Арнайы ескертулер
Сертофен препаратты анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерде сақтықпен қолданады.
Декскетопрофенді басқа ҚҚСП-мен, оның ішінде циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерімен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Препараттың жағымсыз құбылыстарын симптомдарды бақылау үшін қажетті барынша қысқа кезең ішінде ең аз дозаларда қолдану жолымен мейлінше азайтуға болады.
Асқазан-ішек жолына әсері
Өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе тесілу барлық ҚҚСП-ны емдеу барысында кез келген сәтте қолданғанда, анамнезде елеулі асқазан-ішек құбылыстарына сақтандыру белгілері немесе нұсқаулары болған немесе болмаған кезде байқалды. Егер декскетопрофен алатын емделушілерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жарасы пайда болса, емдеуді тоқтату керек.
Асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСП дозаларының ұлғаюымен, анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған пациенттерде және егде жастағы адамдарда жоғарылайды Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішектен қан кету мен тесілудің пайда болу жиілігі жоғарылайды, олар өліммен аяқталуы мүмкін. Мұндай пациенттерді емдеуді ең төменгі ықтимал дозадан бастаған жөн.
Барлық ҚҚСП жағдайындағыдай, декскетопрофен трометамолымен емдеуді бастар алдында толық жазылғанына көз жеткізу үшін эзофагит, гастрит және/немесе пептидтік ойық жара туралы кез келген нұсқаулар тұрғысынан анамнезді зерделеу қажет.
Асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдары бар немесе асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларына шалдыққан пациенттерге ас қорыту бұзылыстарын, әсіресе асқазан-ішектен қан кетуді бақылау керек.
Асқазан-ішек жолдарының аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге анамнезінде ҚҚСП сақтықпен қабылдаған жөн, себебі олардың жағдайы нашарлауы мүмкін.
Мұндай пациенттер үшін асқазан-ішек жолына қорғаныс әсері бар препараттармен (мизопростол, протонды помпаның тежегіштері) біріктірілген ем тағайындалуы мүмкін. Бұл сондай-ақ ацетилсалицил қышқылын төмен дозаларда немесе асқазан-ішек жолы тарапынан асқынулардың даму қаупін арттыратын басқа да дәрілерді біріктіріп қолдануды қажет ететін пациенттерге де қатысты.
Анамнезінде асқазан-ішек жолының уыттылығы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы, кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы, әсіресе емдеудің бастапқы сатыларында хабарлауы тиіс.
Оральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоциттік препараттар сияқты ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін қатарлас препараттарды қабылдаған пациенттерде сақ болу керек.
Бүйрек функциясына әсері
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек, өйткені мұндай пациенттерде ҚҚСП қолдану бүйрек функциясының нашарлауына, организмдегі сұйықтықтың іркілуіне, ісінудің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сертофен препаратты диуретиктер қабылдайтын пациенттерге және гиповолемияның даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды, себебі нефроуыттылықтың даму қаупі жоғары.
Сусызданудың және мүмкін, онымен байланысты жоғары нефроуыттылықтың алдын алу үшін емдеу кезінде сұйықтықтың талапқа сай тұтынуын қамтамасыз ету керек.
Басқа ҚҚСП сияқты, декскетопрофен қан плазмасындағы мочевина азоты мен креатининнің деңгейін арттыруы мүмкін. Простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері сияқты, декскетопрофенді қолдану гломерулонефритке, интерстициальді нефритке, папиллярлы некрозға, нефроздық синдромға және жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін бүйрек тарапынан жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін
Егде жастағы адамдар бүйрек функциясының бұзылуына бейім болады.
Бауыр функциясына әсері
Сертофен препаратты бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Декскетопрофен бауырдың кейбір параметрлерінің қысқа мерзімді шамалы ұлғаюына, сондай-ақ АСТ (аспартатаминотрансфераза) мен АЛТ (аланинаминотрансфераза) айтарлықтай ұлғаюына әкелуі мүмкін. Осы көрсеткіштер тиісінше ұлғайған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Егде жастағы адамдар бауыр функциясының бұзылуына бейім болады.
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері және цереброваскулярлық әсерлері
Гипертензиясы және/немесе анамнезінде жеңілден орташа дәрежеге дейін жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиісті мониторинг қажет.
