Сертоспан препаратын қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакциялар, сондай-ақ басқа кортикостероидтарды қолдану кезіндегі реакциялар сияқты препараттың дозасы мен қолдану ұзақтығына байланысты. Кортикостероидтарға жағымсыз реакциялардың ішінде келесі әсерлерді ерекше атап өткен жөн:
Эндокриндік бұзылуы
• Кушинг синдромының клиникалық симптоматикасы, етеккір циклінің бұзылуы, диабетке шалдыққан науқастарда инсулинге немесе пероральді гипогликемиялық препараттарға қажеттіліктің жоғарылауы, шарананың дамуының немесе баланың өсуінің тежелуі, гипофиз және бүйрек үсті безі қыртысы функциясының салдарлы жеткіліксіздігі, бұл әсіресе стресс жағдайында қолайсыз (жарақат, хирургиялық араласу немесе ауру, көмірсуларға төзімділіктің бұзылуы, жасырын қант диабетінің көріністері.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
• көзішілік қысымның жоғарылауы (мидың жалған ісігі: жүйке жүйесінің тарапынан бұзылуларды қараңыз), глаукома, артқы субкапсулалық катаракта, экзофтальм, бұлыңғыр көру.
Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы
• асқазан ойықжарасы, кейіннен тесілуі және қан кетуі мүмкін, панкреатит, метеоризм, ішектің тесілуі, ойықжаралы эзофагит, жүрек айну, құсу.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
• кортикостероидтар тері тестісін тежеуге, инфекция симптомдарын бүркемелеуге және жасырын инфекцияны белсендіруге ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ, олар инфекцияларға қарсылықты төмендетуі мүмкін, атап айтқанда микобактериялар, туберкулез, Кандида альбиканс (Candida albicans) немесе вирустар.
Метаболизм мен тамақтанудың бұзылуы
• ақуыздың ыдырауына байланысты азоттың теріс теңгерімі, липоматоз, дене салмағының жоғарылауы.
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
• бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет массасының жоғалуы, миастения кезінде симптомдардың нашарлауы, остеопороз, кейде сүйектердің қатты ауыруы және спонтанды сынықтармен (омыртқаның компрессиялық сынуы), сүйектің асептикалық некрозы (ортанжіліктің немесе тоқпанжіліктің басы), сіңірлердің жыртылуы стероидты миопатия, патологиялық сынықтар, буындардың тұрақсыздығы.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
• құрысулар, бас айналу, бас ауыруы, бас сақинасы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (мидың жалған ісігі).
Психикалық бұзылулар
• эйфория, көңіл-күйдің өзгеруі, тұлғалық өзгеріс және ауыр депрессия, ашуланшақтық, ұйқысыздық, психоздық реакциялар, әсіресе анамнезінде психиатриялық бұзылулары бар пациенттерде, депрессия.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
• тері атрофиясы, жаралардың баяу жазылуы, терінің жұқаруы, петехия және экхимоз, аллергиялық дерматит, ангионевроздық ісіну, бет эритемасы, қатты тершеңдік, есекжем.
Су-электролит теңгерімінің бұзылуы
• натрийдің кідіруі, калийдің жоғалуы, гипокалиемиялық алкалоз, сұйықтықтың кідіруі, бейім пациенттерде жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия.
Басқалары
• препаратты енгізуге анафилаксиялық немесе аса жоғары сезімталдық реакциясы, гипотензивті немесе шокқа ұқсас реакция.
Келесі жағымсыз реакциялар кортикостероидтарды парентеральді енгізу кезінде байқалуы мүмкін:
• бет пен бас аймағында препратты жергілікті қолданумен қатар жүретін соқырлықты қоса, көрудің бұзылуының жекелеген жағдайлары, гипер - немесе гипопигментация, тері асты және тері атрофиясы, асептикалық абсцесс, инъекциядан кейінгі қабыну гиперемиясы (буын ішіне енгізгеннен кейін) және Шарко ауруы сияқты нейрогендік артропатия.
Препаратты антенатальды кезеңде қолданғаннан кейін неонатальды гипогликемия туралы хабарланды.
Буынға қайталанған инъекциялар жасау буынның бұзылу қаупін арттыруы мүмкін. Инфекция жұқтыру қаупі бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz