСЖ такролимус монотерапиясымен салыстырғанда Сертикан препараты + такролимустың төмендетілген дозасын қолданғанда 12 айдан соң анықталды (70,3 мл/мин/1,73 м2-мен салыстырғанда 80,6 мл/мин/1,73 м2).
15 кесте H2304 зерттеу: емдеу топтары арасында еШСЖ (MDRD 4) салыстыру (популяция ITT, 12- және 24-айлық талдау)
Бақылаумен салыстырғандағы айырмашылық
Лечение — N — МНК орташа мәндеріндегі айырмашылық (стандартты қате) — МНК орташа мәндеріндегі айырмашылық (бақылаумен салыстырғандағы айырмашылық + стандартты қате) — 97,5 % СА — Р-мәні (1) — Р-мәні (2)
ЭВР + ТАК төмендетілген дозасы
12 ай — 244 — –2,23 (1,54) — 8,50 (2,12) — (3,74, 13,27) — < 0,0001 — < 0,0001
24 ай — 245 — –7,94 (1,53) — 6,66 (2,12) — (1,9, 11,42) — < 0,0001 — 0,0018
Бақылау ТАК
12 ай — 243 — –10,73 (1,54)
24 ай — 243 — –14,60 (1,54)
1. МНК орташа мәндері (ең аз квадраттар әдісімен) 97,5% сенімді аралықтар және p-мәндері факторлар ретінде ВГС емі және статусы және ковариаттар ретінде бастапқы еШСЖ тұратын ANCOVA моделінен алынған. 2. 12, 24 және 36 айлардағы еШСЖ (MDRD4) жоқ мәндерін қою ережелері: 1) рандомизациядан кейін еШСЖ жоқ пациенттер үшін рандомизацияға дейін/кейін соңғы қол жетімді мәнді пайдалану; 2) егер соңғы мән рандомизация мен 6 ай арасында байқалса рандомизация мен 6 ай арасындағы ең аз мәнді пайдалану; 3) егер соңғы мән 6 айдан соң немесе одан кейін байқалса, 6 ай мен 12 ай арасындағы ең төменгі мәнді пайдалану; 4) егер соңғы мән 12 айдан соң немесе одан кейін байқалса, 12 ай мен 24 ай арасындағы ең төменгі мәнді пайдалану; 5) егер пациент рандомизациядан кейін диализде болса, 15 мл/мин/1,73 м2 пайдалану. 3. p-мәні (1): кем емес тиімділіктің критерийі, кем емес тиімділік шегімен = 0,0125 бір жақты деңгейде –6 мл/мин/1,73 м2. 4. p-мәні (2): 0,025 екі жақты деңгейде басымдық критерийі.
Емдеу топтары арасындағы статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылық (Сертикан + такролимусты бақылау тобымен салыстырғанда такролимустың төмендетілген дозасы) Сертикан препараты + 6 аптадан 36 айға дейінгі кезеңде (зерттеудің соңғы нүктесін және емдеудің соңғы нүктесін қоса) орташа еШСЖ қатысты такролимустың төмендетілген дозасы тобының пайдасына қарай байқалды. Рандомизация кезінде Сертикан препаратын + такролимустың төмендетілген дозасын қолданғанда такролимуспен монотерапия кезіндегі 78,0 мл/мин/1,73 м2 салыстырғанда орташа еШСЖ 85,0 мл/мин/1,73 м2 құрады.