Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного введения
Саудалық атауы
Сертогамма
Әсер етуші зат
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Мақсаты
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Өндіруші
Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Препараттың 1 ампуласының ішінде
белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (B1 дәрумені) - 100 мг,
пиридоксин гидрохлориді (B6 дәрумені) - 100 мг, цианокобаламин
(B12 дәрумені) -1 мг, лидокаин гидрохлориді - 20 мг
қосымша заттар: бензил спирті, натрий гексаметафосфаты, калий гексацианоферраты (III), натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Күңгірт-қызыл түсті мөлдір ерітінді.
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу.
Әсер ету механизмі
Сертогамма құрамында B тобының дәрумендері (B1, B6 және B12) мен жергілікті анестетик (лидокаин) бар біріктірілген препарат болып табылады.
Нейротроптық әсері бар B тобының дәрумендері, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының қабынбалы және дегенерациялық ауруларын емдеуде тиімді. Сертогамма организмдегі дәрумендер тапшылығының орнын толтыру үшін пайдаланылады, бұдан бөлек, оның жоғары дозаларының құрамындағы дәрумендердің қосымша фармакологиялық қасиеттерінің ауқымы кең, бұл соның ішінде, препараттың ауырсынуды басатын әсеріне түрткі болады.
B1 дәрумені (невритке қарсы дәрумен ретінде де белгілі) кокарбоксилаза түріндегі фосфорланған күйінде көмірсулардың ыдырау үдерісін реттейді және ацидозбен байланысты зат алмасу бұзылуларын түзету үшін пайдаланылады.
B6 дәрумені ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың ыдырауы үдерісін реттейді, сондай-ақ, ми діңіне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде экстрапирамидалық бұзылыстардың симптомдары әлсірейді. Ол изониазидпен емдеумен байланысты невриттердің профилактикасы үшін пайдаланылады.
B12 дәрумені жасуша метаболизмі үдерістерінің, қалыпты қан түзілімінің және жүйке жүйесі функциясының қажетті компоненті болып табылады, нуклеин қышқылдарының биосинтезіне (жаңа жасуша ядроларының түзілуіне) қатысады. Жоғары дозаларында ол ауырсынуды басатын әсер береді.
Лидокаин гидрохлориді ауыруды басатын жергілікті әсері бар дәрі ретінде әсер береді.
Дозалау режимі
Айқын ауырсыну синдромы жағдайында препараттың қандағы концентрациясының жоғары деңгейіне тез жету үшін емдеуді тәулігіне бір рет 1 ампуладан (2,0 мл) бастаған жөн. Жедел ауырсыну жойылғаннан кейін және ауырсыну синдромының көріністелуі бәсеңдеген жағдайда препараттың дозасы аптасына 2-3 рет 1 ампуланы (2,0 мл) құрайды
Енгізу әдісі және жолы
Инъекция бұлшықет ішіне терең енгізіледі.
Дәрігердің апта сайын тексеруі ұсынылады.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емдеуге көшуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкеріне кеңес алу үшін жүгініңіз
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Сирек
- бензил спиртіне аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, экзантема, ентігу, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну).
- тахикардия.
- тершеңдік ұстамалары, акне, қышымамен және есекжеммен айқындалған тері реакциялары
Белгісіз
- жүйелі реакциялар тез енгізілгенде және жинақталғанда (кездейсоқ венаішілік инъекция, қарқынды қанмен қамтамасыз етілген тіндерге инъекция) немесе артық дозаланғанда болуы мүмкін. Бұл жағдайда бас айналу, құсу, брадикардия, аритмия, ұйқышылдық және құрысулар болуы мүмкін.
Енгізілген орында ашытып-күйдіру сезімі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• белсенді заттарға, бензил спиртіне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
• жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылулары
• жүктілік және лактация кезеңі
• 12 жасқа дейінгі балалар (В тобындағы дәрумендер мен бензил спирті мөлшерінің жоғары болуына байланысты).
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдар: бас айналу, аритмия, құрысулар.
Артық дозалануды емдеу препаратты тоқтатудан және симптоматикалық емді жүргізуден тұрады
Қандай да бір симптомдар дамыған жағдайда тиісті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесу керек.
Сертогамма тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған және ешқандай жағдайда қанға ішілік түрде енгізіледі, өйткені препараттың құрамындағы лидокаин жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Препарат байқаусызда вена ішіне енгізілген жағдайда, пациентті туындаған симптомдардың ауырлығына байланысты, амбулатория жағдайларында немесе стационар жағдайларында дәрігердің қадағалауын қамтамасыз ету қажет.
Препаратты 6 айдан астам уақыт бойы қолданғанда нейропатия дамуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Ерекше сақтық шаралары қажет емес.
Қосымша заттар
Сертогамма препаратының құрамында 40 мг бензил спирті (бір ампуласында (2 мл)) бар, ол аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде бензил спиртінің организмде жинақталуы мен жағымсыз реакциялар (метаболизмдік ацидоз) қаупі бар, сонымен қатар оны препарат әйелдерде жүктілік және лактация кезеңінде қолданылғанда ескеру керек.
Жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балаларда бензил спиртін қолдану ауыр жағымсыз реакциялардың (гаспинг-синдром) даму қаупімен байланысты.
Сертогамма препаратының құрамында бір ампуласында (2 мл) 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде «натрийсіз».
Сертогамма препаратының құрамында бір ампуласында (2 мл) 1 ммольден аз калий (39 мг) бар, яғни, іс жүзінде «калийсіз».
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік кезінде В1 дәруменін қолданудың ұсынылатын тәуліктік дозасы екінші триместрде 1,2 мг, үшінші триместрде 1,3 мг; төртінші айдан бастап В6 дәрумені - 1,9 мг; В12 дәрумені - 2,6 мкг құрайды. Жүкті әйелдерде жоғарыда көрсетілген дәрумендерді жоғарырақ дозаларында тек, олардың тапшылығы тиісінше жолмен расталған жағдайларда ғана пайдалану керек (ол дәрумендерді ұсынылғанынан артық тәуліктік дозаларда қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ).
Жүктілік және лактация кезеңінде B6 дәруменін күнделікті қабылдауға қатысты қолдануға болмайтын жағдайлар тек 25 мг-ға дейінгі дозада жоқ. Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды, себебі ампула ішінде (2,0 мл) 100 мг В6 дәрумені бар.
Бала емізу кезеңінде В1, В6 және В12 дәрумендерінің ұсынылатын тәуліктік дозалары 1,3 мг, 1,9 мг және сәйкесінше 2,8 мкг құрайды.
В1, В6 және В12 дәрумендері емшек сүтімен бөлінеді.
B6 дәруменін жоғары дозада қолданған кезде емшек сүтінің өндірілуі төмендеуі мүмкін.
В1, В6, В12 дәрумендерінің ауыр тапшылығы жағдайында жүктілік және емшек емізу кезеңінде әйелдерде препаратты қолдану туралы шешімді емдеуші дәрігер пайдасы мен қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін ғана қабылдайды.
Педиатрияда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
B1 дәрумені құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен ыдырайды, бұл ретте B1 дәруменінің ыдырау өнімдерінің қатысуымен басқа дәрумендердің белсенділігі жойылуы мүмкін.
Емдік дозалардағы B6 дәруменімен бір мезгілде қолданғанда L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА, леводопа) тиімділігі төмендеуі мүмкін; сонымен қатар, изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен өзара әрекеттесулері анықталған.
Лидокаинді парентеральді енгізгенде және адреналинді немесе норадреналинді бір мезгілде пайдаланғанда, жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар күшейе түсуі мүмкін; сульфаниламидтермен өзара әрекеттесулері туралы да белгілі.
Жергілікті анестетиктермен (соның ішінде лидокаинмен) артық дозаланған жағдайда, жүрекке жағымсыз әсердің күшеюіне байланысты адреналин мен норадреналинді пайдаланбаған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.