Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Дозасы
100мг/мл
Саудалық атауы
Сертозин
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Бассүйек-ми жарақаты мен оның неврологиялық салдарында
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - натрий цитиколині 104.50 мг (100.00 мг цитиколинге баламалы),
қосымша заттар: кристалданбайтын сұйық сорбитол, глицерин, натрий цитраты дигидраты, метилпарагидроксибензоат, лимон қышқылы моногидраты, құлпынай эссенциясы, пропилпарагидроксибензоат, натрий сахарині, калий сорбаты, Понсо 4R бояғышы (Е124), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Біртекті мөлдір ашық-қызғылт түсті ерітінді.
• бассүйек-ми жарақаты мен оның неврологиялық салдарында
• мидың созылмалы тамырлық және дегенеративті зақымдануларынан туындаған когнитивті және мінез-құлық бұзылыстарында
Цитиколин нейрондар жарғақшалардың құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін стимуляциялайды, бұл магниттік-резонанстық спектроскопияны қолдану арқылы зерттеулерде расталған. Осы әсердің арқасында цитиколин иондық сорғылар мен рецепторлар сияқты жарғақшалық құрылымдардың жұмысын жақсартады, олардың реттелуінсіз жүйке импульстарының қалыпты жүруі мүмкін емес.
Жарғақшаға тұрақтандырушы әсерінің арқасында цитиколин ісінуге қарсы қасиеттерді көрсетеді және мидың ісінуін азайтады.
Эксперименттік зерттеулер цитиколин бос радикалдардың пайда болуын азайту, жарғақшалық жүйелердің бұзылуын болдырмау және глутатион сияқты антиоксиданттық қорғаныш жүйелерін сақтау арқылы кейбір фосфолипазалардың (A1, A2, С және D) белсенділенуін тежейтінін көрсетті.
Цитиколин апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Эксперименттік зерттеулерде цитиколин мидың фокальді ишемиясында профилактикалық нейропротекторлық әсер ететіндігі көрсетілген.
Клиникалық зерттеулер цитиколин ми қанайналымының жедел бұзылуы бар пациенттерде функционалдық сауығу көрсеткіштерін едәуір арттыратынын көрсетті, бұл нейровизуализация деректері бойынша мидың ишемиялық зақымдануының бой өсуінің баяулауымен сәйкес келеді. Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде цитиколин қалпына келуді тездетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен қарқындылығын азайтады.
Цитиколин зейін мен сана деңгейін жақсартады, ми ишемиясымен байланысты амнезия, когнитивті және басқа неврологиялық бұзылулардың көріністерін азайтуға көмектеседі.
Дозалау режимі
Ересектер: ұсынылатын доза симптомдардың ауырлығына байланысты тәулігіне 500-2000 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Жеткілікті клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Сертозин препараты ішуге арналған. Қолданар алдында препаратты аз мөлшердегі суда сұйылтуға болады (120 мл немесе 1/2 стақан). Препарат тамақ ішу кезінде немесе тамақ ішу арасында қабылданады.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесінің гипертонусы
• құрамында сорбитолдың болуына байланысты тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Өте сирек
• елестеулер
• бас ауыруы, бас айналу
• артериялық гипертензия
• артериялық гипотензия
• ентігу
• жүрек айнуы
• құсу
• диарея
• гиперемия
• есекжем
• экзантема
• пурпура
• қалтырау
• эдема
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емі
Қажет болса, симптоматикалық ем жүргізу қажет.
Арнайы сақтандырулар
Суықта консерванттың уақытша ішінара кристалдануына байланысты аз мөлшерде кристалдар пайда болуы мүмкін. Ұсынылған жағдайларда одан әрі сақтау кезінде кристалдар бірнеше ай бойы ериді. Кристалдардың болуы препараттың сапасына әсер етпейді.
Егер дәрілік затты қолдану кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрілік препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Сертозин препаратының құрамында сорбитол бар. Сондықтан тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
Сертозин препаратының құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакцияларды (ықтимал кейіннен байқалатын) туындатуы мүмкін.
Препарат құрамында 1 мл-де 23 мг аз натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цитиколин автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Жүктілік кезінде цитиколинді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Ана үшін күтілетін пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, препаратты жүктілік кезінде тағайындауға болмайды.
Лактация
Лактация кезінде цитиколинді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, препаратты бала емізу кезеңінде тағайындауға болмайды.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді.
Препаратты құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.