Анамнезінде жүрек аурулары бар, әсіресе жүрек жеткіліксіздігінің көріністері бар пациенттерге препаратты тағайындау кезінде ерекше сақтық таныту керек, себебі жүрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі жоғары және ҚҚСП емдеуге байланысты сұйықтықтың іркілуі мен ісінулер туралы хабарланған.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзаққа созылатын емдеу кезінде) кейбір артериялық тромбоздық асқынулар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің артуымен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді. Декскетопрофен үшін мұндай қауіпті жоққа шығару бойынша жеткілікті ақпарат жоқ.
Бақыланбайтын гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың зақымдануы және/немесе цереброваскулярлы бұзылулары бар пациенттерге декскетопрофен пайда мен қауіп арақатынасын мұқият сараланғаннан кейін ғана тағайындалады. Гиперлипидемия, гипертензия, қант диабеті сияқты жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары бар пациенттерде және егер пациент шылым шегетін болса, декскетопрофенмен ұзақ мерзімді емдеуді тағайындау орындылығы дәл осындай қағида бойынша бағаланады.
Барлық селективті емес ҚҚСП тромбоциттер агрегациясын тежеуі және простагландиндер синтезін тежеу жолымен қан кету уақытын арттыруы мүмкін. Осылайша, варфарин немесе басқа кумариндер немесе гепариндер сияқты гемостазға әсер ететін препараттармен ем қабылдайтын пациенттерде декскетопрофенді қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы адамдар жүрек-қантамыр жүйесі функциясының бұзылуына бейім болады.
Тері жабындысына әсері
Тері реакциялары (кейбіреулері өліммен аяқталған), соның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және ҚҚСП қолданумен байланысты уытты эпидермальді некролиз туралы өте сирек хабарланған. Көбінесе жағымсыз реакциялар емнің басында; көп жағдайда – емнің бірінші айында дамиды. Тері бөртпесінің алғашқы көріністеулерінде, шырышты қабықтың зақымдануында немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да көріністеулерінде Сертофен препаратты дереу тоқтату керек.
Негізгі инфекциялардың белгілерін бүркемелеу
Декскетопрофен жұқпалы аурудың белгілерін бүркемелеуі мүмкін, бұл тиісті емдеуді бастауды кешіктіріп және осылайша аурудың ағымын қиындатуы мүмкін. Бұл ауруханадан тыс бактериялық пневмонияда және желшешек ауруының бактериялық асқынуларында байқалды. Декскетопрофенді дене температурасының жоғарылауына немесе инфекцияның ауырсынуын жеңілдетуге қолданған кезде инфекциялық ауруды бақылау ұсынылады. Медициналық мекемеден тыс емдеу жағдайында, егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, науқас дәрігерге қаралуы керек.
Ерекше жағдайларда желшешек тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларының ауыр асқынуларының себебі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған инфекциялар ағымының нашарлауындағы ҚҚСП рөлін жоққа шығаруға болмайды. Осы себепті, желшешек жағдайында декскетопрофенді аулақ болу ұсынылады.
Қосымша ақпарат
Препаратты мынадай:
• порфирин метаболизмінің туа біткен бұзылуы бар (мысалы, жедел ұстамалы порфирия);
• сусызданған;
• тікелей ауқымды операциялық араласымдардан кейінгі пациенттерге тағайындаған кезде айрықша сақтандыру шаралары қажет.
Ұзақ мерзімді емдеу қажет болған жағдайда қан көрінісін, бауыр мен бүйрек функциясын бақылау керек.
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары (мысалы, анафилаксиялық шок) өте сирек жағдайларда байқалды. Декскетопрофенді қабылдағаннан кейін аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының алғашқы белгілері кезінде емдеу тоқтатылуы тиіс.
Симптомдарға байланысты барлық медициналық емшараларды маман дәрігерлер жүргізуі керек.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен бірге демікпе ауыруына шалдыққан пациенттерде ацетилсалицил қышқылына және/немесе ҚҚСП аллергиясының даму қаупі жоғары. Декскетопрофенді қабылдау, әсіресе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСП-ға аллергиясы бар пациенттерде демікпе ұстамасын немесе бронх түйілу тудыруы мүмкін.
Декскетопрофенді гемопоэз бұзылулары, жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіннің аралас ауруларына шалдыққан пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ.
Қосымша заттар
Препарат құрамында, бір таблеткада 1 ммольдан аз натрий бар (23 мг), яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Декскетопрофен бас айналу, көру қабілетінің бұзылуы немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда жылдам әрекет ету және қозғалысқа белсенді қатысу және техниканы басқару қабілеті нашарлауы мүмкін.